Елбасы мемлекеттік қызмет туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру қағидасын бекітті

Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну қағидалары бекітілді. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Егемен Қазақстан
10.05.2017 2079
2

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну қағидаларын бекіту туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және Қазақстан   Республикасының Президентіне ұсыну қағидалары бекітілсін.
  2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 6 мамыр, № 473

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынудың осы қағидалары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 7-4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну тәртібін айқындайды.

2 Ұлттық баяндаманы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, оларға ведомстволық бағынысты ұйымдар ұсынған ақпарат, уәкілетті орган жұмысының нәтижелері, мемлекеттік қызметтегі кадр жағдайын талдау және бағалау, мемлекеттік қызметті қалыптастыру, іске асыру және жетілдіру, осы саладағы жұмысты одан әрі дамыту және жақсарту жөніндегі қорытындылар мен ұсыныстар негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан
әрі – уәкілетті орган) қалыптастырады.

3. Ұлттық баяндаманың құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

  1.  кіріспе;
  2.  негізгі бөлім;
  3.  қорытынды.

Кіріспеде Ұлттық баяндаманы ұсынудың негіздемесі мен мақсаты және оның қысқаша мазмұны қамтылады.

Ұлттық баяндаманың негізгі бөлімі мемлекеттік қызмет саладағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың мәнін, жағдайы мен негізгі нәтижелерін көрсететін деректерді және:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің кадр жағдайы туралы мәліметтерді;

2) кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпаратты;

3) есепті жылдағы уәкілетті органның қызметін талдау, сондай-ақ іске асырылып жатқан саясаттың елдегі мемлекеттік қызметтің жағдайына әсерін бағалауды қамтиды.

Қорытындыда мемлекеттік қызметтегі кадр жағдайын талдау және бағалау, мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту жөніндегі қорытындылар мен ұсыныстар, сондай-ақ келесі есепті жылға арналған оларды іске асырудың міндеттері қамтылады.

4. Қажет болған жағдайда Ұлттық баяндаманы мәтінде сілтемелер жасалған тәртіппен орналастырылған қосымшалармен толықтыруға жол беріледі.

5. Уәкілетті орган Ұлттық баяндаманы қалыптастыру үшін қажетті ақпаратты ұсыну туралы сұратуды есепті жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, оларға ведомстволық бағынысты ұйымдарға жолдайды.

6.  Уәкілетті органның сұратуы бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, оларға ведомстволық бағынысты ұйымдар тиісті ақпаратты есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей  ұсынады.

Ақпаратқа мемлекеттік органның жауапты хатшысы немесе аппарат басшысы, ал жауапты хатшы және аппарат басшысы лауазымы енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік органның басшысы (оны алмастыратын адам) қол қояды.

Уәкілетті орган Ұлттық баяндаманы сапалы дайындауға қажетті қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.

7. Ұлттық баяндаманы:

  1. уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне  есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей;
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметі Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне есепті жылдан кейінгі жылдың 5 наурызынан кешіктірмей;

3) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Қазақстан Республикасының  Президентіне есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызынан кешіктірмей ұсынады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Тимур Жақсылықов Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

21.09.2018

Маман дайындау мәселесі талқыланды

21.09.2018

Астанада тұрғын үй кешенінде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығу өтті

21.09.2018

Бүркітші қыз Айшолпан түскен «Көшпенділер» фильмі көрерменін қуантады

21.09.2018

Павлодарда биыл 1655 жұп қосылса, 1101-і ажырасқан

21.09.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу бойынша жоба әзірленді

21.09.2018

Кәрім Мәсімов терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді

21.09.2018

Қостанайлықтар жарықдиодты шыны жолмен жүреді (ВИДЕО)

21.09.2018

Қанат Ислам мақтааралдық жас боксшыларға мастер-класс өткізді

21.09.2018

Алексей Луценко: «Алматы турын» апталық жарыс қылса керемет болар еді

21.09.2018

Бурабайда жаңа мешіт ашылды

21.09.2018

Онкологиялық қызметтің атасы Сәкен Нұғмановтың 100 жылдығы атап өтілді

21.09.2018

Дзюдошы Ерлан Серікжанов жартылай финалға шықты

21.09.2018

Қайрат өз құрамын жария етті

21.09.2018

Асқар Жұмағалиев Үндістанның АТ және телекоммуникациялар министрімен кездесу өткізді

21.09.2018

Шетелдік мамандар ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуды бастады

21.09.2018

Шыңғырлау ауданында төрт емдеу нысаны күрделі жөндеуден өтті

21.09.2018

Рани Мукерджидің қазақтарға сәлемі

21.09.2018

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады

21.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу