ЭКСПО шетелдік ақпарат құралдарының көзімен

Егемен Қазақстан
12.06.2017 1576

Forbes: Қазақстан жаһандық жаңа кезеңге аяқ басты

3 млрд АҚШ долларына салынған ЭКСПО-2017 қалашығы Диснейдегі Эпкот орталығына (Disney Epcot Center) ұқсайды. Шар түріндегі бас ғимараттағы Қазақстан павильоны атарбадан бастап, атом қуатына дейінгі энергетиканың даму эволюциясын таныстырып, болашақтың энергиясының қандай болуы керектігін көрсетеді.  
«ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығын иеленгеннен кейін Астанадағы құрылыстың қарқыны мені қатты таң қалдырды. Айтулы көрмені абыроймен өткізу үшін Қазақстан үкіметі ауқымды жұмыстар атқарды. Қазақстан қазір экономиканы әртараптандыруға көшті. Осы бағытта Үкімет жаңа энергия көздеріне инвестиция тартуда», дейді Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссарталес. 
ЭКСПО көрмесі аяқталғаннан кейін қалашықта Астана халықаралық қаржы орталығы жұмыс істей бастайды. Astana International Exchange (AIX) жылдың екінші жартысында ашылады. Қазіргі таңда Қазақстан ІЖӨ-сінің 5%-ы ғана қор биржаларында саудаланады. Ал Шығыс Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш 20%-ға дейін жетеді. Осы орайда AIX Қазақстандағы ірі компаниялардың IPO-ға шығарылып, белсенді сауда жүргізуіне жол ашпақ. 

Azerbaycan24: Алысты болжай білген Қазақстан

Посткеңестік елдер ішінде болашаққа нақты жос­пар құра білген мемлекеттердің бірі – Қазақстан. Оның дәлелі – үш айға созылатын ЭКСПО көрмесінің тақырыбы. «Болашақтың энергиясына» маманданған көрмеде қазақ үкіметі әлем елдерін дәстүрлі қуат көздерінен бас тартып, біртіндеп экологиялық таза, баламалы энергияға ауысуға шақырады. Бұл тұрғыда мемлекетте экономиканы әртараптандыру мен білімге негізделген экономиканы дамыту шаралары қарқынды жүруде. 
Қазақстанның пайдалы қазбаларға бай жер қойнауы мен жүзден астам ұлт пен ұлыстан құралған халқы – мемлекеттің негізгі байлығы. Ал ЭКСПО көрмесінен кейін Астанада пайда болатын IT-стартап алаңы, жасыл энергетика технологиялары, туризм мен халықаралық қаржы орталығы елдің жаңаша дамуына серпін береді деп күтілуде. Ал ЭКСПО тақырыбының «жасыл энергетика» екенін ескерсек, бюджет кірісінің 50%-ын, экспорт көлемінің 60%-ын мұнай құрайтын қазақ экономикасында енді энергетика саласына жаңаша көзқарас пайда болатыны анық. 

Синьхуа: ЭКСПО қалашығында қор нарығы пайда болады

Өткен сәуір айында Еуропа Қайта құру және даму банкі Орталық Азияда баламалы қуат көздерін дамыту үшін Қазақстанға 1 млрд АҚШ доллары көлемінде қарыз берді. Бұл қаражат Қазақстандағы жаңа энергия көздерінің инфрақұрылымын дамытуға жұмсалмақ. Нәтижесінде Астана қаласы Ұлы Жібек жолы бойындағы жасыл энергетиканың халықаралық хабына айналады.  
ЭКСПО көрмесінің қазақ экономикасына қанша қаржы әкелетіні туралы болжам жасар болсақ, алдымен бұған дейінгі көрмелердің статистикасына үңілу керек болады. Мәселен, 2010 жылы Шанхайда өткен ЭКСПО көрмесіндегі павильондар қалашығы 12 млрд еуро тапса, жалпы қала 33 млрд еуро табыс тапқан. Ал 2015 жылы көрме өткізген Миланға келген туристер жылдық көрсеткіште 27%-ға артып, қонақ үй бағалары 30%-ға қымбаттапты. Өз кезегінде ЭКСПО-2017 көрмесінің басшылығы шараға келетін шетелдік туристердің санын 300 мыңның айналасында деп болжап отыр.

Дайындаған
Бауыржан МҰҚАНОВ, 
«Егемен Қазақстан»
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.08.2018

Атырау облысында құрылыс саласының үздіктеріне құрмет көрсетілді

15.08.2018

Бүгін Шәмші Қалдаяқовтың туған күні

15.08.2018

Құрбан айт мерекесі тамыздың 21-і күні басталады

15.08.2018

Аралды құтқару – әлемді құтқарумен пара-пар

15.08.2018

Эдуард Успенский өмірден озды

15.08.2018

Чемпиондар лигасы: «Астана» «Динамодан» 0:1 есебімен жеңіліс тапты

15.08.2018

Ақтөбе өңірінде егін ору басталды

14.08.2018

Дзюдошы қыздар үш жүлде алуды көздеуде

14.08.2018

Делдалшылар көмір бағасын қолдан жасап отыр

14.08.2018

Астанада «Сергек» камераларының көмегімен 2 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған

14.08.2018

Құқықтық талапты сақтаса шетел телеарналарына шектеу жоқ - Дәурен Абаев

14.08.2018

БҰҰ Бас хатшысы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюын құптайды

14.08.2018

Қорытынды көрсеткіштер көңілге қонымды

14.08.2018

Қара жолдың қасиеті

14.08.2018

Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған көрме-байқауы өтті

14.08.2018

Қажымұқан көтерген тас

14.08.2018

Арал аумағында атқарылар шаруа көп

14.08.2018

«Хрущевкалардан» құтылудың тиімді тетігі

14.08.2018

Оқулық шығаруда олқылықтарға жол берілмеуі қажет

14.08.2018

Байзақ батыр кесенесі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Шалдың баласы

Қазақ менталитетінің өзіне тән тағы бір ерекшелігін айқындап, бекзат болмысын ажарлап әмбе сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптарының бірі отбасындағы үлкен баланы, әсіресе ұлдың тұңғышын ата-әжесінің бауырына салу дер едік. Ол атасының баласы болып өседі. Шалдың баласы құдайдың еркесі, оны ешкім бетінен қақпайды. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Халық санының артуы – елге құт

Халық санының артуы Қазақстан сияқты жер көлемі үлкен, халық саны аз мем­лекеттерге ежелден маңызды мәселе­лердің бірі болып келеді. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу