Елбасы мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбековті мерейтойымен құттықтады

Бүгін Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында мемлекет қайраткері, түрколог, профессор Мырзатай Жолдасбековтің 80 жылдығына арналған «Атанғаным Мырзатай - ел арқасы» атты мерейтойлық әдеби-музыкалық кеш өтті. Шара барысында Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді.
Егемен Қазақстан
27.05.2017 2549
2

«Халқыңыз өзіңізді көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, беделді ғалым, ұлтжанды абыз ақсақалымыз ретінде жақсы біледі әрі қадірлейді. Сіз кезінде ҚазМУ-ді бітіргеннен кейін, көп жыл бойы осы білім ұясында жемісті еңбек еттіңіз. Қазақ әдебиетінің өзекті тақырыптары бойынша зерттеулер жүргізіп, бертін келе үлкен академик ғалым атандыңыз. Еңбектеріңіз жұртшылықтың рухани игілігіне айналды. Өмірлік соқпағыңыз сізді жоғары оқу орындарының ректоры, еліміздің Білім министрі, Қазақстанның Мемлекет кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Төтенше және өкілетті елші және басқа да аса жауапты қызметтік лауазымдарға алып келді. Сіз соның бәрінен де сенім үдесінен шығып, кемел біліміңіз бен бай тәжірибеңізді еліміздің Тәуелсіздігін нығайту ісіне арнай білдіңіз. Жүйрік қаламыңыз арқылы әрдайым еліміздегі саяси тұрақтылықтың нығаюына, халқымыздың береке-бірлігінің артуына дара публицистік үніңізді қосып келесіз. Денсаулығыңыз мықты, отбасыңыз аман-есен болып, осы еңбектеріңіздің жемісін ұзағынан көріп, балаларыңыз бен немерелеріңіздің мейір-шапағатына бөлене беріңіз!» - деп атап өтілген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Мырзатай Жолдасбекұлы 1937 жылы Қаратаудың қойнауында, Таластың бойында, Ақтөбе деген ауылда дүниеге келді. «Ел тағдыры - Ер тағдыры» кітабында М. Жолдасбеков өз өмірбаянын жіпке тізген моншақтай баяндайды. 1955 жылы ол Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Ғалымның жарқын жолы осыдан басталады. Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан, Есмағамбет Ысмайылов, Бейсенбай Кенжебаев, Мұхаметжан Қаратаев, Нығмет Сауранбаев, Зейнолла Қабдолов секілді ғұлама ғалымдардан дәріс алады. Ғалым мемлекеттік қызметте, ат үстінде жүрсе де қаламын қолынан бір күн тастаған емес. Ата тарихы, ертедегі әдебиет тарихы, жыраулар мұрасы, Жамбыл және Кененді зерттеуге арналған еңбектері қазақ әдебиеттану ғылымының алтын қазынасын құрайды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.01.2019

Асықтан төсеніш пен ойыншықтар жасайды

17.01.2019

Оралда «Автобус» жедел шарасы өтуде

17.01.2019

27 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтеді

17.01.2019

Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері

17.01.2019

Тікұшақ апатынан қайтыс болған ұшқыштың кім екені анықталды

17.01.2019

СІМ мен Ауылшаруашылық министрлігі инвестициялар мен экспорт бағытындағы үйлестіру жұмыстарын нығайтуда

17.01.2019

Жүзге жуық оқушы Wiki Camp акциясына қатысты

17.01.2019

Қорықшыларға қастандық жасағандар анықталды (видео)

17.01.2019

Үшінші мегаполистің төрт ауданында әкімдер тұрғындар алдында есеп берді

17.01.2019

4 мешітті ҚМДБ меншігіне өткізуде кедергілер бар

17.01.2019

Ақтөбелік жастар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

17.01.2019

Нұрлан Сейтімов Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы болып тағайындалды

17.01.2019

Қостанайда тергеуші кісі тонаушыны қылмысы үстінде ұстады

17.01.2019

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот үкімі шықты

17.01.2019

Алматыда тікұшақ апатқа ұшырады

17.01.2019

Алғашқы медициналық санитарлық көмек қызметіне қатысты мәселелер талқыланды

17.01.2019

Сенат бірқатар үкіметаралық келісімді ратификациялады

17.01.2019

Алматыда Жүрсін Ерманның бес томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді

17.01.2019

2250 әскери қызметші жеңілдікпен пәтер сатып алды

17.01.2019

Жамбылда экономиканың барлық саласында 4-5 пайыз өсім бар

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Oıynshyq týraly oı

«Bárimiz balalyqtyń aýylynan kelgen­biz», oıynshyqpen oınaıtyn jastan áldeqas­han asyp ketsek te, keı-keıde balalarymyzdyń qolyndaǵyǵa qyzyǵa qarap qoıamyz. Qyńqyldap qandaı oıyn­s­hyq suraǵanyn, dúken sórelerinen kóz ala almaı turatynyn baqylaı júrip, búgingi balalardyń talǵamyn da birshama túsinip qalǵan sıaqtymyz. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу