Еңсесі биік орталық

Егемен Қазақстан
01.12.2016 98
sargizova-1Көнекөздердің айтуынша, ертеректе Жауыртау аталған кезеңде қойын құрттап, айранын ұрттап күн кешкен бабаларымыз кейін сол жерде Теміртау сынды әйдік қала пайда боларын, болаттан бұлақ ағызып, әлемге әйгіленер алып комбинат тұрарын қайдан білсін. Бірақ солай болды, тарихқа солай тіркелді. Сол комбинатта еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолын бастап, құрыштай суарылып, болаттай бекіп шыққаны әмбеге аян. Елбасының үлкен өмірге қанат қағуына тұғыр болған Теміртау мен Қарағандының халқы мұны әрдайым мақтан тұтады. Болашақ Президенттің білім алған, еңбек еткен орындарындағы мұражайлар өз алдына, Теміртауда осыдан бес жыл бұрын ашылған Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы да – Елбасының ел үшін жасаған ерен еңбектеріне деген үлкен құрмет. Теміртауға арнайы соқпаса да, үстімен жүріп өткен кез келген жолаушының көзіне сонадайдан шалынып, әсем тұрқымен сүйсінтетін Орталық ғимараты туралы баспасөз бетінде көп нәрсе айтыла қойған жоқ. Яки, онда не барын, мекеменің нақты немен шұғылданатынын біле қоймайтын отандастарымыз да бар. Сол үшін де біз жақында осы шаңырақта арнайы болып, «Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы» КМҚК-ның директоры Саида Жамантайқызы САРГИЗОВАМЕН әңгімелескен едік. – Көпшілік Теміртауда Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орта­лы­ғы барын білгенімен, мекеменің ішкі дүниесінен бейхабар. Оқырман үшін ғи­марат ішін бір шолып шықсақ. – Бұл Орталық 2011 жылдың 22 қара­ша­сында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қа­ты­­суымен ашылғанын білесіздер. Көп са­­лалы қыз­меттерді жүзеге асыру үшін иелі­гі­мізде жалпы көлемі 4560 шаршы метр үш қабатты ғимаратымыз бар. Ғима­рат­тың шығыңқы ірге қабатында қор сақ­тау қой­малары, қайта қалпына келтіру ше­бер­­ханалары, инженерлік-техникалық құ­рылымдар, үйірмелерге арналған және тұрмыстық бөлмелер орналасқан. Бірінші қабатта мәдени-көпшілік және қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізуге бейімделген залдар бар. 144 орындық кино-лекция залында дәрістер, халықтық дәстүрлі, опералық және симфониялық жанрдағы концерттер, форумдар мен мәжілістер өткізіліп, бейнефильмдер көрсетіледі. Проекторлар және аудиоблоктар­­мен жабдықталған 80 орындық мәжіліс за­лы ғылыми конференциялар, съездер, жиналыстар, сонымен бірге, мемлекет­тік бағдарламалар, ұлттық және әлем­­дік мәдениетті насихаттайтын іс-шаралар­ды өткізуге арналған. Ал 30 орындық кіші мәжіліс залында дөңгелек үстел отырыстары, кездесулер мен сұхбаттар ұйымдастырылады. Оқу залы бар кітапханада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті­нің өмірі мен қызметі туралы толық ақпарат беретін кітаптар жинақталған. Сонымен бірге, кітапхана қорында Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның құ­ры­луы, қалыптасуы және даму жол­­да­рын ашып көрсеткен авторлық кі­тап­­тары бар. Кітапхана қоры әрдайым жа­ңа кітаптармен, мерзімді баспасөзбен то­лықтырылып отырады. Бұл жерде жи­нақ­талған әдебиеттер Қазақстанның жаңа тарихын үйренуге, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұлғасының қазақ­стандық мемлекеттілікті құрудағы рөліне қатысты ғылыми жұмыстар дайын­дауға пайдаланылады. Орталықтың Көркемсурет галереясында Қазақстан суретшілерінің бейнелеу өнерінің әр түрлі бағытындағы көрмелері ұйымдастырылады. Екінші қабатта экспозициялық залдар орналасқан. Бұл жерде Елбасы­ның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуын­да­ғы рөлін ашып көрсететін «Тәуелсіз Қазақстан», «Өз заманының перзенті», «Тұл­ға­ның ерен қабілеті» «Қазақстанның құ­рыш келбеті», «Уақыт ағымында», «Қазақстан жолы» деп аталатын арнайы алты зал жұмыс істейді. Экспозициялық залдар заманауи шығармашылық және техникалық жетіс­тік­­тер көмегімен жабдықталған. Әр зал­дағы көрнекілік материалдарға қоса, 30 электронды ақпараттық Тач-скрин экран­ды дүңгіршектері жұмыс істейді. Олар­дың көмегімен жәдігерлер туралы неғұрлым мол ақпарат, қосымша фотоқұжаттық материалдар, бейнебаяндар алуға болады. – Орталық ғимаратының іші-сырты мәртебелі атауына лайық екен. Мекеме ретінде алға қойған мақсат-міндеттеріңіз де осал болмаса керек? – Тарихи-мәдени мұраны сақтау, үйрету және танытумен шұғылданатын әлеуметтік институт болып есептелетін Орталықтың негізгі мақсаты – халықтың бәсекеге қабілетті мәдени ерекшелігін қалыптастыру, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметі арқылы тәуелсіз Қазақстан мен Қазақстан Магниткасының құрылу, қалыптасу және дамуын ашып көрсету. Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы өз қызметі шеңберінде шешетін міндеттер – Ұлт Көшбасшысының өмірі мен қызметі үлгісінде азаматтардың, әсіресе жастардың рухани-адамгершілік бағдарын, жаңа қазақстандық патриотизм мен тұрақты құндылықтар жүйесін қалыптастыру; Қазақстан халқының ұлт­тық ерекшеліктерін сақтау мен олардың үй­лесімді қарым-қатынасы негізінде бү­кілқазақстандық мәдени ке­ңіс­тікті дамыту; қазақтың ұлттық мәде­ниетін әлемдік мәдени кеңістікке бойлату, Қа­зақ­станның тарихи-мәдени мұрасын өз елі­мізде де, шет елдерде де дәріптеу; мем­лекеттік «Мәңгілік ел» бағдарламасы бойынша тарихи-мәдени мұраларды сақтау мен насихаттау; Қазақстанда туризм саласын дамыту үшін тарихи-мәдени кеңістікті кеңінен пайдалану. – Орталықтың мақсат-міндеттері айқын, енді соларды жүзеге асыру бойынша атқаратын жұмыстарыңыз қандай? – Өз қызметіміздің барысында біз негізінен бірнеше нақты ұстанымға сүйенеміз. Яғни, отандық мәдениеттің өзіндік ерекшеліктерін анықтайтын ұлттық мәдени мұра басты назарда болуы шарт. Мәдениеттің әлеуметтік дамудың қуатты құралы, алға басудың алғышарты екенін мойындаған абзал. Елімізде 130-дан аса ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады десек, солардың төл мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтей, қолдай білгеніміз орынды. Бәсекеге қабілетті мәдени ортаны қалыптастыру жолында Орталықты бас­қару жүйесін жетілдіру, еліміздің ғы­лыми-тарихи және білім беру кеңіс­тігі­не ену, ғылыми бағдарламаларын жү­зе­­ге асыру мәселелерін қолға алдық. Ор­та­­лықтың қызметінде ақпараттық және инно­­вациялық технологиялар кеңінен қол­данылады. Қазақстанның мәдени кластерлерін қалыптастыруға атсалысып келеміз. Орталықтың негізгі атқаратын қыз­мет­тері мен міндеттерін орындауды осын­да арнайы құрылған ғылыми-зерт­теу, экскурсиялық-бұқаралық, экс­по­зи­циялық-көрме және әкімшілік-шаруа­шы­лық бөлімдері жүзеге асырады. – Алдыңғы екі бөлімнің жұмыс бағыттарына кеңірек тоқталсаңыз. – Ғылыми-зерттеу бөлімі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетімізді құру, қалыптастыру және дамыту жолын­дағы үлесін айқындайтын ғылыми және іздес­тіру-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Бөлім осы бағытта конференциялар мен семинарлар ұйымдастырып, өткізіп тұ­рады, бұқаралық ақпарат құралдарымен ты­ғыз байланыста жұмыс істейді. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына әр жылғы Жолдауын талқылау мен насихаттау бойынша бөлім рес­пуб­ликалық және облыстық мем­ле­кет­тік органдармен бірлесіп өткі­зілетін Назарбаев оқуларын ұйым­дас­ты­руға жауапты. Бөлім, сонымен қатар, мем­ле­кеттік мерекелерге және елі­міз­дің өмірі­ндегі басқа да көрнекті оқи­ғал­арға арнал­ған қоғамдық-саяси және мәде­ни-бұқаралық іс-шараларды ұйым­дас­тырады. Орталықтың ресми сайтын (www.firspresident.kz) ақпараттық тұрғы­дан қамтамасыз ететін де осы бөлім. Орта­л­ықтың сайтына сілтеме Қазақстан Рес­публикасы Президентінің ресми сайтын­дағы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жеке парақ­шасында (http://personal.akorda.kz/) орналастырылған. Ал экскурсиялық-бұқаралық жұ­мыс­тар бөлімінің қызметкерлері орта­лыққа еліміздің барлық аймақ­та­ры мен шет елдерден келуші қонақтарды қабыл­дайды, орталықтың экспозициялық залдары бойы­нша экскурсиялар өткізеді. Сонымен қатар, бөлім оқушылар мен студенттер үшін онлайн-сабақтар, онлайн-конференциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырады. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін еліміз бен туған өлкенің тарихын үйрену бойынша дүниетанымдық іс-шаралар өткізу қарастырылған. 1 желтоқсан – Қазақстан Республи­ка­сының Тұңғыш Президенті күні. Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы болғандықтан, бұл – ең алдымен бізге қатысты мереке. Бұл күні бізге келетін қонақтардың аса көп болатыны айтпасам да түсінікті, сондықтан жұмысымыз қауырт. Осы күні Теміртауға жолы түскен ағайынға есігіміз ашық. – әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан» Қарағанды облысы, Теміртау қаласы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.08.2018

Жамбылда 250-ге тарта адам донорға мұқтаж

20.08.2018

2019 жылға тегін дәрі-дәрмектерді сатып алу басталды

20.08.2018

Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

20.08.2018

Рауан Кенжеханұлы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының кеңесшісі болып тағайындалды

20.08.2018

Ел мен жерді қадірлеуді өнерімен ұқтырып жүрген Александр

20.08.2018

«Ы.Алтын­сарин – ұлы педагог, ағартушы» атты көрме өтті

20.08.2018

Аялдамадағы  үш  азамат (әңгіме)

20.08.2018

Шымкентте Шәмші әндері әуеледі

20.08.2018

Қызылордада суға батқан жігітті құтқарды

20.08.2018

Көк­­шетауда тұңғыш элек­трондық кітапхана-коворкинг орта­лығы қызмет көрсетеді

20.08.2018

«Реал Мадрид» Испания чемпионатын жеңіспен бастады

20.08.2018

«Kazakh Tourism ҰК» ел аумағындағы ең биік 20 шыңға арнайы экспедиция ұйымдастырады

20.08.2018

Жайылма елді мекені диқандарының өсіріп жатқан қарбызының даңқы өрлеп тұр

20.08.2018

Ақтауда үздік тауар өндірушілер анықталды

20.08.2018

Азиада аламаны басталды

20.08.2018

Кемпірбай сыйға кенде емес

20.08.2018

«Қазақ әдебиеті», 1961 жыл»

20.08.2018

Тәкен және күй өнері

20.08.2018

Қазақстанның танымалдығы арта түсті

20.08.2018

Баянауылда туризм қалай өрістемек?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Уикипедияның үйретері не?

Бүгінде адамдар қолдарына кітапты жиі ала бермейді. Оған себеп – интернет. Халық қажет деген мәліметтерді компью­терді ақтарып, уикипедиядан іздейді. Мұның өзі өскелең уақыттың талабы. Бі­­рақ сол ақпараттық технологияңыз уақыт­­тың талабымен үндескенімен, нақты ақпарат алып, тарихи шындыққа көз жет­кізгісі келген талғампаз адамдардың талабына сай келе бере ме? Міне, мәселенің осы жағына келгенде үлкен күмән туындай­тын тәрізді.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу