Елбасы Назарбаев Университетінің медицина мектебінде болды

Мемлекет басшысы Назарбаев Университетінің медицина мектебінде болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Егемен Қазақстан
25.01.2017 1120

Іс-шара барысында Қазақстан Президенті бейінді білім берудің заманауи талаптарына толықтай сай келетін медицина мектебінің жаңа ғимаратын аралап көрді. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев оқушылармен және педагогтармен кездесті. Әңгімелесу барысында Елбасы қазіргі уақытта әлемнің медицина мен биология саласындағы ғылыми прогресс алдында тұрғанын атап өтті.

— Жаңа медицина мектебінің жабдықталуын, оқыту деңгейін әлемнің үздік университеттерімен салыстыруға болады. Сондықтан мен өздеріңізден үлкен жаңалықтар күтемін. Сіздердің зерттеулеріңіз, зертханалық мүмкіндіктеріңіз, оқытушылардың ғылыми әлеуеті сырқаттың ең күрделі түрлерін емдеудің, адам өмірін ұзартудың жаңа әдістерін табуға мүмкіндік береді. Бұл мектеп өзімен бірге басқа университеттерді ілгері жетелейтін негізгі базалық оқу орны ретінде құрылды, — деді Мемлекет басшысы.

Сонымен бірге, Қазақстан Президенті XXI ғасырда ақпараттық технологиялармен қатар медицина мен биологияның да алдыңғы орынға шығып отырғанын айтты.

— Барлық ғылымдар өзара байланысты, көптеген жаңалықтар олардың тоғысуынан пайда болады. Осы оқу орнының қабырғасында ғылым дамуға тиіс, бізге жан-жақты ғалымдар қажет, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Елбасы жиналғандарды оқу орнының жаңа ғимаратының ашылуымен құттықтап, алға қойған мақсаттарына жетуіне тілектестік білдірді. Айта кетерлігі, медицина мектебінің ғимараты 9 қабаттан тұрады, жалпы көлемі — 39 825 шаршы метр. Онда ғылыми және оқу зертханалары, симуляциялық орталық, анатомиялық зертхана, лекция залдары мен топтық сабақ алуға және кеңсеге арналған бөлмелер, кітапхана, асхана бар.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.06.2018

«Жетісу» газетінің жарық көргеніне бір ғасыр толды

21.06.2018

Джокович үлкен тенниске қайта оралды

21.06.2018

Тайсон келесі кездесуін тамызда өткізеді

21.06.2018

Уилшер «Арсеналмен» қоштасады

21.06.2018

«Егемен академиясының» бірінші маусымы сәтті аяқталды (видео)

21.06.2018

ӘЧ: «Неміс машинасы» атағын қорғай ала ма?

21.06.2018

ӘЧ: Тоналған фанаттар мен жаңарған рекордтар

21.06.2018

Астананың құрдастары: Мақсатым – ақылды адамдарға арналған ұйым құру (видео)

21.06.2018

Түркістан облысы - Зиялы қауым не дейді?

21.06.2018

Шетел басылымдары. Түркістанды бауырлас халықтар да қолдайды

21.06.2018

Түгел түркінің тілегі орындалған күн - Құлбек ЕРГӨБЕК

21.06.2018

Астанада көптілділікті дамытуға арналған жиын өтті

21.06.2018

Үздік мемлекеттік қызметкерлер анықталды

21.06.2018

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кездесуін өткізді

21.06.2018

Біздің мақсат – мемлекеттік қызметшілерді ынталандырудың жоғары деңгейіне қол жеткізу – А.Шпекбаев

21.06.2018

Ислам қолжазбалары зерттелуі тиіс

21.06.2018

Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қорын құру ұсынылды

21.06.2018

Цифрландыру – ел дамуының басты кепілі – А. Оспанов

21.06.2018

Оралда қарақшыны құрықтады

21.06.2018

Бүгінгі күннің батырлары - Сәбитжан Аязханов пен Бексұлтан Кеңесов

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу