Елбасы Қазақстанның үздік полицейлерін марапаттады

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылғанына 25 жыл толуына және Полиция күніне орай осы саланың қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Егемен Қазақстан
24.06.2017 2354
2

Елбасы жиынға қатысушыларды айтулы күнмен құттықтап, дәл осы күні ширек ғасыр бұрын Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылғанын атап өтті.

- Бұл Тәуелсіздігіміздің бастапқы кезеңінің айтулы қадамы болды. Ішкі істер органдарының қалыптасу тарихы мемлекетіміздің даму тарихымен тығыз байланысты, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Қазақстан полициясында жанкештілік пен ерлік үлгілерін көрсеткендер аз емес екенін айтты. - Олар қылмыспен күресте алдыңғылардың қатарынан табылып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бірінші болып қорғайды. Соңғы жылдары қызметтеріңіздің нәтижелері айқын көрінуде. Былтырғы жылмен салыстырғанда қылмыс жасау 15 пайыздан аса азайған. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу көрсеткіші 72 пайызға жетті. Қала мен ауыл көшелеріндегі тұрғындардың қауіпсіздік деңгейі айтарлықтай артты. Онда қылмыс жасау 14 пайыздан аса азайды, - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Елбасы жаһандық тұрақсыздық жағдайында билік өкілдері - полицияға деген сенім ерекше маңызға ие болып отырғанына назар аударды.

- Сіздер қызметтік парызды мүлтіксіз атқарғанда ғана қоғам мен мемлекеттің жаңғыруы жүзеге асады. Сондықтан біз қазір қабылданған бағдарламалардың аясында құрылымдарды қайта құру жөнінде жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Соның нәтижесінде жергілікті полиция қызметі құрылды. Заңдылықтың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қатаң бақылауға алу қажет. Бұл - еліміздің орнықты әрі тұрақты дамуының басты факторының бірі. Сондай-ақ, заманауи тұрғыда тиімді полиция қызметі мемлекет пен халықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тиігізеді, - деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы жоғарыда көрсетілген стратегиялық міндеттердің іске асырылуын қамтамасыз ету үшін 2017 жылғы 1 шілдеден бастап ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбекақысын 25 пайызға өсіру жөнінде шешім қабылданғанын айтты.

- Жұрт сіздерге қарап, мемлекеттік билік туралы пікір қалыптастырады. Сол себепті, полиция қызметкері баршаға үлгі болуға тиіс. Қазақстан полицейлері алдағы уақытта да бар күшін, тәжірибесі мен қуатын абыройлы парызды сәтті орындауға жұмсайтынына сенімдімін, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесуде Ішкі істер министрлігі арнайы мақсаттағы бөлімшесінің инспекторы Б.Дүйсеновті І дәрежелі «Айбын» орденімен, Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің Шарбақты аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ж.Мұқатовты ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Ордабасы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Қ.Саховты ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі В.Шутьконы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, Ішкі істер минстрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аса маңызды істер жөніндегі аға уәкілі А.Ғалиевті «Ерлігі үшін» медалімен, Алматы облысы Ішкі істер департаментінің жедел-криминалистік басқармасының бастығы Л.Кимді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен Ақтөбе қаласы Ішкі істер басқармасының учаскелік полиция инспекторы С.Балтамбекова, Ақтау қаласы Ішкі істер басқармасының учаскелік полиция инспекторы Е.Жолдасов және Қарағанды қаласы Ішкі істер басқармасы арнаулы мекемесінің полицейі Н.Редченко марапатталды. Соңында Қазақстан Президенті кездесуге қатысушыларға алғыс айтып, зор денсаулық, бақ-береке және жауапты қызметтеріне сәттілік тіледі. 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.01.2019

Асықтан төсеніш пен ойыншықтар жасайды

17.01.2019

Оралда «Автобус» жедел шарасы өтуде

17.01.2019

27 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтеді

17.01.2019

Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері

17.01.2019

Тікұшақ апатынан қайтыс болған ұшқыштың кім екені анықталды

17.01.2019

СІМ мен Ауылшаруашылық министрлігі инвестициялар мен экспорт бағытындағы үйлестіру жұмыстарын нығайтуда

17.01.2019

Жүзге жуық оқушы Wiki Camp акциясына қатысты

17.01.2019

Қорықшыларға қастандық жасағандар анықталды (видео)

17.01.2019

Үшінші мегаполистің төрт ауданында әкімдер тұрғындар алдында есеп берді

17.01.2019

4 мешітті ҚМДБ меншігіне өткізуде кедергілер бар

17.01.2019

Ақтөбелік жастар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

17.01.2019

Нұрлан Сейтімов Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы болып тағайындалды

17.01.2019

Қостанайда тергеуші кісі тонаушыны қылмысы үстінде ұстады

17.01.2019

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот үкімі шықты

17.01.2019

Алматыда тікұшақ апатқа ұшырады

17.01.2019

Алғашқы медициналық санитарлық көмек қызметіне қатысты мәселелер талқыланды

17.01.2019

Сенат бірқатар үкіметаралық келісімді ратификациялады

17.01.2019

Алматыда Жүрсін Ерманның бес томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді

17.01.2019

2250 әскери қызметші жеңілдікпен пәтер сатып алды

17.01.2019

Жамбылда экономиканың барлық саласында 4-5 пайыз өсім бар

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Oıynshyq týraly oı

«Bárimiz balalyqtyń aýylynan kelgen­biz», oıynshyqpen oınaıtyn jastan áldeqas­han asyp ketsek te, keı-keıde balalarymyzdyń qolyndaǵyǵa qyzyǵa qarap qoıamyz. Qyńqyldap qandaı oıyn­s­hyq suraǵanyn, dúken sórelerinen kóz ala almaı turatynyn baqylaı júrip, búgingi balalardyń talǵamyn da birshama túsinip qalǵan sıaqtymyz. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу