Елбасы «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық конкурсының жеңімпаздарымен кездесті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Егемен Қазақстан
22.06.2017 1080

Қазақстан Президенті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін Мемлекеттік қызметші күніне орай өткізілген конкурстағы жеңістерімен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметтің миссиясы халыққа адал қызмет ету және еліміздің ұлттық мүддесін тиімді қорғай білу екенін атап өтті.

– Мемлекеттік аппараттың үйлесімді жұмысы мықты әрі тәуелсіз Қазақстанды құруға септігін тигізді. Бүгінде еліміз әлемнің барлық жетекші рейтингінде сенімді түрде лайықты орындарға ие болуда. Экономиканың оң қарқыны сақталуда, қоғамдық келісім мен бірлік орнықты қолдауға ие, – деді Мемлекет басшысы.

Елбасы мемлекеттік қызметшілер елімізді дамытуға зор үлес қосқанын атап өтіп, ауқымды реформаларды іске асыруда мемлекеттік аппараттың маңызды рөл атқаратынына назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттігін арттыру тұрғысынан мемлекеттік аппаратты жүйелі түрде трансформациялау жөніндегі шараларға ерекше тоқталды.

– Мемлекеттің ашықтығын қалыптастыру жалғасуда. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бірыңғай провайдері – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылды. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың жетекшілері жыл сайын халық алдында есеп береді, – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Елбасы мемлекеттік қызметтің меритократия және ашықтық қағидаттарына негізделген жаңа форматын енгізудің нәтижелерін атап өтті.

– Қызметкерлерге еңбекақыны жұмыс нәтижесі бойынша төлеу, сондай-ақ біліктілік пен кәсіби қабілетті тұрақты түрде арттыру мәселесі заң жүзінде бекітілді. Қазақстан мемлекеттік басқару саласында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің қағидаттарын енгізуде. Мемлекеттік аппараттың тұрақтылығы нығайды – мемлекеттік қызметтегі ауыс-түйістер екі есе қысқарды. Басқа жұмысқа ауысу 18 есе, ал жұмыстан босау – екі есе азайды, – деді Мемлекет басшысы.

Соңында Қазақстан Президенті мемлекеттік қызметшілердің жоғары әдеп нормаларын қатаң сақтауының маңызды екенін айтты.

– Бәсекеге қабілетті мемлекеттік қызметті орнықтырмасақ, өркендеген Қазақстанды қалыптастыру жөніндегі басты мақсатымызға да қол жеткізе алмаймыз. Бұл орайда мемлекеттік қызметшінің абырой-беделін сақтау маңызды. Сіздер реформалардың бел ортасында жүрсіздер. Еліміздің табысқа жетуі мен гүлденуі көп жағдайда сіздердің жемісті жұмыстарыңызға байланысты. Сіздер алдағы уақытта да мемлекетке мүлтіксіз қызмет етіп, халқымызға адал еңбек ететіндеріңізге сенімдімін, – деді Елбасы.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев кездесуге қатысушылардың ел ішінде жүргізіліп жатқан реформалар мен рухани жаңғырудың негізгі бағыттарын іске асыру барысы туралы пікірін білді.

Кездесуге Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаров, Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитеті заң бөлімінің меңгерушісі М.Ахметов, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Мемлекеттік қызмет көрсетуді дамыту жөніндегі департаменттің басқарма басшысы Н.Бажаева, Алматы қалалық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы Ж.Байкенов, Павлодар облысы Ақсу қаласы Евгеньев ауылдық округінің әкімі Т.Бейсенбаева, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округінің әкімі аппаратының іс жүргізу бөлімінің басшысы М.Бектұрғанов, Ақтөбе облысы Тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Н.Бертілеуова, Павлодар облысы Шарбақты ауданы Орловка ауылдық округінің әкімі И.Галлямова, Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихаты аппаратының басшысы В.Гейнц, Президент Әкімшілігі Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары Ж.Ереева, Президент Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі М.Жақыпов, Инвестициялар және даму министрлігі Кадр жұмысы департаменті директорының орынбасары Е.Қапышев, Алматы қаласы Қаржы басқармасының басшысы А.Құдайбергенова қатысты.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.07.2018

Елорда тұрғындары кітап алмасты

22.07.2018

«Цифрлық Қазақстан»: Үкімет басшысы отандық АТ-компаниялармен мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселесін талқылады

22.07.2018

Шолпан-Атада Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті

22.07.2018

Тары өндірісі тасада қалмасын десек...

22.07.2018

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға арналған баспасөз мәслихаты өтті

22.07.2018

Білім гранттарының 70 пайызы «ІТ» мамандықтарына бөлінеді

22.07.2018

Қызылордада 18 ауылшаруашылық кооперетиві құрылды

22.07.2018

Шемонаиха тұрғындарына баспана кілті тапсырылды

22.07.2018

Бүгін ауа райы құбылмалы болады

21.07.2018

Денистің дара жолы

21.07.2018

ЖСҚ-ны әзірлеу ісі сылбыр

21.07.2018

Атыраулықтар Денис Тенмен қоштасты

21.07.2018

Тараз қаласына Денис Тенді еске алуға арналған баннер орнатылды

21.07.2018

Денис Тенді еске алу шаралары Өскемен мен Семейде өтті

21.07.2018

АҚШ-тың атақты хореографтары Астанада шеберлік сыныптарын өткізеді

21.07.2018

Қостанай облысында жыл басынан бері қылмыс азайған

21.07.2018

Астанада Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті

21.07.2018

Алматылықтар Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды

21.07.2018

Қостанай облысында жаз басталғалы 12 адам суға кетті

21.07.2018

Астаналықтар Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы жұмыс таба алады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Атақ қымбат па, абырой қымбат па?

Бүгінде қандай жолмен келсе де атақ үшін есі кете, есерлене қимылд­ай­ты­ны­мыз­ды бәрі біледі. Айта­лық, жуырдағы бір мереке күндерінде орден сатылыпты. Бұл орденнің атауы қандай дерсіз – «Қазақстанның құрметті азаматы».

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы

Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске ен­гізілуде. Мәселен, Еуропадағы компания­лар енді егістік жағдайын зерттеумен ай­на­лысатын дрондарды да шығара бас­тады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шы­ғымдылығын алдын ала болжап бі­лу­леріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс ке­ңі­нен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Аяқдоп аламаны аяқталды

Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Халық әнінің тоналу тарихы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол ха­лықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүрек­ті ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу