Елбасы қазақстандықтарды Қарулы Күштердің 25 жылдығымен құттықтады

Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды және Отан қорғаушылар күніне арналған парадқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Егемен Қазақстан
07.05.2017 2808

Нұрсұлтан Назарбаев биыл ел тәуелсіздігі тарихындағы ең ауқымды парад өткізіліп отырғанын, сондай-ақ Қазақстан армиясы қалыптасудың лайықты жолынан өткенін және оның беделі жоғары екенін айтты. 
«Парадқа бес мыңнан астам адам және 400 әскери техника қатысуда. Бұл айбынды армиямыздың даңқы асқақ және мақтан тұтуға тұрарлық екенін көрсетеді. Осы жылдарда мемлекет әскерилерге жан-жақты қолдау білдіріп келеді. Алғашқы әскери құрылымдардан бастап қауіпсіздіктің тиімді жүйесін құруға дейінгі ауқымды жолдан өттік. Мемлекеттің қалыптасуының күрделі кезеңінде Қазақстан армиясы өзінің алдына қойылған міндеттерді абыроймен атқара білді. Қарулы Күштеріміз ел ішінде және шет елде жоғары беделге ие болды», – деді Қазақстан Президенті. 
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы армияны жаңғыртудың басымдығы бар бағыттарына тоқталып, оны әрі қарай дамыту міндеттерін анықтап берді. 
«Бүгін Қарулы Күштер елімізбен бірге жаңғырудың тарихи кезеңін бастан өткеруде. Терроризммен күрес барлық күш құрылымдары қызметінің мүлде жаңа бағыты болып табылады. Қазақстан армиясы сақадай сай болып, кез келген қауіп-қатерге дайын тұруға тиіс. Тағы бір негізгі міндет – жеке құрамды нығайту. Біз әскери қызметшілердің жаңа буынын тәрбиелеудеміз. Әскери киім киген адамдар мінсіз абырой мен әділдіктің эталоны, болашақ ұрпақтар үшін үлгі болуға тиіс. Мерекелік парадқа Қарулы Күштеріміздің резерві болып саналатын «Жас ұлан» әскери мектептері курсанттарының тұңғыш рет қатысып отырғаны кездейсоқ емес. Бұл – армия дәстүрі мен құндылықтар сабақтастығының жарқын белгісі», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 
Қазақстан Президенті бүгінгідей бейбіт өмір сыйлап, тәуелсіз әрі мықты мемлекет құруға жол ашқаны үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне алғыс айтты. 
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығына тоқталып, Отанымыздың қауіпсіздігін тек армия ғана емес, еліміздің барлық азаматтары да ойлауға тиіс екендігін атап өтті. 
«Біз барлық көршілерімізбен доспыз және «Бейбіт бір ғана келісім жүз жеңістен артық» деген өнегелі өсиетті есте ұстауымыз керек. Сондықтан басты құндылықтарымыз – бейбітшілік, келісім және бірлік дәстүрін ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келеміз. Қарулы Күштер әрқашан да тәуелсіздігіміздің басты тірегі болып қала береді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 
Соңында Қазақстан Президенті әскери қызметшілердің қасиетті парызын еске салып, оларды кәсіби деңгейін арттыруға, әскери ынтымақ пен бірлікті нығайтуға шақырды. 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.06.2018

«Индустриялық даму» бағыты бойынша сараптама комиссиясының отырысы өтті

18.06.2018

Маңғыстау облыстық филармониясында дәстүрлі ән-күй кеші өтті

18.06.2018

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында үздік сержанттар анықталды

18.06.2018

Павлодарда «Победа» ЖШС-де дуальды білім беру орталығы ашылды

18.06.2018

Пойыздардың соқтығысуы туралы ақпарат жалған - Жеңіс Қасымбек

18.06.2018

Қыздар Университетінде әлемдік ұйымның өкілдігі ашылады

18.06.2018

Рим қаласында қазақ фильмдері көрсетілді

18.06.2018

Павлодар облысында 200 кәсіпкерге 2,7 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілген

18.06.2018

«Қазақфильм» мен «Беларусьфильм» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

18.06.2018

Алматыда түлектер фестивалі өтті

18.06.2018

Қалдыбек Сәбденұлының «Қазақтың қасиеті мен киесі» атты еңбегінің тұсауы кесілді

18.06.2018

2019 жылдың күзіне дейін 5 000 орындық студенттік жатақхананы пайдалануға беру көзделген — Б. Асылова

18.06.2018

Б. Сағынтаев Дүниежүзілік банк пен ХҚК-ның вице-президенттерімен кездесу өткізді

18.06.2018

Түрколог ғалымдарға TWESCO алтын медалі табысталды

18.06.2018

Биыл ҰБТ сұрақтарының базасы 50 пайызға жаңарды - Рамазан Әлімқұлов

18.06.2018

Қызылордада «жасыл» технологияларды енгізу бойынша меморандумға қол қойылды

18.06.2018

«Алтаистика, Түркология, Моңғолистика Ассоциациясын» құру туралы шешімге қол қойылды

18.06.2018

Оралда республикалық өлкетанушылар форумы басталды

18.06.2018

Солтүстік Қазақстан облысында  аудан әкімі тағайындалды

18.06.2018

Солтүстік Қазақстанда жұқпалы ішек аурулары инфекциясы өршіп тұр

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ән мен күйдің бұлағы – Астананың құрағы 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Басынан бағы таймасын - Жақсыбай Самрат

Ақмолаға бақ ерте қонды, оның аумағы тіпті патша заманында облыс болған. Орталығы Омбы қаласы болғанымен облыстың Ақмола атануының өзі оның ерте танылғандығының белгісі. Әйтпесе осы облыс құрамында сол кездегі Ақмола­дан үлкен Омбы, Қызылжар, сәл кішірек Көкшетау, Атбасар қалалары болған, бірақ соған қарамай облыс атауын Ақмо­ла иемденген.

Жарқын ШӘКӘРІМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нағыз қазақ...

 Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасыр­лық серігі, ағыл-тегіл күйі. Сандаған ғасыр­­лардан жеткен Қорқыттың қобы­зы үніндей інжу-маржан сазды әуені. Домбыра күй күм­безін көкке өрлеткен кө­ненің көзі, тәңірдің құдіреті. Кетбұғаның күй күңіренісі, Ноғайлының зар заманы, Сы­пыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Дос­панбет, Шалкиіз­дердің жыр арқауы, қанаты. Байжігіт пен Абы­лай ханның күй төгілткен жан серігі. Күні кешегі Нұрғиса мен Қаршығалардың дүл­дүл күйшілігі. Бүгінгі музыка өнері бәйте­регінің тамырлы шежіресі. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Minecraft»: еңбекке жетелей ме, еліктіре ме?

Бүгінде балаларды еліктіріп, баурап алатын қызықтардың саны жеткілікті. Барлығы жеткіншектің ой-өрісінің дамуына, физикалық тұрғыда шыңдалуына, жан-жақты болып өсуіне ықпал ете ме, жоқ әлде зиянды тұстары молырақ па?

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Педагогикалық басылымдарға қолдау қажет

Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің баспасөз саласы да нарықтық қатынас­тар­ға біртіндеп ене бастады. Бүгінде оны қаптаған ақпарат құралдарынан көріп отырмыз. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу