Елбасы мақаласы туралы шетел басылымдары не деді?

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген қазақ тілін латын әліпбиіне көшу мәселесі бірқатар шетелдік басылымдардың назарын аударды.
Егемен Қазақстан
12.04.2017 1851

«Назарбаев Қазақстанды латын әліпбиіне көшуге дайындай бастады» атты мақалада BBC былай деп жазады: «Өзінің «Егемен Қазақстан» газетіндегі авторлық мақаласында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке қазақ әліпбиін латиницаға көшіруге дайындықты бастау туралы тапсырма берді».

Бұдан әрі басылым «Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауы керек.

2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек» деп жазады Президент дей келе мақаладан бірнеше үзінді келтіреді.

Сонымен қатар BBC Russian Назарбаевтың бұған дейін қазақ тілі әліпбиінің саяси себептермен ауыстырылғаны туралы сөзіне тоқталады.

Басылым қазақ әліпбиінің латын нұсқасын Түркиядағы және бірқатар батыс елдеріндегі қазақ диаспорасы қолданатынын, бірақ оның ресми мәртебесі жоқ екенін айтады.

«Мұнымен қатар қазақ тілінің арабша әліпбиі бар, оны да көбіне шетелдік қазақтар қолданады. Ал Қазақстанда 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын әліпбиі «Яна Алиф» немесе «Жаңа түркі әліпбиі» деп аталды. Латиницаға көшу туралы бастаманы 2007 жылы Президент көтеріп, содан бері талқыланып келеді» деп жазады ВВС.

Елбасы мақаласында көтерілген мәселе туралы ресейлік бірнеше басылым хабарлады. «Коммерсант» газетінің сайты «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке осы жылдың аяғына дейін қазақ әліпбиін латиницаға көшіру кестесін жасауды ұсынды» деп жазды.

Басылым Мемлекет басшысының 2025 жылға қарай барлық іс қағаздары, мерзімді басылымдар мен кітаптарды латынмен шығаруды тапсырғанын айтады.

Сонымен қатар «Коммерсант» Нұрсұлтан Назарбаевтың латиницаға көшу «қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты» деген пікірін, сонымен қатар Қазақстан мектептерінде ағылшын тілі арқылы латын әріптері оқытылып жатқаны, сондықтан жас буынға латиницаға көшудің еш қиындығын болмайтыны туралы сөзін келтіреді.

«Назарбаев қазақ әліпбиін латиницаға көшіруге тапсырма берді» деген тақырыппен Ресейдегі танымал интернет-басылымдардың бірі Lenta.ru ақпарат берді.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке қазақ әліпбиін латиницаға көшіру кестесін жасауды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласында айтылады» дейді басылым.

Lenta.ru бұрынғы КСРО республикаларында тұратын қазақтардың бүгінде кириллицаны, ал латынды шетелдік қазақтар диаспорасы қолданатынын айтады. Сонымен қатар Президенттің латиницаға көшу мәселесі туралы бұған дейінгі пікірлеріне тоқталады.

«Латиницаға ауысу туралы Назарбаев алғаш 2012 жылғы желтоқсанда айтқан болатын. «Бұл қазақ тілін дамытып қана қоймай, оны заманауи ақпараттың тіліне айналдырады» деген-ді ол кезде. Президент елде мемлекеттік тілді дамыту шаралары біртіндеп жүретінін, бірақ ешкімді тіліне немесе этникасына байланысты кемсіту болмайтынын айтқан болатын» дейді материал авторы.

Президент Назарбаевтың латынға көшу тапсырмасы туралы басқа да көптеген ресейлік БАҚ хабар берді. Оның ішінде «Известия» (2025 жылға қарай Қазақстан кирилл әріптерінен толығымен бас тартпақ»), «Независимая газета» («Назарбаев қазақ әліпбиін латиницаға көшіруді тапсырды») газеттері, «Интерфакс», «РИА Новости» ақпарат агенттіктері бар.

Қазақстан басшысының бүгінгі тапсырмасы әзербайжан басылымдарының да назарын аударды. Report.az ақпарат агенттігі бұл мәселе туралы «Қазақстанның латын әрпіне көшетін уақыты белгілі болды» деген тақырыппен ақпарат берді.

«2018 жылдан бастап Қазақстан мектептерінде латын әріптерімен жаңа оқулықтар дайындалуы керек. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Егемен Қазақстан» газетіндегі мақаласында айтты. «Біз латын әріптеріне көшуді бастаймыз. Үкімет осы мақсатта жұмыстарға кірісуі керек. Ғалымдар және осы сала мамандарымен ақылдасқаннан кейін 2017 жылдың соңына қарай латын әрпіне көшудің бағдарламасы дайын болады» деді президент. Мемлекет басшысының пікірінше, алғашқы кезде латын әліпбиі де, кирилл әріптері де қатар жүреді. Қазақстан 1929-1940 жылдар аралығында Қазақстанда латын әліпбиі қолданылды. 1940 жылдың 13 қарашасында кирилл әріптеріне көшірді. Бұл сол кездегі саяси қадам еді» деді мемлекет басшысы. Естеріңізге сала кетейік, латын әріптеріне көшуді Мемлекет басшысы 2007 жылы көтерген еді» деп жазады әзербайжандық басылым.

Дайындаған Ержан ӘБДІРАМАН,
 «Егемен Қазақстан».

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.10.2017

Су қоймасының беріктігіне екі ел де мүдделі

24.10.2017

«Нұрлы жол» бағдарламасына 2017 жылы 484,2 млрд тг бөлінген

24.10.2017

«Нұрлы жер» – баспаналы болудың елеулі мүмкіндігі

24.10.2017

Фариза феномені

24.10.2017

Қымызды тұңғыш зерттеген қазақ

24.10.2017

Адвокаттық көмек қайткенде қауқарлы болмақ?

24.10.2017

Рухани келісім – орнықты дамудың негізі

24.10.2017

Нәсіптің көзі атакәсіпте

24.10.2017

Ресми бөлім (24.10.2017)

23.10.2017

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Алматыға барды

23.10.2017

7 күнде «Сергектің» көмегімен 1300-ден астам бұзушылық анықталды

23.10.2017

Көкшетаулық каратэшілер ел чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

23.10.2017

Моңғолия тауларында 10 альпинист қаза тапты, жетеуі іздестірілуде

23.10.2017

Атырауда заңнамалық актілерге енгізілетін өзгерістер талқыланды

23.10.2017

Қасым-Жомарт Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті

23.10.2017

Мың мезет (ой-отау)

23.10.2017

«Шынайы шымылдық» сахна сәнін келтірді

23.10.2017

Шыңғырлауда ұстазға ескерткіш орнатылды

23.10.2017

«Ата, мен қай тілде сөйлеп тұрмын?..»

23.10.2017

Лондон төріндегі қаламгер тойы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Рухани келісім – орнықты дамудың негізі

Тәуелсіздігіміздің елең-алаңында, яғни осыдан ширек ғасырдан астам уақыт бұрын мемлекеттік дең­гей­де қабылданған шешімдер мен қол­ға алынған бастамалар өзі­нің өмір­шеңдігін көрсете отырып, қо­ға­мы­мыздың игілігіне айнала білді. Әсіресе қоғамды рухани келісімге үнде­ген, татулық пен береке-бірлігі­мізді арт­тыруға бағытталған сауатты да сали­қалы бастамалардың жөні бөлек.

Әйіп ЫСҚАҚ, биология ғылымдарының докторы, профессор

Нәсіптің көзі атакәсіпте

Халқымыз төрт түлік өсіруді атакәсіптің біріне, тіпті бірегейіне балаған. Тіршіліктің нәрі, көзі деп ұққан. Содан болар, ауыл адамдары амандасқанда «мал-жан аман ба?» деп хал-жағдай сұрасып жатады. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қаржы жүйесіндегі тарихи шешім

Алпауыт ел Америка Құрама Штат­тары­ның экономикасы қазіргі кезде өз жарасын өзі жалап жазатын көк­жал қасқырға ұқсайды. Ол өзінің осы қасиетінің арқасында жазылмастай сыр­қатқа шалдыққан қазіргі қаржы ка­питализмнің ғұмырын барынша ұзартып келеді. Бүгінгі күні бүкіл әлемге билігін жүргізіп отырған ка­пи­тализмнің басты тірегі бастапқы кезде осы формациялық құрылыс­тың отаны әрі таратушысы болға­нымен соңғы жылдары барынша әлеу­меттене бастаған Еуропа емес, нарық­тық жолға түсіп, жедел байып келе жатқанымен Конфуций қағидасы бойынша мемлекетті әке деп қабыл­дап, бүкіл халық үшін одан әкелік қам­қорлық талап ететін дана Қытай емес, корпоративтік рухты ту етіп көтерген еңбекшіл Жапония мен Оңтүстік-Шығыс Азияның елдері емес, нақ осы АҚШ-тың өзі болып отырғандығын біраз жұрт жақсы біледі.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Онлайндағы жұңғо жұрты

Қытай. Жан-жақтан ағылған адамдар мен көлік ағысы толас­тар емес. Бағдаршамның қызыл шамына тоқтаған көлікте отырып, жан-жағыңды бағдарлайсың. Сіз отырған көлікке жапсарласа, бірінен соң бірі жапырлап велосипед мінген жолаушылар сы­наласып тоқтап жатыр. Ал жол жүруге рұқсат берілгенде бей­не құмырс­қалар тəрізді өре жөнелген қос дөңгелекті көлік­ке отыр­ған­дардың шеруін көр­гендейсіз. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Кімді тұлға тұтамыз?

Баяғының жастарына «Мен өмір­ден өзімді іздеп жүрмін» деп сөйлеу тән болатын... Жақында Америкада оқып жүрген қазақ­стандық жас өреннің пікірін тыңдап көруге тура келді.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу