Елбасы мақаласы Қостанай облысының актив жиналысында талқыланды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қоғамдық санада сілкініс тудырғандай болды.
Егемен Қазақстан
17.04.2017 2241

Елбасы көтерген мәселелер жұртшылықтың көңіл түкпіріндегі ойларды қозғады, ертеңімізге жауапкершілік жүктеді. Облыстағы зиялы қауым өкілдерін, басқарма, жоғары, арнаулы оқу орындары басшыларының басын қосқан облыс активінде де осы мақалада айтылған мәселелер өзек болды.

Актив жиналысын жүргізіп отырған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл мақаласы оның жыл басындағы Қазақстан хал­қына жолдаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бә­секеге қабілеттілік» атты Жол­дау­­ымен тығыз байланыс­ты, оны­ң жалғасы іспетті екенін айт­ты.

Сана сілкінбей, саяси, эко­­но­микалық даму баянды бол­май­­ды. Алқалы басқосуда сөз ал­ған Қостанай мемлекеттік пе­­­дагогикалық институтының рек­­­торы, тарих ғылымдарының докт­оры, профессор Еркін Әбіл «ру­хани жаңғыру не үшін керек?» деген ойды алға тартты.

– Өткен ғасырда неміс философы Макс Вебер мәдени және экономикалық дамудың өзара байланысын зерттеді. Философ қорытқандай, ұлттар тек өндірген тауары мен көрсеткен қызметін ғана емес, бәсекеге бүкіл қоғамдық құндылықтарын, білім жүйесін қосады. Ал бүгінгі экономикалық бәсеке ұғымы тек өнім өндіру, қызмет көрсету емес, «ақыл» жарысынан тұрады. Сондықтан, Елбасы бұл мақалада заманау­и және тиімді білім жүйесін жасау, жұмысшы кадрлардың бә­секеге сай болуы үшін олардың зияткерлігін, парасат зердесін көтеру керектігін тапсырды. Бұл барлық жағынан да елдің бәсекеге қабілеттілігін көтереді, –деді Еркін Аманжолұлы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауларында, сөйлеген сөздерінде уақыттың сипатын, жаһандану үдерісінде ұтылып, жұтылып кетпеу үшін бейімделе білуіміз керектігін айтып отырады. Бұл жолғы мақалада да дамудың әлемдік жылдамдығын айтып өтеді. Жазушы Ғұмар Ахметчин Елбасының еліміздегі қоғамдық сананы жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өткендігін, бұлжымайтын екі ереже – ұлттық код, ұлттық мәдениетті сақтау және ұлт­тың дамуына кедергі б­олатын өт­кеннің кертартпа тұс­тарынан бас тарту туралы айтқаны уақыт та­лабымен үн­де­сетінін, мұнсыз еш­қандай жаң­ғы­ру болмайтынын же­т­кізді.

– Қазақ халқының рухани бол­мысы сан ғасыр қойнауынан бұл­жы­май келе жатқан гуманизммен, адам­гершілік ізгі қасиеттерімен ерек­шеленеді. Сталиндік қу­ғын-сүргінге ұшыраған ха­лықтарды қазақтың кеудеден ит­ермей, бір үзім нанын бөліскенін бү­гінде барлық этнос өкілдері ал­ғыспен еске алады. 1990 жылы Қазақстанға Германиядан арнайы кел­ген, бұрынғы Ақмоладағы АЛЖИР тұрғыны болған Гертруда Платайстың естелігі бүкіл әлемді таңғалдырды. Қамаудағы жандарды аш-арық күйінде қамыс дайындатуға апарғанда көрші ауыл­дың балалары «таспен» аты­пты. Айдауылдар «сендерді ба­ла­ларға дейін жек көреді» деп ма­сай­рағанда, жарым көңілді әйелдер жылай бастайды. Сөйтсе, әлгі тас дегендері қазақтың құрты деген екен. Халқымыздың адамгершілікті ту еткен осындай қасиеті жоғалса, қа­тыгездікке жұ­тылса ұрпақты ер­тең қалай елестетер едік? Ұлттық мә­дениет мар­жандарының негізі, бұ­лақ бас­­тауы халықтың қанына сің­ген адамгершілік, ізгілік қа­сиет­те жатыр, – деді Ғұмар Ғарифұлы.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік уни­вер­си­­тетінің аға оқытушысы, филосо­фия ғылымдарының кандидаты  Денис Качеев Ел­басының ма­қа­ладағы білім жө­ніндегі пікір­ле­ріне тоқталды. Қазақстан Тәу­ел­сіз­дік­тің алғашқы жылдарынан бастап білім саласын дамытуға зор мән берді. Мемлекет басшысының бастамасымен түрлі бағдарламалар жасалды, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасы арқылы жастар әлемнің озық уни­верситеттерінен терең білім алды. Қазақстанда құрылған университеттер, зияткерлік мектептер, ре­фор­­малардың жүргізілуі осы са­л­а­ның жаңа тұрпатқа ие болуына бас­тады.

– Қазір жас ұрпақ мектептер мен жоғары оқу орындарында тек білім алып ғана қоймай, ХХІ ғасыр талабынан шығуды, Қазақстан экономикасының, қо­ғамның дамуына өзінің қа­жеттігін сезінуді үйренуі қа­жет. Бүгінгі уақыттың талабы –үш тілділік, бұл мамандар даярлаудың жаңа форматының бір сипаты, – деді жас ғалым Денис Качеев.

Актив жиналысында «ГрИн» Қостанай облысы бой­ынша Аза­ма­ттық альянсы қо­ғамдық қор­ы­ның төрайымы Динара Өте­ба­ева, Челябі уни­верситеті Қостанай филиалы директорының орын­­ба­сары, заң ғылымдарының канди­даты Әлімжан Бекмағамбетов, «СарыарқаАвтоПром» зауыты мотро­логия басқармасының бас­ты­ғы Вадим Чашков Елбасы мақаласы ту­ралы пікір білдіріп, ондағы қо­ғам дамуы, жаңғыруы үшін қа­зақ­стандықтар қаперіне алатын мә­селелерді атап өтті.

Актив соңында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Елбасының заман талаптарына сай көтерген бастамаларының Қостанай өңірінде де игі істерге мұрындық болатынын айтты.

Нәзира Жәрімбетова,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай




СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.06.2018

«Нұр Отан» Маңғыстау облыстық филиалы мемлекеттік және полиция қызметкерлерін марапаттады

22.06.2018

Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық ынтымақтастығы нығая түспек

22.06.2018

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы 2020 жылы Азия чемпионатын өткізуге ниет білдіргенін растады

22.06.2018

Маңғыстау облысында «Нұрлы жер» және «Қолжетімді баспана» бойынша отырыс өтті

22.06.2018

Астанада медиабілімнің даму мәселелері талқыланды 

22.06.2018

Солтүстік Қазақстанда бұршақ жаууы мүмкін

22.06.2018

Астана қаласы маңындағы орман көлемі 100 мың га дейін кеңейтіледі

22.06.2018

«Ақтау Теңіз Порты» АЭА мен DP World инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ

22.06.2018

Қызылорда облысында «Жасыл» технологияларды енгізу бойынша меморандумға қол қойылды

22.06.2018

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Польшадағы Елшісінің брифингі өтті

22.06.2018

Кіші Аралда желкенді кемелер жүзе бастады

22.06.2018

Шымкентте «Миграциялық ХҚО» ашылды

22.06.2018

Астраханьда Астананың 20-жылдығына арналған фотокөрме өтті

22.06.2018

Қызылорда облысында жыл басынан бері 66 млрд теңге инвестиция тартылды

22.06.2018

Мамин Павлодар және ШҚО-ның инфрақұрылымдық жобаларын тексерді

22.06.2018

Жезқазғанның жаңа әкімі тағайындалды

22.06.2018

Гүлшара Әбдіқалықова бірқатар елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

22.06.2018

1 шілдеден бастап Қазақстанда амбулаториялық карта жойылады

22.06.2018

Еліміздің батысында 43 градусқа дейін ыстық болады

22.06.2018

Нұрсұлтан Назарбаев: Толеранттылық - бұл төзімділік емес

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Бас ауырып, балтыр сыздағанда...

Халықты әлеуметтік тұрғыда қолдау ісі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені дау тудырмайды. Дегенмен қолға алынған әлеуметтік шаралардың ойдағыдай жүзеге асуына кейбір келеңсіз жағдаяттардың кедергі келтіріп, тұрғындардың көңіл-күйіне кері әсерін тигізіп жататыны жасырын емес.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сотқа жүгінбейтін адам жоқ. Бірақ солардың дені «Мен сүттен ақ, судан тазамын» дейді. Яғни «Мен кінәлімін, мен ұры­мын, мен парақормын» деп ешкім айта қоймайды. Және тараптардың қай-қай­сының да сотта келтірген уәждері сенім­ді көрі­неді. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу