«Ғылым тауып мақтану...»

Қазақстандағы ғылым саласы мүмкіндігінше Үкіметтен қолдау тауып келеді. Ғалымдарымыз уақыт талабынан қалмай иннова­циялық жолмен экономиканы өрістетуге үлес қосуда.
Егемен Қазақстан
13.04.2017 3117

2008 – 2015 жылдар аралығында Білім және ғылым министрлігі мен Әлем­дік банк технологияны коммерциялау жоба­сын іске асырған болатын. Онда 65 жобаның, құны 1 млрд теңге болатын 40 жобасы өндіріске сатылу деңгейіне жетті. Зияткерлік меншік құқығын лицензиялау бойынша оншақты келісімшарт жасалды. Сонау 2002 жылы «Инновациялық қызмет туралы» заң қабылданған болатын, ал 2013 жылы «2020 жылға дейінгі инновациялық даму­дың концепциясы» қабылданған еді. Он­дағы басты мақсат бәсекеге қабілетті 30 ел­дің қатарына қосылу болатын. Ол үшін жаңа технологиялар мен қыз­мет­терді дамыту, шикізат өндірісінен инно­ва­циялық экономикаға көшу қажет. Бұл мақсатқа жету үшін 2013–2014 жылдары экономиканың жаңа түріне өтуге дайындық жасалды, ал 2015–2020 жылдары инновациялық экономикаға өту кезеңі болып белгіленді.

Әрине, инновациялық экономикаға толықтай өту үшін уақыт керек. Мысалы, АҚШ-тың өзі экономиканың инно­вация­лық моделіне көшуді сонау 1960 жыл­дары бастаған болатын, оған өтуге бұл алып ел­дің өзі 20 жыл уақыт жұмсады. Инновация көш­басшыларының бірі Тайвань мемлекеті бұл жолға 25 жыл ішінде қол жеткізді. Ал Израиль мен Оңтүстік Корея бұл мақсат­ты жолды 20 жыл ішінде жүріп өтті. Фин мемлекетінде тоқсаныншы жылдары инно­вациялық жетістіктер жоқтың қасы бола­­тын, ал қазір бұл ел инновациялық эконо­микасы дамыған елдердің бірі.

Global Innovation Index рейтингісі бойынша ғылымда көш бастап тұрған елдер – Швейцария, Швеция, Англия, АҚШ, Финляндия. Осы тізімде Эстония 24-орынды иеленсе, Қазақстан – 75 орын­да. Міне, Балтық жағалауындағы кіш­кентай мемлекет бұл табысқа қалай қол жеткізді деген сұрақ туады. Эстондар егемендік алысымен телекомуникация жүйесін жекешелендіріп, бүкіл елді талшықты байланысқа көшіріпті. Соның арқасында бір-бірімен ақпарат алмасу жақсарып, интернет барлық жерде жұмыс істеген, ол тіпті шағын аралдарда да ға­лам­­­тор кедергісіз қосылатын болған, нә­ти­­­жесінде инновация дамыған.

Инновация, сөзсіз экономиканың бас­ты қозғаушы күші болып табылады. Оның көмегімен барша әлем үшінші ин­дус­т­риалдық революцияны жасамақ. Мұ­ның концепциясын американдық ғалым Дже­реми Рифкин жасаған бола­тын. Рифкин тұ­жы­рымына сәйкес үшін­ші индустриалдық ре­волюция цифр­лық байланыстың пайда болуынан бастала­ды. Интернет әлемді күрт өзгертті, ин­­фор­­мацияның таралу ауқы­мы мен оның жыл­дамдығы ғажап бол­ды. Екін­ші ре­вол­юция кезіндегі басты энер­­гия көзі – көмір, газ, мұнай түптің-тү­бін­­­­де сар­­қылып, барлық жұмыр жер тұр­ғын­­­­дарына жетпейтіндігі сөзсіз. Сон­дық­­­­тан жаңа кезеңде миллиондаған жа­ңар­­­­­ты­­­­ла­тын энергия көздеріне көшу, энер­­­­гия және ресурстарды үнемдеу тех­­­но­­­ло­­гия­­сын өрбіту, көлікті су­­те­­гі энер­гия­сы негізіндегі электр қозғалтқыштармен жүру­ге, үнемді жер­асты пневмотранспортқа көшіру, тұр­­мыс тауарларын шығаруды алып өн­дір­істен 3D-принтерлерді пайдалану ар­­қы­лы шағын өндірістерге көшіру, метал­­­лур­гиядан көміртегі негізіндегі ком­позит­тік материалдарға өту, мал шаруа­шылығын­да ет өндіруде 3D-био­прин­­терлерді пай­да­­лана отырып «жасанды ет» өндіруді жолға қою, ауыл шаруашылығының бір бөлігін «көп қабатты ферма» түріне көшіру мақсат­тары тұр.

Осындай келелі де, келешегі мол істерді орындау жолында мемлекеттер бұл салаға қаржы құюдан аянар емес. Әлем елдеріндегі ғылымға құйылатын қаржының көлемі қандай?

Ғылымды қаржыландыруда бірінші орында Оңтүстік Корея тұр, оның көлемі 64,6 млрд доллар, ол ішкі жалпы өнім­нің 3,9 пайызын құрайды. Екінші орында Израиль, бюджеттен 10 млрд доллар көлемінде қаржы бөлінеді, ол ІЖӨ 3,78 пайызына тең. Үшінші орында Жапо­ния, бұл мемлекеттің ғылымды қаржы­лан­дыруы 141 млрд доллар көлемінде, немесе ол ІЖӨ-нің 3,05 пайызы. Одан кейінгі орындарда Финляндия мен Швеция, бұлардағы қаржыландыру деңгейі 2,6 па­йыз, Германияда 2,4 пайыз. Ал Еуроодақ елдерінде бұл көрсеткіш орташа алғанда 1,6 пайыз шамасында. Аталған тізімнің соңғы ондығында Ресей, Белоруссия және Украина бар. Ал Қырғыз мемлекетінің көрсеткіші тым төмен – 0,07 пайыз ғана. Ал қаражат көлемін есептейтін болсақ АҚШ мемлекеті ғылыми ізденістерге 400 млрд астам қаражат бөледі, ол бүкіл Қазақ­станның ІЖӨ-сінен екі есеге артық. Сон­дықтан болар Нобель сыйлы­ғы­ның ие­гер­лері арасындағы 331 ғалым аме­ри­калық болып отыр. АҚШ-та ғылымды қаржыландыру федералды үкімет тара­пы­нан 27 пайыз, жеке сектор 67 пайыз, уни­вер­ситеттер 7 пайызды құрайды. Жал­пы, қаржының негізгі ізденістерге – 17 па­йызы, қолданбалы ғылымға – 22 пайызы, ал дайын өнім шығару ізденістеріне 60 па­йызы жұмсалады.

Өзімізге оралайық. Қазақстанда ғылымға 2010 жылы 20 млрд теңге, 2012 жылы – 46,3 млрд теңге (307 млн доллар), 2013 жылы – 49,5 млрд теңге (322 млн доллар), 2014 жылы – 47,9 млрд теңге (263 млн доллар), 2015 жылы – 33 млрд теңге бюджеттен бөлінсе, өткен 2016 жылы жалпы қаржының үлесі 36,4 млрд тең­гені құрады. Бұл қаржы елі­міз­дің ішкі жал­пы өнімінің 0,15-0,18 пайы­зы­на тең. Ал келешекте елімізде ғылым­ды қар­жы­лан­дыру деңгейі сатылап өсе­тін болады. Мы­салға, 2020 жылы ІЖӨ-нің 2 пайызы, ал 2050 жылға қарай пайы­зын құ­рай­ды деген мақсат бар. Бұл қазақ­стан­дық ға­лым­­дардың үміт отын маздатқаны анық.

Жалпы, ғылым саласын білім саласы­нан бөліп қарауға болмайды. Бұлар сабақ­тасып дамитын бағыттар. Енді осы сала­дағы қаржыландыру қалай жүріп жатқанын да айта кетейік. Өткен жылы білім саласын қаржыландыру 456,9 млрд теңгені құраған еді. Енді салыстырыңыз, ғылымға 36,4 млрд теңге бөлінген дедік, демек, ғылымды дамтыуға бөлінетін ақша білімге бөлінген қаржының 8 пайызын ғана құрайды екен...

