ЭКСПО-ға Қарағандыдан 200 мың адам барады

Қарағанды облысы Астана қаласының іргесінде орналасқандықтан, ондағы ертең ашылмақ «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің дайындығы мен өткізу шараларына Кеншілер қаласы белсене ат салысты.
Егемен Қазақстан
08.06.2017 1481

Алғашқы кезеңде Қарағанды облысы жергілікті өндірушілердің құрылыс материалдарын жеткізу, ЭКСПО нысандарын салу бойынша жобалық ұйымдар мен құрылыс компанияларының жұмысын жүзеге асырумен айналысты.

Нәтижесінде, аймақтағы 29 кәсіпорын 9,5 млрд теңге көлемінде өнім жеткізіп, 7 кәсіпорын 257,5 млн теңге сомасында қызмет жұмыстарын орындады.

ЭКСПО көрмесін тамашалауға келген шетелдік қонақтарға ақпараттық қызмет көрсету үшін Қарағанды облысының ЖОО-нан үш тілге жетік, мәдени-бұқаралық іс-шаралар жүргізуде машығы бар 250 ерікті таңдалып алынды.

  Әлем назарын тігіп отырған «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне Қарағанды облысының тұрғындары осы күнге дейін 90 мың билет сатып алған. Бұл туралы аймақтық орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қарағанды облысы кәсіпкерлер басқармасының басшысы Татьяна Аблаева мәлімдеген болатын.

Аймақ жұртшылығы арасында әлемдік шараға қызығушылық күн санап артып келеді. Оны осы күнге дейінгі ресми мәліметтер растайды. Сонымен қатар, ел ішінде көрмеге ерікті түрде қатысамын деушілердің қарасы аз емес. Жалпы, Қарағанды облысынан әлемдік шараға 200 мың адам қатысады деп болжам жасалуда. Бюджет қаражаты есебінен 3750 оқушының қатысуын қамтамасыз ету жоспарланған. Яғни, 12 маусым мен 6 шілде аралығында 1050 дарынды бала және балалар үйінің тәрбиеленушілері көрмені облыстық бюджет есебінен барып тамашалайтын болады. Ал 10 шілде мен 10 қыркүйек мұғдарында көрмеге жергілікті бюджет есебінен аудандар мен қалалардың жалпы білім беретін мектептерінен 2700 әлеуметтік аз қамтылған дарынды оқушылар қатыспақ.

Көрмені өткізу барысында өңірдің ауыл шаруашылығы 8964 тонна азық-түлік тауарын өндіру және жеткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, осы жылдың 4-9 қыркүйегі аралығында Қарағандының мәдениет күндері шеңберінде облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы тарапынан 21 мәдени-сауықтық іс-шара ұйымдастыру көзделуде.

«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі – отандық туризмді түлетудің жаңа бір мүмкіндігі болмақ. Алдағы уақытта елімізге Жер шарының түкпір-түкпірінен 2 миллионнан астам қонақтар келсе, оның 300 мыңдайы шетелдіктер болады деп күтілуде. Осы ретте, Қарағандының таңғажайып табиғаты мен тарихи орындарын тамашалауға келгендер үшін  «Nomadic Travel Kazakhstan», Қарқаралы мемлекеттік ұлттық-табиғи паркі, «Павлин-Тур» туроператорлары дайындаған «Қазақ даласының Жерұйығы», «Қызыларай: бағзыдан – биікке», «Қарқаралы – Сарыарқаның сәнді алқасы», «Теміртау – металлургтер қаласы», «Қазақстанның жаңа парақтары: Астана-Қарағанды» туристік бағыттары қызмет көрсетпек.

Жалпы, Қарағандыға ат басын бұрған, сондай-ақ, аталмыш көрме қонақтарының жайлы орналасуын қамтамасыз ету мақсатында нөмірлік қорды кеңейту және жетілдіру жұмыстары жүргізілді.

2015 жылдан бері Кеншілер астанасында жалпы сомасы 3,5 млрд теңгені құрайтын орналасу нысандарын салу және қайта жөндеу бойынша 23 жоба жүзеге асырылған.

Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.05.2018

Астанада ҚР Кәсіподақтар федерациясы дөңгелек үстел өткізді.

21.05.2018

Қарақиялық оқушылар арасында «Жас құтқарушы» сайысы өтті

21.05.2018

Солтүстік Қазақстанда өрт сөндіру  көпсайысынан аймақаралық чемпионат өтті

21.05.2018

Солтүстік Қазақстан шенділері тегін үйлерді туыстарына үлестірген

21.05.2018

Академик Түймебай Әшімбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

21.05.2018

Петропавл әкімдігінің әрекеті тұрғындарды таң қалдырды

21.05.2018

Солтүстік Қазақстанда қазақ күресінен біріншілік өтті

21.05.2018

Алматыда «Музей түні» өтті

21.05.2018

Әлем чемпионатында қазақстандық муайтай шеберлері 7 медаль иеленді

21.05.2018

Қостанайда орманда от жаққандарға айыппұл салынады

21.05.2018

Семейде журналист, жазушы Дәулет Сейсенұлының «Жәнібек ән салады...» пъесасы сахналанды

21.05.2018

Шәмші шығармалары шырқалды

21.05.2018

Ғасыр әдісі (сурет сыры)

21.05.2018

Латын әліпбиімен диктант жазды

21.05.2018

Таңғажайып тас

21.05.2018

Нәсір көкемнің өкпесі

21.05.2018

Қатты қалдықтарды қайта өңдеу – заман талабы

21.05.2018

Көпір құрылысы аяқсыз қалмайды

21.05.2018

«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын жетілдірген жөн

21.05.2018

Уран кен орындары шегенделмесе – қаупі зор

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қамбар Ахмет,

Каспий мен Қара теңіздерді жалғау кімге тиімді?

Мамырдың екінші онкүндігінде ақпарат һәм саясат алаңында қызу тал­қыланған тақырыптың бірі – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий мен Қара теңіздің арасын жал­ғайтын «Еуразия» каналын салу жөніндегі пікірі болды. 

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі 

Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық зама­нының елең-алаңында қолына қалам ұста­ған жігіттердің арасынан адамдар кітап­қа оралады әлі дегенді сеніммен айт­қандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қолдан жасалған қасірет

Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Оразаның нығметі

«Зор сүйінші айтайын, Мұсылман болып туғанға. Ислам дінін қуғанға...» деп Майлықожа бабамыз жырлағандай, исламды дінім, Мұхаммедті пайғамбарым деп таныған мүміндер үшін қасиетті рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспет­тесе, үлкен сахаба Абдулла Аббас «күн­­дердің қайырлысы – жұма, айлардың қайыр­лысы – рамазан» деген екен.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Жол апатын азайту жүргізуші мәдениетіне байланысты

Өткенде екі көлік соқтығысып қал­ды. Олар көшенің бағдаршамы жоқ қиылысында бір-біріне жол бермеген. Содан екі жүргізуші бірін-бірі кінәлап жатыр. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу