ЭКСПО-2017. Куба көрменің көрігін қыздырды

ЭКСПО-2017 халық­ара­лық көрмесі қалашығында Куба Республикасының ұлт­тық күні тойланды. Кариб теңізінің солтүстік бө­­лі­гінде орналасқан «Бос­тан­дық аралының» өкілдері 26 шілдеде ұлттық көтеріліс күнін атап өтеді. Осы атау­лы датамен тұспа-тұс кел­ген көрменің дәстүрлі шара­сында екі елдің тулары көтеріліп, әнұрандары шыр­қалды. Содан кейін ку­балық өнерпаздармен би ырғағына ілескен көпшілік сахна көрігін қыздырды. Концерт барысында кө­рер­мендер испан тілінде орын­далған әндерді қосыла шыр­қап, әртістерге жарыса қошемет көрсетті.
Егемен Қазақстан
28.07.2017 482

Салтанатты басқосуда Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов Куба мемлекетінің делегациясын ЭКСПО-2017 шеңберіндегі төл мерекелерімен құттықтады. Өз кезегінде Куба Республикасының Сауда палатасы президенті Орландо Эрнандес Гильен Қазақстан билігіне көрсеткен қолдаулары үшін алғысын білдірді. «Орталық Азияда осындай халықаралық көрме өткізген демеушілерге ризашылығым мол. Екі ел арасындағы қарым-қатынас әлі де нығая түсетініне кәміл сенемін», деді ол. Орландо Гильеннің айтуынша, ел үкіметі болашақ  ұрпаққа тұрақты, гүлденген мемлекет қалдыру моделімен экономикасын дамытуға ұмтылуда.

Ресми шарадан кейін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев қонақтармен бірге Латын Америкасы павильонын аралады. «Куба: энергетикалық революция» тақырыбы қамтылған стендіне тоқталып, құрметті қонақтар журналына естелік қолтаңба қалдырды.

Қазақстан мен Куба арасындағы дипломатиялық байланыс 1992 жылдың наурыз айында орнаған. «Бостандық аралының» баламалы қуат көздерінен энергия өндіру көлемі небәрі 4,3 пайызды құрайды. Мемлекет 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 24 пайызға жеткізіп, инвестиция көлемін 3 жарым млрд долларға өсіруді көздейді.

Ежелгі технологияға екпін салған ел

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қалашығындағы Қатар павильонын аралады. Баспасөз турында павильон директоры Мұхаммед Саид Әл-Блоши алдағы уақытта мемлекет барлық салада күн энергиясын пайдаланатынын әңгімеледі. Осы мақсатта «Қатар-2030» стратегиясы қабылданған екен. 

Мұхаммед Саид Әл-Блоши журна­листерді Қатар тарихымен таныстырып, экономикасының озық салалары және заманауи технологиялары жайында ақпарат берді. Оның айтуынша, «Жаңа энергия көкжиектері» деп аталатын павильонның аумағы 500 шаршы метрді құрайды, 7 бөлімнен тұрады. Олар – «Белсенді Қатар», «Болашақ технологиясы», «Тұрақты қауымдастық», «Баршаға энергия», «Біздің мақсат – адам энергиясы». «Павильонымызға келушілер көміртегінің ауаға таралуын төмендетуге арналған жасыл технологияны көре алады. Қонақтар энергияның құндылығы, оны орынды пайдалану және энергорес­урстарды қисапсыз игерудің зияны туралы да біледі.

Мұнда қуат көздерінің озық зерт­теулері саласындағы жетістіктер ұсы­ныл­ған. Мәселен, Қатар мемл­ек­е­тін­де күн ыстық болғандықтан, ғи­ма­ратты салқындатуға арналған ежелгі технологияны игілікке айналдырған. «Біз жел энергетикасын ертеден пайдаланамыз. Әр ғимаратты тұрақты салқындап тұратындай етіп саламыз. Дегенмен, кейін елімізде көмірсутені кен орны табылып, ел дамуының жаңа кезеңі бас­талды. Көмірсутегіне көп көңіл бөлінді. Сондай-ақ, мемлекет «Қатар-2030» стратегиясын да қабылдады. Бұл құжат болашақта барлық салада күн энергиясын пайдалануды көздейді», дейді павильон директоры.

Қатар, жалпы араб елдері 1935 жылға дейін, көмірсутегі табылмай тұрып, інжу шығару саласында көш­бас­шы болған.  Бірақ кейін Жапония жасанды інжу жасай бастағаннан соң, бұл іспен айналысу тиімсіз іске айналған. Содан бері бұл тек тарих бетінде қалды.

Мұхаммед Саид өз сөзінде арабтар, оның ішінде қатарлықтар мен қазақтарға ортақ салт – саятшылық екенін тілге тиек етті. Олар да біз сияқты құсты, әсіресе, бүркітті жоғары бағалайды. Саятшылық арабтардың ата-бабаларының азық табу мақсатынан пайда болған кәсібі екен. «Біз сұңқар аңшылығына үлкен көңіл бөлеміз, бұл – аңшылық дәстүрімізге деген құрметіміз. Бұл тұрғыда қазақ ұлтымен ұқсаспыз», деді ол.

Павильон директоры қазақстан­дық­тардың өте қонақжай екенін жеткізді. «Көрмеге көптеген ел қаты­суда. Дегенмен, біз өзімізді мұнда басқа елден келген қонақ ретінде емес, жақындарымыздың ортасында жүр­ген­дей сезінеміз» деген Мұхаммед Саид алғысын білдірді. Қатарлықтар өзде­рінің дәстүрлі кофесі, шайы мен тәтті тағамын әзірлеп, дәм татқызды. Қонақ­тардың қолына қынамен сурет салып, есімдерін қағазға араб тілінде жазып берді.

Жанғыш тақтатастан жарық өндірген 
Иордания көрме қалашығында ұлттық күнін мерекеледі

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аумағында Иордания Хашимит Корольдігінің ұлттық күні тойланды. Мерекелік жиында Амман қаласы муниципалитетіне қа­расты Иордания ұлттық фольклорлық ансамблі өнер көрсетті. 1995 жылы не­гізін қа­лаған фольклорлық топ алпыстан астам адамнан құралған. Олар «Иор­да­ниялық Дабка» атты ұлттық би билеп, «Ребаб», «Шебаб» аспаптарында ән шырқады. 

Салтанатты шараның ресми бөлімінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Ермек Көшербаев сөз сөйлеп, екі елдің ынтымақтастығы жөнінде ай­тып, қос тарап барлық салаларда тығыз қа­рым-қа­тынас орнатқанын тілге тиек етті. Әсі­ре­се, фармацевтика, энергетикалық және ауыл шаруашылығы салалары бойынша Қазақстан – Иордания әріптестік байланыс қарқынды дамып келеді.

Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ахмед Идрис Инаб ел үкіметінің энергия көздерін әртар­ап­тан­ды­руды және энергетикалық дербестікке же­туді көздеп отырғанын әңгімеледі. «Мемлекетіміздің энергетика саласындағы бас­ты саясаты – мұнай импортына деген тәуелділікті шектеу, табиғи газдың үлесін арттыру мен оның оңтайлы қолданысын қамтамасыз ету. Иордания өз халқын қажетті энергиямен қамтамасыз етуде қыруар еңбек атқарды.

Ал ЭКСПО-2017 көрмесі – тұтас адам­зат­тың үздік инновациялық жетіс­тіктерімен та­нысудың бірегей мүмкіндігі», деді Ахмед Идрис.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, делегация өкілдері Иордания павильонын аралады. Ғимаратта мемлекеттің энергия секторлары мен болашақтағы энергия жобалары айқын көрсетілген. Павильонға келушілер Иорданияның өнеркәсіп, ғылым, ауыл шаруашылығы салаларындағы жетістіктерімен таныса алады. Бұл ел бала­малы энергетикаға көшуде іргелі істерді қол­ға алып үлгерген. Иордания үшін бұл өте тиімді. Себебі, мұнда жылдың 330 кү­нін­д­е ауа райы ашық болады. Үкімет елдің мұ­най, газ сынды табиғи ресурстарынан тәуелділігін жою мақсатында бірқатар шешімдер қабылдауда.

«Жасыл дәліз» бағдарламасы аясында 2018 жылға дейін жаңғырмалы энергия өндіруді 1000 мегаватт қуаттылыққа жеткізу жоспарланған. Осы мақсатқа билік өкілдері 5 миллиард доллар шетелдік инвестиция тартыпты. Қазірге дейін инвестиция көлемі 2 миллиард долларға тең жобалар жүзеге асса, 2020 жылға дейін елдегі баламалы энергия көздерін 20 пайызға дейін арттыру көзделіп отыр.

Иорданияда жанғыш тақтатас көп бол­ған­дықтан, үкімет бұл шикізатты да пайдаға асы­руды жөн көріпті. Оны жағып, энергия өндіретін, құны 2,2 миллиард долларға тең алғашқы электр стансасының жобасы әзірленген.

ЭКСПО қалашығындағы қауырт тірлік

ЭКСПО көрмесінің ел экономикасына серпін беретіні алдын ала жазылып, сарапшылар дәлелді деректерін келтіргені есімізде. Халықаралық шара басталғалы Астананың тыныс-тіршілігі қыз-қыз қайнап, қонақтардың көптеп жүргенін байқаймыз. Вокзал мен аэропортта, көлік жолдарында барыс-келіс көбейген. Сауда орындары мен ойын-сауық нысандарының жұмысы қызған. Қонақүйлер мен демалыс орындарында да қым-қуыт шаруа. Әр саладағы деректі құр сөзбен көпіртпей, мамандар есебіне жүгінсек. 

Дәрігерлер
қай кезде де дайын

Мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу алдында сапалы медициналық көмек көр­се­ту бойынша жедел штаб құрылып, қала­шық аумағында 6 медициналық пункт пен орталық орналасқан. «Көрме кезінде 4 506 адам медициналық кө­мекке жүгінді. Оның 3 862-сі қазақ­с­тан­дық болса, 647-сі – шетелдік аза­мат­тар. Жара­қат алу бойынша 556 адам көмек сұ­рады, улану бойынша – 134, қан айналымы жүйесіндегі ау­ру­ға қатысты – 420, хирургиялық па­­­тологиямен – 134, акушерлік-ги­не­ко­­логиялық патологиямен, жүк­ті­лікті қо­са алғанда, 116 адам ме­ди­ци­налық кө­­мекке жүгінді. Алле­р-
гия, жән­дік­тер­дің шағып алуы, күн өту, ыс­тық кө­терілу жағдайлары бойынша 3 149 адам дәрігерлерге келді», дейді «Ас­та­на Конвеншн Бюро» ЖШС директоры Санияр Әйтекенов.

Шара барысында барлығы 861 адам эвакуацияланса, оның 161-і ау­ру­­ханаларға жатқызылды. «Айта ке­тер­­лігі, ауыр халде бірде-бір адам тір­­­кел­ген жоқ, абырой болғанда, соңы қай­­ғымен аяқталған жағдайлар орын ал­мады», дейді маман.

Көрме қонақтарының денсаулығын қадағалау үшін 1 335 медициналық жедел көмек көрсету көлігі жұ­мыл­ды­рылған. Көрме кезіндегі жал­пы­қа­­лалық шараларда 222 кезекшілік жүр­­­гізілді. Бұдан бөлек, тұрғын үй, әлеу­­­меттік, коммерциялық және қал­а­ның инфрақұрылым нысандары бей­не­­бақылау жүйесіне біріктірілген ахуал орталығы құрылды.  

Тұтынушылар
жылдағыдан көп

ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месі кезінде қонақүйлер мен та­мақтану орындарынан түскен салық 2,6 есеге кө­бейіпті. Сонымен қатар, базарлар, сау­да орындары, ойын-сау­­ық орта­лық­тарын аралаушылар екі есеге арт­қан көрінеді. Мәселен, мау­­сым айын­да қонақүй, мейрамха­на және өзге де тамақтану орындары­нан 142,2 млн теңге жиналған. «Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыс­тырғанда 2,6 есе немесе 89 млн теңгеге артық. Былтырғы маусымда 53,3 млн теңге салық алынған», дей­ді Са­нияр Әйтекенов. Оның сөзіне қара-
ғ­ан­да, көрме ашылғаннан кейін сауда, ойын-сауық орындарына келушілер 19 мыңнан 30 мыңға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Қазіргі уақытта қалада 9 сауда  ойын-сауық орталығы бар. Базар­лар­дағы сау­да-саттық та әжептәуір ұлғай­ған. Мәселен, «Шарын» базарындағы сау­­да 30 пайыздан 60 пайызға, «Шапа­ғат» сау­да орталығындағы сауда 40 пай­ыздан 80 пайызға жеткен. Бар­лық ба­зар­­дағы тұтынушылар өт­кен жыл­­дың дәл осы кезеңімен салыс­тыр­ған­да 2-2,5 есе көп.

Сәуір айынан бастап осы күн­ге дейін Астанада 26 өңірлік ауыл­ша­руа­шылық жәрмеңкесі өтті. Онда 10,6 мың тонна азық-түлік сатылған. Оның 3,2 мың тоннасы – жеміс-жидек.

Түрлі жолмен
келген туристер

ЭКСПО-2017 көрмесі ашылған күннен бастап Астанаға 1,9 миллионнан астам адам келіпті. Оның 680 195-і темір жолмен, 331 584-і ұшақтармен, 846 692-сі автокөлік құралдарымен жеткен. Жоғарыдағы санның 1,2 миллионы туристер екен.

«Астана темір жолының жүктемесі 60 пайызды құрайды, күн сайын әр түрлі пойызбен 16 мың адам келеді, негізгі ең жоғары мүмкіндік – 27,5 мың адам. Әуежай жүктемесі 70 пайыз болса, күнделікті 7 мың адам ұшып келеді, ал барынша қабылдау мүмкіндігі – 10 мың адам. Туроператорларға деген сұраныс өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 78 пайызға артты», дейді «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС директоры.

Елордалық қонақүйлердің толуы 60 пайызға өскен. Өткен жылдың осы кезеңінде 28 пайыз болғанын айта кетейік. Үш тілде ақпарат беріп, материал-
дар тарататын 6 ақпараттық дүңгіршек құрылып, жұмыс істеп тұр. «Туристік ақпараттық дүңгіршектерге 3 266 турист жүгінсе, бірыңғай call-орта­лықтан 375 адам ақпарат алған. Екі қабатты автобус­пен экскурсия жасау қызметін 2,4 мың адам пай­далан­ды. 12 елден – Австралия, Малай­зия, Сингапур, Словакия, Ресей, Әзер­бай­жан, Түркия, Германия, Қытай, Ис­пания, Польша, Франциядан келген 4013 турист аудиогидті пайдаланды», дейді С.Әйтекенов.

ресми турис­тік «welcometoastana.kz» интернет-порталын қолдану­шы­лар са­ны 18 мыңға жетіпті. Кірушілер саны – 65 мың адам. Ал «Welcome to Astana» мобильді қосымшасы 1156 рет жүктелген.

Топтаманы әзірлеген

Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»

Суреттерді түсірген

Орынбай Балмұрат,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2018

«Спортинг» – «Астана». Жауапты ойынның жауапкершілігі

21.02.2018

Өскеменде «Жас кәсіпкер» атты бизнес-жобалар байқауы өтті

21.02.2018

«Жолдарда жемқорлықты төмендетудің 10 қадамы» акциясы ұйымдастырылды

21.02.2018

Юлия Галышева: Жүлдегер екенімді елге келгенде шынайы сезіндім

21.02.2018

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

21.02.2018

Астаналық жас өнерпаздар латын әліпбиін қолдап флешмоб өткізді

21.02.2018

Атырау облысындағы Сарайшық музейінде заманауи сапар орталығы салынады

21.02.2018

2019 жылы Атырау облысының 99,7 пайызы табиғи газбен қамтылады

21.02.2018

Элизабет Тұрсынбаева Олимпиаданың келесі кезеңіне жолдама алды

21.02.2018

Буырқанған бояулар: Салихитдиннің салқар даласы

21.02.2018

Жәдігер: Қожамбеттің қолжазбасы

21.02.2018

Ерік Асқаровтың жары: Ерікпен өткізген өмірімді көктемге балаймын

21.02.2018

Жезқазғанда Ғалым Жайлыбайдың шығармашылық кеші өтті

21.02.2018

Әдебиеттің әңгімесі: Тәкенге оралу

21.02.2018

Ойласу: Жаңа мазмұнды енгізуде ескерілсе...

21.02.2018

Тәжірибе тәлімі: Педагог өмір бойы үйренуі тиіс

21.02.2018

Көзқарас: Тарих оқулықтарының тілі ауыр, деректері қате

21.02.2018

Жаңа латын графикасына қатысты пікірлер

21.02.2018

Төрегелді Шарманов, академик: Заманауи өмірдің заңдылығы

21.02.2018

Ерлан Сағадиев: Асығыстыққа жол бермеу қажет

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Халық тәжірибесі – құндылық

Елшіл қайраткер Смағұл Сәдуақасұлы «Сәрсенбек» атты романында (1922) бас қаһармандарының аузынан «Қазақ неше жылда нағыз Жапониядай болады», «Қазақ Жапония секілді болу үшін өзінің елдігі өзінде болу керек», «Мыңдаған, миллиондаған қазақтар жұмысшы болып істесе, өз жерінің байлығының рахатын көрген емей немене?! Бұл дегенің адам айтқысыз жаңару болар еді» дейтін пікірлер айтқызады. Ел келешегінің мүбәрак жолын меңзеген нұсқа сөз деп қабылдаған дұрыс.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Жүздік құрылымда рулық үлес жоқ

Жақында танымал антрополог-академик Оразақ Смағұловтың «Қазақ халқының шығу тегі» атты еңбегі жарыққа шықты. Туындыда қазақ халқы осыдан қырық ғасыр бұрын Еуразия даласында дара этнос ретінде қалыптасқаны физикалық антропология арқылы дәлелденіпті. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Тобасыз тойымсыздарға тоқтам бар ма?

Қазаққа адал қызмет етуді парыз да қарыз санаған ұлт көсемі Әли­хан Бөкейханов: «Алаштың баласы, бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгі­ні өзінде бөлек мемлекет болар» деп­ті. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әлеуметтік әділеттілік жолы

Енді ғана тағайындалған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрі Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысындағы өзінің алғашқы баян­дамасында « МӘМС жүйесін енгізуді бастау үшін үстіміздегі жылы толық­қанды дайындық жұмыстары қам­тамасыз етілетін болады» деп атап көр­сетті. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу