Головкин-Альварес: 16 қыркүйек қарсаңында білуіңіз керек 5 нәрсе

Кеше АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес өзінің отандасы кіші Хулио Сезар Чавеспен жекпе-жек өткізіп, оны жеңгеннен кейін қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесетінін ресми түрде мәлімдеді.
Егемен Қазақстан
08.05.2017 11316
2

Сонымен, 16 қыркүйекке дейін Головкин-Альварес жекпе-жегі туралы сіз білуіңіз керек 5 фактіні назарларыңызға ұсынамыз.

Бірінші: 16 қыркүйектегі жекпе-жекте WBA, WBC, IBF, IBO және The Ring журналының титулы сарапқа салынады. Ол күні Геннадий Головкин WBA суперчемпиондық белбеуін 18-ші, WBC белбеуін 3-ші, IBF белбеуін 4-ші, IBO белбеуін 16-шы рет қорғаса, Альварес The Ring журналының титулын 2-ші рет қорғайды.  

Екінші: Алдын-ала болжам бойынша, әлем жанкүйерлері күткен жекпе-жек T-Mobile аренасында өтуі мүмкін. Тараптар кездесу орнын алдағы уақытта нақтылайтынын айтты. Егер кездесу T-Mobile аренасында өтсе, Головкиннің Лас-Вегастағы тұңғыш, ал АҚШ-тағы 11-ші жекпе-жегі болмақ. Аренаның сыйымдылығы – 20 000 мың адам.

Үшінші: 16 қыркүйек – Мексика мемлекетінің тәуелсіздік күні. 1810 жылдың дәл осы күні Испаниядан тәуелсіздігін алу үшін соғыс бастаған болатын. «Канело» соңғы уақытта негізгі жекпе-жектерін Мексиканың екі ұлы мерекесі қарсаңында өткізіп жүр. Біріншісі, тәуелсіздік күні болса, екіншісі мамыр айындағы «Синко де Майо» (Бесінші мамыр) мерекесі.

Төртінші: Британдық boxrec сайтының рейтингі бойынша екі салмақ дәрежесінің бірінші орын иегерлерінің айқасы болмақ. Головкин 160 фунт (72,500 кило), Альварес 154 фут (69,900 кило) салмағының үздігі. Жекпе-жек орта салмақта яғни, 160 фунтта өтеді. Жеңіске жеткен боксшы орта салмақтың королі атанады.

Бесінші: Головкин-Альварес жекпе-жегі ресми мәлімделген соң қос боксшының алғашқы пікірі:

Геннадий Головкин: Мен өте қуаныштымын, бәрі мен ойлағандай болып жатыр. Маған Альварестің бүгінгі жекпе-жегі ұнады, бірақ күзде – биг-драма-шоу болады. «Канело» менің карьерамдағы ең үздік боксшы. Қыркүйектегі кездесуде оған сәттілік тілеймін.

Сауль «Канело» Альварес: Геннадий, досым, сен менің келесі қарсыласымсың. Мен 16 жасымда кәсіпқой боксты бастадым, өйткені мен ешқашан қорыққан емеспін. Головкинмен жекпе-жек өткізетініме қуаныштымын. Менде қазірге дейін қиын жекпе-жектер болған және алдағы кездесуімде оңай болмайтынын білемін. Мен үнемін айтамын: «Канело» Альварес үздік, өйткені ең мықты боксшылармен жұдырықтасады».

Әли Битөре, «Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.11.2018

Ардақ Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысының білім беру саласының мамандарымен кездесті

14.11.2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

14.11.2018

Елбасы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтында болды

14.11.2018

Үкімет басшысы Жамбыл облысында болды

14.11.2018

Атыраулықтар жалпыұлттық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар өтті

14.11.2018

Қ.Тоқаев: Бюджетті қарау кезінде тек мемлекеттік мүдде үстем болуы тиіс

14.11.2018

Африканың Батыс Сахарасында күрделі тапсырмаларды орындады

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысында тағы бірнеше кәсіпорын жалақы өсірді

14.11.2018

Халықаралық балалар шығармашылығы Фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауылында 40 пәтер пайдалануға берілді

14.11.2018

Елбасы кітапханасы ақтөбелік жоғары оқу орнына 350-ден аса кітап тарту етті

14.11.2018

Алматыда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі талқыланды

14.11.2018

Алматы жұртшылығы жалпыхалықтық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Алматыда «Көшпенділер әуені» атты дәстүрлі орындаушылардың ІІ Республикалық байқауы өтті

14.11.2018

Алматыда дәстүрлі «Болат Тұрлыханов кубогі» өтеді

14.11.2018

Бақытжан Сағынтаев Таразда Халықты жұмыспен қамту орталығына барды

14.11.2018

Асқар Мамин өңіраралық семинар-кеңеске қатысты

14.11.2018

Премьер-Министрге «Смарт-Тараз» және Тараз-Хаб жобалары таныстырылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу