Ел брендіне бет бұрған Назарбаев Университет

12 сәуір – ғылым қызметкерлері күні. «ХХІ ғасыр − білім мен ғылым ғасыры», деген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің дамуында білім мен ғылымның алатын орнын, бағыт-бағдарын дәстүрлі Жол­дау­ларында да, ұзақ мерзімге арналған «Қазақстан-2050» Стра­тегиясында да айқындай келіп: «Біздің басты мақсатымыз − 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған эконо­мика­ның және Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының негізінде берекелі қоғам құру», деген болатын.
Егемен Қазақстан
12.04.2017 846

Елбасы стратегияны іске асыруға қатыс­ты міндеттер мен тапсыр­маларды белгілеп берген «Қазақ­стан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы Жолдауында: «Ғылы­ми қамтымды экономика құру – ең алдымен, Қазақстан ғылы­мы­ның әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржы­ландыру, зияткерлік мен­ші­кті қорғау, зерттеулер мен ин­но­­ва­цияларды қолдау, сондай-ақ, ғылыми әзірлемелерді ком­мер­цияландыру жөніндегі заңна­маны жетілдірген жөн. Ғылымды қаржыландыру көлемін біртіндеп арттырып, оны дамыған мемлекет­тердің көрсеткіштеріне жеткізу қажет», деп атап өткен еді. 

Аталған жұмыстар қазір шеші­мін тауып келеді. Отаны­мыз­дағы білім мен ғылымды ұштас­тыра жүргізуде оң өзгерістер бар.

Бұрынғы желіні жалғастыра отырып, уақыт талабына сай жаңа университет ұйымдастыру ісі 2009 жылы қолға алынып, 2010 жылы заманауи білім ордасы алғашқы студенттерге есігін ашқан еді. Бұл − Назарбаев Университет болатын. Оқумен қатар, инно­ва­циялық зерттеу қызметін жүр­гізуге бағытталған білім орда­сының ғылыми инфра­құры­лымы қай жағынан да қа­рым­ды. Жаңа университет инновациялық зерттеу қызметін жүр­гізуге бағытталған осы заман­ға сай ғылыми орталық болу­ды мақсат тұтады. Осы орай­да білім мен ғылым ордасына ең үздік ұлттық және халықаралық оқы­мыс­ты ғалымдар мен зерделі зерттеу­шілер шақырылып, оларға барлық жағдай жасалды. Университеттің академиялық және ғылыми саясаты университет құрамына кіре­тін мектептер (институттар) жүйесіне қарай қарастырылған. Бұл еліміздің индустриялық-инновациялық мақсаттарын орындау үшін білім, ғылым және өндірістің арқасындағы өзара байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні алдын ала ойластырылған болатын.

Назарбаев Университеттің басты миссиясы қандай дегенге келе­тін болсақ, Қазақстанда білім мен ғылыми-зерттеу қыз­метінің дамуына мүмкіндік беру, сонымен қатар, Астананы Еура­зия кеңістігіндегі зерттеу және білім беру орталығы ретін­де қалыптастыру болып сана­лады. Университет жан-жақты ойлас­тырылған өзіндік білім стандарты бойынша жұмыс істейтінін айта кетсек дейміз.

Назарбаев Университетте ғылыми жұмыстар жүйелі жүр­гізіліп отырады. Жыл сайын 700-ден астам үздік грантпен оқу орнына қабылданады. Олардың алды білім ордасын бітіріп, ел дамуына өздерінің үлестерін қоса бастағаны мәлім. Бір ғана мысал, өткен жылы бітірген екінші лектің 622 түлегінің 444-і бака­лавриат, 178-і магистратура бағ­дарламасы бойынша тәмам­дады. Түлектердің көпшілігі ғылым және технологиялар, инженерия, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, жоғары бизнес, жоға­ры мемлекеттік саясат мектеп­терінен қанат қағыпты.

Университет бітірушілер теориялық білімдерін өздері таңдап алған мамандық бойын­ша тәжірибе жүзінде дәйек­теп келеді. Жалпы, ғылымға бет бұр­ған азаматтар университеттің химия, физика, роботтытехника, геномика, материалтану және өзге де зертханаларында жұмыс жасайды. Олардың ізденістері­не білім ордасындағы қазы­на­лы кітапхана да септігін тигізіп отыр. Мәселен, онда 210 000-ға жуық электронды кітап, 101 000-нан астам ғылыми журнал, 228 дерекқор бар екенін атап айтуға болады.

Қазір елімізде зерттеу уни­вер­­ситеттері экономиканың дамуына, ұлттық инновациялық жүйе­лердің өрістеуіне мүмкіндік тудырып отыр. «Назарбаев Уни­верситет» дербес білім беру ұйымы Зерттеу университетінің негізгі міндеті жоғары және жо­ғары оқу орнынан кейінгі білім беру­дің барлық деңгейлеріндегі ғылыми қызмет пен білім беру үрдісін интеграциялау болып табылады.

Бұл күндері Назарбаев Уни­верситеттегі ғылыми жетістік­тер атап өтуге тұрарлық. Студент­тер­ге шетелдік оқытушылар сабақ беріп келеді. Ал отандастары­­мыз ғылыми-зерттеу жұмыстары­­на өз үлестерін қосуда. Айталық, 518 халықаралық ұйыммен, оның ішінде Оксфорд, Гарвард, Кембридж, Принстон, Токио және басқа да беделді универси­тет­тер бар, тығыз қарым-қаты­нас орнатылды. Мысалы, биоме­ди­цина, биоинформатика, био­ин­же­нерия, ғылымның жаңа тех­но­ло­гиялары, энергетика, су ресурс­тары, ауыл шаруашылы­ғы инфрақұрылымы бойынша зерт­теулер жүргізіледі. Осындай ауқым­ды жұмысқа 458 оқытушы мен зерттеуші тартылған.

Ғылыми жетістіктердің айна­лымға түсуіне келсек, 2011-2017 жылдар ішінде 1100 ғылы­ми ма­қала халықаралық басылым­дар­да жарық көріп, баға­сын алып­ты. Томсен Рейтерс ком­па­ния­­­сы Назарбаев Универ­ситетті Қазақ­стандағы ең танымал ғылыми ұйым деп атаған. Ал өткен жылы уни­­верситет студенттерінің 90 ғы­лы­ми мақаласы әлемдік журнал­дарда жарияланса, бұл көр­сеткіш 2015 жылы 8 жарияланымды ғана құраған болатын.

Заманауи университеттің тақы­рыптар аясында ғылыми жария­ланымы қай дәрежеде дегенге көңіл бөлсек, медицина саласы − 7,9 пайыз, биохимия және молекулярлық ғылым – 6,1 пайыз, компьютерлік ғылым – 12,2 па­­йыз, математика – 5,9 пайыз, фи­зи­­ка және астрономия – 11,2 пайыз. Уни­верситет ғалымдары мен қызметкерлеріне бөлінген грант­­тарға келсек, Ұлыбритания, АҚШ, Швейцария сынды бірқатар елдер грант бөліп, әріптестік байла­ныстарды нығайтып келеді.

Бір сөзбен айтқанда, ғылым мен білімнің бүгінгі іргелі орта­лығына айнала бастаған Назарбаев Университеттегі жұмыстар, оның оң нәтижелері жұртшылықтың ілтипатына бөленуде. Универ­ситет ел брендіне айналуға тал­пыну үстінде. Басты мақсаты − тәуел­сіз елдің жас ұрпағын өрке­ниет көшіне қосу болса, қазірдің өзінде бұл игілікті іс ілгері ба­сып, мыңдаған талапкер білім орда­сында оқуға ниет танытып келеді. Университеттің білім бағдарламасы бірте-бірте еліміздің жоғары оқу орындарында қол­данысқа ене беретіні ақиқат.


Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан»


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2017

Астанадан Жалтыркөл кентіне автобустар қатынайды

19.11.2017

Түймебаев шетелдік жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті

18.11.2017

ОҚО-да биыл жалпы өңірлік өнім көлемі 1 340 491 млн. теңгені құрады

18.11.2017

Үкімет басшысы Жамбыл өңірінің жай-күйімен танысты

18.11.2017

Атырауда ақын Өтеген Оралбаевтың шығармашылық кеші өтті

18.11.2017

Өзге ұлт өкілдері де латын қаріпті көне кітаптарды ұстап көрді

18.11.2017

Оңтүстікте он айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 684 млн теңгеге жуық өнім өндірілді

18.11.2017

ОҚО-да орташа жалақы мөлшері 101 мың теңгеден асқан

18.11.2017

Төрт дүркін чемпион дүркіретіп той берді

17.11.2017

Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті

17.11.2017

Сағынтаев оңтүстік өңірлердің аграршыларымен кездесті

17.11.2017

ОҚО әкімі жазушы-драматург Дулат Исабековпен кездесті

17.11.2017

Үкімет басшысы Жамбылдағы минералды тыңайтқыштар зауытына барды

17.11.2017

«Нұр Отан» партиясында «Көш көлікті болсын» акциясы өтті

17.11.2017

Қыздар университетінің студенті гран-при иегері атанды

17.11.2017

Түлкібаста биыл 31 өндірістік кооператив құрылды

17.11.2017

Назарбаев «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директорымен кездесті

17.11.2017

ТМД-ға мүше мемлекеттердің жастар ісі жөніндегі Кеңесінің отырысы өтті

17.11.2017

Динара Сәдуақасова БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы елшісі болып жарияланады

17.11.2017

Лос-Анжелесте Қазақстан мәдениеті мен киносының күндері өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Коммерциялық кино: ақша һәм арзан күлкі

Немістің атақты кино теоретигі Зигфрид Кракауэрдің «Коммерциялық кино мен көпшілік психологиясы өзара байланысты және ол спираль тек­тес болып келеді» деген пікірі бар. Шынында да, коммерциялық ки­но мен  көпшілік, яғни көрермен пси­хологиясының арасында қандай байланыс бар?   

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Зардабын қателіктің тартқан білер

Кез келген адам шешімі күрде­леніп, бірнеше сот процестеріне ұласатын дауға басын сұға қой­май­ды. Одан өзіне пайда жоқ екенін де біледі. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Күйгелектік қадірді кетіреді

«Қоғамда болып жатқан терең өзгерістерге байланысты біздің тарихқа қайтадан үңіліп, сол кездерден бүгінгі күннің проблемаларынан шығудың жолын іздеп, болашаққа сабақ алуымыз керек», деген еді Президент Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабында. Тарихтан сабақ алу – қай заманда болса да күшін жоймайтын, ескірмейтін маңызды мәселе.        G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                   Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Тілде буын жоқ...

Көп сөйлейміз. Көпіріп. Әңгі­ме­­ні көп айтамыз. Тіл безеп. Ше­шенсиміз. Көсемсиміз. Кеуде ұра­мыз. Біз білеміз дейміз. Біздікі ғана дұрыс. Өзгелердікі сандырақ. Біз ба­тырмыз. Біз ақынбыз. Біздей данышпан халық жоқ. Осының бәрі рас па екен өзі?..

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Түрлі өмірді бастан кешу мүмкіндігі

Оны адамға кітап қана бере алады

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу