Генералдар эскорты

Мәскеудегі «Тағзым таудағы» Ұлы Отан соғысының Орталық музейіне қазақ батырының бюсті апарылады. Астанада Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы, Кеңестер Одағының Батыры, Қазақстанның тұңғыш Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағанбетовті еске алудан бокстан өткен халықаралық жарыс мәресіне жеткен тұста, Алматыда қазақ батырының көркем мүсіні қоладан құйылып бітті. Қазір бюст Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғимаратында тұр, таяу күндері қазақстандық генералдардың эскортымен Мәскеуге жол тартады.
Егемен Қазақстан
31.05.2017 1122

Күні кеше өткен Ұлы Же­ңіс­тің 70 жылдығы ме­ре­кесі үстінде екі мәрте Ке­ңес Ода­ғының Ба­тыры Тал­ғат Бигелдиновтің қола мүсіні Мәскеудің «Тағзым тау­ын­дағы» Ұлы Отан соғы­сының Орталық музейіне қой­ыл­ғаны баршамызға мәлім. Өті­ніш мәскеуліктер тарапынан түс­кен еді. Салтанат үстінде музей басшылығы атақты музей­ден қазақ батырларына лимит шектеулігіне қарамастан, үлкен музейден 5 орын бе­рілетіні туралы уәде еткен. Қазақстан Республикасының «Генералдар кеңесі» респуб­ли­ка­лық қоғамдық бірлестігінің тө­рағасы, әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаров ол туралы былай еске алады:

– Содан Орталық музей­дің талабын орындаймыз де­генімізбен де, аздап ұят­ты болып қалған жайымыз бар, өйткені, кезекті батыр­ларымыздың қола мүсінін жасауға демеуші табылмады. Бірқатар министрлік бұл оқи­ғаның маңызына мән бер­меген секілді. Кеңеске мүше зейнет жасындағы генералдарымыздың шараға қосқан үлесі теңізге тамған тамшыдай ғана. Осылай қы­сылып жүргенімізде Ге­нералдар кеңесінің төралқа мүшесі, генерал-лейтенант Әділ Шаяхметов қолұшын берді. Атап айтқанда, сол кі­сінің тікелей бастамасымен «Медетбек батыр» қо­ғам­­дық қорының атынан қа­жетті қаржы аударылып, мой­нымыздан үлкен жүк түсті. Әріптесімізге алғысымыз шек­сіз. Қазақстанның тұңғыш Қор­­ғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің мүсіні ой­да­ғы­дай дайын болды.

Екінші дүниежүзілік со­ғыстың аяқталуы мерейтойына орай өтіп жатқан тарихы ма­ңызды бұл жаңалыққа шын мә­нінде жаның сүйсі­неді. Өйт­ке­ні, Ұлы Отан соғы­сы­ның та­рихынан майдангер қазақ­тар­дың ойып тұрып алар өз орны бар. Ол тарих жылнамаларында тайға таңба басқандай жазылып қалды. Мәскеу төріндегі маңызды му­зейден қазақ батырларына лайықты тұғыр беру – сол ал­дыңғы буын ағаларымыздың ерлік істеріне лайықты құрмет!

Осы орайда батырдан ба­тыр­ға тиген шапағатқа орай алдымен тарихта есімі әйгілі Саурық батырдың серіктесі, жауынан беті қайтпаған Ме­детбек батыр туралы бір ауыз мәлімет таратқанды жөн сана­дық. Медетбек Есебайұлы – Алматы облысының қазіргі Таутүрген (Еңбекшіқазақ ауданы) елді мекенінде дүниеге келген, ат жалын тартып мін­­ген бозбала шағынан қо­лына найза алған ержүрек ел қамын жеген азамат. Қабі­летті қолбасшы Медетбек Сы­патай Саурықұлымен бір­ле­сіп, Сұраншы батырдың әске­ріне қысылтаяң сәтте әр­дайым тың күш берген дейді. Қазақ жоңғарды жоқ етіп жойып, еңсесі көтерілген тұс­та Же­тісуға анталаған қоқан­дық­тар­дың езгісіне бірден-бір қарсы тұрып, қол бастаған арыс­­тандай айбарлы Медетбек батыр­дың теңдессіз ерлігі ел аузында. Ақылы асқан данагөй әрі тамаша мәмілегердің аумақ­та әскери-саяси ахуалды орнықтырудағы алар орны да нық. Даңқты батырдың тікелей ұрпағы, мемлекет және қоғам қайраткері, генерал-лейтенант Әділ Шаяхметовтің сөзіне құлақ түріп көрейік.

– Қазақстан Республика­сының Президенті – Қарулы Күш­тердің Жоғарғы Бас қол­басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Қарулы Күш­терінің 25 жылдығы мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс­тің 72 жылдығына ар­нал­ған әскери парадта «Соғыс ар­да­­герлері біздің бақытты өмі­рі­міз­ге, тәуелсіздігімізге және аспанымыздың ашық болуына жол ашты», деді. Бү­гінгі бейбіт өмірімізге Ел­басы айтқандай жол аш­қан халқымыздың біртуар батыр­ларының бірі – армия генералы Сағадат Нұрмағам­бетов. Батыр ағамыздың өр тұлғасы – ел болашағы – жас­тарымызға мәңгі-бақи патриоттық өнеге. Сағадат аға – қа­зақтың намысы. Көзінің тірісінде қызметтес, дәм­дес, сыйлас болған аяулы ағамызға бұл құрмет күллі қа­зақ­тың бауырмалдық сезімі, ха­лық батырына деген шексіз құр­меті дер едім. Қазақ әр­дайым осын­дай еді ғой. Батыр­дың Мәс­кеу­дегі әлемдік музейде Талғат Бигелдинов ағамыз­бен бірге қас­қай­ып тұруын қазақ халқының өш­пес рухы деп санаймын.

«Халық батырының пор­треттік мүсінінің бейнелік ұқсас­тығы, тұлғалық бітімі қи­сынды жасалған. Ішкі дүниесін ашып көрсетуде үйлесімділік бар. Ай­рықша тұлғасы айшықты сом­далған». Қазақтың тұңғыш Ха­лық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің мүсінін нақ­ты құжатпен қабылдап алушы құзіретті комиссия қабылдау актісіне осындай мазмұнда сөз жазды. Қола мүсіннің авторы – Қазақстан Республикасы Мем­лекеттік сыйлығының лауре­аты, Қазақстанның еңбек сі­ңір­ген қайраткері, еліміздің бейнелеу өнерінің хас шебері Ескен Сергебаев.

– Ұсыныс түскенде қуаныш­тан қазақ батырының бейнесін тіпті тегін жасап беруге дай­ын екенімді айттым. Өйткені, біз­дің батырларымыздың тұл­ға­с­ы – болашақ ұрпақтың тәр­бие-тәлімі, – деді Ескен аға. – Ге­­не­ралдардың да, демеушінің де, айналадағы барлық ақ­көңіл аза­­маттардың да осы шара­да­ғы бір­ауыздылығы мен ұйым­шыл­ды­ғына өте ризамын.

Сұрапыл шайқастағы қа­зақ даңқының мәңгілік өш­пес куәсіндей болған тағы бір батыр Мәскеу музейіне мәң­гі­лікке аттанып барады. Ақ жол!

Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.02.2018

Сенатор Д.Назарбаева Сингапурда болды

23.02.2018

ШҚО әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысты

23.02.2018

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті 

23.02.2018

Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті

23.02.2018

СҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының күндері өтуде

23.02.2018

Банктер мен Қаржыгерлер қауымдастығы қазақстандықтарға үндеу жариялады

23.02.2018

Гүлшара Әбдіқалықова елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

23.02.2018

Жылда 500-ден астам жол апаты автобус жүргізушілерінің кінәсінен болады - ІІМ

23.02.2018

Мати Алавер: Полторанин медаль медаль алмаса жалақымның бір тиынын қалдырмай қайтарып беремін

23.02.2018

Алматыда Әлемдік экономика және саясат институты алаңында сарапшылар кездесуі өтті

23.02.2018

Элизабет Тұрсынбаева Кореядағы Олимпиадада 12-орын алды

23.02.2018

Сарайшық ескерткіштерін ғылыми зерттеу жұмыстары қолға алынады - Арыстанбек Мұхамедиұлы

23.02.2018

Дәулетжан Махмұт. Портрет

23.02.2018

Қазақстандағы алғашқы сотсыз татуласу орталығы Қызылордада құрылады

23.02.2018

Өскемендегі Жастар театры «Аршын мал алан» мюзиклін сахналады

23.02.2018

Атырау облысының әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Жамбылда атқарылатын жұмыс көп

23.02.2018

Әкім есебіне жетістіктер ғана арқау бола ма?

23.02.2018

Жаңа латын графикасына қатысты пікірлер

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе заманда емес, адамда...

Адамның азаматтығы, жауап­кер­шілігі туралы қай кезде де кеңі­нен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгі­ме арқауына айналған жандарға ая­ныш білдіріп, «олар сатқындық жа­с­айын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі? 

Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бой­тұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу