FISU басшысы Қазақстан Президентіне алғыс айтты

​Халықаралық студенттік спорт федерациясының (International University Sports Federation - FISU) басшысы Олег Матыцин 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарын өткізуге қолдау білдіргені үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Егемен Қазақстан
05.04.2017 3293

«Халықаралық студенттік спорт федерациясы атынан және жеке өз атымнан жобаға тұрақты қолдау білдіргеніңіз үшін алғыс білдіремін. Универсиада мен Қазақстан құрамасының табысы студенттік спорттың дамуына және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға орасан күш береріне сенімдімін», - делінген О.Матыциннің жеделхатында. 

Сонымен бірге, федерация басшысы ойындар телеаудиториясының 70 мемлекетті қамтығанын, мұның халықаралық аренада Қазақстан беделін нығайта түскенін атап өтті. Ұйымдастыру комитеті, Алматы қаласының әкімдігі және Қазақстан студенттік спорт федерациясының үйлесімді жұмысының арқасында Алматыда бүкіләлемдік студенттік қысқы ойындардың жоғары деңгейде өткенін және Қазақстанның мультиспорттық жарыстарды ұйымдастыруға дайын екенін баса айтты. 

«Көптеген шетелдік қонақтардың пікірінше, Алматыда өткен бұл шара бүкіләлемдік қысқы студенттік ойындар тарихындағы ең үздік Универсиада болды. Барлығы Алматыға келген 3 мыңға жуық спортшының, ресми тұлғалардың және шетелдік қонақтардың сапарын ұмытылмастай еткен Қазақстан тұрғындарының қонақжайлылығына, кішіпейілділігіне тәнті болды», - деп жазды Матыцин. 

Айта кетейік, 2017 жылы 29 қаңтар - 8 ақпан аралығында Алматыда ХХVIII қысқы Универсиада ойындары өтті. Оған 57 елден 2000-ға жуық спортшы қатысты. Универсиада ойындарында 12 сайыс бойынша 85 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Жалпы командалық есепте 28 алтын, 27 күміс және 15 қола медаль алған Ресей құрамасы бірінші орын алды. Қазақстан 11 алтын, 8 күміс және 17 қола жеңіп алып, екінші орынға тұрақтады. Ал үздік үштікті 11 алтын, 5 күміс және  5 қола медальмен Оңтүстік Корея түйіндеді.


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.08.2017

Премьер қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының жұмысымен танысты

19.08.2017

Президент «Бурабай» гольф клубының ашылу рәсіміне қатысты

19.08.2017

Барселонадағы теракт бойынша басты күдікті анықталды

19.08.2017

Біз қазақша білуге міндеттіміз және болашағымызды осы тілмен байланыстырамыз

19.08.2017

Батысқазақстандық бастауыш сынып оқушылары биыл да ыстық тамақпен қамтылады

19.08.2017

Президент «Көкшетауминводы» акционерлік қоғамында болды

19.08.2017

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

19.08.2017

Бақытжан Сағынтаев Ауғанстан Атқарушы билігінің басшысымен кездесті

19.08.2017

Мемлекеттік хатшы Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойына қатысты

19.08.2017

Рудныйда облыстық жазғы «Тың-Целина-2017» спартакиадасы басталды

19.08.2017

Шымкентте шығарылатын аяқ киімдер Ресейге экспортталмақ

19.08.2017

Қостанайда пәтер ұрлығы едәуір азайды

19.08.2017

Жамбыл облысында шекарадан заңсыз өтпек болғандар ұсталды

19.08.2017

Қытайда селден 10 адам қаза болды

19.08.2017

Астананың бірнеше көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

19.08.2017

Футболдан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы тағайындалды

18.08.2017

Павлодардан Астанаға 10 тонна қарбыз жеткізіледі

18.08.2017

Ақтөбе мектептері жаңа оқу жылына 95 пайыз дайын

18.08.2017

Бурабайда Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті

18.08.2017

Павлодарда 98 ауыл әкімі сайланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Қызметтегі мәдениет мәйегі

Патшаның барымтасына, кеңес­тік кезеңнің күнде қырық құбылған қулығына бой алдырмай, тұнық ойына дақ түсірмей өткен нағыз ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Тірі бол­­сам, қазаққа қызмет қылмай қой­май­мын. Ұлтына, жұртына қызмет ету − білімнен емес, мінезден», деп еді. Шы­нында, ол кезде білім кем, мінез мық­ты еді. Қазір білім ұшан-теңіз, бі­рақ ұлттық мінез олқы, ала-құла, тіл мү­кіс, намыс пен ар ақшаға тәуелді болып барады.

Ғалым ОМАРХАН, «Егемен Қазақстан»

Жұмысты жалғастырар жастар қайда?

Қолында қолақпандай дипломы бола тұра жас мамандардың ауылда жұмыс істеуге құлшынысы жоқ. Көбінің ойы − қызығы мен у-шуы көп қалада қалып, өзіндей өрім жастардың ортасында болу. Бұл үшін оларды күстаналаудың да жөні жоқ шығар, бәлкім. Өйткені, қалада тұра ма, ауылда тұра ма, әркімнің өз қалауы. Солай десек те, жастар жаппай қалаға қарай ағылып жатқанда қазақтың алтын бесігі – ауылдарымыздың келешегі қалай болмақ? Бала саны жетпей, мектептер мен басқа да мекемелердің жабылуы жалғаса берсе, ата-баба кәсібін жалғастыратын лайықты ізбасарлар жоқ болса, ауылдардың ертеңгі күні не болмақ? Ойлаудың өзі қорқынышты. 

Нұрғали ОРАЗ,

Тәуелсіздік дегеніміз – мәңгілік күрес

Кешкілік аллеяда серуендейтін осы бір кішіпейіл, мәдениетті кісіні жиі көріп қаламын. Алғашында бас изесіп қана жүрдік. Бірте-бірте тіл қатысып, тротуардың жиегіндегі сәкіге тізе бүгіп, әңгіме-дүкен құратын болдық.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Кикілжің келіссөз арқылы шешіледі

Бүгінгі таңда әлемді алаңдатқан мә­селенің бірі Корей Халық-Де­мо­­кратиялық Республикасының яд­ролық қаруға қол жеткізу сая­саты болып отыр.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

ЭКСПО екі айналып келмес саған...

Алаштың алтын алқасындай Ас­та­на­ның ажар-көркіне аспанда­ғы ай қызығып, көктегі күн сүй­сін­гендей. Сарыарқадағы шамшы­рақтай сама­ла шаһар қазір тіпті құл­­пырып тұр. Сұлулығы көз суырғандай. Жер-жа­һан­ның жетіс­тік­тері жайнап төрінде тұр­са, бес құрлықты бетіне қаратар бе­дел жинамай қайтеді енді.

Пікірлер(0)

Пікір қосу