ЭКСПО аумағында бейбітшілік және келісім аллеясы ашылды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесі аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізген, Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін таныстыруға арналған «Бейбітшілік және келісім энергиясы» атты форумға қатысты.
Егемен Қазақстан
12.06.2017 977

Басқосуға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Д.Мыңбай, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ассамблея мүшелері, мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, «ЭКСПО-2017» көрмесіне келген шетелдік қонақтар, ғылыми және зиялы қауым өкілдері, халықтық қолданбалы өнер шеберлері қатысты, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Іс-шаралар Ұлттық музейде бастау алды. Онда ЭКСПО-2017 көрмесі өткізілетін кезеңде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі жан-жақты таныстырылады.    

Мемлекеттік хатшы сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі көп этносты қоғамның интеграциялануына қатысты салмақты саясаттың жалпыға танылған эталоны болғанын атап өтті.

– Еліміздің Конституциясы нәсілдік, ұлттық, діни және әлеуметтік ерекшелігіне қарамастан, барлық азаматтар құқықтарының теңдігіне кепілдік береді және қорғайды, - деді Гүлшара Әбдіқалықова.  

Мемлекеттік хатшы бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос пен 18 конфессия өкілдері бейбіт әрі тату өмір сүріп отырғанын айтты.  

Сондай-ақ іс-шара қонақтары бұқаралық ақпарат құралдарының этно-мәдени бірлестіктер туралы арнаулы көрмесімен, халықтық қолданбалы өнер шеберлері бұйымдарының жәрмеңкесімен, «Киіз үй – Елдің отауы» концепт-модулімен, қазақтың ұлттық тағамдары жөніндегі шеберлік сабақтарымен танысты.

Бұдан бөлек, Гүлшара Әбдіқалықова мен форумға қатысушылар ЭКСПО саябағы аумағында орналасқан Қазақстан халқы Ассамблеясының Бейбітшілік пен келісім аллеясының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Онда этномәдени бірлестіктердің және шығармашыл жастардың театрландырылған шеруі, халықтық қолданбалы өнер шеберлерінің «Шеберлер ауылы» көрме-жәрмеңкесі, «Алға, Қазақстан!» флешмобы өтті.

Форумның соңында Мемлекеттік хатшы бейбітшілік және келісім энергиясы ғаламшардағы ең таза әрі игілікті энергия екенін атап өтті.

Бейбітшілік пен келісім аллеясы арқылы жүріп өткен әр адам қонақжай әрі кең пейіл қазақ жерінің жылуына бөленетін болсын деген тілек айтылды.  

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.05.2018

Жаңа технологиялар өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды - Дариға Назарбаева

23.05.2018

Ақтаудағы «Оңалту және әлеуметтендіру орталығына» жаңа ғимарат қажет

23.05.2018

Семей орманын тәулік бойы қадағалайтын жаңа жүйе орнатылмақ

23.05.2018

Курчатовта «Токамак ITER» құрылысын бастау үшін жаңа жобалар ашылмақ

23.05.2018

Веложарыстың жеңімпаздары «Вуэльта» көпкүндігіне барады

23.05.2018

Ертіс өзенінің жағасында көне күн обсерваториясы болған

23.05.2018

«Нұршашу» би ансамблі Еуропадан жүлдемен оралды

23.05.2018

Астанада дауыл ескертуі жарияланды

23.05.2018

«Хат қоржын»

23.05.2018

Астанада «Ұйғыр мұқамының сарыны» атты еске алу кеші өтті

23.05.2018

«Шолпан» хореографиялық ансамблінің құрылғанына 25 жыл

23.05.2018

Мақатаевтың поэзиясына жазылған әндер: «Мұқаң тірі болса, не айтар еді?»

23.05.2018

Жаңартылған білім жүйесінің артықшы­лы­ғы неде?

23.05.2018

Қостанайдың кей аудандарында түлектердің ҰБТ-ға қатысуы 50 пайыздан аспайды

23.05.2018

Марк Цукерберг Еуропарламент алдында есеп берді

23.05.2018

Есімі елдің есінде: Әбубәкір Әлиұлы

23.05.2018

Мектеп вальсі туралы ой

23.05.2018

Ахмет Бай­тұр­сынұлының балалық шағы өткен үйі қалпына келтіріледі

23.05.2018

Алматыда дәстүрлі «Фа­раби оқулары» өтті

23.05.2018

«Рухани қазына» фестивалінің үздіктері анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Мектеп вальсі туралы ой

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қызғаныш деген қызыл ит

Заты адам баласымен бірге жасасып келе жатқан, көнермес те көгер­мес сезімдердің бірі – қызғаныш. Адам­ның көзіне шел қапта­та­тын қара қыз­ға­ныштардан кекшілдік пен күн­шілдік, бақас­тық пен бақталастық қоз­дап, неше түрлі қылмыстар жасалып жата­ты­ны да ешкімге құпия емес. 

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Алматының алмасы. Шырын қайда?..

Алматы жұрты күнде жауған жауын­мен, түнде ұрған суықпен жағаласып жүріп Алатаудың бөктеріндегі биылғы алма бақ гүл шашқан көркем шақтан көз жазып қалған сыңайлы. Содан ба екен, біреу «Биыл алма гүлдеді ме?» десе, біреу «Биыл өзі алма бола ма?» дейді қамығып. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Рух көтерудің жолы

Кейінгі өскелең жас ұрпақты патриот­тық рухта қалай тәрбиелейміз, ертеңгі ел қорғар өрендеріміздің бойына отаншылдық пен патриотизмді, елге, жерге деген сүйіс­пен­шілік сезімін  қалыптастырып, келешекте ержүрек, батыл болып өсулері үшін не істеуіміз керек деп,  жастардың ертеңгі тағдыры мен таңдауына жиі бас ауыртып, жанымыздың жабырқап жататыны рас.

Қамбар Ахмет,

Каспий мен Қара теңіздерді жалғау кімге тиімді?

Мамырдың екінші онкүндігінде ақпарат һәм саясат алаңында қызу тал­қыланған тақырыптың бірі – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий мен Қара теңіздің арасын жал­ғайтын «Еуразия» каналын салу жөніндегі пікірі болды. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу