Еңбек адамына – ерекше көзқарас

Егемен Қазақстан
06.12.2016 107
Елбасының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы айрықша әлеуметтік жаңғыртуға жол ашты. Ол еңбек адамдарының мүдделеріне жауап беретін көп қырлы, әмбебап жоба болып саналады. Ондағы 20 қадамды жүзеге асыру қоғамның елеулі бөлігі саналатын еңбеккерлер ұйымы – кәсіподақтар жұмысымен тығыз байланысты Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам идеясын жүзеге асыру үшін арнайы мереке – Еңбек күні бекітіліп, жаңа марапаттар – 3 дәрежелі Еңбек ордені мен «Еңбек ардагері» медалі енгізілді. Кәсіби шеберлік, үздік маман, Еңбек әулеті сынды байқаулар өткізіледі, еңбек адамының беделін арттыру және оның әл-ауқатын жақсарту мақсатында және тұрғындарды әлеуметтік қорғау үшін жағдайлар жасалуда, ардагерлер мен мүгедектер қамқорлыққа алынуда. Мәселен, биылғы жылдың өзінде «Еңбек жолы» байқауында еңбек адамдары негізгі үш номинация бойынша марапатталды. Айталық, байқауда «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша Атырау облысынан Аралбековтер әулеті үздік теміржолшылар деп танылды. «Өндірістің үздік жас маманы» аталымында Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Бейсетай ауылы «Мамбетов және К» шаруа қожалығының наубайшысы Тұрар Қасымов жеңімпаз атанды. Үшінші «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-тың экскаватор машинисі Андрей Соколов жеңімпаз атанған болатын. Сондай-ақ, Қазақстан экономикасын дамытуға және нығайтуға үлес қосқан өндіріс салаларының 9 еңбеккері «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Мұның бәрі еңбек адамдарына көрсетілген айрықша құрмет. Сонымен қатар, заң жобалары мен мемлекеттік бағдарламаларды дайындау және талқылау барысында Парламентпен және Үкіметпен ықпалдасу арқасында Федерация кәсіподақ ұйымдарының қызмет етуіне қажетті құқықтық кеңістікті кеңейтуге мүмкіндік алды. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында қазіргі күні республикада ауқымды заңнамалық жұмыстар атқарылды, ел дамуы үшін жаңа құқықтық негіз құрған 59 заң қабылданды. Оның ішінде жылдың басынан бастап күшіне енген жаңа Еңбек кодексін бөле-жара айтуға болады. Ол Халықаралық еңбек ұйымы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сай жасалған еңбек қатынастарының жаңа заңдық құжатына айналды. Жаңа еңбек заңнамасы жұмыс беруші үшін де, жұмыскер үшін де көп мүмкіндіктерге жол ашты, өйткені, ұжымдық келісім процесі еңбек қатынастарының негізі болып бекітілді. Жаңа Еңбек кодексіне сәйкес елімізде ұжымдық келісім қатынастарын құру және жаңа ұжымдық келісімдерді жасау үрдісі қарқын алды. Кен-металлургия, машина жасау саласында, мұнай-газ, құрылыс сек­торы мен өзгелерде жаңа ұжымдық келі­сім­дер жасалды. Мұнай, шикізат бағасының төмендеуіне, экономикалық ахуалдың нашарлауына қарамастан, көптеген кәсіпорындар жұмыс­керлерге тиесілі әлеуметтік жеңілдіктерді сақтап қана қоймай, оның ауқымын арттыра да алды. Осы мысалдар кәсіподақ ұйымдарының жаңа Еңбек кодексі ұсынған тың мүмкін­шіліктерді кеңінен пайдаланып, әлеуметтік әріптестермен құрылымдық диалог орнатып отырғанын тағы бір паш етеді. Көптеген кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдары дер кезінде жасалған ұжымдық келісімнің арқасында қорғалу мүмкіндігіне ие болып отыр. Тек ұжымдық келісімдер арқылы ғана кәсіподақ ұйымдары еңбеккерлер үшін қосымша жеңілдіктер мен кепілдіктер ала алады. Жаңа Еңбек кодексінде еңбек қаты­нас­тарының ұжымдық-келісімдік реттелуі саласының ауқымы кеңеюіне байланысты жұмыс берушілердің еңбек және ұжымдық келі­сім­дерді жасау және орындауын реттей­тін кодекс нормаларын бұзғаны үшін жауап­кер­шілігі күшейтілді. Еңбек қатынастарының барлық қатысу­шы­ларын ойынның жаңа ережелерімен таныстыру қажет екені белгілі. Біріншіден, біз кәсіп­одақ активін оқытамыз. Осы мақсатта 2016 жылдың 1 қарашасына қатысты 25 мыңнан астам жұмыскер дәріс алды. Осы арқылы біз өзіміздің кәсіподақ активіміздің білім қорын толықтырып, олар­дың жұмыс берушімен нақты дәлелдермен диалог құра алуын қамтамасыз етеміз. Бұл жұмыстар жалғасын тауып, әр бастауыш ұйымның төрағасына жеткізіледі. Біз жұмыс берушілерді де оқытуға дайынбыз, бұл мақсатта бізде еңбек заңанамасын түсіндіруге арналып дайындалған активтеріміз бар. Мәселен, осы күннің өзінде біз «Қаз­атомпром» АҚ-тың жұмыс берушілерін оқытып, үйреттік. Қазіргі күні «Самұрық-Қазынамен» бірлесе оқу жайлы келіссөздер жүргізілуде. Кәсіподақтар федерациясының басты қыз­меттік міндетінің бірі әлеуметтік әріп­тестікке, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-эко­номикалық және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссия жұмысына қа­тысу. Әлеуметтік әріптестік әсіресе, дағдарыс кез­дерінде жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік-экономикалық мүдде­лерін сақтау, қоғамда келісім мен тұрақ­тылықты қамтамасыз ету ісінде әріптестердің құ­ры­лымдық ықпалдастығына өз септігін тигі­зеді. Бұл мақсатта Кәсіподақтар федерациясы «Са­мұ­рық-Қазына» ұлттың әл-ауқат қоры» АҚ, Еуразиялық топ компаниясымен, «Ата­мекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен әлеу­меттік-еңбек саласында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойған. Әлеуметтік-еңбек шиеленістерінің алдын алу және оларды шешуде әлеуметтік әріп­тестіктің механизмдері мен құралдарының рөлі шүбәсіз. Кәсіподақтар республиканың кәсіп­орын­дары мен ұйымдарында орын алып қалатын еңбек даулары мен шиеленістерін басты назарда ұстап отырады. Жалақы, кәсіпорындардың төмен деңгейде ұжымдық келісімдермен қамтылуы, еңбек заңнамасының бұзылуы, әлеуметтік-еңбек қатынасына қаты­сушылардың құқықтық мәдениетінің төмендігі олардың туындауының басты себептері болып табылады. Осы проблемаларды шешу үшін елімізде Үкі­мет қаулысымен бекітілген еңбек даула­рының туындау қатерлері мен әлеуметтік толқуларды азайту бойынша кешенді жоспар жүзеге асырылуда, оның аясында жергілікті атқарушы органдардың, кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің бірегей әрекет ету алго­ритмі қарастырылған. Еңбек даулары мен шиеленістерді жедел анықтау мақсатында еңбек ұжымдары мен әлеуметтік толқулар туын­дауы мүмкін ошақтарда Кәсіподақтар феде­рациясы еңбек шиеленістерінің апталық кәсіп­одақтық мониторингін жүргізіп отырады. Біз үшін басты мақсат – жұмыскерлер үшін әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету және Қазақстанда лайықты еңбек қағидаларын дамыту. Гүлнәр ЖҰМАГЕЛДИЕВА, Қазақстан Кәсіподақтары федерациясы төрағасының орынбасары
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.09.2018

СДУ әлемге танылған бүркітші Айшолпанға 100% білім грантын ұсынды

26.09.2018

Мырзашөлде «Ақ керуен-2018» салтанатты іс-шарасы өтті

26.09.2018

Мемлекеттік қызметшінің жалақысы жаңаша төленеді

26.09.2018

Ақтөбелік аграршылар 500 мың тоннадан астам бидай жинауды жоспарлап отыр

26.09.2018

Бақыт Сұлтанов 7 жасар баланы құтқарған астаналықты марапаттады

26.09.2018

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл С.Айтпаева тұрғындарды қабылдады

26.09.2018

Michael Kors Versace сән үйін сатып алады

26.09.2018

Ақтөбе облысында тұрақтандыру қорын құруға 309 млн теңге бөлінді

26.09.2018

Мұхамеджан Тынышбаев пен Тұрар Рысқұловтың ескерткіші ашылды

26.09.2018

Атырау облысының әкімі халықтан түскен шағымдарға уақтылы жауап беруді тапсырды

26.09.2018

Бүгін WSB-ның финалы өтеді

26.09.2018

Аса ауыр салмақтағы дзюдошыларымыз жеңілді

26.09.2018

Astana Media Week: Қазақстан телеарналары шетелдік экрандарда

26.09.2018

Қазақстанның тумасы суперчемпион атағы үшін айқасады

26.09.2018

Бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионаты Үндістанда өтетін болды

26.09.2018

«Астана Опера» сахнасында «Астана – Әлем дауысы» халықаралық фестивалі ашылады

26.09.2018

Қостанайда төртінші Цифрлы ХҚО ашылды

26.09.2018

Семей ядролық сынақ полигонының жағдайы ғылыми басқосуда талқыланды

26.09.2018

Конуэй қалашығы су астында қалып отыр

26.09.2018

Қазақстанда неміс технологияларын қолдануды жоспарлап отыр

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Құрманәлі Қалмахан,

Jańa mamandyq jaıy

«Erinbe. Eńbek et, mal tap» degen sózdi Abaıdan keıin ata-analarymyz jıi aıtatyn. Alaıda áleýmettanýshylar eńbek etý men tabysty bolýdyń mazmuny men shynaıylyǵy ózgerdi degendi alǵa tartady. Al eńbektiń formýlasy jumys isteý, kásip ashyp, tabys tabý ekeni belgili. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tirshilikti mádenıet bıleıtin qoǵam

Osy ýaqytqa deıin jeke adamnyń tirshiligin, turmys jaǵdaıyn onyń bilimi men eńbekqorlyq qasıetiniń bılep kelgendigi belgili. Adamdar kóp jaǵdaıda qoǵamnan bilimine saı oryn alyp otyrdy. 

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу