Фийон – президенттіктен басты үміткер

Егемен Қазақстан
03.12.2016 152
ubir-1Францияда келесі жылы сәуір-мамыр айларында өтетін президенттік сайлаудың басты оқиғасы бүгіндері жүзеге асқандай болып отыр. Елдегі жетекші саяси партиялардың бірі – «Республикашылар» партиясы праймериз сайлау­ында өз үміткерін анықтады. Оңшыл центристер атынан тартысқа бұрынғы премьер-министр Франсуа Фийон түсетін болды. Қазір жетекші саяси сарапшылар ғана емес, француз қауымы да негізінен сол Франсуа Фийонды бірден-бір басты үміткер ғана емес, күмәнсіз президенттей қабылдап отыр. Оның мынадай мәні бар. Қазіргі биліктегі Франсуа Олланд та, оның социалистік партиясы да қатты сынға ұшырап, жеңіске үміт етпейтінін мойындағандай жағдайда. Әсіреұлтшыл «Халық майданы» партиясы мен оның көсемі Марин Ле Пеннің біршама жақтаушыларын көбейткенімен, оған қарсы күресте консерваторлар мен социалистер бірігіп кетіп, әсіреұлтшылдарға жол бермейтіні айдан анық. Сонда Елисей сарайына Фийонның жолы ашылып тұр, дейді сарапшылар. Жалпы, «болжам айту жосықсыз әрекет» деген бар. Әсіресе, бұл соңғы кезде шындыққа айналып бара жатқандай. Ұлыбританиядағы референдумда елдің Еуроодақтан шығуы мақұлданбайды деген болжамды көп адам айтқан. Оған премьер-министр Дэвид Кэмерон да сенген. Соған орай, саяси ұпай да алмақ ойда еді. Ал британдықтар мақұлдап жіберді. Әйтпесе, АҚШ-тағы сайлауда Хиллари Клинтонның жеңісі күмәнсіздей еді. Бірақ Дональд Трамп жеңді. Тіпті, осы Францияда «Республикашылар» партиясының праймериз сайлауында Фийонның жеңісі көп адамның түсіне де кірмеген. Тартысқа түскен үшеу де бұрын билікте болғандар: Николя Саркози – президент, ал Ален Жюппе мен Фийон – бұрынғы үкімет басшылары. Жұрт Жюппе мен Саркозидің бірі жеңеді деген. Фийонға үшінші-төртінші орын берілген. Жалпы, ұлттық ауқымдағы сауалдамада басты үміткер Ален Жюппе саналды. Ал праймеризде Фийон жеңді. Бұл жеңістің сырын сарапшылар Франсуа Фийонның өз бағдарламасын жасауға айрықша мән бергенінен көреді. Ол апталық жұмыс уақытын 35 сағаттан 39 сағатқа өсіруді, зейнеткерлік жас­ты 62-ден 65-ке көтеруді ұсынып қана қоймай, мұның ұлттық мүддеге ғана емес, халықтың жағдайын жақсартуға тиімділігін дәлелдеді. Далиған мемлекеттік аппаратты 500 мың адамға қысқартпақ. Ал Жюппе бұл қысқартуға қарсы болған. Қазіргі заманда мультикультурализм мәселесі айрықша маңызға ие. Бұл Францияға да тән. Бұл елде келімсектер көп. Жюппе бұл мәселеге адамзаттық биіктен қа­рап, бәрінің ерекшеліктері еске­рілсін десе, Фийон басым сайлау­шылардың ұлттық сезімін қозғап, басқалар француздармен ассимиляциялансын дегенді алға тосады. Бұл көпшіліктен қолдау табады. Сарапшылар тағы да бір фак­торға назар аударады. Фийон Ре­сейге, президент Владимир Пу­тин­ге оң көзқараста. Кезінде екеуі әріп­тес болған. Бір мезгілде бірі Францияда, бірі Ресейде үкімет басқарды. Жақсы қарым-қатынаста, сыйластықта болды. Путин оны жақында «өте кісілікті адам», жоға­ры деңгейдегі қайраткер деп мақтап та жіберді. Бұл Фийонның жолын аша ма, жоқ кедергі болып тие ме, бұл жағы белгісіз. Сонда бүкілхалықтық дауыс беруде Фийонның оппоненттері кім болмақ? Әсіреұлтшыл Марин Ле Пен жайында жоғарыда айттық. Социалистер әлі өз үміткерлерін айта алмай жатыр. Президент Олланд жеңіске сенімді болмаған соң, күреске түспесе керек. Үкімет басшысы Мануэль Вальс үнсіз. Бұрын оларда экономика министрі болған Эммануэль Макрон өз қозғалысын ашып, іргесін бөлді. Сарапшылар оны есепке де алып отырған жоқ. Сонда барлық көзір Франсуа Фийонның қолында тұрғандай көрінеді. Бірақ болжам айту жосықсыз әрекет деген тәмсіл ойға орала бе­реді. Партиялық сайлауға 4,2 мил­лион адам қатысса, ертеңгі жалпы сай­лауда 36 млн француз дауыс береді. Олардың көпшілігі Фийонға дауыс береді деп кесіп айту қиын.

Бітім екі жақтың да мүддесін көздеуге тиіс

ubir-2Соңғы біраз уақыттан бері сөз болып келе жатқан Колумбия билігі мен елдегі қарулы көтерілісшілер арасындағы бітімге қол жететін түрі бар. Ел президенті Хуан Мануэль Сантос пен Колумбия революциялық қарулы күштерінің (КРҚК) жетекшісі Родриго Лондоньо Эчеверри келісімнің жаңа нұсқасына қол қойды. Жарты ғасырдан аса уақыт билікке қарсы қарулы әрекет жасап келе жатқан ұйыммен бітімге келу жөніндегі Колумбия президенті Хуан Сантостың бастамасын әлем жұртшылығы қызу қолдап, назарда ұстады. Тіпті оған сол үшін биылғы Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығы да берілгені бар. Бірақ біршама кедергіге ұшырап, сол бітім жүзеге аспай қалған. Сонда біраз жұрт сол сыйлық орынсыз берілді-ау деген ойға да келген сыңайлы еді. Келісімнің алғашқы нұсқасына биылғы 26 қыркүйекте қол қо­йыл­ды. Оның рәсіміне Латын Аме­рикасындағы 15 елдің басшылары, тіпті БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун қ­а­тысқан. Бірақ 2 қазанда өткен рефе­рендумда бітім қолдау таппады. Дау­ыс бергендердің 50,21 пайыз­ы қарсы болды. Қарсыластардың уәжі – жарты ғасырдай уақытқа созылған қарулы қақтығыстан 200 мыңнан астам адам қаза тапса, соған көтерілісшілер жауапты, олар жазалануы керек, дейді. Дегенмен, халықаралық ұйым­дар, көптеген мемлекет басшылары, колумбиялықтардың өздері де президент Сантостың бастамасын құптағаны анық. Қантөгісті қақтығыс қалайда тоқтауға тиіс, бұл жерде екі жақ­тың да мүддесі ескерілуі тиіс деген ұстанымға жүгінген ел басшысы бітімге жету күресін тоқтатпады. Бітім үшін келіссөз қайта жал­ғасты. Әрине, қарсыластардың пікірлері ескерілгені анық. 50 пункт­ке өзгерістер енгізілді. Ең бас­тысы – қаруға сүйенген ұйым бейбіт жолды ұстанатын сая­си күш­ке айналатын болды. Ке­лісім бо­йынша КРҚК-нің 6 мың сарбазы таратылып, қарулары тәр­кіленеді. Оның есесіне, осынау бұрын радикалдық бағыт ұстаған, енді бейбіт саяси күшке айналған ұйым­ның басшылары мемлекеттік қыз­меттерге сайлана алатын болды, оларға Конгрестен (парламент) 10 орын берілмек. Жоғарыда айтқандай, қара­шаның соңғы күндері бітімнің жаңа нұсқасына екі жақтың жетекшілері қол қойды. Бірінші нұсқаға қол қою үлкен салтанатпен өтіп, оған басқа елдердің басшылары қатысқанымен, ол кейін референдумда бекімей қалып, айтарлықтай ыңғайсыздық туған. Бұл жолы да солай болып жүрмей ме деген күдікке келсек, енді оны референдум емес, парламент бекітеді. Ал онда президент Сантостың жақтастары көпшілік. Оған қоса, басқа ағымдағы депутаттар ішінде де бұл бітімді жақтайтындар баршылық. Демек, осынау басқа жерлердегі қақ­тығыс­тарды тоқтатуға да өнеге болғандай маңызды құжаттың жолы ашылатынына сенім мол. Мамадияр ЖАҚЫП, журналист
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Франциядан Англияға бет алған ұшақ Ла-Манш бұғазында жоғалып кетті

22.01.2019

Жастар жылының логотипі бекітілді

22.01.2019

Жол азабына ұшырағандарға шекарашылар көмекке келді

22.01.2019

Р.Бекетаев: мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін салық төлеу керек

22.01.2019

Жаңақала ауданында жоғалған адам табылды

22.01.2019

Сенатта халықаралық құжаттар қаралды

22.01.2019

Федерация кубогында ел намысын кімдер қорғайды?

22.01.2019

Төсек тартқан науқасты үйде күтетін «Үйдегі Хоспис» жобасын қолға алу керек

22.01.2019

Қарағанды облысында адасқандар құтқарылды

22.01.2019

Іскер әйелдер қауымдастығы – қайырымдылық бастамашысы

22.01.2019

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22.01.2019

Алуа Балқыбекова: Қазақтың боксшы қыздарымен әлемде барлығы да санасады

22.01.2019

Қасиетті қамшы

22.01.2019

Соңғы төрт күнде шығыс өңірінің теміржолшылары шамамен 2 мыңнан астам шақырым жолды қардан тазартты

22.01.2019

«Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жаңа жобаны таныстырды

22.01.2019

Ақырзаман жақын ба?

22.01.2019

Шымкенттің орталық аудандарындағы балалар әлі күнге дейін үш ауысымды мектепте білім алып жүр

22.01.2019

«Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды

22.01.2019

«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры тағайындалды

22.01.2019

Астана әкімдігінің аппараттық жиыны бұдан былай ашық форматта өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу