«Ел Арна» эфирге шықты

Сүйінші! Көзі қарақты көрермен қауымды құлаққа жағымды жаңалықпен қуантудың реті келіп тұрғаны қандай ғанибет. Бәріміз білетін «Хабар» агенттігінің аясында «Ел Арна» атты телеарна ашылды. Ең басты ерекшелігі, оның эфирінен тек отандық шығармашылық иелерінің шұрайлы туындылары көрсетілетін болады.
Егемен Қазақстан
28.03.2017 3931

Осыған орай Қазмедиа орта­лы­ғын­да өткен салтанатты рәсімге қаты­сып, сөз сөйлеген Ақпарат және ком­му­никациялар министрі Дәурен Абаев жақсылық жоралғысына жинал­­ған ағайын алдында ағынан жары­ла «Ел Арнаның» алғашқы қада­мына құтты болсын айтты. 

«Бүгінде телевизия қоғамдық са­наны қалыптастыруға ықпалы зор қуатты құрал екені белгілі. Осы құралды ұлт мүддесіне, ұрпақ тәр­бие­сіне ұтымды пайдалана білу Мем­лекет басшысы алға қойған бас­ты мін­деттердің бірі. Көрерменге тек қана өзіміздің отандық көркем және деректі фильм­дерді ұсынатын танымдық арна осы мақсатта ашылып отыр. Алтын қоры­мызды бүгінгі ұрпақ игілігіне жара­туды көздеген жаңа арнаны елдің арнасы болсын деген ниетпен «Ел Арна» атадық. Жаңа телеарна өт­кен буынға оңды әсер еткен Шәкен Айманов, Мәжит Бегалин, Абдолла Қар­сақбаев сияқты майталмандардың туын­дыларын бүгінгі ұрпаққа кеңінен наси­хаттауға тамаша мүмкіндік тудыр­мақ. Сонымен қатар, біздің мақса­тымыз – білім, ғылым, өнер саласы­на арналған деректі фильмдер мен танымдық бағдарламалардың көрер­менге барынша қолжетімді болуына ықпал ету, еліміздің ақпарат­тық кеңістігін өз туындыларымызбен қамту. Бұл арнаның ашылуы кино са­ласындағы жас мамандар үшін де үлкен қолдау деп білемін.

Енді олардың шығармалары ха­лықтың назарына кеңінен ұсы­ны­латын болады. Сол үшін жобаны ұйым­дас­тыру жұмыстарына атса­лыс­қан барлық азаматтарға алғыс айта отырып, жаңа арнаның халықтың арна­сына айналуына тілектестігімді біл­ді­ремін», – деді Дәурен Әскер­бек­­ұлы салмақты са­бақтаған ойын түйіндеп.

Иә, егемен еліміздің ертеңі бү­гін­де қандай жастарды тәрбиелеп жат­қа­ны­мызға тікелей байланысты. Сол себепті балабақшадағы, мектеп­тегі, жоғары оқу орнындағы жеткін­шек­теріміздің бойына отаншылдық секілді асыл сезімді күнделікті сіңіре беруіміз керек. Бұл міндетті мінсіз атқаруға әрқайсымыздың үйімізде тұрған теледидардың қомақты үлес қосары талас тудырмайды. Бұдан шығатын қорытынды, көгілдір экраннан көрсетілер бағдарламалардың көркемдік сапасына, тәрбиелік мән-маңызына баса назар аударғанымыз абзал. Өйтпесек, өкінішке ұрынып, опық жеп қалуымыз оп-оңай.

Айтулы жобаны жүзеге асыратын «Хабар» агенттігінің Басқарма төрайымы Алмагүл Ахметжанова тұсаукесер шарасына келгендерге шын көңілден алғысын айтып, ризашылығын жеткізді. Оның берген мәліметі бойынша, экрандық эфирдің 80 пайызын заманауи, алтын қорда сақталған, халық­аралық фестивальдардан жүлде алған кино­туындылар құрайтын көрінеді. Сондай-ақ, көрерменнің  ой-өрісін кеңей­тетін танымдық сипаты мол дерек­­ті дүниелерге де кеңінен орын беріл­мек. Талаптың тайын ерттеп мін­ген талантты жас режиссерлердің ше­бер­­­­лігін ұштауға да қолайлы жағдай жа­­сал­­мақ екен. Бұл, әрине, құптарлық қадам.

Қазіргі таңдағы қазақ рухания­тының қабырғалы өкілі, филология ғылымдарының докторы Мырзатай Жолдасбеков елдік мәселелерге ерекше мән беретін ежелгі әдетінен жаңылмай, жарқын істің сәтімен жалғасуына жанашырлық танытып, өзінің ақ батасын берді. Үлкен тебі­реніс үстінде «Ел Арнаның» ашылуы халқымыз көптен күткен ақжолтай хабар екендігін атап көрсетті. «Егер мен ұмытпасам, осындай айдар тағылған арна бұрын да болған. Бірақ оның аты затына сай болмады. Сондықтан ғұмыры қысқа болды.

Ел – халық, мемлекет деген сөз. Ен­деше, бұл бүкіл елдің мүдде­сін білдіретін арна болатынына сені­мім мол. Құдайға шүкір, кезінде «Қазақфильм» киностудиясы көп­шілік көзайымына айналған айшықты дүниелер түсірді. Соларды жұрт сағы­нады. Мәселен, біз Күләш Бай­сейітова, Қанабек Байсейітов, Ғари­фол­ла Құрманғалиев және басқа сайдың тасындай саңлақтарымыздың сахна­дағы ойынын көрдік. Содан рахаттанып, рухани ләззат алдық. Ал кейінгі тол­қын өкілдері солар­дың бәрін бірдей біле бермесе керек. Бұйыртса, енді «Ел Арна» осы олқылықтың орнын тол­ты­рып, өскелең өрендерімізге мәде­­ние­тіміздің мәйегін ұсынбақ. Жасы­рып қайтейік, кейінгі кездері телеарналарымызды баянсыз махаббатты баяндайтын, жылап-сықтауға толы, басы бар, аяғы жоқ шетелдік сериалдар басып кетті. Келешекте бұл кем­шіліктерді түзеп, ұлтымыздың асыл қазыналарын ұлықтайтын ұла­ғат­ты көрсетілімдерді тамашаласақ, нұр үстіне нұр болар еді», – деп Алаш ардақ­тысы алдымыздан ақ күн туарына сенім артты.

«Ел Арна» «Хабар» агенттігінің шаңырағы астында көтерілген төртінші отау есебінде әлеуметтің талғамына татитын талай тұщымды телетуындыларды ұсынары анық. Оларды «Galam TV» интернет-теледидары порталының, «ОTAU TV» ұлттық жерсеріктік операторы желісінің абоненттеріне арналған  тегін пакет құрамында 37-арнадан, сондай-ақ бүкіл республика аумағында қолжетімді сандық спутниктік хабар таратудың екінші мультиплексінен көруге болады.

Министр мырзаның рұқсатымен іске қосылған жаңа арнаның төлбасы ретінде тұсаукесерге қатысушылар назарына қазақтың көрнекті компози­торы Шәмші Қалдаяқовтың өмірінен сыр шертетін «Ән-аға» фильмі ұсынылды.

Сонымен, ақпарат аламанына жал-құйрығы сүзілген тағы бір сәйгүлік қосылды. Олай болса, сол жүйріктің сын­дарлы сәттерде сүрінбеуін тілейік, ағайын!


Талғат БАТЫРХАН, «Егемен Қазақстан»

Суреттерді түсірген 


Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан»


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.06.2018

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Б.Сағынтаев пен Ә.Жақсыбеков Түркістан облысының әкімін таныстырды

20.06.2018

Астанада робот техникасы бойынша ұлттық біріншілік басталды

20.06.2018

ҰБТ нəтижелерін Telegram-нан көруге болады

20.06.2018

Қазақстан азаматтары үшін Шенген визасының құны 80 еуроға дейін қымбаттауы мүмкін

20.06.2018

Ғ. Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі қызметіне тағайындалды

20.06.2018

Жансейіт Түймебаев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

20.06.2018

Сенаторлар Президент бастамасын іске асыру барысын талқылады

20.06.2018

Астанада тамақ қалдықтарын тыңайтқышқа айналдырмақ

20.06.2018

Солтүстік Қазақстанда А.Винокуров атындағы халықаралық жарыс өтті

20.06.2018

Түркістаннан тарту» бағдарламасы «Түркия үні» радиосы арқылы тыңдаушыларға жол тартты

20.06.2018

Мақтаралда арнайы комиссия құрамы ҰБТ өтетін нысанды қабылдап алды

20.06.2018

Ұлттық кітапханадағы залға көрнекті ғалым Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілді

20.06.2018

Жұмат Әнесұлының шығармашылығы

20.06.2018

Қармақшылық мектеп бітіруші түлектер ҰБТ тапсыруды бастады

20.06.2018

Маңғыстауда «Мирас» кеңесінің отырысы өтті

20.06.2018

Маңғыстауда медицина мекемелерінің қызмет көрсету сапасы тексерілді

20.06.2018

Маңғыстаулық екі мемлекеттік қызметші республикалық байқауда топ жарды

20.06.2018

Қостанайда Астана күндері өтіп жатыр

20.06.2018

Кен алыбының жобасы салалық «Алтын Гефест» байқауында үздік деп танылды

20.06.2018

Қазақстан мен Өзбекстан бизнес-омбудсмендері келісімге қол қойды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ән мен күйдің бұлағы – Астананың құрағы 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу