Елбасы: «100 нақты қадам» — 30 елге қосылу кезеңі

Мемлекет басшысының төрағалығымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия жұмысының мәселелері жөніндегі кеңес өтті.
Егемен Қазақстан
24.11.2016 4322
2

Кеңеске Премьер-Министр Б.Сағынтаев, Президент Әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбеков, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, Үкімет мүшелері мен мемлекеттік орган басшылары қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті «100 нақты қадам» ұлт жоспарының іске асырылуы заңның үстемдігі қағидатын нығайтуға, мемлекеттік қызмет сатыларынан өту жүйесін жетілдіруге, бизнестің дамуына жағдай жасауға, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға, сондай-ақ азаматтар алдында есеп беретін ашық Үкімет қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

– Бұл бес тармақтың орындалуы Қазақстанның дамыған 30 ел қатарына қосылу кезеңі болып саналады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы мемлекеттік қызметшілерді қызмет нәтижелері бойынша көтермелеудің бонустық жүйесіне көшудің маңыздылығын, Әдеп кодексінің мүлтіксіз орындалу керектігін, өзге өңірге қызмет ауыстыру барысында мемлекеттік қызметкерлерді жекешелендіруге жатпайтын қызметтік баспанамен қамтамасыз ету ісін жандандыру қажеттігін айтты.

Елбасы конкурстық іріктеу негізінде мансаптық ілгерілеудің маңызды екеніне тоқталып өтті.

– Төменгі лауазымдағы мемлекеттік қызметкердің конкурс бойынша ілгерілеуі меритократия қағидатын нығайтудың қазіргі тиімді тетігі болып отыр, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикасы үшін маңызды жетістіктерге қол жеткізу және еліміздің әр азаматының әл-ауқатын арттыру Ұлт жоспары мен басты мемлекеттік бағдарламалардың түпкі мақсаты болып саналатынын айтты.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу