Ескі атаулардан қашан арыламыз?

Ономастика саласында қордаланған проблемалардың көптігі жайлы «Егемен Қазақстан» газеті жүйелі жазып, дабыл қағып келеді. Оған Айгүл Аханбайқызының «Алматыда 34 Әуезов, 24 Абай көшесі бар» (19 қаңтар), Талғат Батырханның «Целиноград, сен әлі тірі ме едің?!.» (20 ақпан) секілді ойлы мақалалары біз сияқты оқырмандардың көкейіндегі жанайқайды дөп баса білген.

05.04.2017 108

Иә, айтудан да, жазудан да кенде емеспіз. Алайда, көпшіліктің қонымды ұсыныс-пікірлерін тыңдар құлақ табылмай тұр. Келмеске кеткен кеңестік дәуірмен қош ай­тысқанымызға талай уақыт өт­се де, қазақ халқы үшін қа­сірет-қайғысы басым ке­зеңді еске амалсыз түсі­ре­тін сірескен атаулардың мұ­р­ты бұзылар емес. Теріскей өңірде 70-тен астам елді мекен әлі күнге дейін патшалық жә­не тоталитарлық сипаттағы атау­ларға ие. Одан бөлек, бір Лениннің атында – 79, Со­вет атауын иеленген – 74, Ком­со­мол құрметіне қойылған – 68, Октябрь деп аталатын 52 ауыл мен көше аяқ басқан сай­ын кездеседі. Мұндай ұс­та­ным тәуелсіз мемлекеттің ұс­танған бағытына мүлдем сай келмейтінін жергілікті би­лік түсінгісі келмей ме, әл­де немкеттілік пе, бағамдай бе­ріңіз.

Әрине, тәуелсіздіктің ши­рек ғасыр бедерінде ономас­ти­ка саласында қыруар іс­тер­дің атқарылғанын жоққа шы­ғар­маймыз. Дегенмен, жедел ше­шімін табатын түйткілді мә­селелер әлі жетіп-артылады. Алыс­қа бармай-ақ өзім тұрып жат­қан Петерфельд ауылынан мысал келтірейін. Жақында ауылдық округте өткен жиналыста ескірген көше атауларын өзгерту жайы талқыланды. Октябрьская, Коминтерн сынды көшелердің атауын ауыстыру туралы шешім қабылданды. Бұған дейін тұрғындардың ен­жарлығы алға тартылып кел­ген. Менің ойымша, дұрыс тү­сінік жұмыстары жүргізілсе, жұртшылық қарсы емес. Бар гәп құжат ауыстыру шаралары­на қаражаттың тапшылығы қол­байлау болып тұрған се­кіл­ді. Осы себепті жергілікті билік құлықсыз, енжар. Өзім тұ­ратын Октябрьская көшесіне қа­зақтың ұлы ақыны, кемеңгер ағартушы, жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың есімін беру туралы ұсынысым қолдау таппай келеді.

Петерфельд ауылының атау­ын өзгертуді де қолға ал­ған жөн болар еді. Көз көр­ген­дер­дің айтуынша, 1908 жы­лы осы аумақтан жер сатып ал­ған неміс көпестің атын есте қал­дыру үшін Петерфельд (Петрово поле) деп атап кеткен. Одан бұрын бұл маңайда қа­зақ ауылы болған. Ескі қо­рымның әлі күнге дейін сақ­талуы – сөзімнің айғағы. Мұх­тар Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе!» деген ғиб­ратты сөзі билік тұтқасын ұс­тағандарға ой салса керек-ті.

Көкірегіме шемен болып қат­­қан жайларды ақ қағаз бе­тіне түсіріп, аудандық «Қызыл­жар» газетіне жолдаған едім. Га­зет­ке беттеліп, шығып ба­ра жатқан мақаланы ау­дан­дық ішкі саясат бөлімі мең­герушісінің міндетін ат­қа­ру­шы А. Криворотько алды­рып тастаған. Ол осы әре­ке­ті­мен Ата заңымызда тай­ға таңба басқандай анық жа­зыл­ған азаматтардың сөз, шығ­ар­ма­шы­лық бостандығына шектеу жа­сап отырған жоқ па?

Заң нормаларын көпе-кө­р­неу аяққа басқан шенеуніктің бұл қылығына жауапты орындар не уәж айтар екен?

Сағат ҚУАНДЫҚОВ,
ауылдық округ жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі
Солтүстік Қазақстан облысы,
Қызылжар ауданы,
Петерфельд ауылы



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

29.04.2017

Сағынтаев Сауд Арабиясының министрі Халид Әл-Фалихпен кездесті

29.04.2017

Назарбаев қырғыз президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

29.04.2017

Жоғарғы Сот ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты

29.04.2017

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы түрік тіліне аударылды

29.04.2017

Қызылорда облысының әкімі Қазақстан этносаясаты бойынша дәріс оқыды

29.04.2017

Қазақстан және Өзбекстан Президенттері «Caspian Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

29.04.2017

Елбасы Өзбекстан президентімен кездесті

29.04.2017

Сенаторлар сенбілікке қатысты

29.04.2017

Назарбаев табиғат апатына байланысты Қырғызстан Президентіне көңіл айтты

29.04.2017

Қазақстан және Өзбекстан Президенттері «Caspian Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

29.04.2017

Әуендер достыққа бастайды

29.04.2017

Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

29.04.2017

ОҚО-да тасқын судың алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

29.04.2017

​Қыранның – бас, тұмсық, танау, көз, қанат-қауырсын сындары

29.04.2017

Қытайдағы қазақ жігіті Шыңжаң марафоншыларының көшін бастады

КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Жол салсаң, мол сал

Санаулы күндерден кейін әлемдік деңгейдегі айтулы шаралардың бірі – ЭКСПО-2017 Халықаралық көр­ме­сінің де жалауы желбіремек. Яғ­ни, бас қала ел айнасы болса, жол-кө­лік инфрақұрылымы оның беделін арт­тыратын бренді болып табылады. Мемлекет басшысының елорданы одан әрі өркендету мәселесінде қа­ла­ның базалық инфрақұрылымын, оның ішінде қала жолдары мен жол ай­рықтарын барынша дамытуға үнемі ба­сымдық беріп келе жатқандығы да сон­дықтан.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Дәріге байланған ғұмыр

«Қазір еліміздегі донор жетіс­пеу­шілігі өте өткір мәселе. Бүгінде ал­мас­тырылған органның 90 пайызы ті­рі донорлардан алынады. Егер бұ­лай кете берсе, енді бір 20 жылда бір бүй­ректі ұлт атану қаупі барлығын жа­сыруға болмайды. Одан шығудың жо­лы қандай?

Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»

Көрменің көрігін спорт қыздырады

Ағымдағы жылдың 10 маусы­мында Астанада ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық мамандандырылған көр­месі келушілерге айқара есік ашады. Күллі әлем көз тіккен көрменің өтетін мерзімі жақындаған сайын бойды толқыныс сезімінің билейтіні түсінікті жайт. Иә, «Қонақ аз отырып, көп сынайды». Әлемнің әр қиырынан ағылған меймандардың алдында жайылып жастық, иіліп төсек болу өз алдына, қолдағы барды көрсете білудің өзі өнер һәм зор міндет.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Этностар мүддесі барынша қорғалған ел

Қазақстан заманауи өмірге, ха­лықаралық қоғамдастыққа се­німді түрде кірігіп отыр. Біз елі­міз­дің имиджін көтере отырып, ин­вестициялық және экспорттық әлеуетімізді, экономикамызды қа­р­қынды дамытуға баса назар ау­дарып келеміз. Осы саясаттың ар­қасында Қазақстан әлем мой­ын­даған елге айналды.

Гүлзейнеп Сәдірқызы, «Егемен Қазақстан»

Ең ауыр күнә

Ана құрсағындағы шара­на­ның 18 күнде жүрегі соғып, 8 апта­да айналасындағы тір­ші­л­ікті се­зе бастайды екен. Ал 12 апта­да саусағын сорып, ба­сын қимылдатады. Міне, сол кеу­де­сі­не жан бітіп, адам кейпіне келген шақалақ өзіне келе жатқан қау­іпті, жасалатын қиянатты сез­генде жиырылып қарсылық көр­сететін көрінеді. Демек, әйел ағ­­засында жүріп жатқан табиғи қа­лыпты күшпен бұзып, баланы жасанды жолмен алдыртып тас­тау әйел үшін құдай алдында күнә, адам алдында қылмыс де­се де болғандай. Өйткені, Ис­лам дінінде кісі өлтіру ең ауыр кү­нә болып есептеледі. Ал ана құр­са­ғындағы кеудесінде жаны бар шарананы кесіп, бөлшектеп алып тастау ауыр күнәға жатпай ма?..

Пікірлер(0)

Пікір қосу