Елбасы «Нұрлы жол» вокзалын ашты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы «Нұрлы жол» жаңа вокзалын аралап, кешеннің мүмкіндіктерімен танысты, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Егемен Қазақстан
31.05.2017 2349
2

Президент аталмыш вокзал посткеңестік елдерде теңдесі жоқ екенін атап өтті. 

«Мен Астананың мақтанышына айналатын жаңа нысандарды аралап жүрмін. Бұл 3,2 млн адамға қызмет көрсетіп жүрген және 2025 жылы 8 млн адамды қамти алатын әуежай. Биыл және болашақта қызмет көрсету сапасы артып, мүлдем басқа болады. Бүкіл Еуропа мен Азияны аралауға мүмкіндік беретін жаңа әуе маршруттары ашылып жатыр. Мына вокзал да посткеңестік кеңістікте жалғыз. Сіздер білесіздер, біз Қазақстанның барлық өңірлерін жылдамдығы жоғары "Тальго" пойыздарымен жалғадық», деді Президент.

Вокзал кешені алты деңгейлі, жалпы аумағы 126 мың шаршы метрлік ғимарат. Вокзалда алты жолдың торабы кіріп отыр. Ол тәулігіне 35 мың жолаушыны қабылдай алады. Вокзал жолаушылар ағынын, кезегін, қауіпсіздігін, электронды билет сату процесін интеллектуалдық басқару желісімен қамтылған.

«Вокзал ресми түрде бүгін ашылғанымен, іс жүзінде ертең, 1 маусым күні алғашқы жолаушылар жолға шығады. Пойыз маршруттары мен уақыты бекітілді. Жолаушылар билет сатып аларда ақпараттандырылды», деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ вокзал шаруашылығын дамыту және пайдалану департаментінің директоры Жұбан Көрпебаев.

Бірінші және екінші қабатта 740 көлікке арналған автотұрақ бар. Сонымен қатар, ол жерде қызметтік-теxникалық бөлмелер орналасқан. Үшінші қабатта шатыр астында перрон орын тепкен. Төртінші қабат ең негізгі болып саналады. Мұнда басты кіреберіс пен 10 билет кассасы, анықтама бюросы, сауда орындары бар. Бесінші қабатта фуд-корт орналасқан. Алтыншы қабатта әкімшілік кеңселер болады.

«Сонымен қатар, вокзалда ана мен бала бөлмелері, қонақ үй, медициналық пункт бар. Вокзалдың қауіпсіздігіне де көп көңіл бөлінген. Ғимаратта адамдарды тексерістен өткізетін 16 кіреберіс бар. Оның үстіне ақылды жүйемен басқарылатын 510 камера орнатылған», деді Көрпебаев.

Оның сөзінше, «Нұрлы жол» негізінен Астанаға дейін жүретін пойыздар аялдайды. Ескі вокзал басым ретте транзиттік пойыздарды және қала маңындағы аудандарға қатынайтын белгілі бір пойыздарды қабылдайды.

«Келесі жылы қаланың орталығын, ЭКСПО, Назарбаев Университеті мен әуежайды қосатын LRT желісі тартылады. Қазір біз қалааралық автобустарға аялдайтын арнайы ғимараттарды дайындап жатырмыз. Олардың өз кассалары болады. Қалалық таксиге де жеке орын жасалады», деп атап өтті ол.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Бақытжан Сағынтаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру бойынша нақты тапсырма берді

22.01.2019

Петропавлда алабай тұқымдас ит иелерін талап тастады

22.01.2019

Солтүстік Қазақстанда шетелдік мигранттар легі тыйылар емес

22.01.2019

Қ. Бозымбаев «Сарыарқа» магистральді газ құбырын салу жобасын іске асыру барысы туралы баяндады

22.01.2019

Шағын несие алушылар қосымша 12,6 мыңнан астам жұмыс орнын ашты

22.01.2019

Дәстүрлі өнер академиясы ашылады

22.01.2019

«Тал бесіктен жер бесікке дейін...»

22.01.2019

Жаңақорғандық кәсіпкер жүгеріден сусын шығаруды қолға алды

22.01.2019

Елбасының гранттар бөлу туралы тапсырмасы толық көлемде орындалды — ҚР БҒМ

22.01.2019

Мемлекеттік көмектің нәтижесін көріп отыр

22.01.2019

Қандастарды қабылдайтын байланыс орталығы ашылады

22.01.2019

Алматыда үстел теннисінен «ТОП-12» турнирі аяқталды

22.01.2019

Жүргізушісіз көліктерге жасалған шабуыл

22.01.2019

Қыраулы қаңтар (фотоэтюд)

22.01.2019

Облыс дәрігерлерінің біліктілігі нығайып келеді

22.01.2019

Сенат комитетінде «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды

22.01.2019

Астананы газдандыру үш кезеңмен жүргізіледі – Бақыт Сұлтанов

22.01.2019

Азат Перуашев көше, мекеме атауларына Алаш қайраткерлерінің есімдерін беруді ұсынды

22.01.2019

«Бес әлеуметтік бастама»: салық жүктемесін төмендету 2 млн азаматқа қосымша кіріс алуға жол ашады

22.01.2019

Сегіз спортшымыз Парижде күш сынасады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу