ЭКСПО нысандары тиімді пайдаланылады

БАҚ өкілдеріне ұйымдастырылған пресс-турда «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Владимир Лютов журналистерді көрме нысандарының қайта құрастыру жөніндегі ауқымды жұмыстарымен, сондай-ақ, Ұлттық компанияның ЭКСПО-2017 мұрасын дамытудағы басты міндеттерімен таныстырды.

Егемен Қазақстан
16.04.2018 17463
2

«Бүгін, Елбасымыз Н.Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясына көрме нысандарын тиімді және лайықты қолдану, сондай-ақ, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу тәжірибесін экономиканың барлық салаларында пайдалану туралы нақты міндеттер қойды», деп атап өтті Владимир Лютов.

Владимир Лютовтың айтуынша, ЭКСПО IT-технологиялар, стартаптар инновациялық алаңы болуы керек. Қойылған міндеттердің аясында ЭКСПО аумағында АХҚО, «Astana Hub», Халықаралық «жасыл» технологиялар орталығы, IT-университет сияқты ауқымды жобалар іске асырылмақ.

Сондай-ақ, көрме кезінде корпоротивтік павильон орналасқан C4.6 павильонында да қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Қайта құрастыру жұмыстарына дейінгі ауданы – 5 мың шаршы метрді, кейін – 9,6 мың шаршы метрді құрайды. Бұл павильонда «Astana Hub» Халықаралық IT-стартаптар технопаркін орналастыру жоспарланып отыр. Онда дәрісханалар, конференц-залдар, виртуалды ақиқат жобаларын өңдеу зертханалары, сондай-ақ, «Astana Hub» серіктестері мен әкімшілігі үшін кеңселер қарастырылмақ. Құрылыс жұмыстары үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін аяқталады деп жоспарлануда.

«Astana Hub» жобасы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының құрамдас бір бөлігі. Дәл осы орталықта кейін цифрландырудың жүзеге асырылуына өз үлесін қосатын қызықты және бірегей стратаптар дүниеге келмек.

Сондай-ақ, С3 және С4 павильондарын қайта құрастыру жұмыстары жүріп жатыр. Көрме кезінде онда халықаралық павильондар орналасқан болатын. Келер жылы бұл ғимараттарда «Астана» Халықаралық қаржы орталығы орналасады деп жоспарлануда.

АХҚО кешенінің ғимараттары БРИАМ (BREEAM) ғимараттарды экологиялық тиімді бағалау әдісімен сертификатталмақ. Бұл тіршілік әрекетінің қауіпсіздік аспекті, қоршаған ортаға әсері мен жайлылықтың жоғары сапалы стандарты.

Қайта құрастыру жұмыстары ағымдағы жылдың аяғына дейін аяқталмақ.

Басқа екі халықаралық павильонда IT-университет пен заманауи бизнес-орталығы жайғастырылмақ. Екі павильонның қайта құрастыру жұмыстарына дейінгі ауданы – 47,6 мың шаршы метрді, кейін – 72,3 мың шаршы метрді құрайды.

ЭКСПО аясында IT-университеттің орналасуы мен ашылуы бекер емес, себебі, университет еліміздің цифрлық экономикасына жоғары білікті мамандарды дайындаумен айналыспақ. Бизнес-орталық біріншіден АХҚО мақсаты мен міндеттеріне қарай бағытталады. Онда ірі халықаралық ұйымдар мен қаржы институттары, сондай-ақ, АХҚО резидент-компаниялары орналастырылады.

Елбасының бастамасымен ЭКСПО негізінде, атап айтқанда «Үздік тәжірибелер аймағы» павильонында Халықаралық «жасыл» технологиялар орталығы құрылмақ. Экспозициялардың бір бөлігі «Үздік тәжірибелер аймағы» аясында сақталып қалса, екіншісі «Нұр Әлем» павильонына ауыстырылмақ. Осылайша, біз ЭКСПО мұрасын сақтап қаламыз. Қайта қалпына келтіру жұмыстарына дейінгі аумағы – 3115 шаршы метр, ал кейінгі – 4,6 мың шаршы метрді құрайды.

Қала тұрғындары мен қонақтары аса қызығушылық танытып отырған «Нұр Әлем» павильонына жаңа контент енгізу аясында жұмыстар атқарылып жатыр.

Павильондарды қайта құрастыру жұмыстарынан бөлек біз 6 га құрайтын көрме аумағының абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатырмыз. Осылайша, «Тәуелсіздік» монументі жағынан парк аумағы жалғастырылмақ. Парк аумағы кезінде Цирк дю Солей, Амфитеатр, Шелл павильоны орналасқан алаңда орналасады.

Ауқымды құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне қарамастан, Астана күніне орай ЭКСПО аумағында қонақтардың дем алуына барлық мүмкіндіктер жасалады.

Павильондарды жағалай бульвар ашылмақ. Мұнда көрме кезінде келушілер мен туристердің көңілінен шыққан жалынды су бұрқақтар шоуы жұмыс істей бастайды. Шағын дәмханалар мен мейрамханалар да жаңа маусымға дайындықтарын бастап кетті. Оған қоса, балаларға арналған, соның ішінде ерекше сұранысты талап ететін балаларға бейімделген ойын алаңдары жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ, жазғы және күзгі маусымға ауқымды мәдени ойын-сауық шаралары жоспарланып қойды. Концерттік бағдарламаларды өткізу үшін ашық сахна жұмыс істейтін болады. Қонақтарымызды тосын жайттар мен сүйікті әлемдік жұлдыздарымен кездесулер күтуде.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.03.2019

Таразда Астана атауын ауыстыруға байланысты акция өтті

25.03.2019

Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды

25.03.2019

Илон Маск: Марста қалашық салына бастағанын көргім келеді

25.03.2019

«Алтын адам» Татарстан төрінде

25.03.2019

Атырауда «Елордамыз – Нұр-Сұлтан» атты мерекелік концерт өтті

25.03.2019

Мұғалжар ауданында аз қамтылған отбасыларға қаржылай сертификаттар берілді

25.03.2019

Ж. Қасымбек Батыс Қазақстан облысының көктемгі су тасқыны кезеңіне әзірлігін тексерді

25.03.2019

Дархан Кәлетаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

25.03.2019

Жалғыз райхан жәудіреп жазға қалды

25.03.2019

26 наурызда еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

25.03.2019

Жастар жылы жөніндегі жол картасын іске асыру туралы баспасөз конференциясы өтеді

25.03.2019

Абдуллах Гүл: Нұрсұлтан Назарбаев – тұтас түркі әлемінің ақсақалы

25.03.2019

Тұңғыш Президенттің тарихтағы рөлі жоғары

25.03.2019

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымдары (видео)

25.03.2019

Жеңіс Қасымбеков Ақмола облысының көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді

25.03.2019

Қаламқас мұнай кен орнында ұңғыма жанып жатыр

25.03.2019

Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысы өтті

25.03.2019

Ұлтты өркениет көшіне қосқан кемеңгер - Шәбден Тілеумұрат

25.03.2019

Нұр-Сұлтан атауының берілуі өте орынды әрі лайықты шешім болғаны анық - Әнуарбек Мұхтарханов

25.03.2019

The Associated Press: Назарбаев тұрақтылық пен ұлтаралық бейбітшілікті қолдаған Қазақстанды құрды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу