Елбасы Ахметжан Есімовты қабылдады

Мемлекет басшысы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы А.Есімовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Егемен Қазақстан
17.11.2016 3233

Кездесуде А.Есімов Елбасыға «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық барысының қорытынды кезеңі туралы баяндады.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлады. Алғашқы нысандар тапсырылуға дайын, соның ішінде жалпы көлемі 285 мың шаршы метр болатын халықаралық павильондар бар.

– Франция, Германия, Қытай, Түркия және Венгрия елдерінің өкілдеріне павильондар беріліп те қойды. Алда тақырыптық павильондар құрылысын аяқтау міндеті тұр, – деді А.Есімов.

Елбасы ЭКСПО-2017 нысандарының іс-шара өткеннен кейін де пайдаланылуы қажеттігіне, сондай-ақ көрме жұмысына қатысатын еріктілерді дайындау, мәдени іс-шаралар өткізу, республика өңірлерінің атсалысуы, халықаралық көрмеге отандық туристерді тарту мәселелеріне назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаевқа жыл соңына дейін Қазақстан павильонының құрылысын аяқтау және оны тиісті тақырыпқа сәйкес мазмұндық тұрғыдан толықтыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

А.Есімов ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы барлық іс-шара жұмыс режімі бойынша жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бүгінде еріктілердің 3 мыңы дайындықтан өткен, қосымша тағы 1,5 мың еріктіні іске тарту көзделуде.

Мемлекет басшысы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және халықаралық көрмеге қатысушылар мен қонақтарды орналастыру мәселелеріне ерекше тоқталды.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы бүгінгі таңда іс-шараға қатысушыларға берілетін 1 374 пәтердің дайын екенін хабарлады.

Мемлекет басшысы бүкіл әлемде болып жатқан күрделі экономикалық үдерістерге қарамастан маңызды халықаралық іс-шара өткізуді жоспарлап отырғанымызды айтты.

Соңында Елбасы көрмені лайықты өткізіп, содан кейін Қазақстанда оның жетістіктерін пайдалану қажеттігін атап өтті.

– Бізге шетелдік қатысушылардың көрмеде көрсететін жаңа инновациялық технологияларын барынша пайдалану қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.06.2018

Ұлттық бірыңғай тестілеудің Қазақстан бойынша орта көрсеткіші - 83 балл

23.06.2018

Серік Түсіповтың отбасы әрдайым назарымызда - семейлік құқық қорғаушылар

23.06.2018

Семейде үйін су шайып кеткен отбасылар баспаналы болды

23.06.2018

Ақтөбеде тұңғыш рет пантеон орталығы бой көтерді

23.06.2018

Семейде қала әкімі полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

23.06.2018

Бүгін - Мемлекеттік қызметші күні

23.06.2018

Қызылжарда Мағжан Жұмабаевқа ескерткіш орнатылды

23.06.2018

Семейде суға кеткен Бобровка тұрғындарының үйлері жөнделіп жатыр

23.06.2018

Дипломаттар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады

22.06.2018

«Нұр Отан» Маңғыстау облыстық филиалы мемлекеттік және полиция қызметкерлерін марапаттады

22.06.2018

Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық ынтымақтастығы нығая түспек

22.06.2018

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы 2020 жылы Азия чемпионатын өткізуге ниет білдіргенін растады

22.06.2018

Маңғыстау облысында «Нұрлы жер» және «Қолжетімді баспана» бойынша отырыс өтті

22.06.2018

Астанада медиабілімнің даму мәселелері талқыланды 

22.06.2018

Солтүстік Қазақстанда бұршақ жаууы мүмкін

22.06.2018

Астана қаласы маңындағы орман көлемі 100 мың га дейін кеңейтіледі

22.06.2018

«Ақтау Теңіз Порты» АЭА мен DP World инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ

22.06.2018

Қызылорда облысында «Жасыл» технологияларды енгізу бойынша меморандумға қол қойылды

22.06.2018

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Польшадағы Елшісінің брифингі өтті

22.06.2018

Кіші Аралда желкенді кемелер жүзе бастады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Бас ауырып, балтыр сыздағанда...

Халықты әлеуметтік тұрғыда қолдау ісі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені дау тудырмайды. Дегенмен қолға алынған әлеуметтік шаралардың ойдағыдай жүзеге асуына кейбір келеңсіз жағдаяттардың кедергі келтіріп, тұрғындардың көңіл-күйіне кері әсерін тигізіп жататыны жасырын емес.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сотқа жүгінбейтін адам жоқ. Бірақ солардың дені «Мен сүттен ақ, судан тазамын» дейді. Яғни «Мен кінәлімін, мен ұры­мын, мен парақормын» деп ешкім айта қоймайды. Және тараптардың қай-қай­сының да сотта келтірген уәждері сенім­ді көрі­неді. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу