Елорда бюджетінің екі жылға арналған жобасы мақұлданды

Егемен Қазақстан
28.11.2016 82
astana Астана қаласының қоғамдық кеңесінің отырысында елорданың 2017-2019 жылдарға арналған бюджетінің жобасы мақұлданды. Елорданың басты қаржы құжатының жобасын әкімнің орынбасары Андрей Лукин таныстырды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. Астананың алдағы 2 жылға арналған жергілікті бюджетінің жалпы көлемі 660,5 млрд теңге сомасында бекітілді, оның 219 млрд теңгесі келесі жылға арналған. «Қаланың бюджеті әлеуметтік бағдарланған болып қалды. Алдағы жылы әлеуметтік саланың өзіне ғана 90 млрд теңге шығын немесе жалпы бюджеттің 41,3% көлемінде жоспарланған», – деді әкімнің орынбасары. Бұдан бөлек, ол келер жылы Астананың республикалық бюджетті қалыптастыруға қандай көлемде үлес қосатынын хабарлады. «Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заңға сәйкес, келесі жылға арналған бюджеттің жобасында бюджеттің алулары шамамен 20,5 млрд теңге, яғни, бүкіл ел болып елорданы салса, енді елорда донор бола отырып, республикалық бюджетке қаржы құяды», – деді Андрей Лукин. Сондай-ақ, ол келесі жылы жергілікті бюджет қандай көлемде кіріс алуды жоспарлап отырғанын хабарлады және елорданың жеке кірістерінің басты көзі еңбекақы төлеу қорының салықтық түсімдері екенін атап көрсетті. «2017 жылға түсімдер бойынша бюджеттің жобасы жеке кірістер бойынша 212 млрд 550 млн теңге көлемінде бекітілді, биылға жоспарланған бюджетке қатысты өсім 32,5 млрд теңге немесе 18%. Атап өтерлігі, жергілікті бюджеттің кірістерінде салық түсімдерінің үлес салмағы басым - 90-97% -ға дейін. Соның ішінде, елеулі үлес еңбекақы төлеу қорының салықтарына келеді - төлем көзінен алынатын кірістерге жеке кіріс салығы - 43% және әлеуметтік салық - 36%», - деді әкімнің орынбасары.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.08.2018

Алматыда қалай баспаналы болуға балады?

15.08.2018

Анасын сағынғандар оқитын кітап

15.08.2018

Ақтауда «Қазақстанның үздік тауары-2018» байқауы өтеді

15.08.2018

Атырау облысында жергілікті бюджеттен талапкерлерге 230 грант бөлінді

15.08.2018

Мәдениетке мән берсек...

15.08.2018

Лондонда көлік парламент ғимараты қоршауына соғылды

15.08.2018

Қазақстанда екінші рет ҰБТ тапсыру басталды

15.08.2018

Батырхан ҚҰРМАНСЕЙІТ. АҚШ пен Қытай арасындағы мәселелер

15.08.2018

Нұрбах РҮСТЕМОВ. Прагматизм, көпвекторлық және ұлттық мүдделер

15.08.2018

Белбасарда құны 350 миллион теңгені құрайтын спорт кешенінің құрылысы басталды

15.08.2018

Алматыда жазғы жастар лагері ашылды

15.08.2018

БҚО-да биыл меценаттардың көмегімен 46 жоба жүзеге асты

15.08.2018

Халықаралық Армия ойындары мәреге жетті

15.08.2018

Бурабайдың баурайынан сансыз бұлақ бұрынғыдай ақпай тұр

15.08.2018

Атырау облысында құрылыс саласының үздіктеріне құрмет көрсетілді

15.08.2018

Бүгін Шәмші Қалдаяқовтың туған күні

15.08.2018

Құрбан айт мерекесі тамыздың 21-і күні басталады

15.08.2018

Аралды құтқару – әлемді құтқарумен пара-пар

15.08.2018

Эдуард Успенский өмірден озды

15.08.2018

Чемпиондар лигасы: «Астана» «Динамодан» 0:1 есебімен жеңіліс тапты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Шалдың баласы

Қазақ менталитетінің өзіне тән тағы бір ерекшелігін айқындап, бекзат болмысын ажарлап әмбе сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптарының бірі отбасындағы үлкен баланы, әсіресе ұлдың тұңғышын ата-әжесінің бауырына салу дер едік. Ол атасының баласы болып өседі. Шалдың баласы құдайдың еркесі, оны ешкім бетінен қақпайды. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу