ЭКСПО қонақтары «Абайдың балалық шағымен» дидарласады

Әне-міне дегенше халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылуына да санаулы күндер қалды. Ресми дерек бойынша, көрме аясында әртүрлі форматта 7 мыңнан астам мәдени шара өтпек. Қытайда түсіріліп жатқан «Абайдың балалық шағы» атты көпсериялы анимациялық фильмі де халықаралық көрме кезінде көпшілікке ұсынылмақшы.
Егемен Қазақстан
19.05.2017 7967
2

Қытайдың Үрімжі қаласындағы «Абай жолы» компаниясы түсіріп жатқан «Абайдың балалық шағы» атты 3D көпсериялы анимациялық фильмі Абай әлемі аясындағы ізденістердің кеңге қанат жайып келе жатқандығын аңғартады.

– Қазір төрт серияның түсірілім жұмыстары сәтті аяқталды. Үгіт-насихат есебіндегі алғашқы сериясының ұзақтығы 15 минут, кейінгі сериялары 13 минуттан тұрады. Фильмнің 26 сериясын бір жыл көлемінде түсіріп бітіруге тиіспіз. Жұмыс сәтті болып, телеаналардан көрсете алсақ, толықметражды мультфильм ету ойымызда бар, – дейді компания директоры, әрі мультфильм режиссері Ғұсман Қажытай.

Мультфильм сюжетінде Абай образы халық ұғымына ортақ ақылды, зерек, қазақтың қара домалақ баласы ретінде бейнеленген. Бірақ фильм режиссері «бұл Абай бейнесінің түбегейлі образдық шешімі емес» деп отыр. – Бала Абайдың бітім-болмысын, бейнесін суреттеуде ұзақ ойландық. Біз жалпы қазақ көңілінен, әлем көңілінен шығатын образдық нұсқаны жасағымыз келеді. Сондықтан бала Абайдың бейнесін толықтыру мақсатында болашақта өзгерістер енгізуіміз мүмкін, – деген ол бас персонаж бейнесіне қатысты ел арасынан ұсыныс, сын-пікірлер болса ғанибет дейді.

Мифтік аңыз-әңгімелерді арқау ете отырып, Абай дүниеге келер шақтағы ақ пен қараның айқасы көрсетіледі, сонымен бірге Абыз, Мыстан сияқты дәстүрлі ертегі кейіпкерлері де назардан тыс қалмаған. Қазақтың бала тәрбиесіндегі өнегесі, жан-жануарлар әлеміне құрмет көрсету тәрізді ізгілікке шақырады. Абайдың туған-туысқаныңа, дос-жараныңа ғана емес, тіпті «дұшпаныңа да әділ бол» деген гуманистік идеясы енді анимация тілінде сөйлейді.

– Сценарийді жазуда Қазақстанның, Қытайдың тәжірибелі мамандарымен бірлесіп жұмыс істедік. Абай образын бейнелеуде дүниеге келген кезі, апыл-тапыл қаз басқан шағы, 7-8 жасар бала Абайдың әжесі мен анасының ақылы арқылы қиыншылықты еңсеруі сияқты көріністерді қамтыдық. Одан бөлек Абай туған ауылды суреттеумен ғана шектелмей, қазақ атырабының көз тартар көркем жерлерін бейнелеуді мақсат еттік. Фильмде қазақ даласының әр алуан табиғаты көрінеді, – деген Ғұсман Қажытай осы арқылы Қазақстанға туристерді тартуға болатынын да айтады.

Мультфильмнің түсіру жұмыстарына Қытайдағы «Аз ұлттардың мәдениетін қорғау және қолдау» саясаты аясында мемлекет қаржылай көмектескен көрінеді.

– Жақында Қытайдың CCTV телеарнасының жаңалықтары біздің компанияның жұмысы туралы 5 минуттық хабар жасады. Онда «Абай – қазақ халқының Конфуцийі» деп таныстырылды. Бұл – үлкен мойындау, әрі біздің шағын компаниямыз үшін жетістік. Әзірге демеуші іздемедік. Алдымен сапалы анимациялық фильмді түсіре алатынымызды дәлелдегіміз келеді. Мультфильмнің алғашқы серияларын ЭКСПО кезінде Қазақстандағы телеарналардан көрсетсек деген ниетіміз бар. Бұл біздің халықаралық көрмеге дайындаған үлкен сыйымыз болар еді, – дейді компания директоры.

Ұлы Абайдың балалық шағы халық фольклоры негізінде суреттелуі шығарманың ішкі өрнегін байыта түспек. Осылайша, Қытайдағы қандастарымыз бала Абайдың өскен ортасын бүгінгі жас ұрпаққа мультипликациялық фильм арқылы көркем түрде жеткізіп, балдырғандарды Абай тәліміне баулымақшы.

Ая ӨМІРТАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.12.2018

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Ұлттық Банк жүзеге асырады

13.12.2018

Түркістан облысында мақта қалдықтарынан электр қуатын өндіретін зауыт салу жоспарлануда   

13.12.2018

«Мұрагер ханзада» компаниясының өкілдері Екібастұзда болды

13.12.2018

Елбасы Беларусь Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Станислав Засьпен кездесті

13.12.2018

Қыздар университетінде Нұртас Оңдасыновқа ескерткіш тақта орнатылды

13.12.2018

Тағы төрт спортшы допингпен ұсталды

13.12.2018

Ұлағатты ұстазбен кездесу өтті

13.12.2018

Түрікменстанның вице-премьері: екі ел арасындағы әрекеттестіктің деңгейі жоғары

13.12.2018

«БҰҰ Адам құқықтары Жалпыға ортақ Декларациясына» 70 жыл» шарасы өтті

13.12.2018

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті

13.12.2018

«Qazaq Banki» АҚ салымшылары кепілдік берілген депозиттері бойынша өтемді ВТБ-дан алатын болды

13.12.2018

Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсе ашылды

13.12.2018

Алматыда қаланың үздік мұғалімдері марапатталды

13.12.2018

Джиу-джитсудің хас шеберлерінің жүлдесі үшін жарыс өтеді

13.12.2018

Қ.Тоқаев қытайлық Genertec холдингінің басшысын қабылдады

13.12.2018

«Нұр Отан» партиясының депутаттары Алматының 2019 жылғы бюджетіне ұсыныстар енгізді

13.12.2018

Алматыда АИТВ-мен өмір сүретіндерге көмектесетін мобильді қосымша таныстырылды

13.12.2018

Үш ардагерге «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы берілді

13.12.2018

Левандовски мергендер көшін бастады

13.12.2018

Қазақфильм «Қызғалдақтар атамекені» деректі фильмін жарыққа шығарды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу