Еліміздегі ең арзан трактор Зайсан қаласында шығарылады

Жуырда Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында шағын шаруашылықтарды дамыту үшін қолайлы шағын тракторлар құрастырылып жатқандығын естіп, қуанып қалдық. Мұндай техникаларды шығару осы уақытқа дейін тек ірі қалалардың еншісіне тиген іс еді.
Егемен Қазақстан
10.04.2017 2460

Соның өзінде ілуде біреуінде ғана. Енді міне, мұндай істің бар-жоғы жиырма мыңдай ғана тұрғыны бар Зайсан секілді шағын қалада қолға алынуы еліміздегі кәсіпкерліктің дамып келе жатқандығының бір көрінісі емес пе.

Сұрастыра келгенімізде мәселенің мәнісі былай болып шықты.

Зайсан еліміздің шығысындағы Қытай­мен шектесіп жатқан шекаралық аудан болып табылады. Соған сай ауданда көр­ші елмен сауда-саттық жақсы жо­л­ға қойылған. Осы мүмкіндікті сәтті пай­да­лана білген аудан әкімдігі 2015 жылы Қытай кәсіпкерлерімен осы елде шыға­рылатын шағын тракторды Зайсанда құрас­тыру жөнінде келісімге келіпті. Соның нәтижесінде ауылшаруашылық тех­ни­калары мен оның құрылғыларын құрас­тырып, сататын «Ертіс ТЗ» атты орталық құрылыпты. Былтырғы жылдан бастап іске кіріскен бұл орталық әзірге 36 шағын трактор шығарып үлгерген. Істің қазіргі беталысы жаман емес. 20-26 аттың күші бар 15 шағын трактор сатылып үлгерілген. Бағалары да қымбат емес. 800 мың – 1 миллион теңге айналасында. Бұдан 14,6 миллион теңге қаржы түскен. Сол секілді түрлі құрылғылар сатудан 4,8 миллион теңге қаржы кірген. Аталған шағын кәсіпорын ендігі кезекте мотоцикльдер, күн батареяларын, киіз үйлер құрастыру мен жасауды да жоспарлап отырған көрінеді.

«Ертіс ТЗ» ЖШС-нің құрылып, жұ­мыс істеуі үшін 80 миллион теңге инвес­тиция тартылған екен. Осыған орай аудан орталығында 12 жаңа жұмыс орны ашыл­ған. Жұмыс орындарының саны алдағы уақытта арта береді деген болжам бар.

Зайсанда жаңа тракторлар шығарылып жатқандығын естіген көрші ауданның кәсіпкерлері мен жұртшылығы да бұл қуанышты жаңалыққа елең етісіп, қазіргі күні өз ұсыныстарын айтып жатқан көрі­не­ді. Ол ұсыныстар жинақталып, зерт­телінуде. Мәселен, неғұрлым қуаттырақ, 35-40 аттың күші бар тракторлар шыға­рыл­са, деген де ұсыныстар бар екен. Әри­не, егер жақсы сұраныс болып жатса, оны да қанағаттандыруға болады. Сөйтіп, құрылғанына көп өте қоймаған ЖШС-нің жұмысы тракторлардың жаңа түрлерімен толығып, ауқымы кеңейе түсуі де әбден мүмкін.

Жалпы, трактор құрастыру секілді тың бастаманың нақ Зайсан ауданында қол­ға алынуының да өзіндік тарихи себеп-салдары бар деген ойдамыз. Пат­ша өкіметінің Қытаймен шекарадағы бекініс­терінің бірі ретінде осыдан 150 жылдай уақыт бұрын іргетасы қаланған Зайсан қаласы сол тұста-ақ жедел даму жолына түсіп, бір жағы Қытай, екінші жағы Ресейдің Батыс Сібір және Моңғолиямен сауданы қыздырған іргелі елді мекендердің біріне айналып шыға келеді. Мұнда сол кездегі губерния орталығы болған Семей мен Сібір қалаларынан, Қазаннан саудагерлер ағылып келе бастайды. Себебі, бұл жерде Қытаймен сауда жасаудың қолайлы мүм­кіндігі туады. Тарихи деректерге қара­ғанда, мұнда жыл сайын көктем айларында Никольский жәрмеңкесін өткізу дәстүрі қалыптасып, сауда шеңберін кеңейте түскен. Сабын, сыра, қайнататын, кірпіш күйдіретін, былғары илеп, жүн жуатын зауыттар ашылған.

Міне, осындай тірліктер Зайсан ауда­нында осыдан жүз жыл бұрын болған. Өкінішке қарай, байлардың қуғындалып, Кеңес Одағы мен ҚХР арасында шекараның тарс жабылып, «темір шымылдық» орнауы Зайсанды Қазақстанның шеткері бір өңіріне айналдырып, тіршілік дамуының арналы жолын тежеп тастады.

Еліміз тәуелсіздігіне ие болып, кәсіп­керліктің қалыптасуына кең өріс берілуі Зайсан қаласын қайтадан жедел даму жолына түсірді. Аздаған жылдардың ішін­де қала аумағында бірнеше базар пайда болып, сауда үйлері құрылды. Бір­неше қонақүй, мейрамхана, ондаған кафе­лер, сауда дүкендері, халыққа қызмет көр­се­тетін орындар ашылды.

Өнеркәсіп саласы да қарқынды дами бастады. Кендірлі көмір кенін игеру қайта қолға алынып, тек Зайсан ғана емес, көршілес ауданның тұрғындары да көмірді алыстан іздемейтін болды. Зайсанның іргесіндегі Қарабұлақ ауылының маңынан мұнай мен газ кен орындары ашылып, Қытайға газ жеткізетін құбыр салынды. Зайсан қаласының тұрғындары осы көгілдір отынды пайдалана бастады.

Балық зауыты, кірпіш және темір-бетон бұйымдарын шығаратын кәсіпорын ашылды. Екі сүт зауыты, астық өнімдерін өңдейтін кешен салынды. Тауарлар сақтап, жөнелтетін қоймалар желісі бой көтерді. Зайсанның арасан суын шығару қолға алынды. Енді міне, шағын тракторлар да құрастырыла бастады.

Зайсандағы тірліктің қайтадан жан­дануына тікелей ықпал етіп отырған маңыз­ды фактор – бұл аудан аумағынан Қытай­мен сауданы дамытуға негізгі себепші бо­лып отырған Майқапшағай халық­аралық кеденінің ашылуы. Осының ар­қасында кезінде көпестер қаласы атан­ған Зайсан қайтадан өзінің тарихи даму сүресімен қауышып, аз жылдар ішінде шығыстағы ең жедел дамушы өңір­дің біріне айналып шыға келді. Осы­ның нә­ти­жесінде еліміздің ең бір қиян түк­пі­рін­дегі шағын қаладағы үйлер­дің баға­сы өнеркәсіпті Өскемен қаласын­дағы үй­лер бағасымен теңесуге жақын қалды. Бұл ненің белгісі? Әрине, Зайсанның алдын­да үлкен даму болашағының бар екен­дігінің белгісі. Өкінішке қарай, осы жағдайды Үкімет дұрыс бажайлап, түсіне алмай отырғандай. Әйтпесе, Зайсанның даму феноменіне назар аударатын уақыт баяғыда жеткен секілді. Тіпті, мұны көре-білудің өзі, шынымен ниет болса, он­ша­ма қиын дүниеде емес. Өйткені, Зай­сан өңірінде үлкен даму болашағы бар екендігін, ең алдымен, оның осыдан 150 жыл бұрын басталып кеткен тарихының өзі көрсетіп отыр.

Әдетте, Үкіметтің, салалық министр­ліктердің жұмысы қалай ұйымдас­тыры­лады? Бірдемені дамыту үшін үлкен бағдарламалар әзірленіп, ол қаржымен қамтылады. Ол шынымен дамитын дүние ме, жоқ әлде босқа қаржы шашпақ іс пе, оған көп назар аударылмайды. Осы­дан тиім­сіздік етек алады. Біздің ойы­мыз­ша, қар­жыны ең әуелі өзі дамиын деп тұр­­ған іске демеу ретінде пайдаланса, орын­ды болар еді. Мәселен, Үкіметтің еш­бір бағ­дарламасынсыз, қолдауынсыз өз беті­мен дамып келе жатқан Зайсан се­кіл­­ді шекара­лық өңірлерге неге назар аудар­масқа? Мұнда салынған бір теңге­нің күні ертең бірнеше теңге болып қай­та­тын­ды­ғына бәс тігуге бармын. Оның үстіне, Зай­санның айналасына ел жиналып, шы­ғыс­тағы бірнеше ауданнан халық­тың ел ор­та­лық­тарына қарай үдере көшуі де тежел­ген болар еді.

Зайсаннан темір жол салынады екен деген қуанышты хабарды естігенімізге бірнеше жылдың жүзі болды. Естуімізше, оны қай бағытқа тарту жөнінде екі жоба әзірленіп, орталық мемлекеттік орган­дардың бірінде талқыға түскен. Аягөзге қарай тарту бағыты, яғни Алматыға қа­рай жақындату жобасы таңдап алыныпты дегенді естідік. Біздің ойымызша, бұл қате шешім. Өйткені, Алматының Қы­тай­ға кіріп-шығатын өз жолы бар. Де­мек, екі жолды бір-біріне бәсекелес қы­лып не ұтады? Одан да Сібірге қарай жақын­да­ту үшін Зырян бағытын таңдап алса, жөн болар еді. Өйткені, Сібір дегеніміз Жер ша­рын­дағы минералды шикізат байлық­тары­ның басты қоймаларының бірі емес пе? Ресейдің негізгі күшінің өзі осы Сібір­де тұр. Егер болашақ Зайсан темір жолы Ба­тыс Қытай мен Ресейдің Сібірінің ара­сын жалғайтын болса, бұл темір жол емес, нағыз алтын жолға айналған болар еді.

Сұңғат Әліпбай,

«Егемен Қазақстан»


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.12.2017

Дәурен Абаев ақпарат саласының үздіктерін марапаттады

15.12.2017

Елбасы ҚР мен ХҚҚДБ арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялады

15.12.2017

Шымкентте Тәуелсіздік күні 558 отбасы қоныс тойын тойлады

15.12.2017

Қанат Ислам «Құрмет» орденімен марапатталды

15.12.2017

Астанада бес жылға арналған денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасы әзірленіп жатыр

15.12.2017

ҚХЛ жұлдыздары матчының 70%-ға жуық билеті сатылды

15.12.2017

Тәуелсіздік күніне Атырау облысында жаңа демалыс саябағы ашылды

15.12.2017

ҚХА құттықтауы

15.12.2017

Газ транзиті де, экспорт та ұлғайды

15.12.2017

Самұрық-Қазына: бесжылдық дамудың көкжиектері

15.12.2017

Жаңаша экономикалық ойлау – Елбасы феноменінің бір қыры

15.12.2017

Қазынасы мол елді инвестордың өзі іздеп келеді

15.12.2017

Ұлы Дала халқының құрамдас бөлігі

15.12.2017

Алматыда «Қазақ деректі киносы күндері» аяқталды

15.12.2017

«Қайт, қазақ Отаныңа!»

15.12.2017

ШҚО-да роботтандырылған хирургия орталығы ашылады

15.12.2017

Барқыт үннің иесі

15.12.2017

Төрқаланы тұғырға қондырған қалам

15.12.2017

Тәуелсіздікке үлес – барлық мүддеден биік күрес 

15.12.2017

Астанада «Мәңгілік Ел» қай­раткерлері: Хам­за Қиқымов» тақы­ры­бында көр­кемөнер көрмесі ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Елдіктің киесі

«Қазақ елі үшін ең басты құндылық не?» десе, мың-миллиондаған отандастарымыз: «Ол біздің алтыннан да ардақты, күмістен де салмақты Тәуелсіздігіміз!», деп жауап қатары шүбәсіз.

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Намыс туралы нақыл

Ата-бабалардан мирас болып жет­кен Ұлы Даланың түпкі тари­хына­ бармай, ХХ ғасыр басында, тура 100 жыл бұрын Ресей патша­лығы құрдымға кетуге таяп, ақ пен­ қызыл айқасқан кеңестік жаңа импе­рия күш ала бастаған шақта, 1917 жылы 5-12 желтоқсанда Алаш қай­раткерлерінің Алашорда автономиясын құру қадамы сан ғасыр­дың қойнауында қайнап піскен ұлттық намыстың тәуелсіз ел болуға ұмтылысының басы еді. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Әділеттің ақ жолынан Трампша аттау

Жуырда АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің ас­та­на­сы дегенді мойындап, АҚШ ел­шілігінің Тель-Авивтен сол қалаға кө­шірілетінін мәлімдеді. Үстіміздегі жылдың маусым айында ғана елші­лікті көшіруді кейінге қалдырған Трамп­тың бұл шешімі қандай да бір қы­сы­мның күштілігінен екені көрініп тұр.   

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Дарын мен қарым

Дарын – тағдырдың сыйы. Ұстай алсаң құстай ұшасың, ұстай алмасаң мұрттай ұшасың. Ұстай алғанның қарымы зор. Бағы биік. Затына қарай аты, еңбегіне қарай өнбегі телегей теңіз. Ұстай алмағанның ұсқыны кірмейді. Қадамы ілгері жүрмейді. Қанша жетектегенмен, қамқорлық көрсеткен кері кетіп, күндердің күнінде күлкіге айналып, көлденең «кермеге» ұрына береді. Мұны өмір сабағына көз жібергенде көріп-біліп отырмыз.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Абыздар мен Алыптар

Кезінде қазақ әдебиетінің классик ақсақалы Ғабит Мүсіреповтің «Социалистік Қазақстан» газетінде шыққан «Дәстүр және жаңашылдық» деген мақаласы жан сарайын өзі айтатын есрафіл самалындай желпіп, зиялы қауым мен жазушы жамағатқа кеңестік тымырсықтың көбесін сөккен сәуледей әсер етіп еді. 

Тағы да оқу

Пікірлер(1)

Ербол (12.04.2017 07:37:09)

"Тірлік" деген сөз - көбіне Жамбыл облысы және онымен шекаралас өңірлерде ғана айтылатын диалект. Оны елдің бас газетінің сайтында жазу - тілді бұзуға жасалған шалыс қадам. Осыған абай болсаңыздар екен. Ал, материал өте қажет, құнды. Рахмет!

Пікір қосу