Ғылым жолы адастырмайды (Мұрат Жұрыновпен сұхбат)

Егемен Қазақстан
07.12.2016 116
zhurБиыл қазақ ғылымының қара шаңырағы – Ұлттық ғылым академиясының құрылғанына 70 жыл толды. Ал оның президенті, химия ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Жұрынов бүгін 75-ке келіп отыр. Осы мерейтойлармен құттықтай отырып, біз тілшіміздің академиктен алған  сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз. Мұрат Жұрынұлы, бар болғаны 39 жасыңызда ғылым док­торлығын қорғаған қазақ­сыз. Кеңестік дәуір... Сол заман­да сізге АҚШ, Жапония, Гол­лан­дия, Ұлыбритания елдері патент беріпті. Ол қалай болды? – Алдымен ғылым жолына қалай түстім. Онда әңгімені әріден бастайық. Біз соғыстың алғашқы қысын­да 1941 жылы дүниеге кел­дік. Есімді білгенде, 2,5-3 жас шамасы болу керек, Бөржар өзені­нің бойын­дағы сәбилік ш­ағым, киіз үй, судан өтетін ағаш көпір, есік ал­дын­дағы биік тал­дар, бақ­ша­дағы жүгері, қауын, дарбыз... көз алдымда қалыпты. Бес жасқа толмасам да 1945 жылы мамыр айында Жеңіс күнін кол­хоздың тойлағаны есімде. Мата­ның бетінде жазулар бар, қызыл жалаулар ұстаған ересек адамдар қуаныштан «Жеңіс! Жеңіс!» деп сүйіншілегенін ұмыт­қан жоқпын. Ал мектептегі өмірім Арыс қала­сындағы «Хлопком» деген ауылда өтті. Барлық ауыл балалары сияқты сабақтан тыс уақытта үй шаруашылығына көмектесеміз. Кезекпен қой бағу, малға шөп салу, мал суару деген сияқты жұмыстардың бәрін атқарып өстік. Ерте көктемде, наурыздың ортасында бүкіл ауыл болып, «Ақдалаға» он шақты күн бойы бидай егетін. Одан соң мамырдың бірінші жартысында шөп шабу, жаз бойы бидай ору, есек арбамен сабан тасу. Ең соңында бидайды диірменге апарып, ұн тарттырып әкелеміз. Еңбектен көз ашпайтын ауыл балалары сабақ басталғанда ғана демімізді алушы едік. Біздің Арыс қаласында екі ғана қазақ мектебі болатын. Біріншісі – аудандық мектеп, екіншісі теміржолға қарайтын. Мен соны бітірдім. Бірақ, бастапқы арманым теміржолдың инженер-механигі болу еді. Арыстағы темір жол депосына талай рет барып, рұқсат сұрап, тепловоздың кабинасына мініп алып, құрал-жабдықтарына қызыға қарап жүретінмін. Бірақ ол кезде Қазақстанда темір жол институты жоқ еді. Бірақ кейде адамдардың өмірін мүлде басқа арнаға бұрып әкететін оқиғалар болады ғой? – Солай болды. 1959 жылы ел аума­ғында Қазақстан темір­жолы құрылып жатты. Ұлт­тық кадрлар керек деп Арыс қала­сындағы темір жол мектебінде жақсы оқыған бес баланы іріктеп алып, Мәскеуге, не Ленин­градқа жіберуді ұйғарған. Ол кезде Қазақ­станда темір жол маман­дығына даярлайтын инс­титут жоқ. Бірақ, біз бұл оқудан қалып қойдық. Дәл сол жылы мектеп директоры ауысып кетіп, жаңа келген кісі біздің жайымыздан хабарсыз, мектеп бітіріп отырған оқушылардың аттестатын бермей, колхоздың жұмысына алып кеткені. Қазір ойлаймын, неткен салғырттық?! Жас жеткіншек оқу оқып, алысқа барып, ел көріп, жер көрсін деп жағдай жасаудың орнына, он бес күн жұмысқа жегіп қойғанына таң қалам... Содан әлгі бес бала жан-жаққа тарап кете бардық. Амал жоқ, содан Шымкенттегі Қазақ химия-технологиялық институтының «Ет-сүт өнімдері технологиясы» бөліміне қабылдан­дым. Бір демалысқа келгенде әкем «Балам сенің оқуыңның аты не өзі? Кеше біреу сұрап еді, ин­женер болады деп едім, «оның қайсысы?» деген сұрағына жауап бере алмай қалдым», дегені. «Көке, біздің мамандығымыз мына сүттен айран, ірімшік, қай­мақ, май, балмұздақ алу. Үлкен зауытқа инженер-технолог бола­мыз. Мысалы, сепаратор деген машинадағы дискілер минутына 1500-ге дейін айналым жасап, сүттен бірден кәдімгі сары май шығарады». Айтқан сайын әкейдің көңілі түсіп «Ой, мына өкімет те білгенін істейді екен-ау. Соны да 5 жыл оқисыңдар ма? Оны анау шешеңнен-ақ сұрап алмайсың ба? Сүтті пісіріп, қатық салсаң, айран болады, оны піссең, май болады... Балам, мына оқуың оқу емес екен. Реті келсе, басқа бір оқуға ауысып ал», деді. Үлкен конкурспен түскен мама­н­дығым 2 курстың соңында өзіме де онша ұнамай жүр еді, әкемнің сөзінен кейін институт ректорына дейін барып жүріп, «Электрохимиялық өндірістер технологиясы» деген мамандыққа ауысып алдым. Бұл кезде де үлкен ғалым болуды армандаған жоқсыз ғой. Сонда да болса ғылым жолына біртіндеп жетелеп алып келген ерекше қабілетіңіз болар? – Ол кезде институтты бітірген соң, міндетті түрде ауылға оралам, әке-шешемнің қасында болам деп ойлайтынмын. Алматыға, одан әрі Мәскеуге бару туралы ойлап жүрген ешкім жоқ. Соғыс кезінде туған 10 баланың ішінен тірі қалған жалғыз ұл, әпкем мен қарындасым ғана бар, сеніп отыр­ғандары мен болған соң, ата-анама қарайладым. Институтты бітірген соң, элек­тро­­­химия кафедрасында оқы­ту­­шы­лықта қалдым. Кафедра­да ғы­лымға икемділігімді аңғарған адам – ұстазым профессор Равиль Вахидов еді. Сол кезде қазақ бала­сының аяғы жете бермейтін Мәскеудегі Д.Менделеев атын­дағы химия-технологиялық инс­ти­тутының аспирантурасына жөн сілтеген осы кісі. Нағыз із­­де­­ніс­ке толы ғылым жолына тү­сіп, электрохимиялық әдіспен био­ло­гиялық активті заттарды син­тез­деу жұмыстарын жүргізе бастаған кезіміз. Бұл сол кездегі Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі экологиялық мәселенің бірі – Шымкент, Жам­был қалаларында орналасқан фосфор зауыттарының зиянды қал­дықтары – фосфор шламы және феррофосфор қосылыстары­ның түзілуі. Сол қалдықтардың өзіне 15-20 пайызға дейін фосфор кетіп қалады. Сол кезде бұл мәселе дүниежүзінде бар болатын. Құрамы улы элементті фосфор шламы қоршаған ортаға кері әсерін тигізе бастады. Тіпті Шым­кент, Жамбыл төңірегіндегі төрт тү­лік малдың азу тістері өсіп ке­тіп, шөпті шайнай алмай, аштан өліп жат­ты. Фосфор шламын­дағы эле­­­мент­ті фосфор және одан бас­қа тү­­йі­р­шік зарядтарының әр­түр­­лі бо­латындығын анықтай оты­­­рып, зиянды қосылыстан таза фос­­форды бөліп алудың қа­ра­­­па­­йым электрофорез әдісін ұсын­­­дық. Электрохимиялық, элек­т­­ро­­­импульстік тәсілдермен фос­­­фор­ды түгел алу әдісі бұрын бол­­ма­­ған жаңалық болғандықтан па­­тент­­теуге бердік. Ол кезде ғы­лы­­ми жаңалықтар бүкіл Кеңес Ода­­ғы атынан патенттеледі және соның авторлық куәлігі негізінде дәлел­денді. Осындай ғылыми-зерт­теу жұмыстары негізінде жа­сал­­ған жаңа технология өнді­ріс­ке енгізіліп, миллиондаған таза эко­номикалық пайда әкелді. Сіз­дің ең алғашқы сұрағыңыздың жауабы – осы. Сол кезде бізге АҚШ, Англия, Голландия, Жапо­ния елдері патент берді. Бұл – өте үлкен жетістік болатын. Ол кезде Кеңес Одағында шет­ел­дерден авторлық патент алып жатқандар болушы ма еді? – Ілуде бір болатын оқиға. Біз осы іргелі ғылыми ізденісті Шым­кент пен Жамбылдағы фосфор зауыттарына үлкен эконо­мика­лық пайдамен ендірдік. Мұнан кейін де 140-қа жуық автор­лық куәліктер мен патенттер алыппын. Мәскеудің Д.Менделеев атын­­­дағы химия-технологиялық инс­­ти­тутының (қазіргі Ресей хи­мия-технологиялық уни­вер­си­теті) аспирантурасында оқып жүр­генде органикалық элект­ро­­хи­мия саласының әйгілі ға­лы­мы Михаил Фиошиннің лабо­раториясында тәжірибе жина­дық. Диссертациялық жұмысыма Михаил Яковлевичтің өзі басшы­лық етті. Электрохимия тәсілімен органикалық қанықпаған зат­тар­дан әртүрлі салаларға қа­жет (фар­мацевтика, полимерлер хи­мия­сы, арнайы қасиеттері бар зат­тар) қосындыларды алудың жаңа әдістері мен технологиясы жа­салды. Сол лабораторияда Кеңес Одағының әр тарабынан келген және Мәскеудің таңдаулы жас зерттеушілері, аспиранттар жұмыс істейтін. Солардың ішінде бірінші болып, мерзімінен 2 ай бұрын кан­дидаттық диссертациямды қор­ғап, Шымкентке қайта оралдым. Бұл 1970 жыл болатын. Содан кейін Қазақ химия-тех­но­­ло­гиялық институтында он жыл­­дан астам уақыт аға оқы­ту­­шы, кафедра меңгерушісі, фа­куль­­­тет деканы болып қыз­мет ат­­қар­дым. Бұл жылдар ме­нің оқы­­­ту­шы ретінде ғана емес, ұйымдастырушы ретінде көрі­нуіме мүмкіндік берді. Ұжым­ның жақсы аты шықты. «Электро­­­хи­миялық өндірістер техно­ло­­гиясы» кафедрасы жанынан «Орга­никалық электрохимия» лабо­ра­ториясын құрып, оны озық электронды құралдармен жабдық­тап, аспирантура аштық. Ірі зауыт­тармен келісімшарт жасап, ғылыми-зерттеу жұмыс­тарын жүргізіп, оларды өндіріске ен­гіз­дік. Сол кездерде біздің элек­тро­химия кафедрасында Кеңес Ода­ғы­на белгілі ғылыми мектеп құрылды. – Ғылымда бағы жанған адам екеніңізді жасырған емес­сіз. Жұрттар жылдар бойы Мәс­кеу­де ғылыми атақтарын қор­ғай алмай жүргенде жолы­ңыз болып кетуіне нендей жағ­дай септесті? – Шынында да, сол жылдары докторлық диссертация қорғау, Мәскеудегі жоғары аттестациялық комиссиядан (ВАК) бекітілу өте қиындап кеткен кез. Соның алдында бір плагиаттық жұмыс­тар ашыл­ып, ВАК басшылығы әш­ке­ре­леніп, түгелімен қызмет­тен қуыл­ған болатын. Сондықтан док­­тор­лық диссертациялар айлап, жыл­дап жататын немесе бекітіл­мей қайтатын. Менің докторлық дәрежем небәрі үш жарым айда бекітілді. Оның себебі мен док­тор­лық диссертация қорғаған кеңес сол саладан Кеңес Одағында дәре­жесі жоғары болды. Ал жетек­ші мекемесі – КСРО Ғылым ака­демиясының Электрохимия инс­титуты. Бұлардан биік саналатын ешкім болмағандықтан осылайша тез бекіткен болуы керек. «Қазақстандағы ең жас ғы­лым докторы» атағы өмірі­ңізге өзгерістер әкелді ме? – Әрине, жаңа қызметтер ұсы­на бастады. Мәскеуге ғылыми-зерт­теу институтына жұмысқа ша­қыр­ды. Ташкентке Одақ дең­гейін­­дегі академик Садықов жұ­мыс­қа шақырды. Ол кезде бүкіл Кеңес Одағы бойынша Орта Азия­дан 3 қана академик бар еді. Абид Садықов – сол үшеудің бірі бол­ды. – Қазір елімізде көзі тірі қанша академик бар? – 140 академик. Жалпы, академик деген ғылыми дәреже мәң­гілікке беріледі. Әскери шен сияқты емес. Сонымен сол кездегі Жоғары және арнаулы орта білім министрі Тұрғанбек Қатаев жаратылыс­тану және техника ғылымдары сала­сы­нан ғылым докторы атағын ал­ған Қазақстандағы ең жас ғалым еке­нім­ді атап көрсетіп, кезектен тыс «Жигули» деген автомашина бергізді. Өзім жаспын, шетелдік па­тент­­­тер алған кезім. Ол кезде Одақ­­­тан авторлық патент алу­дың өзі қия­мет-қайым екенін ай­­тып отыр­­­мыз ғой. Сонымен Таш­­кент­ке бару­дан бас тарттым. Олар­дың өз ғалым­дары да жетеді. Өң­­­шең өзбектерді бір жас қазақ бас­­қа­рып отырса, не дейтіні бел­гілі. Мәс­кеудегі досыма да туған елім­нен алыс­тап кетем, бол­май­ды дедім. Мұн­дай өте тиім­ді ұсыныс­тар­дан бас тартуым көп адамды таңғалдырды. Тұрғанбек Қатаев Алматыға шақырып алып, Қарағанды мем­лекеттік университетіне ғылым істері бойынша проректор бо­лып баруды ұсынды. Өзім Шым­кент­тегі жалғыз ғылым докторымын. Қаладағы үш институтта 3 ректор, 9 проректор отыр, неге про­ректор болу үшін сонау Қара­ғандыға баруым керек деп ойла­дым. Екін­ші жағынан өз қолым­мен құрған лабораторияны, шә­­кірт­­терім­ді, туыстарымды, достарымды қима­дым. Бір Қазақ­стан болса да, Қарағанды алыс көрінді. Сөйтіп жүргенде, жазғы кани­кул басталып, қыркүйекке дейін құлағым тынышталды. Одақтың қай жеріне барсам да жұмыс табатыныма сенімді болып жүрмін ғой. Несіне қорқайын деп жүрмін. Сабақ басталғанда тағы да шұғыл Тұрғанбек Қатайұлы шақыртып алып «Сен де мен сияқты қара­па­йым отбасынан шыққан жігіт екенсің. Сені өсіргім келді. Ал сен шалқаясың. Бұл қалай?» деп кері бұрылмайтындай бір-екі қатқыл әңгіме айтты. Бірден көндім. Қарағандыда кей мәселеде табандылық танытқаныңыз қызметіңізге кесірі тиді ме? – Тимеуші ме еді?! Проректор­лықтан кейін 1985 жылы сол Қарағандыдағы Қазақстан Ғылым академиясының Органикалық синтез және көмір химиясы инс­титутының директоры қызметіне тағайындалып, бұл қызметте 6 жыл істедім. Желтоқсан оқиғасынан кейін партия тарапынан қазақтар қудалауға ұшырай бастаған. Сол кезде Қарағандыға Мәскеуден ар­найы шыққан комиссия уни­вер­ситетті тексере келе, мені ша­қырып алды да: «Өзіңіз Мәскеуде оқыпсыз, сол жақта оқып кан­дидат болдыңыз, кейін соның ар­­қа­­­сында доктор болдыңыз. Енді қараңыз, Қарағанды облы­сын­да қазақтардың саны – 16 пайыз, Қарағанды қаласында – 9 па­йыз, сіз басқарып отырған инс­титутта – 63 пайыз. Сіз соншама қазақты қайдан алдыңыз?» – деді. Мен «Қазақтардың саны бәлен­ше пайыздан аспасын деген заң бар ма? Қай жерде жазыл­ған, көрсетіңізші», – дедім. Он­дай заң жоқ қой. Сосын қат­ты-қат­ты сөйлей бастады. «Сізді Кеңес өкіметі тәрбиеледі, доктор қыл­ды, қызмет берді. Сіздің іс­теп отыр­ғаны­ңыз мынау», – деп. Қара­ғандыда көмір өндірісінің институты болды. Басшысы өзге ұлт еді, бір де бір қазақты жұмысқа алмайтын. Соны айттым. Соның директорын неге шақырмайсыз, нағыз шовинист сол, бір қазақты алмайды деймін ғой. Мені ұстай алмайтындарын сезді. Кетті. Тыныш кеткен жоқ, тапсырма бе­ріп кетіпті. Қарағандыда бұрын мықты ғалым Евней Букетов қызмет істе­ген. Мәскеуге барады, анда-мында жүргенде ғылыммен айналы­сып жүрген қазақтарды кездестірсе, Қараған­дыға шақыра жүреді, қызметін тауып береді. Сөйтіп жүріп, жиналған сайдың тасындай білім­ді қазақтар ғой. Содан обкомның ғылым-білім бөлімінен күнде хабарласады. «Проценттік көрсеткішті қа­шан қалпына келтіресіз?» – дейді. Оларды уәжбен жеңесің. «Бес жылдық мемлекеттік жоспарымыз бар. Сол ғылыми жоба­лар­дың бел ортасына келдік, қыз­мет­керлерді жарты жолдан қыс­қар­тып, жұмыстан қусам, нәтижесіне кім жауап береді?» деп отырып алдым. Біраз ырғастық. 1989 жылы әр жерде «Қазақ тілі» қоғамы құрыла бастады. Қара­ған­дының бес ауданының бірін­де «Қазақ тілі» қоғамының төр­­аға­сы болып сайландым. Сонда тоғыз орыс мектебіне қазақ сыны­бын аштырдық. Сонда менің таң қа­латыным, менің айтқаныма көн­бей, сынып аштыруға келіспей, ең көп қарсыласқан бір қазақ келін­шек болды. Қазақ! Бір орыс мек­тебі­нің директоры. Бірақ, біз аштық. Кейіннен (тәуелсіздік алған соң) шықты ғой небір мықты­лар, тіл деп, ұлт деп ұрандап. Ал, сол кез­де солардың көбі-ақ бұ­ғып қалды. Басын бәйгеге тігіп санаулы азаматтар жүрді. Теле­фо­ны тыңдалады, ізі аң­дулы... Әр жи­на­лыс сайын атымыз аталады, пар­тияның тапсырмасын орындамайды, адал емес деп... Мен солардың арасында болғаныма бақыттымын. – Дегенмен, сіздің шын мәнін­де тақыр жерден Қ.А.Ясауи атын­дағы Түркістан мемле­кет­­тік университетін ұйымдас­ты­рып, 300 гектар жерге универ­ситет қалашығын, кампустар, Мәдениет сарайын салып, абат­тан­­­дырып, олар көне қаланың көр­кіне көрік қосып тұрғанын еш­кім енді жоққа шығара алмас? – Бұл Қазақстан егемендік алар кездің қарсаңы еді. Еліміздің Тұң­ғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев рухани астанамыз – көне Түркістанды жандандыру мақсатында өз Жарлығымен университет ашып, Түркістанға ректор етіп жіберді. Тақыр жерден университет ашу деген зауыт салудан да қиын екені белгілі, студенттерге дәріс беру үшін ғалымдар керек, олар­ды шақырып келтіру үшін жақ­сы пәтерлер, жақсы жалақы, байланыс және көлік жүйелері бар жақсы қала керек. Сондықтан тәжірибе бойынша алдымен бір жоғары оқу орнының филиалын ашып, одан кейін оны педагогикалық институт жасап, одан соң ғана оны университетке айналдыру керек еді. Ол кезде Түркістанда үш тех­никум бар, бірақ олардың ішін­де бірде-бір ғылым канди­даты жоқ. Мәскеуде шығатын «Извес­тия» газеті «Қазақстанда аудан орталығында университет ашыл­ды» деп мысқылдады. Сонымен, Елбасының идея­сы­мен университет 6 маусымда ашылды. Министр Ш.Шаяхметов университет ашу шараларын өз бұйрығымен 7 маусымда бекіте отырып, қобалжып отырғанын жасырмады. «Мұқа, не істейміз, биылғы оқу жылына студенттер қабылдау керек, оған екі-ақ ай қалды. Онда әлі түк жоқ, тіпті бөлін­ген ғимарат та жоқ...», деді. Ертеңіне министріміз Үкімет басшысы Сергей Терещенкомен бірге Түркістанға келіп, барлық жағдаймен танысып, облыстың, аудан басшыларын жинап, кеңес өткізді. Жиын аяқталғаннан ке­йін Сергей Терещенко қала шеті­не келіп «Мына жерге уни­вер­си­тетке шақырылатын ғалым­дар­ға 2 қабатты коттедждер са­ла­­мыз. Әрбір аудан 2 данадан 30 коттедж, Шымкент қаласы, жол­дас Қ.Төлеметов 10 коттедж салып береді. Барлығын универ­си­тетке көмек ретінде өз қаражат­тарыңызға саласыздар» деді. Қауырт жұмыс басталып кетті. Дәріс беруге Алматыдан, Шым­кент­тен, Ташкенттен, Қараға­нды­дан ірі ғалым-профессорларды ша­қыр­дық. Бірақ, бұл оқу орны қандай қиындықтармен сақталып қалғанын, қалай халықаралық Қазақ-түрік университетіне айналғанын екінің бірі біле бермейді. – Өйткені, жарты жылдан соң, Кеңес Одағы құлады, ақша құнсызданып, жағдай тіпті қиындап кетті. Елбасының негізгі арманы – қасиетті Түркістан топы­рағын гүлдендіруге мұрын­дық болу мұраты тоқырағандай болды. 1989 жылы Батыс Гер­ма­нияға барғанда Гейдельберг университетін көргеніміз бар. Қаланың ішіндегі қала. Уни­вер­ситет қақпасынан бастап басқа әлем басталады. Адам өмірі­не керектінің бәрі бар. Сол сияқ­ты Батыс Еуропа үлгісінде, универ­ситет қалашығын салмақшы болған арманымыз алыстады. Ендігі жағдайда шетелден демеу­шілік көмек немесе инвестиция тартпаса болмайтынына көзі­міз жетті. Содан АҚШ елшісі У.Кортни мырзаны Түркістанға ертіп келіп, АҚШ-Қазақстан университетін құрмақшы болдық. Мәскеуге іссапармен келген АҚШ президентінің ТМД елдері бойынша кеңесшісі Вильямс мырзаға дейін барып, жолықтық. Одан мәселе шешілмеген соң, Түр­кияға кайта-қайта барып жүріп, түбінде Қазақ-Түрік халық­аралық университетін құрып, университет қалашығын салуға қол жеткіздік. Ал бұл университетке 300 гек­тар жер алуға тікелей Елбасы көмектесті. Осы оқу орнына 10 жыл рек­тор болдым. Сол уақыт ішін­де Түркиядан 100 миллион дол­­лар көлемінде қайтарымсыз демеу­шілік қаржы келтірдік. Со­ның ар­қасында университеттің материал­­дық базасы жақсарды. Бұл ауылдағы жастардың білім алуы­­на үлкен мүмкіндік туғызды. Білім министрі болған жыл­дарыңыз қандай жайттар­ды еске салады? – Әлі де бұл салада ойласа­тын, оң шешімін күткен мәселе­лер жеткілікті. 1995 жылы Прези­дентіміз кабинетіне шақыртып алып: «Мұрат, мен сенің Түркіс­тан­да атқарып жатқан істеріңе көңі­лім толып жүр. Ал енді осы бүкіл білім саласын өзіңе тапсы­рамын, бәрін жөнге келтір! Ана университетіңді де өзің басқара бер», деді. Ол кезде білім сала­сын­да қордаланған мәселелер көп болды. Қыруар шаруалар атқа­рыл­ды. Тәулікпен санаспай жұ­мыс істедік. Сол жылдары тәуелсіз Қазақ­стан­ның Ата Заңы қабылданд­ы. Конституцияның білім туралы 30-бабын өз қолыммен жаздым. Сондағы тоқетері, ең маңызды екі ауыз сөз бара-бара нағыз күрес­­ке айналды. «Азаматтардың мем­лекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті». Қаржы саласындағылар барша­ны «ақысыз» оқытуға, кейбіреулер «міндетті» деген сөздерге қарсы болды. Бірақ біз қадым да кейін шегінбей, ұсыныстарымыз Үкімет басшысынан қолдау таппаған соң, Елбасының алдына дейін барып, ел болашағы үшін өте маңызды осы екі сөздің екеуін де сақтап қала алдық. Сіз 2003 жылы Ұлттық ғылым академиясының прези­денті болып сайланғанда ғы­лым­ның қожырап тұрған кезі. Ұлттық ғылымды дамыту­дың түрлі үлгілері бар болса да, неге француз моделі таңдалды? – 1996 жылдан бастап әбден мазасы кетіп, Мемлекет басшысы­ның пәрменімен Қоғамдық бірлес­тік статусына көшкен академия­ны енді КСРО моделінен нарық­тық экономикаға бейім Батыс Еуропа моделіне көшіре отырып, әрі қарай дамыту керек болды. Сол кезде Париждегі әйгілі Сорбонна университетімен танысудың сәті түскен. Франция академиясы – қоғамдағы ең жоғары мәрте­белі мекеме. Халықаралық көрме­лер, байқаулар, конференциялар өткізеді, Франция президенті­не тапсырылатын жыл сайынғы ғылым саласы бойынша ұлттық баян­дама дайындайды. Одан басқа, ғылыми журналдар шыға­рады, сараптама жүргізеді. Ака­де­мик­тердің таңдаулы еңбек­терін баспадан басып шығара­­ды және т.б. Бірақ біздің заң­­дары­мыз да, жағдайымыз да басқа бол­ғандықтан, түрлі айыр­ма­шы­лықтар болса да осы соқпақпен жүріп келеміз. Биыл Ұлттық академияның құрылғанына 70 жыл толып отыр. Академия мұндай жетістікке қол астындағы 45 ғылыми-зерттеу инс­­титутының арқасында жетті. Сонау 1946 жылдан бері 8 жур­нал шығарып, оны 73 мемлекетке тара­татын мекеменің жұмысын сырт көз де біле бастады. Қазір кім журнал шығармай жа­тыр? Бірақ ағылшын тілінде резюме жария­лайтын, соншама ел­ге тарай­тын, оның ішінде Америка Кон­гресінің, Англия Король­дігінің кітапханалары алатын журналды қайдан табасыз?.. Қазір ғылымға ақшасына, қиындығына қарамай, жанкеш­тілікпен ұмтылатын жастар бар ма? – Менің пайымдауынша, қазір ғылымда жүрген жас ғалымдар­дың 10 пайызы осындай. Кейде маған қызыл дипломмен бітірген жас­тар жұмыс сұрап келеді. «Қанша айлық төлейсіз?» деп сұрайды. Меніңше, дұрыс! Білмеген, бұрын көрмеген жұмысқа қалай қойып кетеді? Ертең оның бала-шағасын кім асырайды? Ғылыммен алаңсыз айналысу үшін де жағдай керек. Олардың жағдайы жақсы болса, олар қоғамда беделді болса жастар да үлгі алып, соңынан ерер еді. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

Жамбыл облысында оң экономикалық өсім бар

24.09.2018

Сиқыры мол сауда нарығы

24.09.2018

Машина жасаудың маңызды мәселелері талқыланды

24.09.2018

Ulaǵat pen muraǵat

24.09.2018

Аналарға құрмет

23.09.2018

Абылай ханның қара жолы - солтүстік пен оңтүстікті байланыстырған ең төте жол

23.09.2018

Павлодарда «Ертіс» футбол клубының атауын латын қарпіне көшіру ұсынылды

23.09.2018

Фильмдер қашан түрлі-түске бояла бастады?

23.09.2018

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін?

23.09.2018

Түркістанда халықаралық деңгейдегі инвестициялық және туристік форум өтеді

23.09.2018

Әдет қалыптастыру оңай ма?

23.09.2018

Тіл ықылассыз істі емес, періште көңілді ұнатады

23.09.2018

«Әкім Тарази шығармашылығының феномені» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

23.09.2018

Қостанайда екі полицей жол бойында әйелді ажалдан аман алып қалды

23.09.2018

Павлодарға Дүниежүзілік Украиндар конгресінің президенті Евгений Чолий келді

23.09.2018

Балалар Евровидениесінде еліміздің намысын Даниэла Төлешова қорғайтын болды

23.09.2018

Энтони Джошуа ресейлік боксшы Александр Поветкинді жеңді

23.09.2018

Астанада ТҚО объектілерді қорғаудың цифрлық басқару жүйесі ұсынылды

23.09.2018

Екібастұзда алғашқы STEM-зертханасы ашылды

23.09.2018

Маңғыстауда VI Халық спорты ойындары басталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу