Елбасы мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсіміне қатысты

Қазақстан Президенті «Атамекен» этномемориалды кешенінде Мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Егемен Қазақстан
04.07.2017 2288
2

Нұрсұлтан Назарбаев әрбір қазақстандық үшін мемлекеттік ту ерекше маңызға ие екенін айтып, еліміздің тәуелсіздік жылдарында абыройлы даму жолынан өткеніне тоқталды.

– Біз елорда күні қарсаңында мемлекеттік туымызды көтеру рәсімін дәстүрлі түрде өткізіп келеміз. 25 жыл ішінде біз Қазақстанды бір тудың астына біріккен біртұтас ұлт ретінде қалыптастыра алдық, – деді Мемлекет басшысы.

Елбасы Қазақстанның жаһандық технологиялық дамудың алдыңғы шебінен табылуға ұмтылатынын айтып, еліміздің экономика және спорт салаларындағы жетістіктеріне ерекше тоқталды.

– Қазақстанның көк байрағы әлемнің көптеген ірі ареналарында ұлттық жеңісіміздің салтанатында желбірейді. Біз елімізге деген шынайы қуаныш пен мақтаныш сезіміне толы сәттерге Алматыда өткен Қысқы универсиада ойындарының барысында куә болдық. Аспан түстес көк туымыздың астында Қазақстан бүкіл әлемге танылды, – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы Қазақстанның жаһандық үдерістерге белсенді атсалысып отырғанына назар аударып, еліміз халықаралық аренада бітімгершілік қызметті жалғастыра беретінін айтты.

– Біз қақтығысып жатқан тараптарды келісімге келіп, татуласуға шақыратын мемлекетке айналдық. Сол арқылы беделіміз де артып келеді. Біз жер бетінде бейбітшілік орнату үшін күресіп, ядролық қарудың жойылуына атсалысудамыз. Біз сенімге ие болып, біртұтас әрі толерантты қоғамда өмір сүрудеміз. Сондықтан мұнда әлемдік дәстүрлі діндердің съезі өтіп отырады, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев бірлік еліміздің одан әрі дамуының және алдымызға қойған барлық міндеттер мен бағдарламаларды іске асырудың негізі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Елбасы Астананың тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рөлі мен мәнінің жоғары екенін айтты.

– Астана – мүмкіндіктеріміздің, халқымыздың ұлылығы мен ауызбіршілігінің нышаны. Елордамыз – Орталық Азия мен Азия құрлығының маржаны. Біз бас қаламызды сүйеміз, ал қонақтарымыз оған таңырқай қарайды, – деді Қазақстан Президенті.

Салтанатты рәсім барысында Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы еліміздің жоғары әскери оқу орындары – Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлері Әскери институтының, Қорғаныс министрлігі Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының, Ішкі істер министрлігі академиясының, Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан Әскери институтының, Ішкі істер министрлігі Көкшетау техникалық институтының үздік түлектеріне офицерлік шендер тапсырды.

Қазақстан Президенті жоғары әскери оқу орындарының барлық түлектеріне отанымызға қызмет ету және қазіргі әлемдегі үдерістер жағдайында ұлтымыздың мүддесін қорғау парызы жөнінде айтты.

– Сіздерден офицерлік міндетті мүлтіксіз орындау талап етіледі, қайда жерде болмасаңыздар да, туымызды қорғап, оны биікте ұстауға тиіссіздер. Сіздерге күрделі әрі жауапты миссия жүктеледі, ол – азаматтардың бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ету және еліміздің ұлттық мүддесін қорғау, – деді Елбасы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев ту көтеру рәсімінен кейін елорда күні құрметіне арналған мерекелік іс-шаралардың басталатынын айтып, барша жұртты келе жатқан мейраммен құттықтады.

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.01.2019

Медициналық қызметтің 25 түріне eGov.kz арқылы қол жеткізуге болады

24.01.2019

«Мақаш правитель» туралы кітап қазақшаға аударылды

24.01.2019

Ақтөбеде «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы басталды

24.01.2019

Президент кейбір Жарлықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізді

24.01.2019

25 қаңтар күні үш облыста ауа райы бұзылады

24.01.2019

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Сауат Мыңбаев «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА нысандарында болды

24.01.2019

2021 жылға дейін ауыл емханалары толығымен электронды форматқа көшеді

24.01.2019

Ольга Довгун Токио олимпиадасы қарсаңындағы басты міндеттерді атады

24.01.2019

Басқа басылымдардан: Қазақстанда Жастар жылы ашылды

24.01.2019

Астананың инвесторлар үшін тартымдылығы артты

24.01.2019

Астана экономика құрылымында ШОБ үлесі бойынша көш бастап тұр

24.01.2019

Астанада әлемдік сауда орталығы салынады

24.01.2019

Ақтөбе облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша 202 өтінім мақұлданды

24.01.2019

Астық пен ұн тасымалдауды қамтамасыз ету – «ҚТЖ» ҰК» АҚ ерекше бақылауында

24.01.2019

Қызылордада балық өсіруге субсидия бөлінді

24.01.2019

«Жастар жылындағы жетістігің» акциясы желтоқсанға дейін жалғасады

24.01.2019

Жетісу университетінде Жастар орталығы құрылды

24.01.2019

Өткен тәулікте елордадан 17 мың текше метрден астам қар шығарылды

24.01.2019

Елордаға 2 мың тонна көмір жеткізілді

24.01.2019

Франция елшісінің кеңесшісі Лор Кастен: «Мен үшін Қазақстан – Абай!»

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Adasqandardyń aldy jón, arty soqpaq...

  Bıylǵy qańtarda Qazaqstan óziniń azamattaryn dúnıeniń qaı shetinde bolsa da qorǵaı alatyn irgeli el ekendigin kezekti ret kórsetti. Sırıadaǵy qandy qasapqa soqyr senimniń shyrmaýyndaǵy kúıeýimen birge baryp qalǵan áıelder men jas balalarǵa arnaıy ushaq bólip, alyp keldi. Elbasy N.Nazarbaev óziniń tapsyrmasymen 47 adamnyń, sonyń ishinde 30 balanyń qutqarylǵanyn málimdedi. Qutqarý sharalary «Jýsan» operasıasy» dep atalǵany da jarıa boldy.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу