Ертең елiмiзде жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы басталады

Биылғы оқу жылында 300 мыңнан астам оқушыға көмек көрсетiлмек және бұл көрсеткiш 300 мыңмен шектелмейдi. ОКҚ брифингi барысында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетiнiң басқарма басшысы Ысқақ Құлатай осылай дедi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
Егемен Қазақстан
31.07.2017 1178
2

ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетi әдетте жаңа оқу жылының басталуына бiр ай қалғанда «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын өткiзедi. Оныншы жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан акция биыл 2017 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейiнгi кезеңде «Менiң таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өтедi. 2 айлық iс-шараның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету.

«Қазiргi таңда жергiлiктi атқарушы органдар 300 мыңға жуық оқушының тiзiмiн жасақтады. Оларға көмек мектеп пен бiлiм бөлiмдерi арқылы көрсетiледi. Бұл көрсеткiш 300 мыңмен шектелiп қалмайды. Егер мұқтаж ата-аналар болса, олар кез келген уақытта өз мектебi мен бiлiм бөлiмiне хабарласып, балаларды тiзiмге енгiзiп, көмек ала алады», - дедi Ысқақ Құлатай.

Ал ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетi төрағасының орынбасары Мәншүк Әбдiкәрiм өткен жылы 320 мыңға жуық оқушы 2 млрд 468 млн 785 теңге көлемiнде көмекке ие болғанын айтты.

«Былтыр материалдық көмекпен қамтылған мұқтаж балалар саны бойынша Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе облыстары көш бастады. Бұл өңiрлерде 30 мыңнан астам бала «Мектепке жол» акциясына қатысты. Ал тартылған қаржы бойынша көш басында Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстары болды. Бұл аймақтарда әр өңiрге тартылған қаржы көлемi 500 млн теңгеден асты. Қол ұшын берген азаматтардың арқасында былтыр барлығы 300 мыңнан астам оқушы қажеттi құралдармен мектепке барды», - дейдi Мәншүк Әбдiкәрiм.

Айта кетейік, көмекке мұқтаж отбасылар мен оларға қолдау көрсеткiсi келетiн азаматтар Балалардың құқықтарын қорғау комитетiне 8-7172-74-21-40 немесе комитеттiң қауырт желiсiне 74-25-28, сондай-ақ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бiлiм басқармаларына хабарласа алады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.01.2019

Иван Дычко 1 наурызда рингке шығады

23.01.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында роталық-тактикалық топтардың тактикалық оқу-жаттығулары өтуде

23.01.2019

«Астана» футбол клубы 67-орында

23.01.2019

Елбасы тапсырма бермесе, тариф төмендемейтін түрі жоқ

23.01.2019

«Оскар» номинанттары белгілі болды

23.01.2019

Көтеріліп жатқан мәселелер мен олардың шешімі адам капиталын арттыруға жол ашады — сарапшы

23.01.2019

2018 жылы қазақстандықтарды елде болған қандай оқиғалар қызықтырды

23.01.2019

Мамлют ауданына жаңа әкім тағайындалды

23.01.2019

Жетісулық студенттер волонтер болуға бейілді

23.01.2019

Аралас жекпе-жектен ел чемпионаты алғаш рет Алматыда өтеді

23.01.2019

Н.Назарбаев: Жусан операциясы жалғаса береді

23.01.2019

Спорттық гимнастика: Токио олимпиадасына іріктеу турнирі қалай өтеді?

23.01.2019

Дзюдодан Қазақстан құрамасы аралас командалық турнирден іріктеу сынына қатысады

23.01.2019

Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев жаттығу кезінде тобығын шығарып алды

23.01.2019

Седнева мен Еркебаева Ресейдегі халықаралық турнирде топ жарды

23.01.2019

Шымкенттің экологиялық жағдайын жақсарту жөнінде меморандум түзілді

23.01.2019

Президент волонтер студенттердің шәкіртақысын өсіруді тапсырды

23.01.2019

Азат Перуашев Қазақ Республикасы атауын қайта енгізуді ұсынды

23.01.2019

Н.Назарбаев: Жас ғалымдарды қолдауға жыл сайын 3 млрд теңге қаржы бөлінсін

23.01.2019

Президент жастардың жұмыссыздық мәселесіне алаңдаушылық білдірді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Adasqandardyń aldy jón, arty soqpaq...

  Bıylǵy qańtarda Qazaqstan óziniń azamattaryn dúnıeniń qaı shetinde bolsa da qorǵaı alatyn irgeli el ekendigin kezekti ret kórsetti. Sırıadaǵy qandy qasapqa soqyr senimniń shyrmaýyndaǵy kúıeýimen birge baryp qalǵan áıelder men jas balalarǵa arnaıy ushaq bólip, alyp keldi. Elbasy N.Nazarbaev óziniń tapsyrmasymen 47 adamnyń, sonyń ishinde 30 balanyń qutqarylǵanyn málimdedi. Qutqarý sharalary «Jýsan» operasıasy» dep atalǵany da jarıa boldy.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу