Еуразия ендігіндегі егіз ұғым

Астана бүгінде әлемдегі ең жас елорда екеніне қара­мас­тан, халықаралық дең­гей­дегі айтулы іс-шаралар өтетін жаһандық саясаттың эпи­центріне айналып үлгерді десек, артық айтқандық емес. Елбасы мен елорда егіз ұғым дегендей, Қазақ­стан­­­ның бас қаласының аз ғана уақыт ішінде әлемдік дең­гейде осыншалықты зор сенім­ге ие болуына көре­ген көш­­бас­шы, сарабдал сая­сат­кер – Қазақстан Респуб­ли­ка­­сы­ның Тұңғыш Прези­денті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен ең­бегі мен халық­аралық қоғам­дас­тықтағы жоғары беделі игі ықпал еткені талас туғызбаса керек. Ал Астананың бүгінгі бағындырған биігіне мысалдар жеткілікті.
Егемен Қазақстан
04.07.2017 906

Барша жұрт таныған бас қала
Дүние жүзінде 251 мемлекет бар екен. Олар түгелдей БҰҰ-ға мүшелікке өтпесе де, біз­діңше, бәрі дерлік тәуелсіз, дербес мем­лекеттер болуы керек. Ара­ларында ірі­лері де, бар-жоғы біздің бір аудан көлемі­­нен аспайтындары да жоқ емес. Арал мем­­лекеттер мен қала мемлекеттер де кездеседі.
Мұны біз не үшін айтып отырмыз? Жер-жаһанда осыншама мемлекет бар екенін, қазақтың кең пейіліне қа­рай әлемде тоғызыншы орын алатын аумақ­­тың бұйырғанын айта отырып мақ­­тану үшін, әрине! Және мұны мақ­тану­ға әбден болатын мәселе деп біле­міз. Дүние жүзінде алақандай жер үшін қырық пышақ болып қырылысып жата­тын халықтар аз ба? Тіпті, аумағы жөні­нен әлемде тоғызыншы орын алатын еге­мен ел атану тұрмақ, өзімдікі дей­тін ұлт­арақ­тай жері болмағандықтан, дербес­ті­гіне қол жеткізе алмай пұшай­ман күй кешкен ұлыстарды да жақсы білеміз емес пе?!
Қазақстан халқы бүгінде жерімен ғана емес, тұтастай елімен де мақтана алады. Егемен еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сараб­дал ішкі, сыртқы саясатының арқа­сын­да көптеген ұлт пен ұлыс мекен ететін кең-байтақ Отанымызда этнос­аралық татулық пен дінаралық келі­сім салтанат құрған. Мемлекет басшы­сының жол көрсетіп, бағыт-бағдар сілтеуімен Қазақ елі жыл өткен сайын өсіп-өркендеп келеді. Халық­аралық қоғамдастық алдындағы беделі де адам айтқысыз деңгейде арта түсіп отыр. 
Елбасы дегенде алдымен ауызға тәуел­­сіздігіміздің тұғырын бекіте түсу­ге үлкен үлес қосып қана қоймай, әлем­­­дік саясаттың әмбебап қаласына айна­ла бастаған әсем қала – Астана іліге­тіні анық. Елорданы бүгінде жұрт­шы­лық Елбасының төл перзенті санайды және мұны өте орынды пікір дегені­міз абзал.  

Діндер съезі келісімге үндейді
Бүгінде әлем таныған Астана, соны­мен қатар, халықаралық саяси-эко­номи­калық және мәдени-гуманитарлық іс-шаралардың да орталығына айналып келеді. Осындай әлемдік деңгейдегі ауқымды халықара лық шараның бірі – Елбас­ының бастамасымен ұйым­дас­тыры­лып, бүгінде әр үш жыл сайын өткізіліп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері. Ол алғаш рет елордада 2003 жылы қанат қақса, содан бері тағы төрт мәрте ұйымдастырылды. Съезд 2006 жылдан бастап осы шара үшін деп арнайы салынған, бүгінде «Пирамида» аталып кеткен Бейбітшілік және келісім сарайында өткізіліп келеді. 
Съезд шақыру бастамасын да Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халық­аралық қауіпсіздік саласын нығайтуға қосқан үлесім болсын деп көтергені күмән туғызбайды. Қазіргі таңда елара­лық жанжалдардың басым бөлігі бөліну­шілік пен діни дүрдараздық салдарынан туындап жататыны жасырын емес. Міне, осы проблеманы сәл де болса жеңілдету мақсатында шақырылып жүрген съездер кезінде, тіпті, бір-біріне қол бермейтін дін өкілдерін бір үстел басына отырғызып үнқатыстырудың сәті түссе, бұл осыған дейін ешбір елде, ешбір жерде болып көрмеген оқиға еді.
Жақында Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төр­аға­лығымен түрлі елдерден келген, түрлі діндер көшбасшыларының қаты­суы­мен алдағы жылы өткізілетін VІ съезге бай­ланысты хатшылық отырысы болды. Онда VІ съездің күн тәртібі мен ұйымдастырылатын мерзімі бекітілді. Сөйтіп, кезекті съезд 2018 жылғы қыр­күйек айында өткізіледі деп шешілді. Жал­пы, бұл съездердің әлемдегі түрлі дін­дерді жақындастырудағы рөлі өте жоғары екенін айта кеткен жөн.

Аспанда «Астана рухы» қалықтады
Қазақстанның елордасы куә болған саяси-экономикалық, мәдени-гумани­тар­лық шаралар ауқымы жыл өткен сайын кеңейе түсіп келеді. Осы орайда, Отанымыздың сыртқы саясаттағы ең үлкен табысы деп Тәуелсіз Мем­лекеттер Достастығы (ТМД) мен Орталық Азия елдерінің ішінде алғаш болып Еуро­падағы қауіпсіздік және ынты­мақ­тас­тық ұйы­мына (ЕҚЫҰ) төрағалық құқын жеңіп алып, осы халықаралық беделді ұйым­ның 11 жыл бойы өткізілмей келген саммитін ұйым­дастыруын атасақ, қателес­пейтініміз анық. Және Ұйымға төрағалық ету құқын жеңіп алып қана қоймай, оның сам­митін ұйым­дас­тыруға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық ауқым­дағы жо­ғары беделінің арқасында қол жет­кізгені­міз тағы даусыз. 
ЕҚЫҰ-ның Еуропа, Солтүстік Америка, Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ­дағы 56 мемлекеттің басын қос­қан жетекші ұйым екені белгілі. Бас­­қа­лай айтқанда, Владивостоктан Ван­куверге дейінгі еуроатлантикалық ареал­дағы мемлекеттерді біріктірген біре­гей құрылым болып табылады. Оның басты бағдары – үнқатысу арқылы қауіпсіздік саласындағы түйткілдердің түйінін тарқату және оны мәмілегерлік, ынты­мақтастық жолымен бекемдеу. Бұл іргелі халықаралық ұйымға жүк­телетін міндеттің үлкен, артылатын жауап­кершіліктің зор екенін білдіреді. 
Қазақстан осы беделді құрылымның төрағалығына қалай қол жеткізді? Қазақ­тың дархан даласында ұйым сам­митін өткізуге ықпал еткен не нәрсе? Тіпті, төбе­билік тізгіні қандай өлшем­дерге сәйкес сеніп тапсырылды?  
Тәуелсіздігіміздің таңсәрі шағында-ақ еліміз көпқырлы серіктестік қағи­да­тын батыл ұстанды. Ұлтымыздың сырт­қы саясаттағы стратегиялық өзегі көп­қыр­лылық және ашықтық болды. Осы себепті де, Астана сыртқы са­я­сатта жетекші халық­аралық ұйым­дармен, әлемдік державалармен ықы­ласты ық­пал­дастықты дамытуды бағдар­шам етіп алды. ЕҚЫҰ-мен өзара мүдде­лес­тікке негізделген серіктестікті нығайту­ды мақсат тұтты. Ал бұл Ұйым да қуаты жағынан дүние жүзіндегі төртінші ядролық арсеналға ие болған, кейін одан өз еркімен бас тартқан және осы бастаманы халықаралық қоғамдастыққа барынша насихаттаған Астанамен үйлесімді үнқатысу орнатуға бейілді еді. 
Ұйымға төрағалық пен оның сам­митін өткізу жұмыстарының сеніп тап­сы­рылуы – Қазақстанның, оның Көш­бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбіт­шілікті, ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімді, саяси тұрақтылықты қамтамасыз еткен, жаңа мемлекет құрудың эволюциялық жолын табыс­­ты таңдаған, халықаралық қоғамдас­тық пен түрлі бағыттағы байланыстардың соны моделін орнықтырған саясатына беріл­ген оң бағаның нәтижесі деп сенім­мен айтуға толық негіз бар. 
Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төраға­лығы мен оның саммиті табысты аяқ­талып, Алаштың абыройын асқақтатты. Зеңгір көкте «Астана рухы» қалықтады. 

«Астана процесінен» нәтиже күтіледі
 Астана – бүгінде басқа да жаһандық деңгейдегі ауқымды іс-шаралар табыс­ты өтіп жүрген үнқатысу алаңы. Олар­дың қатарында ТМД елдерінің түрлі деңгейдегі басқосуларының, Азия­дағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) отырыс­тарын атауға болады. Бұл екі құрылымның Қазақстан үшін маңызы ерекше. Алғашқысы – бұрынғы кеңес­тік кеңістік республикалары – бүгінгі егемен елдердің интеграциялық байланыстарын бұзбай, түрлі сала­дағы қарым-қатынастарын дәстүрлі негіз­де жалғастыруын көздесе, екін­шісі – тікелей Қазақстан басшысы­ның бастамасымен құрылған бірлестік ретінде өңір елдері арасындағы өзара ықпалдастық пен сенім шараларының тереңдей түскеніне мүдделілік танытады. 
Астананың халықаралық қоғамдас­тықта ерекше орны бар қала екенін көрсететін кезекті ауқымды іс-шараның бірі деп басталғанына алты жылға таяп қалған Сириядағы қарулы қақтығысты тоқтату бойынша төрт бірдей раунд өтіп, «Астана процесі» деген атауға ие болған сирияаралық келіссөздерді атап айтуға болады. Жалпысында, Сирия мәселелері бойынша өткізіліп келе жатқан Астана процестері Женева келіссөздері сынды халықаралық кездесулерді толықтырушы қызметін атқару үстінде. Өз алдына автономды ауқымды шара Сирия дағдарысына қатысты барлық мүдделі тараптың басқа да келіссөздерімен бір арнада өтіп отыр. 
Аталған шараның мән-маңызы туралы айтқанда, бірінші кезекте, 2017 жылдың қаңтар айында елордада өткен халықаралық кездесуде Сирияның қарулы оппозициясының өкілдері мен Сирия үкіметінің адамдары алғаш рет бір үстел басына отырып, бір-бірімен жүзбе-жүз сөйлесіп, өзара мәмілеге келуге мүмкіндік алғанын ерекше атап өту керек. Астана пішіміндегі келіс­сөз­дердің негізі атыс­ты тоқтату режімі­не бағытталса, бұл – бүгінгі таң­да нақты алға қойылып отырған мін­дет. Астана процесінің жетістіктерін Женева келіссөздері табысты болуының алғышарты деп те қарастырған жөн. 
Қазіргі кезге дейін Қазақстанның бас қаласы мүдделі тараптардың баршасы өздерінің көзқарастары мен ұстанымдарын кең аудиторияға жеткізе алатын тұғырнама ретіндегі тиімділігі мен өзектілігін көрсетті.  

Шанхай ұйымын сегіздікке айналдырған шаһар
Келесі кезекте Шанхай ынтымақ­тастық ұйымының (ШЫҰ) өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі орасан зор деуіміз керек. ШЫҰ-ның қалыптасу тарихында Қазақстан Респуб­ликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың белсенді рөлі, халық­аралық беделі анық көрінеді. Осы орайда, бұған Ұйым абыройының бүгінгідей артуында Елбасының үлесі айтарлықтай екенін қоса көрсетуіміз қажет. 
Күні кеше Қазақстанның елордасында ШЫҰ-ның жаңа тарихы басталған саммиті табысты аяқталды. Ауқымды басқосуда Үндістан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы Ұйымға толыққанды мүшелер болып қабылданды. Сөйтіп, әуелде «Шанхай бестігі» ретінде ірге көтеріп, кейін Өзбекстанның қосы­луы­мен Шанхай ынтымақтастық ұйы­мы деген атауға ие болған өңірлік құрылым­ның ауқымы анағұрлым кеңейе түсті. Ұйым­ның жауапкершілік аясы 3 миллиардтан астам халқы бар аумақты қамтып, «Шанхай сегіздігі» сияқты институттық дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. 
Ұйымға мүше мемлекеттер қатары­­ның артатыны туралы хабар халықаралық қоғамдастықтың Астана­дағы саммитке деген қызығушылығын арттыра түскен еді. Оның алдында Ташкентте өткен саммитте сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үндістан мен Пәкістанның қосылуының нәтижесінде ШЫҰ Еуразияның көп бөлігін, Жер шары халқының жартысын және әлем экономикасының 20 пайызын қамтитын жаһандық зор құрылымға айналатынын атап көрсеткен-тін. Бұл үдеріске Астанада өткен саммитте соңғы нүкте қойылып, Ұйым үшін дамудың жаңа дәуірі басталды деуіміз керек. 
Өзге де халықаралық немесе ай­мақ­тық ұйымдар сияқты ШЫҰ да жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырғаны белгілі. Олар: терроризм мен экстремизм, есірткі тасымалы, әсіресе, ДАИШ (Қазақ­станда тыйым салынған) секіл­ді халық­аралық террорлық ұйымдар. Мұн­дай сын-қатерлермен Ұйымға мүше мем­лекеттердің өзара күш біріктіруі арқы­лы ғана тиімді күрес жүргізуге бола­тыны анық. Бұл арада ШЫҰ-ның жаңа мү­шелері – Үндістан мен Пәкістан ел­дері­­нің әлеуетін пайдалануға мүмкіндік мол. 
Жоғарыда айтылғандарды саралай келгенде айтарымыз, бүгінде ШЫҰ эволюциялық дамуға батыл қадам бас­ты деуіміз керек. Ал дамудың келесі кезеңінде оның іргесі бекіп, тұғыры биіктей түсетініне еш күмән жоқ.

ЭКСПО – ел абыройын асырған шара
ЭКСПО-2017 халықаралық маман­дан­дырылған көрмесі жаһан жұрт­шылығының назарын бас қаламызға аударды. Бұл көрмені өткізу еліміз үшін үлкен жетістік екені сөзсіз және Отанымыздың өркениет көшіндегі елдер қатарына қосылғанын айғақтайды. 
Көрме өткізу құқын жеңіп алудың өзі кейбір менмін деп кеуде қаққан елдердің де пешенесіне жазыла бермейді. Ақтық бәсекеде Астананың Бельгияның Льеж қаласымен бәсекеге түскені белгілі. Бірақ Астананың бәсі жоғары шықты. Дауыс берген Халықаралық көрмелер бюросына (ХКБ) мүше 148 елдің 103-і ЭКСПО-ның Қазақстанның елордасында өткенін қалайтындарын білдірді. 
Иә, таңдаудың кез келген елге түсе бермейтінін мына мысалдан-ақ айқын көруге болады. Астананың артынша, яғни 2018 жылғы ЭКСПО көрмесін өткізу жолындағы бәсекеге ежелгі көршіміз – Ресейдің Екатеринбург қаласы түсті. Бірақ жаһандық деңгейдегі жалпыұлттық көрме өткізу бәсекесінде жеңіліс тапты. Таңдау жасаған ХКБ-ға мүше ел өкілдері ЭКСПО өткізуге Екатеринбург лайықты емес деген шешім қабылдап, дауыстарын оның қарсыласына бергенді жөн көрді. 
Ал Астананың жеңісінде, бірін­ші кезекте, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық танымалдығы мен беделі шешуші рөл атқарды десек, ешкім дау айта алмас. Екіншіден, елімізде бұған дейін көптеген халықаралық ауқымды шаралар табыс­ты ұйымдастырылды. Азия ойындары, Универсиада үлкен жетістіктермен өтті. 
Енді, міне, елорданы дүбірге бөлеп жатқан Дүниежүзілік көрмеге келетіндер қатары күн өткен сайын қалыңдап келеді. Бұған қатысты Елбасының өзі ЭКСПО-ның ашылуында сөйлеген сөзінде көрмеге келетін қонақтарды Қазақстанның басқа да көрікті жерлерін аралап, жақынырақ танысуға шақырды. Елімізде кез келген шетелдіктің таңдайын қақтырар орын­дардың жеткілікті екенін атап көрсетті. 
Астана ЭКСПО өткізу құқын жеңіп алғаннан кейін бұл халықаралық ауқым­ды шара жалпыұлттық жобаға айналды. Қажетті көлемде қаржы бөлініп, атшаптырым аумақты алып жатқан тұтас бір аудан бой көтерді. Сөйтіп, елорда көркіне көрік қосылды. Көрме аяқтал­ғаннан кейін жаңа құрылыстардың игілігін ел көретін болады. Мұны көр­­ме­ден тиімділік көрмейміз деген кер­тарт­­палардың пессимистік көңіл күй­леріне нақты жауап деп білеміз. 
Қорыта айтқанда, ЭКСПО-2017 халық­аралық мамандандырылған көр­месі Қазақ елін, оның елордасын бүкіл әлемге бұрынғыдан бетер таныта түсуге үлкен үлес қосу үстінде.

Самат МҰСА,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.06.2018

Дипломаттар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады

22.06.2018

«Нұр Отан» Маңғыстау облыстық филиалы мемлекеттік және полиция қызметкерлерін марапаттады

22.06.2018

Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық ынтымақтастығы нығая түспек

22.06.2018

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы 2020 жылы Азия чемпионатын өткізуге ниет білдіргенін растады

22.06.2018

Маңғыстау облысында «Нұрлы жер» және «Қолжетімді баспана» бойынша отырыс өтті

22.06.2018

Астанада медиабілімнің даму мәселелері талқыланды 

22.06.2018

Солтүстік Қазақстанда бұршақ жаууы мүмкін

22.06.2018

Астана қаласы маңындағы орман көлемі 100 мың га дейін кеңейтіледі

22.06.2018

«Ақтау Теңіз Порты» АЭА мен DP World инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ

22.06.2018

Қызылорда облысында «Жасыл» технологияларды енгізу бойынша меморандумға қол қойылды

22.06.2018

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Польшадағы Елшісінің брифингі өтті

22.06.2018

Кіші Аралда желкенді кемелер жүзе бастады

22.06.2018

Шымкентте «Миграциялық ХҚО» ашылды

22.06.2018

Астраханьда Астананың 20-жылдығына арналған фотокөрме өтті

22.06.2018

Қызылорда облысында жыл басынан бері 66 млрд теңге инвестиция тартылды

22.06.2018

Мамин Павлодар және ШҚО-ның инфрақұрылымдық жобаларын тексерді

22.06.2018

Жезқазғанның жаңа әкімі тағайындалды

22.06.2018

Гүлшара Әбдіқалықова бірқатар елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

22.06.2018

1 шілдеден бастап Қазақстанда амбулаториялық карта жойылады

22.06.2018

Еліміздің батысында 43 градусқа дейін ыстық болады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Бас ауырып, балтыр сыздағанда...

Халықты әлеуметтік тұрғыда қолдау ісі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені дау тудырмайды. Дегенмен қолға алынған әлеуметтік шаралардың ойдағыдай жүзеге асуына кейбір келеңсіз жағдаяттардың кедергі келтіріп, тұрғындардың көңіл-күйіне кері әсерін тигізіп жататыны жасырын емес.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сотқа жүгінбейтін адам жоқ. Бірақ солардың дені «Мен сүттен ақ, судан тазамын» дейді. Яғни «Мен кінәлімін, мен ұры­мын, мен парақормын» деп ешкім айта қоймайды. Және тараптардың қай-қай­сының да сотта келтірген уәждері сенім­ді көрі­неді. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу