Құлшына кіріскен істі аз уақытқа кідірте тұруға тура келді, оған тосын бір жайт себеп болды. Сол маңайда жүргендер бәрі алғашқыда не екеніне түсінбей таңырқай қарасты. Алдымен аңғарған тракторшы жігіт бұл құпиясы мол заттың тегін емес екенін білген, сосын пішіні бөлектеу құмыраны ақырын ұстай бергенде быт-шыты шығып бөлініп кетті. Бөлінгенде де үгітіле сынып шашылды да қалды.
Арық қазып жүргенде кезіккен жұмбақ құмыраның биіктігі 30-35 сантиметрдей еді. Бүйіріне иіліп жасалған ұстағышы да өзгешелеу болатын. Ол құмыраны алғаш кезіктірген кісі доғалдау ернеуіне қарай қол соза бергені сол, үгітіліп бөлініп түскені несі? Үгітіле сынған құмырадан сау ете төгілген зат жүгіре жиналғандардың көздерін қарықтырды. Іле, тосыннан табылған қазына қоймаға археологтар да жетті. Қазба кезінде жай-күйі бірсін-бірсін анықталып келе жатты: одан табылған керамика сынықтары Шығыс Отырарда орналасқан, ХІІ-ХІІІ ғасыр құрылыстары тобына жататын өркениет орталықтарымен тығыз байланыста болғанын аңғартады.
«Ол тұста жұрт арықтың суды обуын қоймаған жерінен бұрып әкетуге мәжбүр болған еді, – дейді бір естелігінде Өзбекәлі Жәнібеков. – Кейіннен ес білген шақта сол су обқан жерін талай іздеп бардым, таба алмадым...». Бала кезінде Отырар төбеге жақын қазылған Талапты арығымен су жібергенде бір қалтарыста арықтың ұлтаны опырылып түсіп, судың жер астына кете бастағанын үлкендерге еріп барған Өзағаң өз көзімен көргенін айтатын еді.
«Ежелгі Отырардың» қатпарлы тарихы сурет болып, көз алдыңызда тұрады.
Сапарбай ПАРМАНҚҰЛОВ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ
Суретте: Отырардан табылған теңге
Суретті түсірген
Нұрманбет ҚИЗАТҰЛЫ
Пікірлер(0)
Пікір қосу