Неге бұлай? АҚШ-тағы Стэнфорд университетінің H-STAR институтының ғылыми қызметкері Генри Ицковиц «Үштік спираль. Университеттер – кәсіп­орын – мемлекет» тұжырымдамасының ав­торы мұны былай түсіндіреді. Бұл тео­­рия­ның негізі университеттер мен мем­лекеттік органдардың және кәсіп­орындардың жаңа индустрияны дамы­ту мен жұмыс істеп тұрған бизнестің инно­вациялық әлеуетін арттырудағы бір-бірімен байланыстарын жетілдіру. Уни­вер­ситеттер тек білім орда­сы ғана емес, олар білім мен ғылымды ка­пи­­та­ли­зациялаудағы негізгі күш. Олар ком­­па­ниялардың жұмыстарын жақсартуға жол аша отырып, жаңа инновациялық бағыт­тар ашады. Бұл жерде неге ғылыми-зерттеу орталықтары қарастырылмайды деген сұраққа «Жоғары оқу орындарында жыл­да жас студенттердің тобымен көп­теген жаңа идеялардың келетінін ескеру керек, ал 20–30 жылдап қызмет іс­тейтін ғылыми орталықтардағы ғалым­дар тәжірибелі адамдар, бірақ олар­дың жаңалықтарға мойынсынуы төмен­деу», дейді ғалым. Сондықтан кәсі­билен­ген университеттер барлық сала­лар­да жұмыс істеулері керек екендігі айтылад­ы. Қазақстанның бұл концепция төңірегінде жақсы жұмыс істеуіне барлық мүмкіндіктердің бар екен­дігі рас. Бізде жеткілікті табиғи ресурс­тар, жаңа индустрияны дамыту мүмкіндіктері, жақсы білім капиталы, саяси тұрақтылық бар. Тек бұл бағытта талпыныстар мен қа­жет­ті қаржы көздері керек.

Қазақстанда 130 жоғары оқу орыны бар, оның ішінде 10 ұлттық, 31 мемле­кет­тік, 54 жеке университтер мен деңгейлес білім ошақтары есепке кіреді. Оларда 512,7 мың адам оқиды, оның 32,9 мыңы ма­­­­гис­­транттар және 2,7 мың адам док­то­рант­­­тар, яғни болашақ ғалымдар. Ма­гис­­т­рант­тар мен докторанттардың бестен бір бө­лігі ғана грантпен оқытылады, яғни олар 22 және 23 пайызды құрайды. Жоғар­ы оқу орындарында 38,2 мың оқыту­шы­­лар жұмыс істейді, олардың – 3,5 ғы­лым док­торлары, 14 мыңы ғылым канди­дат­тары, PhD докторлар 1562 адам, яғни оқытушы­лардың жартысының ғылыми атақтары бар.

Ғылымдағы назар аударатын көр­сет­кіштің бірі қазақстандықтардың халық­­аралық рейтингілік журналдарда ғылы­ми еңбектерінің басылуы. Оның мәні мақаланың оқылып, оған сілтеме жаса­лынуында. Шетелдердегі жоғары рейтингті журналдарда қазақстандық ғалымдардың еңбектерінің жариялануы 2010 жылы 208 рет болса, 2014 жылы 2784 болған еді, ал өткен жылы оның саны 3011 мақалаға дейін өсті. Бұл көп пе, әлде аз ба? Әрине аз. Өйткені, ғылы­ми қыз­меткерлер мен жоғары оқу орын­да­рын­дағы ғылыми атағы барлар­ды қо­сып есеп­тегенде 44,8 мың адам екен, солар­дың он бесінің тек біреуі ғана рей­тінг­тік журналдарда мақа­ла бастырған екен. Ал бір адам бірнеше жарияланым жасайтынын ескерсек, бұл көрсеткіш онан да төмендейді.

Еліміздегі ғылыми зерттеу ұйымдары­н­ың саны 392, оның ішінде ғылыми зерттеу институттарының үлесі – 245, бас­қалары – 58. Ал ғылыммен айналысатын жоғарғы оқу орындарының саны 89 екен. Мұндағы ғылыммен айналысатындардың саны 24 735 адам немесе барлық оқыту­шы­лардың 64 пайызы. Сонда универси­тет пен академия атауын алған мекеме­лер­дің үштен бірі ғылыммен мүлдем айна­лыс­пайды деген қорытынды шығады. Ол нені көрсетеді, көптеген жоғары оқу орын­дары, әсіресе, жеке меншіктегілері тек дип­­лом берумен ғана айналысады деген сөз. Осындай ғылыми негізі сақталмаған, тек білім беретін академиялар керек пе?

Менің пікірімше олардың біршамасы кәсіптік бағытта білім беретін колледжге айналып, маман дайындаса, оның пайда­сы ел экономикасына көбірек тиген болар еді...


Атамұрат ШӘМЕНОВ,

экономика ғылымдарының докторы



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.05.2018

Қ.Тоқаев: Атырау облысы – ел экономикасының флагманы

23.05.2018

Жаңаөзенде судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

23.05.2018

Маңғыстауда өрт қауіпсіздігі бойынша 77 бекет орнатылды

23.05.2018

Маңғыстаулық полицейлер мұқтаж отбасыларға көмек берді

23.05.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі С.Шойгумен кездесті

23.05.2018

Менингиттен қалай қорғану керек?

23.05.2018

«Баян сұлу» жобасының жеңімпазы анықталды

23.05.2018

Қазақ әдебиеті әлем тілдерінде сөйлейді

23.05.2018

Л.Гирш көпшілікке «Стихи о войне и мире» өлеңдер жинағын таныстырды

23.05.2018

Қазақстан Президенті қорғаныс ведомстволарының министрлерімен кездесті

23.05.2018

Қызылордада жасырын казино ашқан азамат ұсталды

23.05.2018

Сотқа жүгінбей татуласуға болады

23.05.2018

«Петропавл–Қорған» бағытындағы тас жолға 27 миллиард теңге бөлінбек

23.05.2018

Маңғыстауда сот жүйесін жетілдірудің 7 бағыты талқыланды

23.05.2018

Петропавлда омарташы мамандар оқытыла бастады

23.05.2018

Қазақстандықтар жеке мәліметтеріне қолжетімділікке тыйым сала алады

23.05.2018

«Азаматтарға арналған үкімет» 8 млн адамның цифрлық сауаттылығын арттырмақ

23.05.2018

«Арсеналға» жаңа бапкер келді

23.05.2018

Елбасы V халықаралық «KADEX-2018» көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты

23.05.2018

Алматыда «Жас өркен» жастар орталығы ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Мектеп вальсі туралы ой

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қызғаныш деген қызыл ит

Заты адам баласымен бірге жасасып келе жатқан, көнермес те көгер­мес сезімдердің бірі – қызғаныш. Адам­ның көзіне шел қапта­та­тын қара қыз­ға­ныштардан кекшілдік пен күн­шілдік, бақас­тық пен бақталастық қоз­дап, неше түрлі қылмыстар жасалып жата­ты­ны да ешкімге құпия емес. 

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Алматының алмасы. Шырын қайда?..

Алматы жұрты күнде жауған жауын­мен, түнде ұрған суықпен жағаласып жүріп Алатаудың бөктеріндегі биылғы алма бақ гүл шашқан көркем шақтан көз жазып қалған сыңайлы. Содан ба екен, біреу «Биыл алма гүлдеді ме?» десе, біреу «Биыл өзі алма бола ма?» дейді қамығып. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Рух көтерудің жолы

Кейінгі өскелең жас ұрпақты патриот­тық рухта қалай тәрбиелейміз, ертеңгі ел қорғар өрендеріміздің бойына отаншылдық пен патриотизмді, елге, жерге деген сүйіс­пен­шілік сезімін  қалыптастырып, келешекте ержүрек, батыл болып өсулері үшін не істеуіміз керек деп,  жастардың ертеңгі тағдыры мен таңдауына жиі бас ауыртып, жанымыздың жабырқап жататыны рас.

Қамбар Ахмет,

Каспий мен Қара теңіздерді жалғау кімге тиімді?

Мамырдың екінші онкүндігінде ақпарат һәм саясат алаңында қызу тал­қыланған тақырыптың бірі – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий мен Қара теңіздің арасын жал­ғайтын «Еуразия» каналын салу жөніндегі пікірі болды. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу