«ЭКСПО-әжей» - Томийо Ямаду Астанаға келді

Астанаға ЭКСПО-2017 көрмесіне әлемге «ЭКСПО-әжей» атағымен белгілі 80 жастағы Томийо Ямаду келді.
Егемен Қазақстан
05.07.2017 788
2

Ол алғаш рет халықаралық көрмеге 1970 жылы Жапонияның Осака қаласына барған. Содан бері осы шараға баруды әдетке айналдырған. Әжей Жапонияның Айти, Қытайдың Шанхай, оңтүс­тік­ко­реялық Йосу мен италиялық Миландағы көр­ме­лер­ді тамашалапты. Өзінің айтуынша, әлем ел­де­рін­дегі ЭКСПО көрмелері кезінде жаһандық мә­се­лелер жайында көп мәлімет алып, денсаулығын да нығайтқан екен.
«Алғаш рет ЭКСПО көрмесіне Осака қаласына барғанымда үлкен әсер алдым. Келесі көрмелерге де баратын болдым. Сондай сапарларымның нәтижесінде денсаулығымның нығайғанын байқадым. Сондықтан саяхатымды жалғастыруды шештім. Шанхайдағы халықаралық көрмеден соң көпшілік мені «ЭКСПО-әже» деп атап кетті», дейді Т.Ямаду.
Осы уақытқа дейін көрме өткен жеті мемлекетте болған қонақ Қазақстан павильондарын міндетті түрде аралайтындығын айтады. «Италияның Милан қаласында өткен көрме кезінде қазақтың ұлттық киімдерін көріп, музыкасына тәнті болдым. Ғажайып әуендер, тамаша аспаптар. Ал Астанадағы ЭКСПО-да маған «Нұр Әлем» павильоны қатты ұнады. Шардың әрбір қабатында түрлі таңғажайып нәрсе бар. Адам үйренетін жаңалықтар көп. Астананың өте қонақжай қала екеніне көзім жетті», дейді «ЭКСПО-әже» ағынан жарылып. 
Тағы айта кетерлігі, кеше сексен жастағы Томийо Ямадуды «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық ком­па­ния­сы­ның басшысы Ахметжан Есімов қабыл­дады.

Топтаманы әзірлеген Асхат РАЙҚҰЛ, 

Суреттерді түсіргендер Ерлан Омаров, Орынбай Балмұрат,

«Егемен Қазақстан»
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.10.2018

Ádep pen ádet

19.10.2018

Агросекторда ілкімді қадамдар қажет

19.10.2018

Инвестор тақыр жерге келмейді

19.10.2018

Тұрмыс сапасын арттырудағы іргелі істер

19.10.2018

«Барыс» - «Трактор»: 5:4

19.10.2018

Керчьтегі қарулы шабуыл жиырмадан аса адамның өмірін қиды

19.10.2018

Нұрлан Нығматуллин: Бұл – бүкіл халықтың жағдайын жақсартуға арналған Жолдау

19.10.2018

Жас спортшы джиу-джитсудан күміс медаль иегері болды

19.10.2018

Ресми бөлім (19.10.2018)

19.10.2018

Жаһандық үнқатысу алаңындағы жүздесу

19.10.2018

Серіктестік серпінді дами береді

18.10.2018

Егемен академиясында Қайнар Олжай дәріс оқиды

18.10.2018

Астанада вирусты менингитке күдікті сегіз оқушы ауруханаға жатқызылды

18.10.2018

Еуроодақ саммиті: «Брексит» мәселесі қиындай түсті

18.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Рольф Драакпен және Мехран Эфтехармен кездесті

18.10.2018

Қарағандыда әнші-композитор Қорабай Есеновтің мерейтойлық кеші өтті

18.10.2018

Мемлекет басшысы Еуропаның іскер топтар өкілдерімен кездесті

18.10.2018

Маңғыстауда алғашқы электр қуаттандыру станциясы ашылды

18.10.2018

«Ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасы басталды

18.10.2018

Көлік кептелісінде көмекші - Road Zipper

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу