Эр-Риядтағы саммит ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашты

Өткен аптаның соңында әлем назарын өзіне аударған ал­қа­лы жиындардың бірі Сауд Ара­биясы Корольдігінде өтті. Ел ас­та­насы Эр-Рияд шаһарында ал­ғаш рет өткен «АҚШ – Ислам әле­мі» саммитіне мұ­сыл­ман дүние­сіндегі 55 мемлекеттің көш­бас­шы­лары қатысты. Әлемдік қоғам­дас­тықтың белсенді мүшесі, Ис­лам әлемінің маңызды бөлігі, бәсі биік басқосулардың белсене қатысушысы ретінде Қазақ­стан­ның да бұл жиыннан сырт қал­мағаны түсінікті. 
Егемен Қазақстан
23.05.2017 1398
2

Саммитке мәртебелі мейман ретін­де шақырылған Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаев жиын бары­сында бірқатар маңыз­­­ды кездесулер өткізіп, ша­­ғын келіссөздер жүргіз­генін атап өту керек. Қазақстан Пре­зи­ден­­тін Қос киенің сақшысы, ко­роль Салман бен Әбдел-Әзиз Әл Сауд ыстық ықыласпен күтіп алды. Елба­сының бейбітшілік бас­­тамала­ры, мәмілегерлік мис­сия­лары ха­лық­аралық аренада жоғары бағаланатынының бел­гісі бұл. 

Мәселен, Сириядағы ахуал шие­ленісе бастаған кезден бас­тап жағдайды бейбіт жолмен ше­шу керектігін ашық айтқаны соның бір ғана көрінісі. Ресми Ас­тана бейбітшілікті қолдайтын бейтарап ұстанымын байқатып қана қоймай, Сирия мәселелеріне қатысты тартысушы тараптарға келіссөз алаңын ұсынғаны мә­лім. Елордада бірнеше мәрте өт­кен Астана процесі Женева келіс­сөздерін толықтырушы маңыз­ды форум ретінде мойын­далған. «АҚШ – Ислам әлемі» сам­митінде Сириядағы ахуал да сөз болды. 

АҚШ президенті Дональд Трамп­тың саммитке келуі бұл жиынға жаһан назарын ауда­руға әсер еткені түсінікті. Д.Трамп президент ретіндегі ше­т­ елге жасаған алғашқы сапа­рын Сауд Арабиясынан бас­таса, екі күнін саммитке арнады. Жиында бірінші болып сөз ал­ған АҚШ президенті мұсылман мем­лекеттерінің басшыларын тер­роризмді бірлесіп жоюға ша­қырды. «Associated Press» агент­тігі дөп көрсеткендей, АҚШ президенті өз сөзінде «радикалды ислам терроризмі» деген тіркесті қолданған жоқ. Таяу Шығыс мем­лекеттерінің аумағынан терро­ристерді толық қуып, экс­тре­мистік ұйымдарға қолдау көр­сетуді тоқтатуға шақырды. Діни көшбасшылар адамдарға дұрыс ақыл беруді, терроризм жолын таң­даса өмірлері мәнсіз әрі қысқа болып, қарғысқа қалатынын үй­ретуі керек деп санайтынын жеткізді. 

АҚШ пен Ислам әлемі мем­ле­кеттерінің басшылары бас қос­қан жиынға мұрындық болған Сауд Арабиясының ұстанымы аг­рес­сивті экстремистік идеоло­гия­ға қарсы тұру, Ислам елдері ішін­дегі одақтастарымен әріптестік қа­тынастарды нығайту, сол арқылы ұжымдық экономиканы дамыту, халықтың әл-ауқатын жақ­сарту болып табылады. Сон­дай-ақ, АҚШ-пен арадағы қаты­настарды жолға қоюдың жөні бөлек, әрине. 

«АҚШ – Ислам әлемі» сам­митінде Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбдел-Әзиз Әл Сауд, АҚШ президенті До­нальд Трамп, Иордания королі ІІ Абдалла ибн әл-Хусеин, Мы­сыр президенті Адли Мансұр, Ин­донезия президенті Джоко Видо­до, Кувейт әмірі Джабер ас-Сабах сөз сөйледі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жиын ая­сында бірқатар елдердің прези­дент­терімен және делегация­лар жетекшілерімен тиімді келіс­сөз­дер жүргізді. Солардың ішінде АҚШ президенті Дональд Трамп­пен жүздесуінің жөні бөлек. 

Өзара әңгіме барысында екі­жақты іс-қимылдардың негізгі ба­ғыттары, сауда-экономикалық, сая­си және мәдени-гуманитарлық са­лалардағы қарым-қатынас­тар­ды тереңдету жолдары талқы­лан­ды. Қазақстан басшысы Ислам Ын­­ты­мақтастығы Ұйы­мы­ның Бас хат­­шысы Юсеф бен Ах­мед әл-Усай­минмен, АҚШ мем­­ле­кеттік хат­шысы Рекс Тил­лер­сон­мен де кез­десті. 

Арнұр Асқар,
«Егемен Қазақстан»

 

Соны сипаттағы басқосу

Негізінде, АҚШ пен Парсы-араб шығанағы елдеріне тікелей қатысы бар, сонымен қатар, халқының басым көпшілігі мұсылман болып табылатын мемлекеттерді де қамтитын айтулы басқосуға Елбасы бастаған жоғары деңгейдегі қазақстандық делегацияның қатысуының символикалық маңызы зор. 

Ислам әлемінің ажырамас бір бөлшегі болғандықтан әрі аумағы жағынан ең үлкен мұсылман елі болып саналатын Қазақстанға ислам әлеміндегі әртүрлі саяси, халықаралық, экономикалық және қауіпсіздік мәселелері әсер етпей қоймайды. Оның үстіне, осы жолғы саммит аясында көтерілген міндеттер терроризммен бірге, экстремизммен күресу сияқты өзекті мәселелерге қатысты болып отыр. Саммитке Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Тәжікстанның президенттері мен өкілдерінің қатысуы да  маңызды  басқосуға соны сипат берді деп айтуға болады. 

Тарихта АҚШ пен араб-мұсылман әлемі арасында бұрын-соңды болмаған осындай ауқымды саммит аясында белгіленген мақсаттар Батыс пен Ислам әлемінің алдағы жылдардағы қарым-қатынасына ықпал етіп, негізгі бағыттарын айқындауы мүмкін. Сондықтан, АҚШ президенті Д.Трамптың алғашқы сапарын және ірі сыртқы саяси қадамын стратегиялық одақтасы әрі барша мұсылмандардың киелі мекені − Меккенің сақшысы Сауд Арабиясына жасауы бекер емес. Тарихқа көз тастасақ, Сауд Арабиясында мұнай өндірісінің дамып, экономикасының қарқындауына АҚШ үлкен үлес қосқаны белгілі. Екі одақтас елдің тығыз ынтымақтастығы коммунистік идеологияның таралуына бірлесіп тосқауыл қою кезеңінен бастау алады.   

Д.Трамп мұсылман әлеміне қаратып, арнайы әзірленген бағдарламалық баяндама жасады. Араб тілді басылымдарда оның тарихи баяндамасы әртүрлі пікірлер туғызғанына қарамастан, басым көпшілігі оң көзқарас білдіргені рас. Мысалы, Д.Трамп дін атын жамылған экстремизмге қарсы күресудің өркениеттер арасындағы қақтығыс емес, керісінше, жақсы мен жаманның арасындағы күрес екенін мәлімдеді. Ол мұсылман елдерінің өздері алдымен экстремизм сияқты келеңсіз жайттармен күресіп, өз күштеріне сүйеніп, ауыртпалығын көтеруге жауапты болу керектігін баса айтты.

 Осы жолғы баяндамасында АҚШ президенті демократия және адам құқығы туралы аз сөйлеп, экстремизмге «ұлттар коалициясы» ретінде бірлесіп қарсы тұру керектігі төңірегінде көбірек сөз қозғады. АҚШ аймақта терроризмге қаржылық қолдау көрсетудің алдын алуға бағытталған халықаралық орталықтың ашылатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, экстремистерді интернет арқылы анықтайтын, қадағалайтын арнайы бақылау жүйесі құрылатыны мәлім болды.     

«Әл-Хаят» газетінің колумнисі Бариа Аламуддиннің пікірінше, Д.Трамп АҚШ-тың терроризммен күресу, аймақтық қауіпсіздік, сауда-саттықты дамыту сияқты басты стратегиялық және бизнес басымдықтарының мұсылман әлемімен байланысты екенін жақсы түсініп отыр. Аталған кездесулерге АҚШ-тың ең ірі корпорациялары басшыларының да қатысуы соның дәлелі. Сауд Арабиясы мен АҚШ арасында қол жеткізілген 280-350 млрд долларға жуық келісімдердің арқасында АҚШ-та мыңдаған жаңа жұмыс орындарының ашылатыны белгілі болды. Атап айтқанда, мұнай, құрылыс, өнеркәсіп, мұнай-химия, тікұшақ өндірісі, қару-жарақ өндірісі, бұрғылау, мұнай өнімдері салаларында келісімдерге қол қойылды. Жалпы көлемі 110 млрд долларды құрайтын қорғаныс саласындағы келісімдер арқылы Сауд Арабиясы осыған дейін АҚШ-тан сатып алып келген қару-жарақтың біраз бөлігін бұдан былай өз аумағында шығара алатын болады.  Осылайша, Сауд Арабиясы АҚШ экономикасына, өндірісіне және инфрақұрылымына жүздеген миллиард доллар құюды жалғастыра беретіні белгіленді.   
Бұдан бұрын кейбір сарапшылар АҚШ-тың бірте-бірте Таяу Шығыс аймағынан әскери жағынан шығатынын мәлімдеген еді. “Arab News” агенттігінің сарапшысы Насер Әт-Тамимидің айтуынша, аталған саммит АҚШ-тың қысқа және орта мерзімде аймақтан толық шықпайтынын көрсетеді. Өйткені, АҚШ-тың аймақта энергетика, сауда, ядролық қаруды таратпау, терроризмге қарсы күрес, сыртқы агрессияға қарсы төтеп беру, экономика және қару-жарақ саудасы сияқты салаларда стратегиялық мүдделері бар. Оның үстіне, АҚШ аймақтан мұнай импорттауды жалғастыра бермек. Яғни, АҚШ және Сауд Арабиясы Парсы-араб шығанағынан энергетика тасымалы, ортақ қауіп-қатерлер, логистикалық және барлау мәселелерінде мүдделес болып отыр.  

Араб саясаттанушылары аталған тарихи сапардан кейін Сауд Арабиясы келешекте келесі іргелі бағыттарды негізге алатынын айтуда. Біріншіден, Парсы-араб шығанағы ынтымақтастық кеңесінің ұжымдық және бірлескен әскери мүмкіндіктері күшейтіледі. Екіншіден, Сауд Арабиясы Мысыр, Бахрейн, Йордания және Марокко елдеріне саяси-экономикалық қолдау көрсетіп, сонымен қатар, Йемен, Сирия және Ливанға қатысты араб елдерінің аймақтық саясатын өз пайдасына сәйкес үйлестіруге ұмтылуы мүмкін. Үшіншіден, АҚШ-пен жақсы қарым-қатынаста болу Эр-Риядтың сыртқы саясатындағы басты мақсаттардың бірі болып қала бермек. Соңғы кезде Сауд Арабиясы Ресей мен Қытай сияқты ірі елдермен де байланыстарын күшейткені мәлім. Қысқасы, Сауд Арабиясы мен АҚШ қатынастары жаңа деңгейге көтеріліп, Таяу Шығыстағы ахуалға әсер етпек. 

Әлемнің қуатты мемлекеті АҚШ пен мұсылман әлемінің ықпалды елі Сауд Арабиясының жаңа ықпалдастығы Ислам әлемінің келешегіне, аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздіктің орнауына қалай және қаншалықты әсер ететінін алдағы жылдар көрсете жатар. Ең бастысы, саммитте жасалған мәлімдемелер аймақтағы бейбіт халықтардың қарапайым өмірін күрделендірмей, шартарапты шарпыған экстремизмді ауыздықтауға үлес қосса екен деген ғана тілегіміз бар.     

Жанат МОМЫНҚҰЛОВ,
шығыстанушы

 

Ақ үй Таяу Шығыстағы үдерістен тыс қалмайды

АҚШ президенті Дональд Трамптың Сауд Арабиясына жасаған ресми сапары әлемдік саясатта мәні зор оқиғалардың бірі болды. Өйткені, Америка басшысының Эр-Риядқа жасаған бұл қадамы Таяу Шығыс пен мұсылман әлеміне қатысты оң көзқарастың қалыптасуына ықпал ететіні байқалады.

Сондай-ақ, сапардың халық­аралық деңгейдегі салмағын арттырған тағы бір маңызы – «АҚШ және Ислам әлемі» саммитінің өтіп, оның аясында АҚШ-тың сыртқы саясат стратегиясы мен мұсылман әлемінің өзара ынтымақтастығын тереңдете түскені болды.    
Негізінен, президенттік сайлау науқаны кезінде Д.Трамптың өзі таяушығыстық саясатқа қатысты бірқатар сыни пікірлер айтқаны елдің есінде. Солай десек те, Эр-Рияд екі­жақ­ты қаты­настың суымауына мүд­де­лі­лік танытып, байла­ныс­тың беки түскенін қалайтынын аңғарт­ты. Ондай әрекет нәтиже­сіз болмады.

Сондықтан да, Д.Трамптың Сауд Арабиясына жасаған бұл сапарынан АҚШ-тың ай­мақ­тардағы елдермен оң қарым-қатынас қалыптастырмақ ниетін байқауға болады. Сонымен қатар, бұл сапар Сауд Арабиясындағы саяси элита мен оның көрші­лері­нің АҚШ-пен арадағы страте­гия­лық серіктестігінің нығаюына сеп­тігін тигізетіндігін сезу қиын емес.

Ал Д.Трамптың сапарын қорытындылағанда көз жеткізетін бір мәселе – АҚШ-тың Таяу Шығыстағы сая­си процестерден мүлдем шет қалғысы келмейтіндігін көрсетіп берді. 

Жоғары деңгейде өткен кездесулер аясында АҚШ президенті өз сөзінде терроризмге қарсы күресте Құрама Штаттар әркез қолдау көрсетуге әзір екендігін ашық білдірді. Десек те, бұл бағытта екі ел кең ауқымда қарас­тырылған бірлескен жоспар арқылы  әрекет етпесе, аймақта тыныштықты сақтау екіұшты мәселе болатыны айтпаса да түсінікті. 

Саммит аясында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың екіжақты әріптестік жайын талқылаған кездесуі өтті. Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамай, екі ел басшыларының кездесуі олардың бір-біріне деген құрметі мен өзара байланысты одан әрі бекіте түсуге деген мүдделілік жатқанын айғақтап берді. Өзара ынтымақтастық пен сенімді серіктестіктің жайын сөз еткен жүздесу қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеретіні белгілі.

Асқар НҰРША,
Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы

 

Қазақстан – Ислам әлемінің ажырамас бөлігі

Өзінің сайлау науқаны барысында «ислам бізді жек көреді, осыны нақты айту керек», деп америкалықтарды біраз шулатқан АҚШ президенті Дональд Трамп тұңғыш ресми шетелдік сапарын Таяу Шығысқа жасады. Эр-Рияд қала­сында Трамп 50 мұсылман мем­лекетінің басшыларымен кездесіп, исламға қатысты түйінді мәлімдеме жасады.

«Мұсылмандардың дұшпаны» имиджін жоққа шығаруға ұмтылған Дональд Трамп сөз әуенін өзгертуге тырысты. Ислам елдерінің көшбасшыларына сөз арнаған кезінде ол «бірігіп, мұсылмандардың жазықсыз қырылуына қарсы шығуға» шақырды.

«Бұл діндердің арасындағы қақтығыс, діни ағымдардың арасындағы қақтығыс емес, өркениеттердің арасындағы қақтығыс емес. Бұл – жабайы қылмыскерлерге қарсы соғыс. Бұл – жақсылық пен жамандықтың арасындағы соғыс», – деді Дональд Трамп.

Форумға қатысқан жүзден астам ғалымдар мен сарапшылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, тараптардың жағымды нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті. Олардың айтуынша, барлық қатысушылар терроризм мен экстремизмді жеке діндермен немесе жеке өңірлермен байланыстыруға болмайтындығымен келісті. Сонымен қатар, олар халықаралық лаңкестікпен күресу жолдарын, әлеуметтік желілерде ақпарат тарататын экстремистерге жол бермеу тәсілдерін егжей-тегжейлі талқыға салды. 

Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болғанымен, халқымыздың көбі ислам дінін ұстанады. Сондықтан «АҚШ – Ислам әлемі» форумына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та шақырылды. Әрине, бұл іс-шара Таяу Шығыс өңіріндегі әріптестерімізбен тілдесуге, Қазақстанның ұлттық мүдделеріне тікелей әсер ететін мәселелерді талқылауға, серіктес байланыстарға жаңа серпін беруге тамаша мүмкіндік берді. Еліміз үшін Таяу Шығыс мемлекеттерінің сауда жағынан да, саяси ынты­мақтастық жағынан да маңызы зор. Форум барысында Нұрсұлтан Назарбаев Кувейт, Қатар, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Йемен секілді өңірдің ірі және беделді мемлекеттерінің басшыларымен келіссөздер жүргізді.

Бұл Елбасымыздың АҚШ президенті Дональд Трамппен тұңғыш кездесуі екенін де арнайы атап өту керек. АҚШ әлемнің ең ірі экономикасы және ең ықпалды саяси күші болып қалып отыр. Посткеңестік рес­пуб­ликалар басшыларының арасында жақында сайланған Америка Құра­ма Штаттарының президентімен бірін­ші болып кездескен Президент Нұрсұлтан Назарбаев болды. Сондай-ақ, бұл кез­де­судің дер кезінде өткені де айтуға тұрарлық. 

Қазіргі таңда АҚШ-тың жаңа үкі­меті қа­лыптасу кезеңінен өтіп жатыр, Мем­лекеттік департаменттегі бірнеше ба­с­шылық лауазымдарға қызметкерлер тағай­ындалған жоқ, АҚШ сыртқы саясатының жаңа бағыттары мен басымдықтары әлі қарастырылуда. Сондықтан Трамппен кездесіп, Қазақстан үшін мәнді мәселелерді талқылап, оның сыртқы саяси көзқарасына әсер ету өте уақтылы және аса игілікті қадам болды.

Жанболат ҮСЕНОВ,
Еуразиялық кеңестің халықаралық қатынастар жөніндегі директоры

 

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Қостанайлықтар жарықдиодты шыны төсеніштермен жүреді (ВИДЕО)

21.09.2018

Қанат Ислам мақтааралдық жас боксшыларға мастер-класс өткізді

21.09.2018

Бурабайда жаңа мешіт ашылды

21.09.2018

Онкологиялық қызметтің атасы Сәкен Нұғмановтың 100 жылдығы атап өтілді

21.09.2018

Дзюдошы Ерлан Серікжанов жартылай финалға шықты

21.09.2018

Қайрат өз құрамын жария етті

21.09.2018

Асқар Жұмағалиев Үндістанның АТ және телекоммуникациялар министрімен кездесу өткізді

21.09.2018

Шетелдік мамандар ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуды бастады

21.09.2018

Шыңғырлау ауданында төрт емдеу нысаны күрделі жөндеуден өтті

21.09.2018

Рани Мукерджидің қазақтарға сәлемі

21.09.2018

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады

21.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

21.09.2018

Халқына демесін болған күйші

21.09.2018

Жер үстінде жұмақ бары рас па?

21.09.2018

Зейнетақы қоры жалған қауесетті жоққа шығарды

21.09.2018

Димаш Акимов: Көрерменім «Адам» атандырып жіберді

21.09.2018

Қостанайда 11500 адам бірыңғай жиынтық төлем төлейтін болады

21.09.2018

Вьетнам президенті Чан Дай Куанг көз жұмды

21.09.2018

Роналду алғаш рет ойыннан қуылды

21.09.2018

Qasiet pen qasiret

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу