Елімізде бірнеше жолдар жабылды

Егемен Қазақстан
05.12.2016 66

05-12-16-daroga

Қазақстан өңірлерінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолдар туралы жаңа ақпараттар түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мәселен, Астана қаласы бойынша - сағат 14:44-те ауа райының бұзылуына байланысты (көктайғақ), Астана-Атбасар, Астана-Қарағанды бағыттарында қоғамдық және жүк көліктерінің қозғалысы тоқтатылды. 16.40-тан бастап Астана-Көкшетау, Астана-Павлодар бағыттары көліктің барлық түрлері үшін жабылды. Ақмола облысы - 4 желтоқсан сағат 15:15-тен бастап ауа райының бұзылуына байланысты (қатты жел, жаяу бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуі) Астана-Петропавл жолының 18-231 шақырымы аралығында (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды. 4 желтоқсан сағат 17:00-ден бастап ауа райының бұзылуына (күшті жел, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуі) байланысты «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолы (22-205 шақырым аралығы) барлық көлік түрлері үшін жабылды. 4 желтоқсан сағат 18:00-ден ауа райының нашарлауына (күшті жел, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуі) орай, «Екатеринбор-Алматы» күре жолының 917856 шақырым (Жақсы кенті - Солтүстік Қазақстан облысымен шекара) аралығы барлық көлік түрлері үшін жабылды. 4 желтоқсан сағат 22:45-тен бастап ауа райының бұзылуынан (күшті жел, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуі) «Екатеринбор-Алматы» күре жолы (917-1006 шақырым аралығы, Жақсы кенті-Атбасар), «Жақсы-Есіл-Бұзулық» (0-82 шақырым), «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (232-260 шақырым), «Жезқазған-Петропавл» (377-595 шақырым), «Астана-Қорғалжын» (16-169 шақырым), «Астана-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» (16-51 шақырым), «Екатеринбор-Алматы» (1280-1353 шақырым) тас жолдарында барлық көлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды. Шығыс Қазақстан облысы 4 желтоқсан сағат 14:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) көліктің барлық түрлері үшін республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» (778-1079 шақырым) тас жолы жабылды. 4 желтоқсан 14:00-ден бастап жаңбыр мен көктайғаққа байланысты маршруттық рейстік автобустар мен тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» (8-198 шақырым) жолы жабылды. 4 желтоқсан 15:45-тен бастап бұрқасын мен көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты барлық автотранспорт үшін Новотроицск ауылына кіреберістегі облыстық маңыздағы жолдың 0-22 шақырым аралығы жабық. 4 желтоқсан сағат 18:00-ден бастап, 5 желтоқсан таңертеңгі 08:00-ге дейін бұрқасын мен көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты республикалық маңыздағы «Өскемен-Зырян-Катон-Қарағай-Рахман қайнарлары» автожолының 4-65 шақырым аралығында барлық автокөлік үшін қозғалыс шектелді. Қарағанды облысы - 4 желтоқсан 15:35-тен бастап көктайғақ, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты «Алматы-Екатеринбор» (1051-1142 шақырым аралығы Теміртау қаласы-Ақмола облысымен шекара) күре жолы қоғамдық және жүк көліктеріне жабылды. 4 желтоқсан сағат 21:30-дан бастап көктайғақ, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуіне орай автокөліктің барлық түріне «Жезқазған-Петропавл» жолының (22-252 шақырым аралығы, Сәтбаев қаласы-Қостанай облысымен шекара) учаскесіне шығуға тыйым салынды. Павлодар облысы - 4 желтоқсан 17:00-ден бастап көктайғақ, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты «Астана-Ерейментау-Шідерті» (205-259 шақырым) тас жолының Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейінгі учаскесі көліктің барлық түрі үшін жабық.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.08.2018

Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

15.08.2018

БҚО құтқарушылары Шалқар көлінде 4 адамды құтқарды

15.08.2018

«Хат қоржын»

15.08.2018

Елбасы Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады

15.08.2018

Сақтандыру шарттарын 2019 жылдан бастап онлайн режимде жасауға болады

15.08.2018

Түріктер «Қазақфильмнің» туындыларын көрсетпек

15.08.2018

Алдағы тәулікте күн суытады

15.08.2018

Астананың апорты

15.08.2018

«Егеменнің» қолдауымен «Ұлы Дала рухы» фотокөрмесі өтті

15.08.2018

Адам Пжегодскийдің Жетісудағы көпқырлы қызметі

15.08.2018

Қыркүйек айынан бастап «Астана-Теміртау» күре жолы ақылы болады

15.08.2018

Дәметкен Сүлейменованың «Жаһанша Досмұхамедов һәм қазақ автономиясы» кітабы жарық көрді

15.08.2018

Жазықсыз атылған жампоз

15.08.2018

Астананың білім беру мекемелерінің 45 басшысы тәртіптік жазаға тартылды

15.08.2018

Қарулы күштерінің сержанты ер-азаматқа лайық батылдық жасады

15.08.2018

Атыраудағы «КасХим» жылына 27 млн полипропилен мен полиэтилен шығарады

15.08.2018

Керекулік өрендер жазды ойдағыдай өткізуде

15.08.2018

Алексей Цой жеке қабылдауына жазылған азаматтармен кездесу өткізді

15.08.2018

Жамбыл филармониясына Кенен есімі берілді

15.08.2018

«ҚАЗБАТ» батальоны АҚШ-тың «Дала қыраны-2018» бітімгерлік оқу-жаттығуларына қаты­суда

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Шалдың баласы

Қазақ менталитетінің өзіне тән тағы бір ерекшелігін айқындап, бекзат болмысын ажарлап әмбе сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптарының бірі отбасындағы үлкен баланы, әсіресе ұлдың тұңғышын ата-әжесінің бауырына салу дер едік. Ол атасының баласы болып өседі. Шалдың баласы құдайдың еркесі, оны ешкім бетінен қақпайды. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу