Елінің ертеңін ойлаған Елбасы

Алаш жұртының ару Астанасы төрткүл дүние тамсанатын, әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарыстырып, бой таластыра алатын бас қаласы ретінде қалыптасты. Тәуелсіз Қазақстанның елордасы жұмыр жерді толғандырған тақырыптар талқыланатын, салиқалы саясат, тұғырлы экономика, дінаралық келісім кеңестері өтетін жаһандық орталық дәрежесіне жетті. Елорда төрінде айбарымызды асқақтататын, халықаралық саяси және экономикалық мәселелер талқыға салынатын жиындар, жоғары деңгейде халықаралық шешімдер қабылданған мәжілістер соның айғағы. Мәртебесі биік, ұлағаты зор ұлы жиындар өткізіп Астана әлемге таныла бастағаннан кейін елорданың кемел де келісімді мәжілістерге мұрындық бола алатын деңгейі қуаттала түскендей болды. Бүгінгі күні Астана қазақ даласының ғана емес, күллі Орталық Азияның, Еуразияның да беделін алға сүйреп келеді.
Егемен Қазақстан
06.07.2017 3038
2

Астананың авторы – Елбасы­мыз­дың өзі, өзінің ұйғарымымен, ұлы мұратымен үн­­дес қала. Жаңа тұр­патты мемлекеттің ай­на­сы, Тәуел­сіздік жемісі. Елбасы мен елор­даны бір-бірінен ажыратып қарай ал­май­сың. Сарыарқадай қасиетті өңірде көз жауын алар көркем қала тұрғызып, оны қысқа мерзім ішінде миллион тұрғыны бар әлемдік мега­полистермен иық теңестіре алатындай эстетикалық рухы бар әсем шаһарға айналдыру, екіге жарылып ағып жатқан ерке Есілдің бойына жағалата ел қондыру ерлікпен пара-пар іс. Жастығына қарамастан, Арқаның мойнына тағылған алқа ғана емес, күллі қазақ даласының салтанатын асырып тұрған сиқыры бар еліміздің байтағы көптен бері «ХХІ ғасыр­дың қаласы» деп аталып келеді. Жаңа ғасыр шаһарының бұлай аталуы­ның жөні бар. Осы мерзім аралы­ғында қоғам­дық санамызда, дүние­танымымызда жаңа тұр­патты мем­лекетіміздің орталығы елорда ретін­де берік орнығып үлгерді. Ең ал­ды­мен, Еуразияның кіндігінде жаһан­­дық топтасудың һәм ауқымды инте­­грацияның инициаторы ретінде бейбіт­шілік пен келісім, татулық пен бір­лік­ті темірқазық еткен Астана бедел­­ді мем­лекеттер арасында өзіндік қол­таң­­ба­сы­мен айшықталды. Салт атты өрке­ниеті­мен салтанат құрған көш­пенді империялық дәуіріміздің бүгін­ге жеткен жалғасы сынды Ақ­ор­да әлемдік саяси ой-пікір­лерге, сая­си шешімдерге жаңаша серпін­мен ық­пал аясын кеңейтіп келеді. Әлем­де ел­орда болғалы өте қысқа мерзім ішін­де дәл Астана секілді мәшһүр болып үлгер­ген орталықтар жоқ та шығар. 
Көптен бері Астана күнін тойлау­ды халықтық дәстүрге айналдыр­дық. Астана бізге несімен қымбат? Ең алдымен, Астана – кіндік қала. Аспан кеңістігіне бергісіз кең-байтақ жері­міздің кез кел­ген нүктесіне бір­дей қашықтықта орна­ласуы­мен қолай­лы. Қазақстанның тура орта­сын­да орналасқандықтан, саяси стра­те­гиялық жағынан да өте тиімді таңдалған орталық. Екіншіден, тәуел­сіздік алғаннан кейін құрылысы қауырт, қарқынды жүр­гізілген Астана аз уақытта адам та­ны­мастай өзгеріп, көз алдымызда ке­ре­мет көркейіп өсіп келеді. Бүгінде Ас­та­н­а­мыз жай ғана бір елдің елордасы болып отыр­­ған жоқ. ЕҚЫҰ-ның Астана Сам­ми­тін, Шанхай ынтымақтастық ұйы­мы­ның, Ислам Ынтымақтастығы Ұйы­мының мәслихаттарын, Әлемдік және дәстүрлі дін­дер көшбас­шы­­ларының съезін, Астана эконо­ми­ка­­лық форумын, Азиада­ны, енді міне, ЭКСПО-2017 секілді халық­ара­лық маңы­зы зор үл­кен шараны өт­кізіп жат­қа­ны­­мыз ел мере­йін ғана өсір­мейді, бұл Қазақ­­станға деген шет мем­лекет­тер­дің, әлем­дік қоғам­дастық­тың сенімін біл­діре­ді әрі өңір­дегі басқа елдерге қара­ғанда, ресми Астанаға артылған сенім аса зор. 
Жыл сайын Президентіміз өзінің Ақордасында шығармашылық зия­лы қауым өкілдерін қабылдап, кез­десу өткізеді. Бұл кездесулерге ел де елеңдеп, ұлттың тағ­ды­рына бай­ла­нысты байыпты әңгіме қозғалар ма екен деп құлағын тосатынын байқап жүрміз. Ол жердегі әңгіме барысында қоғамдық-саяси саладағы кең ауқымды мәселелер қозғалып, мәдениетті дамыту, қазіргі заманғы әдеби үдерістердің аспек­ті­лері, жал­пы, ел өмірінің барлық мұң-мұқтажы, қам-қарекеті мүмкіндігінше қамты­лып айтылады. Ал соңғы кезде­суі­мізде латын әліпбиіне көшу, демо­гра­фия­лық ахуал, көші-қон саясаты, үш тілде білім беру жүйесін енгізу секіл­ді дәл қазір қоғамда өткір қозғалып отыр­ған мәселелер жөнінде сөйлестік. Сол кездесулердің қай-қайсында да Нұрсұлтан Әбішұлы алыстан бауырлары кел­гендей көңіл хошымен қарсы ала­ды, көнекөз достардай еркін әңгіме-дүкен құрады. Президент бірден «тек шын­дықты айтыңдар» дейді. Содан кейін қазан­ның қақпағы ашылып кеткендей, кеудемізге жи­на­лып қалған ойды ағытамыз. Сөзімізді бөлмей, кең отырып тың­дайды. Кей­бір ойымызды қағазына түртіп алып отырады. Жазушылармен жолы­ғы­сып, жанының жадырап қалғанын ай­та­ды. 
Әлі есімде, осыдан бес-алты жыл бұрын кездескенімізде, Прези­дент ағы­нан жарылып, құмарынан шық­қанша әңгі­ме­лесті. Өмірбаяны туралы әңгіме айт­қан­да, көзіне мөлтілдеп жас келгенін бай­қа­дым. Мыса­лы, Президент балалық ша­ғы туралы әңгімеледі. «Бес-алты жас кезім еді», – дейді ол. – Ұйықтап жатсам, шешем: «Нұрсұлтан, Нұрсұлтан!» – деп дауыс­­тады. Оянып кеттім. «Не болды, апа?» – дедім. Ол: «Е, бар екенсің ғой, құ­лы­ным!» – деп, бетім­нен сүйді. Сөйтсем, апам түс көріп­ті. Түсінде мен тауға шығып бара жатыр екенмін. Ол: «Тауға барма! Он­да қалың тұман, адасып кетесің. Суық, тоңасың. Қасқыр бар», – деп айғайлайды екен. Тек таудың жар­ты­сына барғанда ғана арты­ма бір бұры­лып қарап, одан ары жүре беріп­пін. Шешем өз дауысынан өзі оя­нып, мені іздеген екен», – дейді Назарбаев. Егер адамның жүре­гі жұм­­сақ болмаса, көңілі босай ма? 
Сол жолы көрші Өзбек­станда қазақ деген төлқұжаты бар 2 мил­лион, ұлтын өзбек қылған 4 миллион қан­да­сы­мыздың бар екенін айтқан едім. Қытай­дағы қытайландыру сая­сатының тез қар­қын­мен үдеп бара жатқанын қауіп қыл­дым. Маған қазақ­стандықтардың 20 мил­лионға жетуінен гөрі, қазақтың 20 мил­лионға өсуі маңызды екенін де әңгіме арасында қоса кет­тім. Біз – азбыз де­ген ойымды білдірдім. Ол кісі мұқият тың­дады. Тыңдап қана қойған жоқ, шет­тегі қар­а­­көз­дер мәселесінің үнемі толған­ды­ра­ты­­нын, мұның да оң шешімі табылатынын айтты.
Жақында Дүниежүзі қазақтары­ның құрылтайы Астанада ұйымдас­ты­рылды. Әлемнің түкпір-түкп­і­ріне тарыдай ша­шы­рап кеткен қазақ­тар­дың Астанаға келу арманына айнал­ғандықтан, осы мұрат ескерілген болуы керек. Президенті­міз­бен кез­дескен кезімізде: «Сіз қазақстан­дық­­тардың немесе Қазақстандағы қазақ­тар­дың ғана Президенті емессіз, шетелде жүрген қандас бауыр­лары­мыздың, қиыр жайлап, шет қонған барлық қазақ ұлты азамат­тарының да Президентісіз», деген едік. Біздің бұл пікірімізге Пре­зи­денттің өзі де: «Дүние жүзіндегі қазақ­тардың барлығына қам­қор бола аламыз, құдайға шүкір, оған біздің қуатымыз да, мүмкіндігіміз де жетеді» деп қуандырған еді. Шетел­дегі қандас­тарымызбен кез­де­су­дің тағы бір орайы Хали­фа Алтай атты шоқтығы биік қайрат­­кер қазақ азаматының 100 жыл­ды­ғына байланысты туды. Оған қоса ұйымдастырылған Алаш партия­сының 100 жылдығына да шетелден өте көп бауыр­ларымыз келді. Дүние­нің төрт бұры­шына таралған туыс­тарымызбен табысудың зор мүмкін­дігі туғанда армансыз сөйлесіп, арғы жақ пен бергі жақтағы қазақтар риясыз араласып, бір марқайып қалдық. Осының бәрі қазақ жерінде өткеніне олар да алғысын білдірді, біз де мақтанып, өзара қимастықпен тарқастық. Міне, осындай себеп­термен Астанамыз әлемдік тарихта айрықша орын алып отыр. 
Халықаралық дәрежеде тұсауы кесіл­геннен бері Астананың туристік әлеуеті артып, имиджі көтеріліп келе­ді. Қазақ­стан түгілі, Кеңес Одағы­­ның өзінде ешқашан өткізіліп көрмеген саяси мазмұны ауқым­ды алқалы бас­­қосу­лардың алаңына айнал­ғалы Астана бейбітшілік пен келі­сім­нің орта­лығы болып отыр. Сирия мәсе­лесі, Украина мәселесінде де екі елдің мүд­­де­сіне тура келетін келісім ұстап, бейбіт саясатты қолдайтын ұстаны­мына сәйкес ымыраға келтіретін ортақ ойын білдірді. Осындай батыл қадам­дарымен Астана татулықтың, елдес­тірудің алтын көпіріне айналды. Маза­сыз кейіпке еніп бара жатқан әлем­дегі шиеленістердің түйінін шешуге байланысты Астана төрелік айтуға шықты. Меніңше, Қазақ елі үшін бұл да бір мәртебе.
Қазақ елінің астанасы – әртүрлі форум­дар мен халықаралық маңызы зор шара­­лардың орталығы. Әртүрлі конфес­сия­лар арасындағы диалогты жоюға қойып, батыс пен шығыстың діндерінен таралып отырған тарам-тарам ағымдардың нысанасына айнал­ған Азиядағы діни ахуалды рет­теуге байланысты Астана көп жұ­мыс атқарып келеді. 
ЭКСПО-2017 халықаралық көрме­сінің Астанада өткізілуі бас қаланың биыл­ғы туған күнінің ажарын аша түс­кен­дей. Тұс-тұстан ағылып келе жат­қан алаш жұртының сыртында, қазақ жерін­де ұйымдастырылып отырған дүбір­лі шараны қызықтау үшін шет мемле­кет­терден де қаншама қонақтар келіп жатыр. Бұл халықаралық шара­­ның жеке өз басыма да тигізетін шара­па­ты аз емес. Ұлыбританияның павильо­нын­да Лондон баспасынан жарық көр­ген ағылшын тіліндегі екі томдық кітабым­ның тұсаукесері өткелі отыр. Осы кітап­тардың таныстырылымына орай Англия­дан бір топ делегация арнайы келе жатыр. Мұның бәрі ненің арқасы? Ең алды­мен, тәуелсіздіктің жемісі деп біле­мін. Драматургия мен театр өнерінің отаны саналатын ұлы Шекспир елінің сахна­сында пьесам қойылды, ағылшын тіліндегі кітабым шықты, тәуелсіздіктің арқасында танылып, мойындалмасақ, осының бірі болар ма еді, жоқ па, кім білсін? 
Мемлекетіміздің идеологиялық ахуа­лы­на оң өзгерістер келіп, әдебие­ті­міздің әлсіреген тамырына қан жүгір­тетін жа­ғым­ды үрдістердің бас­та­лып жатқаны да көңілге қуаныш ұяла­­тады. Қат болып, құрдымға кет­­кен қаламақы мәселесі шешіліп, қалам­­герлердің көз майын тауы­сып жазған туындыларына ақы төленетін болды. Қашаннан алаңдатып келе жатқан аударма жайы да қолға алынып жатыр. Қанша жерден аттан салсақ та, кітап оқитын, жақсы шығар­малар жазып жүрген, әдебиетті сүйе­тін адамдар қатары бар. Ендеше, әде­биет те жасайды, оған жасалатын қамқорлық та жалғаса береді. 
Президентпен бір емес, бірнеше рет кез­дескен қаламгерлердің қатарынан бол­ған­дықтан, ол кісінің мемлекет тірші­лі­гінің тамырын тексеріп, ағзасының кінәратсыздығын бақылап отырған қырағы басшы екеніне көзім жетті. Елбасының елге деген ықыласының ерекше екенін әр жолғы кездесуден анық байқаймын. Соңғы кездескенімізде ру­хани жаңғыру, ұлттық кодқа байланыс­ты әңгіме өрбіді. Осы уақытқа дейін әде­биет, мәде­ниет, өнер атаулы саясатқа жұ­мыс істеп келсе, ендігі жерде бәрі кері­­сінше болмақ. Руханият алға шығып, халық­тың танымындағы, туабітті тегі мен қанын­дағы ізгілік, адамгершілік, отан­сүйгіш­тік, патриоттық сезімі­мен бай­ла­­ныс­ты барлық құндылық­тарымызға ба­сым­дық беріледі. Бұл саясаттағы ғана емес, тағ­дыры­мыз­дағы үлкен бетбұрыс. Ең қы­зығы, рухани жаңғыру мәселесі қоғам­­да қызу талқыланып жатқанда, мен Лондоннан латын қарпімен орыс тілін­де жазылған хат алдым. Ежіктесем де, елең еткізетін хатты бір­неше рет өзім оқып шықтым. Демек, латын әрпінен қор­қу­дың қажеті жоқ екен. Жастар тіпті тез мең­гереді. Ұлттың келешегіне керек, қазаққа қажет дүниені дүрліктірмей, ушық­тырмай, көптің көңілінен орын табатын­дай кезеңде ұсынып, Прези­дентіміздің ұлттық саясатты қолға алғаны құптарлық. Тіліміз, рухымыз, қайсарлығымыз сақтал­са, қазақтың намысы биік болатын бол­са, халық аштыққа да, суыққа да, жала­ңаш­тық­қа да төзе біледі. Тек ертеңге деген сені­­мімізге селкеу түспесін. Ертеңге деген сенім болса, қазақ хал­қы қолға алған қандай шаруаға да қа­йыс­пай, қаймықпай кірісетініне көзім жетеді. 

Дулат ИСАБЕКОВ,
жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Қостанайлықтар жарықдиодты шыны төсеніштермен жүреді (ВИДЕО)

21.09.2018

Қанат Ислам мақтааралдық жас боксшыларға мастер-класс өткізді

21.09.2018

Бурабайда жаңа мешіт ашылды

21.09.2018

Онкологиялық қызметтің атасы Сәкен Нұғмановтың 100 жылдығы атап өтілді

21.09.2018

Дзюдошы Ерлан Серікжанов жартылай финалға шықты

21.09.2018

Қайрат өз құрамын жария етті

21.09.2018

Асқар Жұмағалиев Үндістанның АТ және телекоммуникациялар министрімен кездесу өткізді

21.09.2018

Шетелдік мамандар ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуды бастады

21.09.2018

Шыңғырлау ауданында төрт емдеу нысаны күрделі жөндеуден өтті

21.09.2018

Рани Мукерджидің қазақтарға сәлемі

21.09.2018

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады

21.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

21.09.2018

Халқына демесін болған күйші

21.09.2018

Жер үстінде жұмақ бары рас па?

21.09.2018

Зейнетақы қоры жалған қауесетті жоққа шығарды

21.09.2018

Димаш Акимов: Көрерменім «Адам» атандырып жіберді

21.09.2018

Қостанайда 11500 адам бірыңғай жиынтық төлем төлейтін болады

21.09.2018

Вьетнам президенті Чан Дай Куанг көз жұмды

21.09.2018

Роналду алғаш рет ойыннан қуылды

21.09.2018

Qasiet pen qasiret

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу