Елбасы оңтүстікте ауыл шаруашылығы мен туризмді дамыту керектігін айтты

Елбасы кездесуде өңірдің бірегей тарихына және мәдени ерекшелігіне тоқталды.
Егемен Қазақстан
27.04.2017 2548
2

– Оңтүстік Қазақстан – қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өлке. Бұл – абыздар мен әулиелердің қасиеті дарыған, Қожа Ахмет Яссауи мен Әл-Фарабидің ізі қалған, көне мәдени мұраға бай киелі жер. Қазір бұл өңірде бүкіл ел халқының 16%-ы тұрады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті оңтүстік өңірдің тарихын тұтас Қазақстанның тарихы деуге болатынын атап өтті.

– Оңтүстік Қазақстан облысының өзінде 800-ден астам тарихи-мәдени ескерткіш бар. Әлемге әйгілі жәдігерлеріміздің көпшілігі осында. Түркістан, Отырар, Сайрам, Сауран қалалары, Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан баб кесенелері – біздің мақтанышымыз. Осындағы әрбір төбе мен қырқаның, өзен мен көлдің аттары – тұнып тұрған тарих. Мәртөбе, Күлтөбе және Ордабасы – халқымыздың сақталуына әсер еткен қазақтың бірлігі мен тұтастығының қасиетті символы. Біз осының бәрін ұрпақтың санасына сіңіруіміз керек. Жастарды патриотизмге, отаншылдыққа, туған жерді сүюге баулу қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев елде үштілділікті толыққанды енгізудің өзектілігіне тағы да тоқталып, әліпбиді ауыстыруға қатысты күмәнді сейілтті.

– Ағылшын тілін оқытуды жандандыру қажет, ол іскерлік ортаның барлық саласында қолданылатын болады. Бұл – заман талабы, тек бізге байланысты емес, – деді Елбасы.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті облыстың дамуындағы бірқатар проблемалық мәселелерге тоқталды.

– Бұл өңір әлі де дотациялы аумақ болып отыр. Облыс бюджетінде өткен жылы меншік табыстары небәрі бестен бір бөлікті құрады. Республикалық бюджеттен келіп түсетін түсімдер 80 пайыздан асты. Бюджетке түсетін салмақты азайту, меншік табыстарының үлесін ұлғайту жөнінде шара қабылданбай отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Елбасы бизнеске әрдайым қолдау көрсету қажет екеніне назар аударды.

– Биылғы жолдауда бизнес ортасының жағдайын жақсарту жөнінде шаралар әзірлеуді тапсырдым. Қосымша жер учаскесін бөлу, жалға беру мерзімін ұзарту, оны пайдалану мақсатын өзгерту туралы рұқсат алу құжаттарын қарастыру мерзімінің ұзақтығына байланысты мәселелерді шешу керек. Бұл рәсімдерді жария түрде жүзеге асырып, қағазбастылыққа салынуға жол бермеген жөн. Кәсіпкерлікті дамыту қаржылық тұрақтылықты сақтап, өңірдің өз-өзін қамтамасыз ету қабілетін арттыратын маңызды тетікке айналуға тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге Қазақстан Президенті инвестиция тарту бағытында жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

– 2016 жылдың қорытындысы бойынша жалпы инвестиция көлемі төмендеген. Өңірде ауыл шаруашылығын, өңдеу өнеркәсібін, туризмді дамытуға барлық мүмкіндік бар, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті өңірдің туристік әлеуетін дамытудың маңыздылығына арнайы тоқталды.

– Мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаламда «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобасын әзірлеуді тапсырдым. Бұл орайда біз Қазақстанның мәдени және тарихи мұрасын негізге алуымыз керек. Оңтүстік Қазақстан облысы қайталанбас әрі бүлінбеген табиғи және ірі мәдени-тарихи құндылықтары бар орасан зор туристік әлеуетке ие. Сондықтан тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылым түзу керек, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті халықты, соның ішінде жастарды жұмыспен қамтуды жақсарту үшін түбегейлі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

– Беделді жоғары оқу орнын бітіру әрдайым маңызды бола бермейді. Ең бастысы – еңбек нарығында сұраныс бар мамандыққа ие болу. Бұл, әсіресе, ақпараттық технологиялар, өндірісті цифрландыру және компьютерлендіру дәуірінде өзекті болмақ. Таяу болашақта қазіргі мамандықтардың 50%-на сұраныс болмайды. Сондықтан уақыт талабына сай болу керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы орайда, Қазақстан Президенті тұрғындарды еңбек ресурсы көп өңірден жұмыс күші жетіспейтін өңірге көшіру жөніндегі бағдарлама бар екенін еске салды.

– Бағдарлама сіздердің де облыстарыңызда қолданылады. Мен сіздердің еңбекқор халық екендеріңізді жақсы білемін. Солтүстік, шығыс өңірлерге қоныс аударып, еліміздің дамуы мен болашағына зор үлес қосып келесіздер. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек. Облыс әкіміне Үкіметпен бірлесіп, халықты жұмыспен қамту және оны қоныстандыру деңгейін арттыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті облыста құрылыс, фармацевтика және көлік-логистика кластерлері қалыптасып, жеңіл өнеркәсіп саласындағы  кәсіпорындар дамып келе жатқанын атап өтті.

– Өңірдің ерекшелігін ескеріп, Үшінші жаңғыру жағдайында ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу ісін, өңдеу өнеркәсібінің экспорттық өндірістерін дамыту қажет. Жаңа өсім нүктелерін – тірек жобаларды алдымен облыс орталығында дамыту керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы өңірдің ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

– Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасының мүмкіндіктерін толық пайдалана білу керек. Ең басты бағыттар – ауыл шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыру, отандық тауар өндірушілерді қолдау, заманауи агротехниканы қолдану, – деді Қазақстан Президенті.

Оңтүстікқазақстандықтар Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ой-пікірлерін толық қолдайтындықтарын айтып, Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірге деген қамқорлығы үшін ризашылықтарын білдірді.

Сондай-ақ, кездесу аясында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалы және оны дамыту перспективалары туралы баяндады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы қатысушыларға зор табыс және береке-бірлік тіледі.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.12.2018

Маңғыстауда биыл 9 жаңа мектеп пайдалануға берілді

12.12.2018

Ақтауда «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі және «Адалдық дүкені» ашылды

12.12.2018

Time журналы Жамаль Хашогги мен журналистерді «Жыл адамы» деп таныды

12.12.2018

Орал-Тасқала-РФ шекарасы бағытындағы күре жол пайдалануға берілді

12.12.2018

«Қамқоршысы жоқ қарт адамдарға көмек беру» акциясы ұйымдастырылды

12.12.2018

Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90 жыл толды

12.12.2018

Франциядағы теракт кезінде 4 адам мерт болды

12.12.2018

«Русский силуэт» бәсекесінде жеңіске жетті

12.12.2018

Ұлттық ұлан өнерпаздары мерекелік концерт өткізді

12.12.2018

Алексей Ут­киннің жеке көр­­месі көрерменге жол тарт­ты

12.12.2018

Павлодар облысында 72 көше, 7 ауылдың атаулары өзгерді

12.12.2018

Атырауда ұн тартатын диірмен іске қосылды

12.12.2018

Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерге қолдау артады

12.12.2018

Қостанайда Ғафу Қайырбековтың 90 жылдығы аталып өтті

12.12.2018

Қарапайым түсінік

12.12.2018

Ағысқа қарсы жүзген жазушы

12.12.2018

Қазақстан тарихы – әлемдік деңгейдегі тарих

12.12.2018

Түркістанды танытатын туындылар

12.12.2018

Шығай хан

12.12.2018

Ерін үндестігі неге таңбаланбайды?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Роза (05.05.2017 18:42:45)

Ол жақтың климаты өте қолайлы келеді ауыл шаруашылығын дамытуға. Жқсылап қолға алу керек.

Данизат (05.05.2017 18:39:49)

Көлік-логистика саласын дамытатын қолайлы өңір. Өзбекістан, Қырғысытанға жақын орналасқан.

Айдана (05.05.2017 18:36:57)

Аграрлық саласын дамыту керек. Оңтүстік өте қолайлы өңір.

Пікір қосу