Елбасы: Нағыз мұсылманды киген киімінен емес, ішкі иманынан таниды

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездесті, деп хабарлады akorda.kz
Егемен Қазақстан
19.04.2017 1373

Кездесуге Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары М.Тәжин, Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Е.Маямеров, имамдар – К.Дүйсенбай, Н.Есмағанбет, Н.Ауысханұлы, А.Керімбек, Т.Оспан қатысты.

Елбасы қатысушыларға арнаған сөзінде Қазақстан халқының өмірінде діннің ерекше рөл атқаратынын атап өтіп, уәкілетті органдар тарапынан діни қарым-қатынастарды реттеу үшін қабылданып жатқан шараларға тоқталды.

– Мемлекет бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп отыр. Проблемаларға талдау жасап, осы салаға қолдау көрсететін арнаулы министрлік құрдық.

Жақында мен тарихи және рухани байлығымызды сақтай отырып, оны арттыру, сананы жаңғырту қажеттігі туралы мақала жарияладым. Патриотизм, отанды сүю, ел ішіндегі және өңірлердегі тұрақтылық – біздің болашағымыз. Сол үшін біз бірлесе жұмыс істеуге тиіспіз, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев цифрлық технологиялар дамыған дәуірде Қазақстан өзінің ұлттық құндылықтарын, мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтауға тиіс екенін айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті деструктивті діни ағымдарға қарсы күрес жүргізу қажеттігіне назар аударды.

– Қазақстанның аумағы ұлан-байтақ және табиғи қазба байлық пен ресурстарға бай екені баршаға белгілі. Осының бәріне қызғанышпен қарайтындар да бар. Олар – бізге қастық ойлап, қоғамымыздың ынтымағын бұзуға тырысушылар. Халқымыздың арасына теріс діни ағымдарды енгізу бізге сырттан ықпал етудің бір тәсілі болып саналады. Соңғы уақытта осындай үрдіс байқалып отыр. Біз мемлекеттігімізге қауіп төндіретін кез келген құбылыспен күресуге тиіспіз. Сондықтан сіздердің алдарыңызда зор міндеттер тұр, – деді имамдарға арнаған сөзінде Елбасы.

Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары дәстүрлі түрде ханафи мазхабын ұстанатынын, исламның осы бағытының негізін түсіндіруге машықтанған мамандар даярлау қажеттігін атап өтті.

– Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында 3800 имам жұмыс істейді. Олардың жартысы діни сауаттылықты арттыру курстарынан өткен. Алайда, мұның жеткіліксіз екенін айта кеткен жөн. Бізге осы салада жұмыс істейтін имамдар мен мамандардың білім деңгейін арттыру жайын ойластыру қажет.

Оқыған имам ғана дұрыс білім бере алады. Ол өз дінін терең танып, өзге діндердің ерекшеліктерін зерттеп, басқа да білімдерді игерген адам болуға тиіс. Имамдар шешендік өнерді, адам психологиясын меңгерген идеологтарға айналуы керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Әңгіме барысында Қазақстан Президенті «Нұр Мүбарак» университетінің жұмысымен және оны бұдан әрі дамыту жоспарымен танысты.

Елбасы жас ұрпақтың діни сауатсыздығына айрықша назар аударды.

– Діни сауатсыздығының нәтижесінде жастарымыз сақал қойып, шалбарының балақтарын қысқартып тастайды. Қара көйлек киіп, беті-аузын тұмшалаған қыздарымыздың қатары көбейді. Бұл біздің дәстүрімізге де, халқымызға да жат. Бұған заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесін пысықтау керек. Қазақ қара киімді қаралы кезде ғана киеді, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ мәдениетінің тарихына, қазақ әйелдерінің дәстүрлі киіміне тоқталып, қара киім мен дін арасында ешқандай байланыс жоқ екенін айтты.

– Егер жастарымыз халқымызға жат уағыздарға ерсе, мемлекетіміздің болашағы не болмақ? Біз бұған жол бермейміз. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын, ұлтымыз тату болып, еліміз зайырлы мемлекет ретінде одан әрі дамуға тиіс. Біз өзіміздің игі мақсатымызға қарсы шыққандарға көне алмаймыз. Бұл – мемлекеттік аппараттың ғана емес, барша Қазақстан халқының, оның болашағының мүддесі, – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы халық арасындағы діни сауаттылықтың маңыздылығын атап өтіп, имамдардың өз қызметі барысында патриоттық тәрбиеге ден қоюға тиіс екендігіне назар аударды.

– Нағыз мұсылманды киген киімінен емес, ішкі иманынан таниды. Адамның жүрегінде сүйіспеншілік болса, соның иманы бар. Біз өркениетті әлемге қарай қадам басып, ғылым мен білім есігін ашуымыз қажет. XVIII-XIX ғасырларға дейін мұсылман дүниесі бүкіл әлемде көшбасшы болды. Ол ғылымның қайнар көзі, философтардың, дәрігерлер мен жазушылардың отаны болды. Қазір біз бұл жағынан көшбасшылық орнымыздан айырылып қалдық.

Бүгінде азаматтарымыз интернет арқылы түрлі мәліметтер алады. Осылайша, дәстүрлі емес ағымдардың да уағызын тыңдап жүр. Ол үшін түрлі әдістер мен технологиялар қолданылуда. Біз де олармен күрес жүргізу үшін ақпараттық технологияларды қолдануымыз керек. Қажет болған жағдайда, мемлекет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын қолдауға дайын.

Мен өзімнің мақаламда «Туған жер» бағдарламасына ерекше көңіл бөлдім. Ол бізге әр өңір, әр елді мекен туралы мол мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Әрқайсымыздың жүрегімізде патриотизм болуға тиіс. Осы орайда өз уағыздарыңызда Отанды сүю тақырыбына айрықша көңіл бөлулеріңізді сұраймыз, – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы күрестегі өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі ойларын ортаға салды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.06.2017

Сенат Төрағасының орынбасары Финляндия Республикасы Парламентінің депутатымен кездесті

26.06.2017

Петропавлда тұңғыш рет «ҚымызFest» фестивалі ұйымдастырылды

26.06.2017

Әскерилер өнері көпшілікті тәнті етті

26.06.2017

Қарағанды кәсіпорындары 2278 бос жұмыс орнын ұсынып отыр

26.06.2017

Шығыстың сарбаздары «Әскери керней» халықаралық фестивалінің Гран-при жүлдесін биыл да иеленді

26.06.2017

Маралды көлінің жағалауы демалушылар үшін абаттандырылмақ

26.06.2017

«Атамекен» Өзбекстанмен туризм саласында ынтымақтасу бойынша меморандум түзді

26.06.2017

Динара Сәдуақасова шахматтан FIDE-нің аймақтық чемпионы атанды

26.06.2017

Павлодар Ораза Айт мерекесіне 18 қазан палау дайындалды

26.06.2017

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы тағайындалды

26.06.2017

Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы тағайындалды

26.06.2017

Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

26.06.2017

Балқаш туризмін дамыту үшін көлік қатынасы жақсартылады

26.06.2017

ШҚО-да оқушылар үшін 889 демалыс лагерьлері мен алаңдары жұмыс істейді

26.06.2017

ШҚО-дағы Үбі өзені үстінен жаңа көпір салынады

26.06.2017

Павлодарда оқушылар киіз үй лагерлерінде демалады

26.06.2017

Павлодарда "Мен қазақпын"мега-жоба жүлдегерлері аталды

26.06.2017

Мәйіттің бүйрегін алу заңға қайшы келмейді

26.06.2017

Солтүстік Қазақстанда «Мағжан көктемі» республикалық фестивалі өтті

26.06.2017

30 маусымда ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

КОЛУМНИСТЕР

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Төрінен қонақ үзілмейтін үлкен үй

Кез келген қаладағы келімді-кетімді жолаушыларға лайықты қызмет көрсетіп, адамдардың демалуы мен жүріп-тұруына жағдай жасау – жауапты міндет. Әлемнің дамыған елдері бұл бағыттағы жұ­мыстарды логистикалық карта аясында жүргізіп, қонақ қабылдау мен қызмет көрсетудің де озық үлгі­лерін қалыптастырып отыр. Яғни, туризмнің дамуына күш, қай­рат, қаржы жұмсау арқылы оны есе­леп қайтарып алу қамында көптеген жұ­мыстар жасалуда. Қуанарлығы, еліміздегі логистика бағытындағы дамыту жұмыстары өз деңгейінде жүріп жатыр. 

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Кәденің қадірін білейік

КСРО-ның бір қиырындағы Мурманнан екінші қиырындағы Владивостокқа бет алған 66 жастағы желаяқ жүгіріп келе жатқан жолынан бұрылып, Ұзынағашта екі сағат аялдады. Тайлы-таяғымыз қалмай ғажап жанды көрмекке аудандық партия комитетіне – қазіргіше, аудан әкімдігіне жиналдық. Орыс ақсақалы жүгіруді 20 жыл бұрын бастапты, кереметі – бір заманда алпыс екі тамырына құрсау салған 10 шақты ауруынан құлан таза айыққан.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Клай-фай жанры немесе әдебиеттегі табиғат апаттары

Бірер апта бұрын АҚШ президенті Дональд Трамптың қоршаған ортаны қорғауға қатысты Париж келісімінен шығамын деген еді. 2015 жылдың желтоқсан айында 194 мемлекет қол қойған Париж келісімі – ғаламдық жылыну процесін тежеуге арналған әрекеттер жоспары. Тараптар өздеріне климаттың өзгеруіне икемделу, техникамен қайта жасақтану, ауаға залалды заттардың шығарылуын азайту бойынша шаралар қабылдауға міндеттемелер алған болатын. АҚШ аталған келісімнен бас тартып отыр. Бір қуаныштысы, шығамын деген сәтте шыға салуға болмайды, бұл рәсім төрт жылға созылады екен. Осы жағдай есіме клай-фай жанрындағы әдебиетті түсірді.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Үкілі үміт үдесі

«Тойдың болғанынан, боладысы қызық» демекші, Арқа төсіндегі ару Астанада жаһандық шара – ЭКСПО-2017 көрмесінің жалауы желбірегеніне, міне, он күннің өрмегі ауды. Осы уақыт ішінде «Ұлттық жобаға» деген егемен елдің үкілеген үміті ақтала ма, Бүкіләлемдік жетіс­тіктер көрмесінің қос ғасырға тақау шежіресінде өткен көрмелер керуенінде «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің алар орны қандай дәрежеде болар екен деген сұрақтарға жауап іздеуіміз де заңды.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Жік пен жіп

Автобуста өзіңнен жасы үлкен адамға ұшып түрегеліп орын беру үшін кісіге соншалық көп ақылдың керегі жоқ-ау. Отбасында адам қан­дай тәрбие алса, көшеде, қоғамдық орындарда мұнысы тайға таңба басқан­дай көрініп тұрады емес пе? Бірақ қай ата-ана «автобуста көзіңді тас жұмып, құлаққабыңды киіп отыра бер» деп үйдегі баласының сана­сын бөтен оймен лайлайды дейсің. Соған қарағанда, адамның мәде­ниетті болмағы үйдегі алған тәрбиесіне қоса, «Тірлікте көп жаса­ғандықтан көрген бір тамашамыз» деп Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы айт­пақшы, әр адамның өмірден дұрыс сабақ түйіндей білуіне байланысты болса керек-ті. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу