Елеусінов пен Дычко шілде айында кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізуі мүмкін

Жақында олар австралиялық промоутермен келісімшартты үзген болатын. Америкалық бапкер Дерек Сантос-Россарионың айтуынша, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері  Данияр Елеусінов пен Иван Дычконың кәсіпқой рингтегі дебюті  осы жылдың шілде айында өтуі мүмкін.
Егемен Қазақстан
24.05.2017 2058

Елеусінов пен Дычко ақпан айында MJA Entertainment компаниясымен келісімшартқа қол қойған. Ол кезде австралиялық промоутер Майк Алтамура қазақстандық боксшылардың кәсіпқой бокстағы дебюті мамыр айында Қытайда өтетінін хабарлаған.

Бірақ 19 мамырда Елеусінов пен Дычко MJA Entertainment компаниясымен арадағы келісімшартты бұзды. Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр әуесқой боксқа қайтып оралуға мүмкіндігін де айтып қалды. Өз кезегінде екі рет Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған Иван Дычконың әуесқой боксқа оралар ойы жоқ.

Сантос-Россарионың сөзіне сенсек, Елеусінов пен Дычконың АҚШ промоутерлерімен жұмыс істеуі мүмкін. Бұған дейін австралиялық менеджерлер қазақстандық боксшыларды атақты ресейлік Сергей Ковалевтың бапкері Сантос-Россарио жаттықтырады деп жоспарлаған.

"Алғашқы промоутерлік компаниямен келісімнің іске аспай қалғаны рас. Дегенмен, жақында бір боксшыны Флоридадағы ұжыммен кездесуге апарған едім. Ол жерде біздің Олимпиада жүлдегерлеріміздің жағдайын сұрады. Мен болған жағдайды менеджер Элвису Креспоға түсіндірдім. Енді кездесуге келісіп отырмыз.

Шынында аталмыш компания  біздің бірден оларға келмегенімізге реніштерін білдірді. Бүгін түсте (америка уақытымен) Иван мен Даниярдың жағдайын талқылайтын жиналыс өтеді", дейді Сантос-Россарио.

Ол сондай-ақ, келіссөздер сәтті аяқталған жағдайда боксшылар бірден жаттығуға кірісіп кететінін мәлімдеді.

"Олардың айтуынша, жаттығуға бірден кірісіп кетеді. Егер бәрі сәтті өтсе, жігіттер жоспар бойынша шілде айында кәсіпқой бокстағы дебютін өткізеді. Әрине, бұл жердегі менің үлесім боксшылардың жекпе-жекке дайын екенін хабарлап, қарсыласына рұқсат беру", - дейді Сантос-Россарио vesti.kz басылымына берген сұxбатында.

Айта кетейік, Елеусіновке екі мәрте Top Rank Боб Арум промоутерлік компаниясы келісімшарт ұсынған болатын. Бұл компанияның клиенттерінің қатарында филиппиндік Мэнни Пакьяо, украиналық Василий Ломаченко және америкалық Теренс Кроуфорд бар.

Айсәуле СЪЕЗБЕК

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2018

Алматыда қарт адамдарды қолдауға бағытталған карта қабылданбақ

21.02.2018

Бауыржан Байбек: Жаңа автобус алған тасымалдаушыларға 15 млрд теңге көлемінде демеу қаржы бөлінеді

21.02.2018

Жерге қатысты заң мақұлданып Сенатқа жолданды

21.02.2018

Нұрлан Ермекбаев: Мемлекет дін мен сенімге қарсы емес

21.02.2018

Дмитрий Голобурда ҚР ҚАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды

21.02.2018

Қоғамдық келісімді нығайту мәселелері талқыланды

21.02.2018

Астанада балалар өнер мектебі түлектерінің шығармашылық көрмесі өтті

21.02.2018

Б. Сағынтаев азаматтық авиацияны дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

21.02.2018

Министрлік «Егеменде» жарияланған мақалаға жауап берді

21.02.2018

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі және аутизммен ауыратын балаларды оңалту орталықтары ашылады

21.02.2018

«Спортинг» – «Астана». Жауапты ойынның жауапкершілігі

21.02.2018

Өскеменде «Жас кәсіпкер» атты бизнес-жобалар байқауы өтті

21.02.2018

«Жолдарда жемқорлықты төмендетудің 10 қадамы» акциясы ұйымдастырылды

21.02.2018

Юлия Галышева: Жүлдегер екенімді елге келгенде шынайы сезіндім

21.02.2018

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

21.02.2018

Қазақстанның латын графикасына көшуі әлемдік БАҚ назарында

21.02.2018

Астаналық жас өнерпаздар латын әліпбиін қолдап флешмоб өткізді

21.02.2018

Атырау облысындағы Сарайшық музейінде заманауи сапар орталығы салынады

21.02.2018

2019 жылы Атырау облысының 99,7 пайызы табиғи газбен қамтылады

21.02.2018

Элизабет Тұрсынбаева Олимпиаданың келесі кезеңіне жолдама алды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Халық тәжірибесі – құндылық

Елшіл қайраткер Смағұл Сәдуақасұлы «Сәрсенбек» атты романында (1922) бас қаһармандарының аузынан «Қазақ неше жылда нағыз Жапониядай болады», «Қазақ Жапония секілді болу үшін өзінің елдігі өзінде болу керек», «Мыңдаған, миллиондаған қазақтар жұмысшы болып істесе, өз жерінің байлығының рахатын көрген емей немене?! Бұл дегенің адам айтқысыз жаңару болар еді» дейтін пікірлер айтқызады. Ел келешегінің мүбәрак жолын меңзеген нұсқа сөз деп қабылдаған дұрыс.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Жүздік құрылымда рулық үлес жоқ

Жақында танымал антрополог-академик Оразақ Смағұловтың «Қазақ халқының шығу тегі» атты еңбегі жарыққа шықты. Туындыда қазақ халқы осыдан қырық ғасыр бұрын Еуразия даласында дара этнос ретінде қалыптасқаны физикалық антропология арқылы дәлелденіпті. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Тобасыз тойымсыздарға тоқтам бар ма?

Қазаққа адал қызмет етуді парыз да қарыз санаған ұлт көсемі Әли­хан Бөкейханов: «Алаштың баласы, бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгі­ні өзінде бөлек мемлекет болар» деп­ті. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әлеуметтік әділеттілік жолы

Енді ғана тағайындалған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрі Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысындағы өзінің алғашқы баян­дамасында « МӘМС жүйесін енгізуді бастау үшін үстіміздегі жылы толық­қанды дайындық жұмыстары қам­тамасыз етілетін болады» деп атап көр­сетті. 

Тағы да оқу

Пікірлер(1)

Baybik (25.05.2017 00:24:18)

Көк жарайсың, мақтаныш)

Пікір қосу