Елбасы Оңтүстік Қазақстандағы «Қазақ еліне мың алғыс!» монументімен танысты

Оңтүстік Қазақстанға жұмыс сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратының алдынан бой көтерген «Қазақ еліне мың алғыс!» монументімен танысты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Егемен Қазақстан
27.04.2017 3115
2

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында шымылдығы түрілген нысанның құрылысы өңірдегі 20 этномәдени бірлестіктің бастамасымен салынған.

Кезінде жүргізілген солақай саясаттың салдарынан ата-бабалары Қазақстанға күштеп қоныстанған этностардың өсіп-өнген ұрпақтары бүгінгі бейбітшіл, берекелі заманға аман-есен жетуін, Қазақстандағы жергілікті халықтың бауырмалдығының арқасы деп біледі. Осыған орай, өңіріміздегі түрлі ұлт пен ұлыстың қазақ еліне деген кіршіксіз ризалығы пен ақеділ шынайы алғысының символикалық көрінісі іспетті бой түзеген нысан ұлтымызға деген зор құрметтің белгісі деуге болады. 

Өңірдегі этнос өкілдерінің қаржылай демеуімен бой көтерген монументтің биіктігі 7,5 метрді құрайды. Алдағы уақытта осы нысан елді берекелі бірлікке ұйыстыратын маңызды іс-шаралар өтетін еңселі ғимаратпен бірге оңтүстік жұртшылығының патриоттық алаңшасы ретінде ел игілігіне жұмыс істейтін болады.

Оңтүстіктегі осынау бірлігі жарасқан тірлікке риза болған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы көп ұлтты мемлекетіміздегі этностар татулығы Тәуелсіз Қазақстанның басты байлықтарының бірі екенін атап өтті.

Мұнан соң, Елбасы Н.Назарбаев қайта құрылымдаудан өткен «Қазақстан халқы Ассамблеясының» ғимаратын аралап көрді. Этномәдени бірлестіктердің қызметімен танысып, олар ұсынған "Бірлігіміз жарасқан" музыкалық композициясын тамашалады.

Облыстық бюджет есебінен жөнге келтірілген 3 қабатты нысанда «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері мен өңірдегі этномәдени бірлестіктердің кеңселері, 800 орынға арналған көрермен залы бар. Сонымен бірге, мұнда үрлі үйірмелер мен жексенбілік мектептердің тұрақты әрекет етуіне жағдай жасалған. Алда бұл ғимаратта оңтүстік жұртшылығын берекелі бірлік пен ырысты ынтымаққа үндейтін іс-шаралар мен форумдар, кездесулер, семинарлар, түрлі конкурстар және өзге де басқосулар ұйымдастырылып, мақсатты жұмыс жүргізетін болады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Атырауда депутаттар Н. Назарбаев даңғылының қолдап дауыс берді

21.03.2019

ШҚО-ның 10 000 тұрғыны Елбасына қолдау білдірді

21.03.2019

Елбасы – Қазақстан өркениетінің кемеңгер көшбасшысы

20.03.2019

Мәжілісте спорт дәрігерлерінің жетіспеушілігі мәселесі талқыланды

20.03.2019

Тұмар-2019: Астанада үздік телевизия мамандары марапатталды

20.03.2019

Қарағандыда Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл пайда болды

20.03.2019

Орал қаласының бас даңғылына Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілді

20.03.2019

Элизабет Тұрсынбаева үшінші орында

20.03.2019

Мемлекет басшысының төрағалығымен кеңес өтті

20.03.2019

Қазақстан Президенті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

20.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

20.03.2019

Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

20.03.2019

Қазақстан Президенті Мемлекеттік хатшы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

20.03.2019

Премьер-Министр А. Мамин көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жөнінде кеңес өткізді

20.03.2019

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

20.03.2019

Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгереді

20.03.2019

Михал Билек: Біздің жігіттер жанкүйерлерге тосын сый жасайды деген үміттемін

20.03.2019

Қарағандыда ғарышта болған долана тұқымы отырғызылады

20.03.2019

Өскемендегі Тәуелсіздік даңғылына Нұрсұлтан Назарбаев аты беріледі

20.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу