Forbes: Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне баруға 5 себеп

Forbes.com «Astana EXPO 2017 көрмесіне баруға 5 себеп» атты мақала жариялады. Назарларыңызға материалдың толық нұсқасын ұсынамыз.
Егемен Қазақстан
13.06.2017 1050
2

Телефон, сенсорлы экран, радиохабарлама, видеоконференция, рентген, IMAX-технология. Бұл - әлемдік көрмелерде таныстырылған маңызды инновациялар. 1851 жылы алғаш рет өткен Барлық халықтардың өндірістік жұмыстар көрмесінен бері көп нәрсе өзгерді. Әсіресе, қалалар көрме брендіне айналды. 10 маусым күні Қазақстанның Астана қаласында ЭКСПО-2017 ашылды. Бұл көрмеден не күтуге болады?

Бұл мүлдем басқа қала

Қазақстан ұйымдастырып жатқан ЭКСПО-2017 көрмесіне бірінші мәртебесін беруге лайық тұстары көп. Қазақстан Орталық Азияда және посткеңестік елдер арасында бірінші болып әлемдік көрмені өткізіп жатыр. Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада көрмені өткізу моделі өзгерді.

ЭКСПО-2017 Орталық Азияны аралауға мүмкіндік береді. Мұнда ежелден көшпенді халықтар қоныстанған. Жібек Жолы Еуропа мен Азия арасындағы тауар айналымы мен идеялар алмасуға сеп болды.

ЭКСПО-2017 – 1991 жылы тәуелсіздігін алған, мемлекеттің бірегейлігін белсенді насихаттайтын ұлтты тану мүмкіндігі.

ЭКСПО-2017 алаңынан көп нәрсе көруге болады

Астана – ерекше қала. Жазық далада жаңадан салынған қалада әлемге танымал архитекторлар салған ерекше әсерлі ғимараттар бар. Олар қаланың футуристік айбынын көрсетіп тұр.

Көрмеге барғандар Бәйтерек, Бейбітшілік және келісім сарайы, Президент сарайын, сонымен қатар мешіт, музейлерді, түнде жанатын фонтанды тамашалай алады. Астана кең ауқымды мәдени және ойын-сауық шараларын ұйымдастырған. Олардың қатарында түрлі спорттық шаралар, көрмелер мен концерттер бар. Шоппингті сүйетіндер танымал британ архитекторы Норман Фостер салған әлемдегі ең үлкен шатыр – Хан-Шатырын аралай алады. Бұл үш қабатты кешенде түрлі брендтер мен Мальдив аралдарынан әкелінген құмы бар жабық жағажай бар.  Сонымен қатар Астананың асханасы да кез келген адамның көңілінен шығары сөзсіз.

Urban Lifestyle 101: көп мүмкіндік

Логистика – қала дамуының жүрегі. Астанада жаңа әуежай және темір жол вокзалы бар, қоғамдық көліктер қызмет көрсетеді. Сондай-ақ кез келген адам өз ыңғайына қарай қонақ үйлер таңдауына да мүмкіндік көп.

Жасылдандыру мен қаланы абаттандыруға байланысты жобалар мақтауға тұрарлық. Бірақ жаяу жүргіншілердің мәселелері сынға ұшырап, әлі де реттеуді қажет етеді.

«Болашақтың энергиясы» тақырыбы ерекше дискурс туғызады

Әлем Париж климат келісімін талқылап жатқанда, Қазақстан оған лайықты орын бола алады. Пайдалы қазбалар мен мұнай Қазақстан экономикасының қозғаушы күші. Мұнай бен газдың ірі экспортшысы саналатын мемлекет астанасын да жаңадан салғаны түсінікті.

Бірақ Қазақстан соңғы онжылдықтарда қайта жаңартылатын энергия көздеріне басымдық беруде. Мысалы, мемлекет сыбайлас жемқорлық, заңгерлік қатерге байланысты бірнеше халықаралық ұйымдармен келісім жасаған. Ал 2013 жылы жаңартылатын энергия көздерін 2050 жылға дейін арттыру туралы амбициялы шешім қабылдапты. Ал әлем бойынша энергетикалық ноу-хауымен танылған 100 мемлекеттің басшылары, Шанхай Ынтымақтастық ұйым өкілдерінің Астанада жиналуы Қазақстанды  әлемдік саясаттың маңызды бөлігіне айналдырды.

Ең озық технологиялық жаңалықтарға куә болыңыз

Әлемдік көрмелер қоғам болашағына пайдалы ғылым мен техниканың алаңына айналғалы қашан. Олардың қатарында ЭКСПО-2017 де бар. Бұл жолы жаңартылатын энергия көздерінің ең жаңа зерттеулерімен танысуға мүмкіндік туып тұр. Жел, күн, биомасса мен космос, кинетикалық энергия жобалары ұлттық және корпоративті павильондарда ұсынылған. Мысалы, климат сарапшылары мен Нобель сыйлығының лауреаттар комитеті таңдаған 13 мемлекеттің 24 жобасы ұсынылған павильонды ерекше атап өтуге болады. Бұқаралық ақпарат құралдарын дүрліктерген идеялар арасында күн импульсы бар. Glowee швецариялық күн қозғалтқышы – теңіз микроағзалары мен Bioo құралын қолдана отырып биологиялық жарық көзін алуға арналған жоба. Ол өсімдіктердің фотосинтезінен электр жарығын алады. Осы секілді басқа да жобалар коммерциялауға тұрарлық дүниелер. Инновация мен технологиялық даму жылдамдығын ескерсек, жобалардың көпшілігі жақында нарыққа шығуы мүмкін. Ал сіз олармен бәрінен бұрын таныса аласыз!

Автор: Stephan Rabimov

Аударған Гүлнұр Қуанышбекқызы,

«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген Ерлан Омаров,

"Егемен Қазақстан"

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.10.2018

Станимир Стоилов: Бір ойынды жеңдік деп желпінбейміз

16.10.2018

Кольдо Альварес: Қазақстан бізден бір бас жоғары екен

16.10.2018

Машина жасау саласында меморандумға қол қойылды

16.10.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Финляндия Республикасына келді

16.10.2018

Қарағандылық оқушылар халықаралық чемпионатта жеңіске жетті

16.10.2018

С.Стоилов: Қазақстанда ұлттық құрамаға лайық шабуылшы жоқ (видео)

16.10.2018

Маңызды қадамдар атап көрсетілді

16.10.2018

Семейде «Екі жұлдыз» байқауы өтті

16.10.2018

Тарбағатайда 4 мың басқа арналған бордақылау алаңы ашылады

16.10.2018

Әскери борышын өтеген сарбаздар туған жерлеріне оралуда

16.10.2018

Қазақстан және Литва жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

16.10.2018

Cенаторлар университеттегі цифрлық хабты аралады

16.10.2018

Қайрат Әбдірахманов дипломатиялық қызмет жүйесін жетілдіру туралы айтты

16.10.2018

Туризм саласының маманы жоқ

16.10.2018

Сенаторлар Ақ Жайық өңіріне келді

16.10.2018

Қаңтар–қыркүйек айларында ЖІӨ өсімі 4,1% жетті — ҰЭМ

16.10.2018

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі 4,8%-ға ұлғайды — ҚР ИДМ

16.10.2018

Жекешелендірудің кешенді жоспарын орындау: 444 нысан сатылды

16.10.2018

Қармақшы - елдік пен ерлік мекені

16.10.2018

Маңғыстауда теміржол вокзалында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

О́mir kúzetindegi meıirim

Otbasylyq jáne jeke basynyń jaǵdaıyna baılanysty Germanıadaǵy oqýynan eriksiz qol úzip, týǵan jerge oralǵan Ǵabıt Nurhanuly esimdi azamattyń feısbýktegi jazbasy kóńilge túrli oı saldy. Elimizdegi densaýlyq saqtaý salasyndaǵy kóptegen túıtkildi synaǵan avtor nemis halqynan kóp nárseni úırenýimiz kerek deıdi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу