ЭКСПО-2017: Жаңалықтар жаршысы һәм жарысы

ЭКСПО көрмесінің тарихы бір жарым ғасыр бұрыннан басталады. Алғашқы дүниежүзілік көрме 1851 жылы Лондондағы «Гайд» саябағында мемлекет қайраткері, кәсіпкер және дизайнер Генри Коул мен Альберт Девиз ханзаданың бастамасымен ұйымдастырылған екен. «Барлық елдер ұлы іспен, яғни адамзатты жетілдірумен айналыссын» деген ұранмен өткен шарадағы ең көрнекті ғимарат темір мен шыныдан тұрғызылған Хрусталь сарайы болған. Сәулетші Джозеф Пакстонның қолынан шыққан бұл туынды жеңіл жиналып, бөлшектенетін. Осыдан кейін жер бетіндегі ірі қалаларда Хрусталь сарайына ұқсас оқу залдары, пассаждар, тоғыспалы галереялар салына бастады. ЭКСПО көрмесінің әу бастан мақсаты – жаңадан шыққан ғылы­ми-техникалық жетістіктерді паш етіп, олардың болашақта дамуы­на сеп болу, сондай-ақ, қатысушы елдердің тарихын, салт-дәс­түрін және мәдениетін көпшілікке көрсету. Әлемнің 65 мем­лекеті бұл дәстүрден ажырамай, көрмені өз деңгейінде өткізіп келеді.
Егемен Қазақстан
05.06.2017 1386

Графеннің мүмкіндіктері және киіз үй

Қазақстан да халықаралық көрменің бастапқы деңгейін, дәрежесін сақтайды деген үміттеміз. Биылғы байрақты басқосуға дайындық барысы осындай ой түйгізеді. Айталық, Британ павильоны – көрмедегі ең ірі нысандардың бірі. Жалпы аумағы 1100 шаршы метрді құрайтын павильон танымал сәулетші Асиф Ханның шешімімен қазақтың киіз үйі пішінінде безендірілген.
«Біз – энергиямыз» тақырыбын ту еткен Ұлыбритания көрмеде озық технологиялар мен жаңғырмалы энергия көздерін пайдалану саласындағы инновацияларды таныстырады. Мәселен, «болашақтың материалы» деп аталып кеткен графеннің мүмкіндігін көпшілік біле бермейді. Бұл материал қазірдің өзінде көптеген салада теңдесі жоқ өнім ретінде бағаланады. Әлемдегі ең жеңіл әрі берік материал энергия жинақтау қасиетіне де ие. Сондай-ақ, көрме аясында британдықтар келушілерге елінің тарихын таныстырып, жетістіктерімен бөлісуді жоспарлап отыр.
Ұлыбритания павильоны Корольдік­тің ұлттық күнінде – 26 маусымда ашылатынын айта кету керек.

Шағын ел – шексіз энергия

Теңіз деңгейінен төмен орналасқан мемлекет ретінде Нидерланд тасқын сумен талай күрес жүргізді. Жергілікті билік табиғаттың алып күшіне төтеп беріп, суды баламалы энергия көзіне айнал­дыра білді. Сондықтан олар­дың ЭКСПО-2017 көрмесіндегі павильоны­ның жұмысы «Шағын ел, шексіз энергия: болашақ энергиясын қалыптастыратын дүниетаныммен таныс болыңыздар» деген ұранмен өтеді. «Жақын арада Қазақстан бүкіл әлемнің назарында болмақ. Көптеген елдер көрмеге «жасыл» энергетикаға қалай қол жеткізуге болатынын, оны қолжетімді, тұрақты етудің түрлі әдістерін талқылау үшін келеді. Нидерланд бұл саладағы түрлі шешімдерді ұсынып, өзгелермен жан-жақты қарым-қатынас жасауға ниетті. Біздің ел энергетикадағы өзгерістерді енгізуге әрқашан дайын», дейді павильон директоры Эвелин Бяйл.
Нидерланд жаңа энергия көздерін іздестіріп, оны пайдаланатын ел ретінде танымал. Бүкіл әлемде голландтық өнер­кәсіптік технологиялар, озық ноу-хау және инновациялар ерекше қызығу­шы­лық тудырады. Ал күн энергиясы саласын­дағы құрал-жабдықтардың жарты­сы голландтық технологиялар негізін­де жұмыс істейді. Корольдіктің өкіл­дері осының бәрі Астанадағы ЭКСПО көр­месі кезінде көрсетіледі деп уәде етті.
Келушілер голландтықтардың болашақ энергиясын қалыптастыруда пайдаланатын барлық әдіс-тәсілдерімен танысады. Павильон үш аймаққа бөлінеді: Голландияның шығармашылық және инновациялық жетістіктерінің көрме залы, голограмма, 5 минуттық лазер­лік шоу және 3D технологияларды ұсы­натын мультимедиялық зал, ал соң­ғысы, ересектер мен балаларға арнал­ған ойын-сауық аймағы. Мұның бар­лығы голландтық және ресейлік дизайнер­лердің көмегімен жасалады. Көрме аясында Нидерланд Корольдігі мен Қазақстанның дарынды жастары экологиялық мәселелерді шешуге арналған ортақ жобасын таныстырады. Бұған қоса, таяу уақытта павильонның мүмкіндіктерімен танысуға арналған веб-қосымша іске қосылады.
Павильонда 20 минутқа есептелген, жарық шашқан шоуды бір мезетте жетпіске жуық адам тамашалай алады. Экспозицияда қазақ, орыс және ағылшын тілін меңгерген 20 қазақстандық және 5 голландтық маман жұмыс істейтін болады.

Немістер не көрсетеді?

ЭКСПО-2017 халықаралық маман­дан­дырылған көрмесінде Германия өз павильонын «Энергия әлемді өзгерте алады» деген ұранмен таныстырмақ. 
Немістердің еліміздегі елшісі Рольф Мафаэльдің айтуынша, павильонның мазмұны аса қызықты болады. «Біздің павильонымыз 1700 шаршы метрді алып жатыр, бұл – қатысушы мемлекеттердің арасындағы ең үлкен аумақ. Энергия тиімділігі, климатты сақтау, қоршаған ортаны қорғау – Германия үшін аса маңызды. Баламалы энергия көздеріне көшу мәселесі әлемдік деңгейде талқы­ланып жатқанда, біз де үлесімізді қосуға ниеттіміз», дейді ол.
Неміс павильонын ұйымдастырумен айналысатын компанияның креативті директоры Андреас Хорбельттің сөзінше, Германия – Еуропада жаңғырмалы энергия көздерін тұрақты түрде пайдаланып, әлі де жетілдіріп отырған алғашқы мемлекет. 30 сәуірден бері елдегі электр қуатының 85 пайызы баламалы энергия көздеріне көшкен. Бұл – Германия үшін үлкен жетістік, тарихта болмаған оқиға. «Біздің түсінігіміздегі болашақ энергиясын «Болашақ қаласы» алаңында тамашалай аласыздар. Жалпы, павильонда бес жаңғырмалы энергия көзі – жел, күн, су, жылы су және биомасса көрініс табады. «Энергия әлемді өзгерте алады» деген сөз тек энергияға қатысты емес. Келешектің өзгеруі жер шарында тұрып жатқан миллиардтаған адамның энергиясына байланысты», дейді Андреас Хорбельт.
Павильонға табан тіреген әр адамға «smart-stick» кілті беріледі екен. Бұл батарея арқылы қатысушылар көрме залындағы барлық интерактивті эле­менттерді іске қосып, экспонаттарды көре алады. Элек­тронды кілттер қазақша, орысша, ағыл­шынша және немісше кодталған. Қонақтар баламалы энергия жайлы көптеген мағлұ­маттарға қанығып, ой-өрісін кеңейтеді. Сонымен қатар, Германияның энергия тиімділігі картасы сол саладағы ең үздік 35 жобаны ұсынады. Инновациялар адам өмірін жақсарта отырып, қоршаған ортаға келетін зиян мөлшерін неғұрлым азайтуды көздейді. Мәселен, «ақылды үй» технологиясынан бастап «BMW» маркасындағы электромобиль және мотоциклдің соңғы үлгілеріне дейін құрылыс және көлік саласындағы жа­ңа­лықтар мен өнімдер таныстырылады. Бұл жерде қазба отынды пайдаланбай-ақ плас­тмасса шығаруды ойлап тапқан өнертап­қыштардың еңбегін айрықша атап өту қажет.
Көрмеде немістер жаңғырмалы энергия көздерінен қуат алатын электр көлік­терді кеңінен насихаттамақ. Оған лимузин, «Е формуласы» жарыс автокөлігі, электр қозғалтқышы бар екі дөң­гелекті кө­лік және заманауи қуаттау жүйе­лері кіреді. Павильондағы ең қызық­ты сәттердің бірі деп «Энергети­калық шоуды» айтуға болады. Лазерлік шоуға қонақтардың барлығын қатыстыру жоспарланып отыр. Павильонды ара­лаған әр адам ортадағы дөңгелек үстел­ге кілтті қойса, одан жи­налған энергия лазерлік шоуға ұласпақ.
Көрме аймағынан бөлек, немістер кәдесый сататын дүкенді, ұлттық тағам­дар мен сусындарды ұсынатын мейрам­ха­наны және VIP аймақты ашуды ойлас­тыруда. Неміс павильоны бір сағатта 400-ге дейін қонақты қабылдауға қауқарлы. Аумақта 80 адам жұмыс істейтін болады, қызметкерлердің 75 пайызы қазақстандықтар болса, қалғаны Германиядан келеді деп күтілуде.

Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»

Суреттерді түсірген
Ерлан ОМАРОВ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.05.2018

Еліміздегі төрт мемлекеттік ЖОО-ның ректорлары лауазымына үміткерлер белгілі болды

22.05.2018

Бақытжан Сағынтаев «ИТП» ДКҚ Басқару комитетінің отырысын өткізді

22.05.2018

Самал Еслямова белгілі дат режиссерінен шақырту алған

22.05.2018

Сергей Дворцевой: Самалдың бойында қайсар мінез жатыр

22.05.2018

Астанада ертең де дауыл болады

22.05.2018

Бес мыңнан астам қазақстандық абитуриент «Болашақпен» шетелде оқығысы келеді

22.05.2018

Ресей Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты футболдан әлем чемпионатының ашылу рәсіміне шақырды

22.05.2018

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

22.05.2018

Самал Еслямова: Туған еліңнің ықыласын сезіну – нағыз бақыт

22.05.2018

Сыр өңірінің әкімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан игі істерді таныстырды

22.05.2018

Үкімет отырысында көтерілген мәселелерге шолу

22.05.2018

Полиция сержанты бір отбасын өрттен құтқарып қалды

22.05.2018

Сенаторлар суармалы жерлерді пайдалануды тәртіпке келтіруге шақырды

22.05.2018

Елордалық шығармашылық топ Атырауға жетті

22.05.2018

Курчатовтағы Ұлттық Ядролық Орталықта жас ғалымдар мен мамандардың ғылыми конференциясы өтті

22.05.2018

Семейдегі орманның өртенуі адам қолымен жасалған іс болуы мүмкін

22.05.2018

Солтүстік Қазақстан диқандары тұқым себуді жалғастыруда

22.05.2018

Сыр өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштердің 3D картасы әзірленеді

22.05.2018

Солтүстік Қазақстанда жазғы ат жарысы маусымы ашылды

22.05.2018

Атырауда лифтіде жасөспірімдердің қаза табуына байланысты тергеу жүргізіледі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Алматының алмасы. Шырын қайда?..

Алматы жұрты күнде жауған жауын­мен, түнде ұрған суықпен жағаласып жүріп Алатаудың бөктеріндегі биылғы алма бақ гүл шашқан көркем шақтан көз жазып қалған сыңайлы. Содан ба екен, біреу «Биыл алма гүлдеді ме?» десе, біреу «Биыл өзі алма бола ма?» дейді қамығып. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Рух көтерудің жолы

Кейінгі өскелең жас ұрпақты патриот­тық рухта қалай тәрбиелейміз, ертеңгі ел қорғар өрендеріміздің бойына отаншылдық пен патриотизмді, елге, жерге деген сүйіс­пен­шілік сезімін  қалыптастырып, келешекте ержүрек, батыл болып өсулері үшін не істеуіміз керек деп,  жастардың ертеңгі тағдыры мен таңдауына жиі бас ауыртып, жанымыздың жабырқап жататыны рас.

Қамбар Ахмет,

Каспий мен Қара теңіздерді жалғау кімге тиімді?

Мамырдың екінші онкүндігінде ақпарат һәм саясат алаңында қызу тал­қыланған тақырыптың бірі – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий мен Қара теңіздің арасын жал­ғайтын «Еуразия» каналын салу жөніндегі пікірі болды. 

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі 

Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық зама­нының елең-алаңында қолына қалам ұста­ған жігіттердің арасынан адамдар кітап­қа оралады әлі дегенді сеніммен айт­қандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қолдан жасалған қасірет

Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу