Елбасы Еуропа қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

Қазақстан Президенті Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесті, деп хабарлайды akorda.kz.
Егемен Қазақстан
22.06.2017 797

Кездесу Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысы басталар алдында өтті. Келіссөз барысында тараптар инвестициялық ынтымақтастықтың одан арғы перспективасын және бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады.

Мемлекет басшысы бүгінде Банк тарапынан Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларға, шағын және орта бизнес саласына ауқымды инвестиция салынғанын, сондай-ақ экономикалық өзара қарым-қатынасты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

С.Чакрабарти Нұрсұлтан Назарбаевқа жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтты.

– Сіздер Астана экономикалық форумын өткіздіңіздер. Бүгін Шетелдік инвесторлар кеңесі өтуде. Таяуда ЭКСПО көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Бұл іс-шара Қазақстанның халықаралық аренадағы абыройын айтарлықтай арттырады және елдеріңіздің әлеуетін толық танытады, – деді Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті.

Сонымен қатар, тараптар кеңейтілген әріптестік туралы келісім аясындағы ынтымақтастықтың барысы жөнінде пікір алмасты. Келісім нәтижесінде 2016 жылдың қорытындысы бойынша инвестиция көлемі 1,1 миллиард АҚШ долларына жетті.

Кездесу соңында Энергетика министрі Қ.Бозымбаев Қазақстан Президентін «Болашақтың энергиясы» макеті туралы бейнематериалмен таныстырды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.06.2018

Ұлттық бірыңғай тестілеудің Қазақстан бойынша орта көрсеткіші - 83 балл

23.06.2018

Серік Түсіповтың отбасы әрдайым назарымызда - семейлік құқық қорғаушылар

23.06.2018

Семейде үйін су шайып кеткен отбасылар баспаналы болды

23.06.2018

Ақтөбеде тұңғыш рет пантеон орталығы бой көтерді

23.06.2018

Семейде қала әкімі полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

23.06.2018

Бүгін - Мемлекеттік қызметші күні

23.06.2018

Қызылжарда Мағжан Жұмабаевқа ескерткіш орнатылды

23.06.2018

Семейде суға кеткен Бобровка тұрғындарының үйлері жөнделіп жатыр

23.06.2018

Дипломаттар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады

22.06.2018

«Нұр Отан» Маңғыстау облыстық филиалы мемлекеттік және полиция қызметкерлерін марапаттады

22.06.2018

Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық ынтымақтастығы нығая түспек

22.06.2018

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы 2020 жылы Азия чемпионатын өткізуге ниет білдіргенін растады

22.06.2018

Маңғыстау облысында «Нұрлы жер» және «Қолжетімді баспана» бойынша отырыс өтті

22.06.2018

Астанада медиабілімнің даму мәселелері талқыланды 

22.06.2018

Солтүстік Қазақстанда бұршақ жаууы мүмкін

22.06.2018

Астана қаласы маңындағы орман көлемі 100 мың га дейін кеңейтіледі

22.06.2018

«Ақтау Теңіз Порты» АЭА мен DP World инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ

22.06.2018

Қызылорда облысында «Жасыл» технологияларды енгізу бойынша меморандумға қол қойылды

22.06.2018

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Польшадағы Елшісінің брифингі өтті

22.06.2018

Кіші Аралда желкенді кемелер жүзе бастады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Бас ауырып, балтыр сыздағанда...

Халықты әлеуметтік тұрғыда қолдау ісі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені дау тудырмайды. Дегенмен қолға алынған әлеуметтік шаралардың ойдағыдай жүзеге асуына кейбір келеңсіз жағдаяттардың кедергі келтіріп, тұрғындардың көңіл-күйіне кері әсерін тигізіп жататыны жасырын емес.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сотқа жүгінбейтін адам жоқ. Бірақ солардың дені «Мен сүттен ақ, судан тазамын» дейді. Яғни «Мен кінәлімін, мен ұры­мын, мен парақормын» деп ешкім айта қоймайды. Және тараптардың қай-қай­сының да сотта келтірген уәждері сенім­ді көрі­неді. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу