Елбасы ҰҚК-нің 25 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты

Мемлекет басшысы Бейбітшілік және келісім сарайында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Егемен Қазақстан
13.07.2017 1458

Республиканың күш және құқық қорғау құрылымдарының, министрліктер мен ведомстволардың басшыларымен бірге, құрметті қонақтар қатарында шетелдік елшіліктер делегацияларының жетекшілері, шетелдік арнаулы қызмет өкілдері мен ардагерлері болды.

Қазақстан Президенті елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін өз өмірін құрбан еткен ҰҚК қызметкерлерінің еңбектерін ерекше атап өтіп, оларды бір минут үнсіздікпен еске алуға шақырды.

Мемлекет басшысы Достастық елдерінің қауіпсіздік органдарының басшыларына Қазақстандағы әріптестерімен тығыз байланыс орнатып, өзара жемісті іс-қимыл жасап келе жатқаны үшін алғыс айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне тоқталып, ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің мемлекетіміздің егемендігі мен конституциялық құрылымын сақтаудағы рөлін атап өтті.

– Біз «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасын іске асырудамыз. Оның мақсаты – әлемнің озық дамыған отыз елінің қатарына ену. Оған табысты қол жеткізудің басты шарттары – төңірегімізде бейбіт өмір мен тыныштықты қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан қоғамында ішкі саяси тұрақтылық пен келісім орнату, – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасы ету үшін күрескен қаһарман бабаларымыздың ерлігін есте сақтаудың маңыздылығын айтты.

Мемлекет басшысы қоғамымызға қарсы бағытталған теріс идеология мен деструктивті ағымдардың жолын кесу жөніндегі іс-қимылдың қажет екенін атап өтті.

– Халықаралық террористік және діни-экстремистік ұйымдарға арқа сүйеген радикалды топтардың залым әрекеттері ұлттық қауіпсіздігімізге елеулі қауіп-қатер төндіріп отыр. Бұл зұлматпен ымырасыз күрес жүргізуге бүкіл Қазақстан қоғамы толық қолдау көрсетуде. Осы жоғары сенімді теріс идеология мен деструктивті ағымдардың жолын қатаң түрде кесу жөніндегі жүйелі әрі тиімді қызмет ету арқылы ақтау қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге, Елбасы ақпараттық желілер мен ресурстарға хакерлік шабуылдар жасау сияқты жаһанның жаңа қауіп-қатерлерін атап, «Қазақстанның киберқалқанын» құрудың өзектілігіне тоқталды.

Қазақстан Президенті жаһандық қауіпсіздіктің жаңа қатерлерінің пайда болуына әкеп соғатын әлемдік дамудағы теңсіздіктердің салдарларына да назар аударды.

– Азық-түлікке, ауыз суға, медициналық көмекке қол жеткізу проблемаларының өршуі аясында әлемдік дамудағы теңсіздік аса қауіпті жағдай туғызуда. Бұл тұтас құрлықтар мен өңірлерді қамтыған жаһандық миграцияға әкеп соқтырды. Өзіне және отбасына жақсы өмір іздеген адамдардың арасында террористер мен қылмыскерлер, үгітшілер мен есірткі сатушылар да жасырынуы мүмкін, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің қазіргі барлық сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлеріне қарсы тұру үшін ҰҚК қызметкерлерінің кәсіби қабілеті мен біліктілігін жетілдіру қажеттігін атап өтті.

– Жыл басында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен оның ведомстволарының жаңа құрылымы бекітілді. Өзара іс-қимыл жасау мен күш-қуатты қайта орналастырудың жаңартылған жүйесі мейлінше тиімді жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері алдағы уақытта да Отанымызға мінсіз қызмет етіп, елімізді көркейту және ұлттық мүддемізді қорғау жолында өздерінің барлық күшін, білімі мен тәжірибесін жұмсайтынына сенімдімін, – деді Елбасы.

Соңында Қазақстан Президенті қызметтік парызын орындауда ерлік мен жанкештілік көрсеткен ұлттық қауіпсіздік органдарының үздік қызметкерлеріне ордендер мен медальдар табыс етті. ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Е.Көшербаев (марқұм), Ә.Сарықұлов, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен ҰҚК қызметкерлері – Д.Базарбаев, А.Қожабеков, А.Лұқпанов, Ж.Омариев, Ә.Тастамбеков, Е.Үсенов марапатталды.

Марапаттау рәсімінен кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.08.2018

«Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» РМК нысандарында баспасөз турын өткізді

20.08.2018

Б. Сағынтаев Шымкентті республикалық маңыздағы қала ретінде дамыту жөнінде кездесу өткізді

20.08.2018

Ригада «Шахмат патшалығы» атты анимациялық фильмі таныстырылды

20.08.2018

Ақмола облысының әкімі Дмитрий Алексанинге құттықтау жеделхатын жолдады

20.08.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Алик Шпекбаевты қабылдады

20.08.2018

«Жас Отан» мен «Қазақстанның Киберспорт Федерациясы» өзара меморандумға қол қойды

20.08.2018

Жұлдыз Ешімова еркін күрестен әйелдер арасында 53 келіде күміс медаль иеленді

20.08.2018

Маңғыстауда биыл 16 600 бала бірінші сыныпқа барады

20.08.2018

Мемлекет басшысы Астана қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

20.08.2018

Бақытжан Сағынтаев меморгандарды қайта орналастыру жөнінде кеңес өткізді

20.08.2018

Черногорияда суға батқан әйелдерді құтқаруға ұмтылған қазақстандық мерт болды

20.08.2018

«7-20-25» бағдарламасы бойынша несиеге мыңнан аса өтініш мақұлданды

20.08.2018

Фариза Алдоңғарова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

20.08.2018

Франциядағы әйгілі кинофестивальде қазақстандық режиссердің туындысы көрсетіледі

20.08.2018

26 тамыздан бастап Ресейден бензин әкелуге тыйым салынады

20.08.2018

Мәжіліс депутаттары «iKomek» орталығының жұмысымен танысты

20.08.2018

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдарды Шымкенттен Түркістанға көшіру барысымен танысты

20.08.2018

Шахматтан Еуропа чемпионатында «balapan» арнасының анимациялық мультхикаясы таныстырылды

20.08.2018

Азиада-2018: Академиялық есуден қазақстандық спортшылар келесі кезеңге өтті

20.08.2018

Спортшы Сергей Левадний қайырымдылық шарасын бастады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Уикипедияның үйретері не?

Бүгінде адамдар қолдарына кітапты жиі ала бермейді. Оған себеп – интернет. Халық қажет деген мәліметтерді компью­терді ақтарып, уикипедиядан іздейді. Мұның өзі өскелең уақыттың талабы. Бі­­рақ сол ақпараттық технологияңыз уақыт­­тың талабымен үндескенімен, нақты ақпарат алып, тарихи шындыққа көз жет­кізгісі келген талғампаз адамдардың талабына сай келе бере ме? Міне, мәселенің осы жағына келгенде үлкен күмән туындай­тын тәрізді.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу