Еліміздің орман алқаптары 24 мың гектарға артты

Егемен Қазақстан
29.11.2016 82
orman Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өтіп жатқан «Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғаудың, өсімін молайтудың және олардың объектілерін орнықты пайдаланудың өзекті мәселелері» тақырыбында өтіп жатқан «дөңгелек үстел» барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. «Қазақстан орманы аз мемлекеттер қатарына жататындығы белгілі. Орманды алқаптар елдің 4,6 пайызын ғана алып жатыр. Сондықтан екпелерді көбейту министрліктің негізгі міндеттерінің бірі. Осы орайда, жергілікті әкімдіктер бекіткен жоспарға сәйкес өңірлерде жасыл аймақтарды құру, елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Осынау маңызды жұмыстарды атқару үшін әр өңір бойынша 5 жылдық жоспар жасалып, бекітілді. Айта кету керек, бұл жұмыс биылға дейін жүйелі жүргізілмеген болатын. Дегенмен, соңғы 10 жылда 2005 жылғы 31 мыңнан осы жылы 55 мың гектарға дейін ұлғайды», – деп атап өтті вице-министр. Бұл ретте ол Елбасы тапсырмасына сәйкес Астана маңында жасыл желек құру жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатқанын баса айтты. Бүгінде бұл аймақтың көлемі 75 мың гектарға жеткен. «Орман саласын қолдау мен сауықтыру бойынша бірқатар шешім қабылданды. Олардың бастылары мыналар: жұмыр ағаш материалдарының экспортына тыйым салу, сексеуіл ормандарындағы ағаш кесудің барлық түріне мораторий жариялау. Қылқан жапырақты ормандарда санитарлық мақсатта және өртенген орман ағаштарын кесуге тыйым салу мәселесі қарастырылуда. Сонымен қатар табиғи қалдықтарды да қолдануға тыйым салынды. Сауда орындары мен жанармай құю бекеттерінде сексеуіл сатуға тыйым салу жөніндегі шаралар қолданылуда», – деді Нысанбаев. Бұдан бөлек, вице-министр Қазақстанда орман алқаптарын ұлғайтуға мүмкіншілік жасау мақсатында  орман пайдалану және ормандарды толықтыру мәселелерін дамыту, жеке орман өсіру институтын, ағаштұқымдастарын өндірістік және энергетикалық мақсатта плантациялық өсіруді дамыту көзделіп отырғанын баса айтты.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.05.2018

Солтүстік Қазақстан облысы мен «CLAAS» компаниясы меморандумға қол қойды

20.05.2018

Торғайдағы Ахмет Байтұрсынов туған үй жөнделетін болды

20.05.2018

Қостанай облысында 18-ші өрт сөндіру бекеті ашылды

20.05.2018

Қостанай қаласы «мерейлі отбасын» таңдады

20.05.2018

Батыс Қазақстан мен Астана әріптестік туралы меморандумға қол қойды

20.05.2018

Каспий жағалауында суға шомылу маусымына байланысты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

20.05.2018

Ақтөбе және Орынбор облыстары ресми делегацияларының кездесуі өтті

20.05.2018

Павлодарда партиялық жоба аясында IT-орталық ашылады

20.05.2018

Екібастұздағы «Шығыс» кенішіне «Liebherr R-976 Litronic» экскаваторы әкелінді

20.05.2018

Павлодарда Медиаторлардың республикалық форумы өтті

20.05.2018

Павлодарда ауыл шаруашылық жерлері электронды картаға түсіріледі

20.05.2018

Павлодарда жүргізушілердің төленбеген көлік салығы 670 миллион теңгеге жеткен

20.05.2018

Хорватия Астанада дипломатиялық өкілдік ашпақ

20.05.2018

Самал Еслямова Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды

20.05.2018

20 мамырға арналған ауа райы

20.05.2018

ҚарМУ-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысын талқылады

19.05.2018

АЭФ-2018 аясында жаһандық трансформация жағдайындағы азаматтық қоғам институттарының рөлі талқыланды

19.05.2018

Қазақстандық сарапшылар ғаламдық дамудың басты бес мегатренді туралы пікір білдірді

19.05.2018

Н. Назарбаев атап өткен бес мегатренд АЭФ-2018 алаңдарында кеңінен талқылануда

19.05.2018

QazaqGeography «Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамының» кезектен тыс съезі өз жұмысын бастады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі 

Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық зама­нының елең-алаңында қолына қалам ұста­ған жігіттердің арасынан адамдар кітап­қа оралады әлі дегенді сеніммен айт­қандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қолдан жасалған қасірет

Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Оразаның нығметі

«Зор сүйінші айтайын, Мұсылман болып туғанға. Ислам дінін қуғанға...» деп Майлықожа бабамыз жырлағандай, исламды дінім, Мұхаммедті пайғамбарым деп таныған мүміндер үшін қасиетті рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспет­тесе, үлкен сахаба Абдулла Аббас «күн­­дердің қайырлысы – жұма, айлардың қайыр­лысы – рамазан» деген екен.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Жол апатын азайту жүргізуші мәдениетіне байланысты

Өткенде екі көлік соқтығысып қал­ды. Олар көшенің бағдаршамы жоқ қиылысында бір-біріне жол бермеген. Содан екі жүргізуші бірін-бірі кінәлап жатыр. 

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қазақ қызы осындай

Ұлттық дүниетаным ілімінде халық­тың гүлі қазақ қызының болмысына, әдеп-ілтипатына, сұлулық, ізеттілік қасиеттеріне қатысты «Қызда оттай ыстық мейір бар», «Қызда 40 періште бар», «Қызда 40 көліктік бақыт бар», «Қыздың қабағында құт бар», «Қыз назы 40 кісіні мас қылады», «Қыз 40 істің қисынын біледі», «Бұрынғының қыздары бармағының шұңқырындағы асқа тояды» дейтін сұлулықтың тұңғиық сырларын мәлімдейтін інжу-маржан ойлар, толғамдар, лала лебіздер бар.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу