Еуразияның "астық себетіне" айнала аламыз ба?

Еліміздің аграрлық сала­сы­ның шаруалары үшін көктем­гі егіс жұмыстарының қызу кезе­ңі басталғалы тұр. Биыл­ғы егін егу науқаны алғаш рет отан­­дық аграрлық сектордың соң­­ғы жылдардағы даму стра­те­­гия­сы жан-жақты талқы­лан­ған Агро­өнеркәсіп кешенін дамы­т­у­дың 2017-2021 жылдар­ға ар­нал­ған мемлекеттік бағдар­ламасы аясында өтеді.
Егемен Қазақстан
29.03.2017 1081

Кейбір мәселелер бойынша әлі күнге дейін әртүр­лі пікірлер айтылғанымен, бағдар­лама қабылданды, енді оны іске асыруға барлығымыз білек сыбана кірісуіміз керек. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға деген жүйелі тәсіл – аталған бағдарламаның басты артықшылығы. Мәселен, бү­гінде бірқатар көрсеткіштер бо­йынша артта қалған астық ке­шенін алайық. Бірінші кезекте, бұл астық сапасына қатысты. Жоғары деңгейдегі протеин әрқашан қазақстандық бидайдың әлемдік нарықтағы артықшылығы болған, бұл ұнның сапасын жақсартушы ретінде сұранысқа ие. Егер тари­хын еске түсірсек, сексенінші жыл­дары Қазақстанда жоғары протеинді 1-2 класты бидай 3,5 млн тоннаға дейін өндірілген. Ал 2016 жылдың нәтижесі бойынша, бізде қандай көрсеткіштер бар? Үшінші кластық сападан төмен астық үлесі 60-70%-ға дейін өскен. Отыз жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда, қазір біз, ең жақсы өнім алған жылдардың өзінде жоғары протеинді бидайды 10 есе аз аламыз. Сонымен қатар, біз­дің негізгі бәсекелесіміз Ресей таяу­дағы бес жылда бидай алқабын 24,4 млн гектарға дейін кеңейтуді, ал экспорттауды 4-5 млн тоннаға көбейтуді жоспарлап отыр. Осы­ған байланысты, басты астық өні­мі­міздің сапасын және бәсеке­ге қабі­лет­тілігін арттыру бойын­ша жұ­мыс­тарды жүйелеу туралы аса жауап­тылықпен ойлануы­мыз керек. Өйткені, еліміздің ауыл шаруа­шы­лығының қаржылық ахуа­лы бидай экспорттаумен байланысты. 

Ауа райы жағдайына қанша сілтесек те, маман ретінде маған аны­ғы: қазіргі заманғы технология­лар сақталғанда, кез келген ауа райына төзімді сұрыптарға, хи­мияландыру құралдары қол­да­нылғанда, бүгінде егін және оның сапасына қатысты шығындар әл­де­қайда аз болуы мүмкін еді. Осы орайда, көрнекті ғалым, академик Александр Бараевтың «Жерді алдай алмайсың, оны түсіну керек» деген сөздері еске түседі. Жарты ғасырдан астам уа­қыт бұрын оның басшылығымен «егін­шіліктің топырақ қорғау жүйесі» әзірленген. Ол тың иге­ру ай­мақ­тарының жағдайына қа­рай қол­данылып, ерте үсік шалу тәуе­кел­дерін төмендетіп, са­п­а­лы бидайдан тұрақты өнім алу үшін, егін жинау науқанын 20 қыр­күйекке дейін аяқтауға ба­ғыт­­талған. Мысалы, Солтүстік Қазақ­станда аязсыз қысқа аралықта 30% орташа ерте пісетін сұрыптар және 70% орташа пісетін сұрыптар себілетін. Мұнда кеш пісетін сұрыптар туралы сөз болуы мүмкін емес еді. Осылайша, әр аймақ үшін әртүрлі мерзімде пісетін би­дай сұрыптарының жиынтығы ұсы­нылып, ауа райы жағдайына қарамастан, тұрақты өнім және астықтың жоғары сапасымен қамтамасыз ету реттелген.

Ал отандық фермерлер, өкі­ніш­ке қарай, бұл тәсілді естен шы­­ғарған. Оның үстіне аймақ­тар­да кез келген қолайсыз ауа ра­йы жағдайына бейімделген, ауру­ларға аз ұшырайтын бидай сұ­­рып­тарының жетіспеушілігі се­зі­леді, ал мұндай сұрыптарды қа­лып­­тас­тыру үшін, қазіргі заман­ғы гене­ти­калық және молекуляр­лық әдіс­термен зерттеу жасауды мең­гер­ген білікті селекционерлер керек.

Мысалы, Канада мен Австра­лияда қолданылатын сұрып­тар­дың сапасына қарай сұрып ауыстыру орта есеппен 5-7 жыл сайын жүзеге асырылады. Ал Солтүстік Қазақстанның егіс ал­қаптарында көптеген бидай сұ­рыптары – 20-30, тіпті 40 жыл бо­йы қолданылуда. Қараған­ды об­лысында әлі күнге дейін 1957 жылы аудандастырылған «Саратов-29» сұрпы егіледі. Бұл отандық селекционерлердің тығы­рыққа тірелуі дер едік. Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақ­стан облыстарының аймақтық ғылыми-зерттеу мекемелерінде дәнді дақылдар бойынша ғылыми дәрежесі бар небәрі 4 (!) селекцио­нер қалды. Әрі оның екеуі – 70 жастан асқан.

Тұқым шаруашылығының жай-күйі үлкен алаңдаушылық туғызады. Былтыр 2012 жылмен салыстырғанда, себілген жаңа тұқым үлесі 25%-ға, ал элиталық тұқым үлесі 29%-ға азайған. Бұл – соңғы жылдары өндіріске бірінші репродукциялы тұқымдарды дұ­рыс субсидияламауда жіберіл­ген кемшіліктер нәтижесі. Тұқым шаруашылығындағы мұндай сая­сат сұрыптарды жаңарту мерзім­дерін күрт ұлғайтуға алып келді.

Келесі мәселе – егістік құнар­лы­лы­ғының апатты жағдай­ға ұшы­рауы. Мамандарға белгі­лі, топырақ – бұл күрделі биоло­гия­лық нысан, оның жекелеген көр­сет­кіштері төмендесе, қалпына келтіру мүмкін болмайды. Ғалым­дардың мәліметі бойынша, Сол­түс­тік Қазақстанның егістік то­пы­­рақтарында 20 жыл ішінде қарашірік құрамы 20-30%-ға, ал кейбір жағдайларда 40%-ға дейін төмендеген. Осыдан 30 жыл бұрын егістіктің бір гектарына минералды тыңайтқыштарды қолдану деңгейі 29 кг NPK құра­ған. Бү­гінде тек 4 кг, яғни қа­жетті мөл­шерден 15 есе аз мөл­­шерде. Басқаша айт­қан­да, қол­да­ныл­ған мине­рал­ды тыңайт­қыш­тардың мөл­шері бойын­ша біз өткен ғасыр­дың 60-шы жыл­дары деңгейінде қалып отыр­мыз. Минералды ты­ңайт­қыштар астықтың өнімділігін ғана емес, тұқым сапасын жақсартуға да мүм­кіндік береді. Егер біздің диқан­­дарымыз фосфорлы тыңайт­қыштарды жеткілікті мөлшерде қолданатын болса, онда бидайдың пісіп-жетілу кезеңін шамамен 5-7 күнге қысқартуға болар еді.

Жаңа бағдарлама жоғары­дағы мәселелерді шешуге қалай көмектеседі?

Біріншіден, аграрлық ғылым­ды түбегейлі реформалар күтіп тұр. Астана мен Алматыда еліміз­дің екі ауыл шаруашылығы уни­вер­ситеттерінің базасында ха­лық­­аралық деңгейдегі зерт­теу уни­вер­ситеттері құрыла­ды. Біз Қазақстан үшін жаңа, бірақ дамыған елдерде кеңінен қол­данылатын іргелі және қол­данбалы сипаттағы зерт­теулерді бірыңғай жүйеде бірік­тіретін академиялық орта­ны (зерттеу университетін), шетел­дік технологиялар транс­фер­тін, кадрлар даярлау мен қай­та даяр­лауды, инновацияларды ком­мер­цияландыруды қалып­тастырамыз.

Екіншіден, биылдан бастап жоғары өнімді тұқымдарды субси­диялау қалпына келтірілді. Біз бірнеше жыл бұрын бұзып алған тұқым шаруашылығын жүйелі қолдауды қайтадан қалпына келтіреміз, сондықтан шаруаларды сапалы тұқыммен қамтамасыз ету жағдайы жақсарады деген үміт пайда болады.

Үшіншіден, мемлекет тыңайт­қыштарды арзандату жолы­мен пайдалануға қолдау жасау шара­ларын күшейтуде. Жер ре­сурс­тарын басқару жөнін­дегі функ­циялардың Ауыл шаруашы­лығы министрлігіне берілуімен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер­­лерді тиімді пайдалануда мем­­лекеттік бақылауды күшейту бойын­ша уақыты жеткен реформа­лар басталатын болады.

Төртіншіден, экспорттық сая­саттың тәсілдері айтарлықтай күшей­тіледі. Бұл мәселемен жүйе­лі негізде жеке құрылым – агро­өнеркәсіп кешенінің экспорттық орталығы айналысатын болады. Айта кету керек, Үкіметтің бел­сенді ұстанымының нәтижесінде, қазақстандық бидай экспортының гео­графиясы кеңейтілуде. Мы­са­лы, Қытайға отандық астық­ты экспорттау шарттарын айтар­лық­тай жеңілдеттік және алғаш рет Вьетнам нарығына шықтық.

Жаңа бағдарламаны талқылау кезінде «өсімдік шаруашылығын әртараптандыруға басымдық беру біздің басты экспорттық да­қы­лымыз – бидайдың өндірілу кө­ле­мін қысқартуға алып келеді» деген пікірлер айтылды. Шын мә­­нінде, бағдарлама бидайдың жал­­пы өнімін қысқартуды көзде­мей­ді, керісінше, өнімнің шығым­ды­лы­ғын және сапасын арттыруға ба­ғытталған. Әртараптандыру отан­­дық аграрлық секторды не­ғұр­­лым тұрақты ету, жиі өзгере­тін өнім бағасына шаруалар табы­сы­ның тәуелділігін әлсірету үшін қажет.

Осылайша, агроөнеркәсіп кеше­­нін дамытудың 2017-2021 жыл­­­дарға арналған жаңа мемлекет­тік бағ­дарламасы ресурстарды ауыл шаруа­шылығының нақ­ты про­б­ле­маларын шешуге және сала­ны стратегиялық мақсат­пен дамы­ту­ға кешенді түрде шоғыр­лан­ды­рады. Астық кешені төңіре­гін­­дегі мә­се­лелерді талқылай оты­­­рып, Қазақ­станды өңірлік және жа­­һан­дық ауқымдағы «ас­тық себе­­тіне» айналдырудың қа­лай жүзеге асырылатынына куә боламыз.

Қазір, ең бастысы, жергілікті жер­лерде бағдарламаның басты өз­геріс­тері туралы қарапайым, түсі­нік­ті және сапалы түсіндіру жұмыс­тарын жүргізу керек. Әр фер­­мер, ауылдың әр тұрғыны қан­дай мүмкіндіктер ашылатынын анық көріп, оны өзін өзі дамытуға пай­далануы керек. Сонда Прези­дентіміздің отандық агроөнеркәсіп кешенін елдің экономикалық дамуының драй­веріне айналдыру керек де­ген тапсырмасын орындай аламыз.

Ақылбек КҮРІШБАЕВ,

С.Сейфуллин атындағы

Қазақ агротехникалық университетінің ректоры, профессор, ҰҒА корреспондент мүшесі




СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.05.2018

Қ.Тоқаев: Атырау облысы – ел экономикасының флагманы

23.05.2018

Жаңаөзенде судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

23.05.2018

Маңғыстауда өрт қауіпсіздігі бойынша 77 бекет орнатылды

23.05.2018

Маңғыстаулық полицейлер мұқтаж отбасыларға көмек берді

23.05.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі С.Шойгумен кездесті

23.05.2018

Менингиттен қалай қорғану керек?

23.05.2018

«Баян сұлу» жобасының жеңімпазы анықталды

23.05.2018

Қазақ әдебиеті әлем тілдерінде сөйлейді

23.05.2018

Л.Гирш көпшілікке «Стихи о войне и мире» өлеңдер жинағын таныстырды

23.05.2018

Қазақстан Президенті қорғаныс ведомстволарының министрлерімен кездесті

23.05.2018

Қызылордада жасырын казино ашқан азамат ұсталды

23.05.2018

Сотқа жүгінбей татуласуға болады

23.05.2018

«Петропавл–Қорған» бағытындағы тас жолға 27 миллиард теңге бөлінбек

23.05.2018

Маңғыстауда сот жүйесін жетілдірудің 7 бағыты талқыланды

23.05.2018

Петропавлда омарташы мамандар оқытыла бастады

23.05.2018

Қазақстандықтар жеке мәліметтеріне қолжетімділікке тыйым сала алады

23.05.2018

«Азаматтарға арналған үкімет» 8 млн адамның цифрлық сауаттылығын арттырмақ

23.05.2018

«Арсеналға» жаңа бапкер келді

23.05.2018

Елбасы V халықаралық «KADEX-2018» көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты

23.05.2018

Алматыда «Жас өркен» жастар орталығы ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Мектеп вальсі туралы ой

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қызғаныш деген қызыл ит

Заты адам баласымен бірге жасасып келе жатқан, көнермес те көгер­мес сезімдердің бірі – қызғаныш. Адам­ның көзіне шел қапта­та­тын қара қыз­ға­ныштардан кекшілдік пен күн­шілдік, бақас­тық пен бақталастық қоз­дап, неше түрлі қылмыстар жасалып жата­ты­ны да ешкімге құпия емес. 

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Алматының алмасы. Шырын қайда?..

Алматы жұрты күнде жауған жауын­мен, түнде ұрған суықпен жағаласып жүріп Алатаудың бөктеріндегі биылғы алма бақ гүл шашқан көркем шақтан көз жазып қалған сыңайлы. Содан ба екен, біреу «Биыл алма гүлдеді ме?» десе, біреу «Биыл өзі алма бола ма?» дейді қамығып. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Рух көтерудің жолы

Кейінгі өскелең жас ұрпақты патриот­тық рухта қалай тәрбиелейміз, ертеңгі ел қорғар өрендеріміздің бойына отаншылдық пен патриотизмді, елге, жерге деген сүйіс­пен­шілік сезімін  қалыптастырып, келешекте ержүрек, батыл болып өсулері үшін не істеуіміз керек деп,  жастардың ертеңгі тағдыры мен таңдауына жиі бас ауыртып, жанымыздың жабырқап жататыны рас.

Қамбар Ахмет,

Каспий мен Қара теңіздерді жалғау кімге тиімді?

Мамырдың екінші онкүндігінде ақпарат һәм саясат алаңында қызу тал­қыланған тақырыптың бірі – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий мен Қара теңіздің арасын жал­ғайтын «Еуразия» каналын салу жөніндегі пікірі болды. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу