Франциядағы сайлау: президент екінші турда анықталады

Жексенбі күні өткен Франциядағы президенттік сайлау қорытындысы бойынша күтілгеніндей, 11 үміткердің ешбірі 50% дауыс жинай алмады. Енді дауыс жинауда басқалардан басым түскен қос үміткер – Эммануэль Макрон мен Марин Ле Пен президенттік сайлаудың 7 мамырға белгіленген екінші кезеңінде бақ сынайды.
Егемен Қазақстан
25.04.2017 2075

Франция сайлау учаскелері орта­лығының мәліметінше, центрист Эммануэль Макрон – 23,7%, әсіре­оңшыл Марин Ле Пен 21,7% дауыс жинаған.

Бірінші кезең қорытындысы бойынша көш бастаған Эммануэль Макрон экономика министрі боларының алдында экономика­лық блоктағы түрлі ведомстволарда лауазымды қызметтер атқарып, Rotschild инвестициялық банкінде жұмыс істеген.

Макрондікі орта жол

Сарапшылардың пікірінше, президент­тікке сайлануға Макронның мүмкіндігі мол. Оның саяси аренадағы беделі француз жұрты­ның саяси тұрақ­тылығына кепілдік бер­мек. Сондық­тан да, қазір елдегі саяси эли­та Мак­ронды қолдап отыр. Оның бір дәле­лі, 11 үміткер арасынан 19% дауыс жинап, екінші кезеңге өтпей қалған «Рес­пуб­ли­к­а­­шылар» партиясы атынан үміткер Фран­­суа Фийон жеңілгенін мәлімдеп, қолдау­­шы­ларын Мак­ронға дауыс беруге шақырған еді.

Кеше Франс-пресс агенттігіне берген сұхбатында Макрон жеңіске жетер болса, елдегі саяси өмірді өзгертетінін мәлімдеді. Сайлауалды науқан кезіндегі бір сөзінде «біздің қазіргі саяси жүй­е­міздің бостығын мен іштен көрдім және оны түзетуге күш саламын», деген Макрон халықты демократиялық революцияға ша­қырды. 

Өз бағдарламасында Макрон солшылдар мен оңшылдардың ұстанымын ұтымды пайдаланады дегенді айтады сарапшылар. Зейнетақы мен жалақы жүйесін қазіргі заман талабына бейім­деу, кәсіпкерлікті қолдау мен поли­ция­ның кадрлық құрамын күшейту – оның басты жоспары. Алайда  кей сарапшылар оны француз жұртының күн тәртібіндегі проблемаларына нақты шешімі жоқ деп сынайды.

Жалпы, центрист Макронды саясаттанушылар халықтың талабына қарай икемделе алатын саясаткер ретінде сипаттайды. Мысал ретінде оның оңшылдар мен солшылдардың екеуінің де халық көңілінен шыққан бастамаларын өз бағдарламасына енгізе алғанын айтады.

«Мадам Frexit» 

Макроннан 2% аз дауыс жинаған «Ұлттық майдан» пар­­­­­тиясының жетекшісі әсіре­оң­­­шыл Марин Ле Пенге келер болсақ, оның халықаралық аре­­­на­дағы тәжірибесі, соның ішін­де бірнеше жыл Франция атынан Еуропарламентте депутат болуы халықаралық аре­на­дағы беделін көтере түс­кен­дей. Екіншіден, Еуропа бұқа­р­а­­лық ақпарат құралдарының мә­­лі­ме­тін­ше, француз бизнесі Ле Пеннің жағында көрінеді. Мәс­кеу са­парында Ле Пеннің өзі Ресей пре­зиденті Владимир Пу­тинге фра­нцуз кәсіпкерлерінің Еу­ро­па мен Ресей арасындағы сан­к­ция­ның жойылып, арада іскерлік бай­­ланыстың қайта жандануына мүдделі екенін жеткізуі саясаттан гөрі экономиканы жоғары қоятынын көрсеткен еді. 

Францияның Еуроодақпен бір­ге дамитынына сенетін Макрон­мен салыстырғанда,  Ле Пеннің ин­тег­рациялық саясаты қазіргі жүй­еге қарсы келеді. Мадам Frexit (Фран­цияның ЕО-дан шығуы) аты­мен танылған Ле Пен елді НАТО мен ЕО-дан біржола бөліп алғысы бар. Жалпы, саяси бағыты бойынша қазіргі билікпен мүлде келіспейтін Ле Пен Франсуа Олландтың президенттігі кезінде ел үкіметі оңбай қателесті деп мәлімдегені белгілі.

Экономикада Ле Пен француз өндірушілеріне қолайлы жағдай жасау үшін ел үкіметінің протекционистік (отандық биз­нес­ті қорғау) саясатын енгі­зу­­ді көксейді. Айта кетейік, Трам­п­т­ың Ақ үй басшылығына келген алғашқы күннен бастап жа­сағаны АҚШ экономикасын про­тек­ционистік бағытқа бұрғаны қазіргі таңда инвесторлардың сы­нына ұшырап жатқаны белгілі.

Трамп секілді Ле Пен де им­по­рт­­тың баж салығын көбей­т­пек. Ал салықтан түскен қаражатты ең төменгі жалақы шегін көтеруге жә­не айына 1500 еуродан аз табыс табатын француздарға айына қосымша 200 еуро бөлуге жұ­м­самақ. Сонымен қатар, табыс са­лығын 10 пайызға азайтып, зей­нетақы жасын 62-ден 60-қа тү­сір­мекші.

Былтыр жыл соңында Трамп­­тың жеңетінін болжаған сарап­шылар тобы қазіргі таңда Фран­ция­дағы науқанда Ле Пеннің озып шығатынына бәс тігіп отыр.

ЕО-Ресей қатынасын осы сайлау айқындамақ

Сайлауалды науқан барысында Макрон штабының өкілдері ре­сей­лік бұқаралық ақпарат құрал­да­­рының ішкі саясатқа араласып, Марин Ле Пен мүддесі үшін жұмыс істегенін мәлімдеумен болды. Ле Пен өз кезегінде Ре­сей­мен арадағы қатынасты рет­ке кел­тіру керектігін айтып, сан­к­цияны мүлде алып тастауды ұсы­нған. Ал Макронның бұл тұр­ғы­да ұстанымы бөлек. Ол 2016 жы­лы экономика министрі болып тұр­ған кезінде-ақ Минск келісімі орын­далмайынша, Ресейге қарсы сан­кцияны алып тастау туралы әң­гіме қозғаудың орынсыз екенін мәлімдеген еді. Дейтұрған­мен, Франция үкіметінің де, бизнес өкілдерінің де санкцияның алы­ну­ына мүдделі екенін айтқан бола­тын. Дегенмен, уақыт өте келе Мәс­кеу мен Макрон арасы су­ып, пре­зиденттік сайлау науқаны ке­зін­де өзара айыптауға дейін барды.

7 мамырға дейін қос үміткердің бұл тұрғыдағы ұстанымдары әлі де айқындала түспек. Еуроодақ ел­де­рі ішінде сыртқы саясатта Фра­н-

­цияның өзіндік орны бар де­сек, осы сайлаудан кейін кім­нің пре­зи­дент болғанына қарап, Еур­о­одақ пен Ресей қатынасының ал­да­ғы бірнеше жылда қандай ба­ғыт­та өрбитінін жорамалдай беруге болатындай.

Бауыржан Мұқанов, 

«Егемен Қазақстан»



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.08.2018

Азиада-2018: Су добынан Қазақстан қыздар командасы күміс алды

21.08.2018

Атырау облысының шалғайдағы елді мекендеріне газ тартылады

21.08.2018

Азиада-2018: Таэквондошы Жансель Дениз ел қоржынына күміс жүлде салды

21.08.2018

Қазақстандық таэквондошы Руслан Жапаров қола медаль жеңіп алды

21.08.2018

Азиада-2018: Қазақстандық Кирилл Казанцев қола медаль жеңіп алды

21.08.2018

Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

21.08.2018

Өзбекстанның Премьер-министрі жол апатына ұшырады

21.08.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне барды

21.08.2018

Астанада дәрігерлерге арналған жатақханалар салынады

21.08.2018

АҚШ-тың Мемхатшысы Құрбан Айт мерекесімен құттықтады

21.08.2018

Астанаға Түркия Жандармериясының басшылығымен арнайы делегация ресми сапармен келді

21.08.2018

Кооператив күш біріктіреді

21.08.2018

Шыңғыстаудағы Шәкәрім тойы

21.08.2018

Егемен ашқан есімдер: Егіз өрім

21.08.2018

72 сағатта 35 метр бөкебай тоқыған

21.08.2018

«Тақиялы періштені» төрткүл дүние көреді

21.08.2018

Жаңа жобаларды меңгеріп жатыр

21.08.2018

Шындық жұтқан тағдыр

21.08.2018

Шариғат жайлы шығарма

21.08.2018

Бұқар жырындағы бүгінгі тұрпат

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Өмір – әділ

Біреулер өмірді қарғап-сілеп жатады. Оның әділетсіз екендігін айтады. Рас-ау дейсің кейде. Егер өмір әділ болса, неге адам баласы әртүрлі? Біреу – бай, біреу – кедей. Біреу – сұлу, біреу – көріксіз. Біреу – ауру, біреу – сау. Расында да өмір дегенің күн мен түн, ыстық пен суық секілді қа­рама-қайшылықтардың ортасы екен ғой.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Уикипедияның үйретері не?

Бүгінде адамдар қолдарына кітапты жиі ала бермейді. Оған себеп – интернет. Халық қажет деген мәліметтерді компью­терді ақтарып, уикипедиядан іздейді. Мұның өзі өскелең уақыттың талабы. Бі­­рақ сол ақпараттық технологияңыз уақыт­­тың талабымен үндескенімен, нақты ақпарат алып, тарихи шындыққа көз жет­кізгісі келген талғампаз адамдардың талабына сай келе бере ме? Міне, мәселенің осы жағына келгенде үлкен күмән туындай­тын тәрізді.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу