Елорданы көшпенділер сазы тербейді

ЭКСПО көрмесі аясында ұйымдастырылып отырған ірі мәдени шара – 11-15 маусым аралығында жаңадан бой көтерген «Этноауыл» ұлттық-мәдени ойын-сауық орталығында өтетін «NOMAD WAY» атты көшпенділер мәдениетінің музыкалық фестивалі.
Егемен Қазақстан
12.06.2017 3312
2

Аталмыш фестивальдің өтуіне ұйытқы болып отырған мекеме Мәде­ниет және спорт министрлігінің жауап­­­ты қызметкері Анаргүл Мү­бәракова­­ның айтуына қарағанда, бұл мә­де­ни жобаның маңызы – түркі тек­­тес халық­тардың шығармашылық дәс­­түрін насихаттау және түбі бір жұрт­тар­дың туын көтеру арқылы туыс­қан өнер қайраткерлерінің басын қосу. 
Осы бір ұлы дала мұрагерлері өнер көрсететін концертке – қазақстандық этно ансамбль «Тиграхауд» және «Ал­даспан» тобы, өзбекстандық өнер қайраткері Касим Аббосов же­текшілік ететін «Aббос», башқұрт бауыр­ларымыздың «Арғымақ» этно-рок тобы, Венгрияның цыган музы­калық мотивіне негізделген «Tilla Torok’s Band» тобының скрип­кашы­лары, татарстандық Талғат Хасенов басқарған ұлттық-дәстүрлі саз ұжы­мы, буряттың «Namgar» және «Shono», тә­жікстандық «Avesto» топтары, қыз­ғызстандық дәстүрлі әнші Гүлзада Рысқұлова, Таулы Алтайдың қырыл­дақ кайчылары (жыршылары) Болот Байрышев пен Алексей Чичаков, өзіміздің көмей-жыршы Еділ Құ­сайынов және тыбалық көмейші Радик Тюлюш басқарған «Чалама» тобы мен 1996 жылы Мұрат Эртел негізін қалаған даб-музыка жанрының насихатшысы түркиялық«Baba Zula» ұжымы қатысады деп күтілуде. 
Жоғарыдағы өнер ұжымдары мен музыкалық топтардың қай-қай­сы да халықаралық деңгейде өнер көр­сетіп жүрген танымал өнер тар­лан­дары. Бұлардың басқа кәсіби музы­­канттардан айырмашылығы – өздерінің байырғы бабалар мұрасын қайта тірілтіп, оны қазіргі заманауи музыкалық стиль – джаз, рок пен фанк қоспасы арқылы байыта білуінде. 
Бұл өнер ұжымдары қатарынан бес күн кешкі сағат 17.00-ден бастап «Этноауыл» қалашығында орналасқан 850 орындық этномюзикл залында концерт береді. 
«Әлемге аты мәшһүр ЭКСПО көр­месі кезінде елордада ұлы даланың дәстүрлі музыкалық фестивалінің өтуі мерекелік атмосфераның жандануына үлкен үлес қосады», дейді шараны ұйымдастырушылар. 

Суреттерде: Қазақстандық этно ансамбль «Тиграхауд»; тыбалық көмейші Радик Тюлюш; қырғызстандық дәстүрлі әнші Гүлзада Рысқұлова; башқұртстандық «Арғымақ» тобы; өзбекстандық «Aббос» тобы

Бекен Қайратұлы,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.02.2019

ҚХЛ: «Барыс» биыл «Авангардтан» төртінші мәрте жеңілді

16.02.2019

Сапарбаев: Бірде бір бала назарсыз әрі қамқорсыз қалмауы керек

16.02.2019

Головкин былғары қолғабын шегеге іле ме?

16.02.2019

Астана қаласы мен үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16.02.2019

Қарағандыда NASА кездесу өткізді

16.02.2019

БҚО-да көп балалы отбасылар мәселесін шешуге қосымша 500 млн теңге бөлінеді

16.02.2019

Қарағандыда полицияның 200 қызметкері волейбол ойнады

16.02.2019

Қарағанды облысында мектеп жабылып қалды

16.02.2019

Демалыс күндері боран соғып, жауын-шашын болады

16.02.2019

Оралда радиатор зауыты ашылады

16.02.2019

Баянауылда аудандық қысқы спартакиада өтті

16.02.2019

Биыл Батыс Қазақстан облысында 5 жатақхана құрылысы басталады

16.02.2019

Батыс Қазақстан облысында өңір басшысының есебі басталды

16.02.2019

Павлодар облысының әкімі жаңа орынбасарларын таныстырды

16.02.2019

Бүгін Болгариядағы турнирде Қазақстан боксшылары алғашқы жекпе-жектерін өткізеді

16.02.2019

СІМ және «Атамекен» ҰКП инвестициялық және экспорттық бағыттағы жұмысты үйлестіруді күшейтуде

16.02.2019

WGS төрағасы: Үкіметтер өздерінің бизнес-модельдерін қайта ойлап табуы керек

16.02.2019

Ресей сауда алаңдарында қазақстандық компаниялардың белсенділігі артты

16.02.2019

Алматыда «Қазақстан университеттері халықаралық аренада» тақырыбында семинар өтті

16.02.2019

Майдангер-жазушы Леонид Гирш 95 жасқа толды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу